ҚҰрылыстың Қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі


БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата12.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#1755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

БЕСІНШІ. Жаңа әлеуметтік саясат 
Серпінді  экономикалық  өсім  көптеген  жылдар  бойы  бізге  белсенді 
әлеуметтік  саясат  жүргізіп,  адамдардың  өмір  сапасын  бірнеше  есе 
арттыруға  мүмкіндік  берді.  Барлық  жаһандық  дағдарыстардың  теріс 
ықпалына  байланысты  экономикамыз  тап  болған  бүкіл  қиындықтарға 
қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он 
жылда  әлеуметтік  салаға  мемлекеттік  шығындар  нақты  көрсеткіш 
бойынша  3  есеге  жуық  өсті.  Әлеуметтік  сала  мен  мемлекеттік  басқаруда 
жұмыс  істейтіндердің  саны  1,2  миллион  адамнан  асады.  Мемлекет 
жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 
миллионнан астам азамат алады. 

105 
 
Экономикалық  тәуекелдерге,  жалпы,  ештеңеге  де  қарамастан,  біз 
халықты  әлеуметтік  қолдау  шараларын  жүзеге  асыруды  жалғастырамыз. 
Мен  2016  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  денсаулық  сақтау  саласы 
қызметкерлерінің  еңбекақысы  орташа  алғанда  –  28  пайызға  дейін,  білім 
беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы 
қызметкерлердікі  40  пайызға  дейін  артатынын  жариялаймын.  Мұнда 
бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл 
қолданған  ұтымды.  Алдағы  жылы  мүгедектігі  мен  асыраушысынан 
айырылуға  байланысты  әлеуметтік  жәрдемақылардың  25  пайыздық  өсімі, 
сондай-ақ,  стипендиялар  қамтамасыз  етілетін  болады.  2016  жылдың  1 
қаңтарынан  бастап  біз  инфляция    деңгейінің  алдын  ала  отырып, 
ынтымақты  зейнетақыны  2  пайызға  индекстейміз.  2016  жылы  «Б» 
корпусындағы  мемлекеттік  қызметшілердің  еңбекақысы  30  пайызға 
арттырылатын  болады.  Бұл  мақсаттарға  қаржыны  біз  бюджеттік 
шығындарды  оңтайландырғаннан  кейін  үнемдейміз.  Осылайша  біз 
еңбекақыны  өсіру  үшін  қаржы  тауып,  өзіміздің  халық  алдындағы 
әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз! 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Послание  Президента  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаева 
«Казахстан  в  новой  глобальной  реальности:  рост,  реформы,  развитие»  от 
30 ноября 2015 года //http://www.akorda.kz 
2.
 
Шуланов  А.  «Экспертные  мнения  о  Послании  Президента  РК 
народу Казахстана от 30 ноября 2015 года» // Казахстанская правда, 2015 
г., 2 декабря 
 
 
 

106 
 
А.К. Мубаракова, 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің  
Патриоттық тәрби беру  
ҒЗИ әдіскері 
e-mail: niipatriot_kstu@mail.ru 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ 
ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РОЛІ 
 
Халықаралық  қауіпсіздік  мемлекеттерге  бейбітшілік  жағдайында 
экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, саяси жүйені жетілдіріп, өз 
азаматтарына  үздіксіз  қамқорлық  көрсетіп,  олардың  құқықтары  мен 
бостандықтарына  кепілдеме  беріп,  дамуға  мүмкіндік  беретін  Жердегі 
бейбітшіліктік тәртіп болып табылады.  
Халықаралық  қауіпсіздік  –  өте  кең  әрі  жан-жақты  түсінік.  Әдетте 
халықаралық  қауіпсіздік  жүйесін  құраушыларды  былай  бөледі: 
экономикалық,  әскери-саяси,  гуманитарлық,  ақпараттық  және  т.б. 
Мамандар  қауіпсіздіктің  елуге  жуық  түрін  көрсетеді,  олардың  көбінің 
халықаралық қауіпсіздікке тікелей қатынасы бар. Халықаралық қауіпсіздік 
туралы  жалпылай  айтқанда,  оны  кең  ауқымды  мағынада  түсіну  керек. 
Сонымен  қатар  халықаралық  қауіпсіздік  түсінігі  көбінесе  тар  мағынада 
қолданылады.  Бұл  жерде  халықаралық  қауіпсіздіктің  әскери-саяси 
мағынасы  мен  біздің  ғаламшарымыздағы  бейбіт  өмір  сүруді  қамтамасыз 
ету проблемасы туралы айтылып тұр. 
Қазіргі кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз  ету  туралы  мәселелерде  әр 
мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сенім арта алады. 
Бірінші  жүйе  –  бұл  әмбебап  халықаралық  қауіпсіздік  жүйесі,  оның 
басы 1945 жылы БҰҰ Жарғысының қабылдануымен негізделген еді, онда 
қазіргі және болашақ ұрпақты әскери шиеленістерден сақтау концепциясы 
бекітілген  еді.  БҰҰ  Жарғысы  күш  қолдану  және  күшпен  қауіп  төндіруді 
қолданбау;  халықаралық  дауларды  бейбіт  жолмен  шешу;  жалпыға  ортақ 
және  толығымен  қарусыздану  сияқты  қағидаттарды  қамтиды.  Бұл  ретте 
халықаралық  құқықтың  өзге  қағидаттары  да  сақталу  керек.  Әлемге  қауіп 
пен  қауіпсіздік  төнгенде  немесе  агрессия  актілері  жасалған  кезде  БҰҰ 
Қауіпсіздік  Кеңесінің  БҰҰ  мемлекет-мүшелеріне  бірлескен  шаралар 
ұйымдастыруды міндеттеу мүмкіндігі БҰҰ Жарғысында қарастырылған.  
Екінші жүйе ашылуы аймақтық қауіпсіздік жүйесіне негізделеді, оны 
құру БҰҰ Жарғысында (VIII тарау) қарастырылған. Жарғының бұл жүйеге 
қатысты негізгі талаптары мынадай: 

107 
 
1) оған тек бір саяси-географиялық ауданның мемлекеттері қатыса алады; 
2)  аймақтық  келісімдерге  байланысты  шаралар  осы  ауданның 
шекарасынан аса алмайды; 
3)  бұл  шаралар  БҰҰ  қолданатын  шараларға  немесе  БҰҰ 
Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына қарама-қайшы келмеу керек.  
Аймақтық  ұжымдық  қауіпсіздік  негізін  аймақтық  дауларды  бейбіт 
жолымен  шешілу  шаралары  құрайды.  БҰҰ-ның  ұжымдық  өзін-өзі  қорғау 
туралы  Жарғысының  51-бабына  сәйкес  әскери  шараларды  тек  тікелей 
агрессияны  тойтаруға  ғана  қолдануға  болады  және  олар  БҰҰ  ҚК  сәйкес 
нормалар қабылдағанына дейін ғана жалғаса алады.   
Соңғысы  болып  табылатын  үшінші  жүйе  –  мемлекеттердің  жеке 
қауіпсіздік  жүйелері.  халықаралық  құқық-қағидаттың  негізгі  қағидатынан 
шығатын  мемлекеттің  өз  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  құқығы  –  мемлекеттік 
егемендік принципі мемлекеттер тәуелсіздігінің бір көрінісі болып табылады.  
Халықаралық  қауіпсіздікті  әдетте  әмбебап  қауіпсіздік  немесе  Жер 
бетінде  бейбітшілікті  қамтамасыз  етуге  икемделген  жалпыға  ортақ 
қауіпсіздік  және  ғаламшардың  бөлек  аймағында  құрылатын  аймақтық 
қауіпсіздік  деп  бөледі.  Сондай-ақ  әмбебап  та,  аймақтық  та  халықаралық 
қауіпсіздікті  халықаралық  қоғамдастық  қатысушыларының  ұжымдық 
күштерімен ғана құруға болатындығын атап өткен жөн.  
1992  жылдың  2  наурызында  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  46-шы 
сессиясында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне 
қабылданды.  Сол  жылдың  5  қазанында  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-ші 
сессиясының  пленарлық  жиналысында  Қазақстан  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаевтың  бірінші  рет  сөз  сөйлеуі  орын  алды,  онда  ол  Азиядағы  Өзара 
қатынас  пен  сенім  шаралары  бойынша  кеңес  шақыру  туралы  тәуелсіз 
Қазақстанның бірінші халықаралық бастамасын ұсынды (ӨҚСШК).  
Қазақстанның БҰҰ-ға оны кіруі халықаралық құқық пен халықаралық 
қатынастардың  толық  субъектісі  ретінде  дүниежүзілік  қоғамдастықтың 
тануын  білдірді.  Бүгінгі  таңда  193  мүше-мемлекетті  біріктіретін  (Қазақстан 
168-ші  орында)  осы  әмбебап  жаһандық  ұйымдар  аясындағы  дүниежүзілік 
мәселелерді  шешуде  белсенді  қатысу  біздің  мемлекетіміздің  дамуына,  оның 
ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға және дүниежүзілік аренада ұлттық мүдделерді 
қорғауға,  дүниежүзілік  экономикалық  байланыс  жүйесіне  толық  қанды 
бірігуге  қолайлы  жағдайлар  жасады  және  одан  әрі  жасау  бойынша  көмек 
көрсетуді жалғастыруда.   
Көптеген жылдар бойы терең талдау жүргізу негізінде Президентіміз 
Н.Ә.  Назарбаев  ядросыз  әлем,  «жасыл  көпір»,  G-Global  және  т.б.  сияқты 
бірқатар  бастамалар  ұсынды,  бұл  басмтамаларды  халықаралық  қауымдастық 
мойындап,  қолдады.  Бұған  дәлел  ретінде  Қазақстанның  бастамасымен  29 
тамыз Халықаралық ядролық сынақтар қарсы күрес күні ретінде жарияланды. 
Бұл Н.Ә. Назарбаевтың қаруды таратпау және қарусыздандыруға қосқан үлесі 

108 
 
әрі  өзінің  басты  арманы  –  «Бүкіл  әлемдегі  бейбітшілікті»  орындауға  деген 
ұмтылысының жоғары бағалануы [1]. 
1992 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ мүшесі 
атанды,  ал  1995  жылы  Вена  қаласында  ЕҚЫҰ  жанында  Қазақстан 
өкілеттілігі  ашылды.  Қазақстанның  осы  ұйымға  кіруі  халықаралық 
қауіпсіздіктің  өзекті  мәселелерін  шешу  жөнінде  жалпы  еуропалық 
шараларға  белсенді  қатысу  талпынысынан  білінді.  Сондай-ақ  Қазақстан 
адам құқығын қорғау, экономикалық даму, терроризммен күресу және көп 
тараптық  ынтымақтастықтың  өзге  мәселелерін  шешу  бойынша 
міндеттемелерді өз еркімен мойнына алды.  
Қазақстан  Республикасы  қысқа  уақыт  ішінде  ЕҚЫҰ  құрамына 
кіретін  елдермен  жоғары  дәрежедегі  өзара  қатынас-қатынасқа  жете  білді. 
Бұған  сөзсіз  елдің  сәтті  экономикалық  дамуы,  қазақстандық  қоғамды 
қоғамдық-саяси  өмірге  ырықтандыру  және  оның  саяси  жүйесін 
демократияландыру  өз  септігін  тигізді.  2004  жылы  саяси  реформалардың 
жалпы  ұлттық  бағдарламасы  жарияланды.  Содан  кейін  ЕҚЫҰ 
стандарттарына  едәуір  жақын  жаңа  сайлау  заңнамасы  қабылданды  [2]. 
Демократиялық  реформалар  бағдарламасын  әзірлеу  және  нақтылау 
бойынша  әр  түрлі  комиссиялардың  қызметіне  үлкен  көңіл  бөлінген  еді. 
ЕҚЫҰ-дағы Қазақстанның рөлі мен беделінің көрсеткішіне 2010 жыл бойы 
Қазақстан  осы  халықаралық  ұйымның  төраға  қызметін  атқарғанын 
жатқызуға болады.  
Халықаралық  қарым-қатынас  туралы  қазіргі  ғылымда  жаһандық 
халықаралық  жүйенің  болуы  бүкіл  халықаралық  өмірге  және  бөлек  алған 
бір  елдің  сыртқы  саясатына  өзінің  ізін  қалдыратыны  барлығына  белгілі. 
Сонымен  қатар  аймақтық  халықаралық  жүйелерге  үлкен  қызығушылық 
танытыла басталатын болды, олар жаһанданудың күшею қарқынына қарай 
маңызды  болып,  ғаламдық  жүйеден  жеткіліктілік  пен  тәуелсіздік  жаққа 
тартыла  бастады.  Бүгінгі  таңда  қарқыны  өсіп  келе  жатқан  аймақтылық 
қазіргі заманғы дүние дамуының негізгі беталысы болып табылады. 
Қазіргі  уақытта  халықаралық  қана  емес,  сонымен  қоса  аймақтық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  Қазақстан  үшін  өзекті  аспекті  болып 
табылады. Республика бұл саладағы саясатын тек екі жақты ғана емес, көп 
жақты деңгейде өткізеді.  
Қазақстан  үшін  аймақтық  халықаралық  жүйе  бірнеше  аймақтық 
қосалқы  жүйелердің  қосындысын  білдіреді.  Бұл  жағдайда  Орталық-Азия 
аймағы негізгі қосалқы аймақ жүйесі ретінде іс-әрекет етеді [3].  
ХХІ ғасырдың басында Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз 
ету  мен  ынтымақтастықты  нығайтуға  бағытталып,  іске  асқан  сыртқы 
саясаттық  бастамаларды  сәтті  көрсетіп,  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев 
жетекшілігімен аймақтық көшбасшы орнын нық алды.  
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  мемлекет  тәуелсіздігін  қорғау, 
аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және жер бетіндегі бейбітшілікті 

109 
 
сақтау  ісіне  орасан  зор  үлес  қосты.  Ол  берік  практикалық  негізі  бар 
бірқатар  маңызды,  көреген  және  маңызды  бастамалар  ұсынды.  Олар 
адамзаттың  орасан  теориялық  жүйесі  мен  құнды  рухани  байлығына 
айналып,  халықаралывқ  қауымдастықта  кең  таралды.  Қазақстанның 
Президенті  бейбіт  бастамаларын  зерделеу  мен  тарату  қазіргі  күрделі 
халықаралық және аймақтық жағдайларда әсіресе маңызды [1]. 
Жаңа  Концепцияда  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саяси 
қызметінің негізгі принциптері анықталған. Қазақстанның сыртқы саясаты 
көп векторлылық, теңгерімділік, прагматизм, өзара пайда, еліміздің ұлттық 
мүдделерін  сенімлі  қорғау  принциптеріне  негізделген.  Қазақстанның 
сыртқы  саясаты  мүдделер  теңгерімінің  негізінде  құрылады,  онда  шетел 
мемлекеттерімен  және  халықаралық  ұйымдармен  өзара  қарым-қатынас 
жасау үшін сараланған әрі әр түрлі деңгейлі тәсіл принципі қолданылады.  
Президент 
Н.Ә. 
Назарбаевтың 
интеграциялық 
бастамалары 
Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық, Өзара қатынас пен сенім шаралары 
бойынша  кеңес  (ӨҚСШК),  Ұжымдық  қауіпсіздік  туралы  келісім  (ҰҚТК), 
Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  (ШЫҰ)  сияқты  еуразиялық  аймақтық 
ұйымдардың құрылуына айналды. Бұл аймақтық құрылымдардың қажеттілігі 
мен  пайдалылығын  уақыт  көрсетті,  олар  жиынтығында  геосаясаттық 
ландшафтты  қалыптастырады  және  аймақтық  қауіпсіздік  құрылымын 
нығайтып, маңызды реттеуші функцияны атқарады [4]. 
1992  жылы  Ташкент  қаласында  ТМД  елдерінің  Ұжымдық  қауіпсіздік 
туралы келісімі жасалды. Құжатқа қол қойған елдер өздерін ҰҚК ұйымы деп 
атады. Бұл ұйымның Жарғысында дүниежүзінің, халықаралық және аймақтық 
қауіпсіздік  пен  тұрақтылықты  нығайту,  тәуелсіздіктің  ұжымдық  негізіндегі 
қорғаныс,  аймақтық  тұтастық  пен  мүше-мемлекеттердің  егемендігі  оның 
басымдылығы  саяси  құралдарға  беріледі.  Бұл  ұйым  басқа  мемлекеттер  мен 
халықаралық  құрылымдармен  ынтымақтасу  үшін  ашық.  Мысал  ретінде, 
жайдан дамып келе жатқан ҰҚТК мен ЕҚЫҰ қарым-қатынастарын келтіруге 
болады.  ЕҚЫҰ  мен  ҰҚТК  арасындағы  ынтымақтастық  терроризм  және 
есірткімен  қарсы  күрес,  Ауғанстанмен  шекараны  нығайту  сияқты  салаларда 
қолайлы болашақ бар деген түсінікке ие [5]. 
2001 жылдың 14-15 маусымында Шанхай қаласында алты мемлекет 
–  Ресей,  Қытай,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Өзбекстан 
басшыларының  кездесуі  өтіп,  ШЫҰ  құру  туралы  жарияланды.  Саммитте 
қабылданған  Декларация  дүние  жүзін,  Орта  Азиядағы  қауіпсіздік  пен 
тұрақтылықты  қолдау  және  қамтамасыз  ету  ретінде  өзінің  басты 
мақсаттарын  жариялап,  сондай-ақ  саяси,  сауда-экономикалық,  ғылыми-
техникалық,  мәдени,  білім  беру,  энергетикалық,  транспорттық, 
экологиялық  және  басқа  салалардағы  ынтымақтастықты  дамыту  туралы 
айтты.  Басқа  маңызды  құжат  –  осы  ұйыммен  қабылданған  терроризмге, 
сепаратизмге  қарсы  күрес  туралы  конвенция  халықаралық  деңгейде 

110 
 
бірінші рет сепаратизм мен экстремизм анықтамасын қылмыстық тәртіпте 
қудалаған әрекет, зорлық ретінде бекітті.  
Шанхай  ұйымы  аймақтық  қауіпсіздік тақырыбы  бойынша  жұмысты 
жандандыру  мақсатын  алдына  қояды.  ШЫҰ  мүше-мемлекеттері  мен 
бақылаушы-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлер орынбасарларының 
тұрақты  кеңес  беру  тәжірибесі  жалғастырыла  қоймай,  сонымен  қоса 
жоғары деңгейдегі кездесулерді сараптық кездесулермен, терроризм және 
есірткімен  қарсы  күрес  тақырыбы  мен  ауған  істері  бойынша  ҰҚКҰ-мен, 
басқа  шетелдік  серіктестермен  өзара  әрекеттесуді  толықтыру  керек. 
Аймақтағы  жағдайдың  дамуын  талдау  және  жорамалдау  жұмыстарын 
бірлесе өткізуге және әрекет ету мен алдын алу шараларының нұсқаларын 
әзірлеуге  көп  көңіл  бөліну  керек.  Қарапайым  оймен  бөлісудің  орнына 
позицияны ұстау мен әрекет етуге келісуді енгізу керек.  
ШЫҰ  аймақтық  қауіпсіздікке  байланысты  келесі  мақсаттардың 
орындауын қамтамасыз етуге шақырады: 
-  мүше-мемлекеттер  арасында  өзара  сенім  мен  тату  көршілікті 
нығайту,  сондай-ақ  аймақтағы  бейбітшілікті,  қауіпсіздікті  және 
тұрақтылықты қолдау және нығайту; 
- терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы бірлескен әрекет ету; 
-  есірткінің  және  қарудың  заңсыз  айналымымен,  трансұлтты 
қылмыстық  әрекеттің  басқа  түрлерімен,  сондай-ақ  заңсыз  көшу-қонумен 
күрес. 
Сонымен  қатар  бүгінгі  заманның  «үш  жамандығы»  көбінесе 
аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің басқа ауыр қаупімен байланысты 
екенін  атап  өткен  жөн,  ол  -  есірткінің  заңсыз  айналымы.  Осыған 
байланысты,  2004  жылдың  17  маусымында  ШЫҰ  шеңберінде  есірткі 
заттардың, есуастандырғыш заттардың және олардың алғы нышандарының 
заңсыз  айналымымен  қарсы  күрес  бойынша  ынтымақтастық  туралы 
келісімнің  қабылданғанын  атап  өткен  жөн.  Осы  келісімнің  орындалуы 
мақсатында  2011  жылдың  14-15  маусымында  Астанада  өткізілген  ШЫҰ 
мерейтойлық  саммитінде  2011-2016  жылдарға  арналған  ШЫҰ  мүше-
мемлекеттерінің  Есірткіге  қарсы  стратегиясы  және  ШЫҰ  кеңістігінде 
есірткі  қаупіне  қарсы  күрес  бойынша  бірлесе  жасалған  шаралардың 
тиімділігін арттыруына септігін тигізетін Іс-әрекет бағдарламасы бекітілді 
[6].  Берілген  құжаттарды  қабылдағаннан  басқа,  Қазақстан  АТҚҚ  және 
Есірткі мен есуастандырғыш заттардың заңсыз айналымымен қарсы күрес 
бойынша  Орта  Азиялық  ақпараттық  үйлестіруші  орталығы  (ОААҮО) 
арасында  Өзара  түсіністік  хаттамасына  қол  қоюға  едәуір  септігін  тигізді, 
сонымен  қоса  ШЫҰ-ның  Есірткі  мен  қылмысқа  қарсы  күрес  бойынша 
БҰҰ  (UNODC)  Басқармасымен  Өзара  түсіністік  меморандумының 
қабылдану  бастамасын  қолға  алды.  Сондай-ақ  терроризммен,  есірткі  мен 
қарудың  заңсыз  айналымымен  және  трансұлтты  қылмыстардың  басқа  да 
түрлерімен  байланысты  тұлғалардың  кіріп  кету  каналдарын  жабу 

111 
 
мақсатында,  Қазақстан  ШЫҰ  шеңберінде  заңсыз  көшіп-қонумен  қарсы 
күресте ынтымақтастық туралы Келісімге қол қоюды ұсынды.  
2012  жылдың  қаңтар  айында  Президент  Н.Ә.  Назарбаев 
«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 
бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында  «Біз  өзіміздің 
теңдестірілген  сыртқы  саясатымызды  тек  Батыспен  қана  өзара  қатынаса 
қоймай,  сонымен  қоса  Азия  мемлекеттерімен  де  өткізетін  боламыз»  деп 
атап  өткен  еді.  ХХІ  ғасырдың  жаһандық  қарсы  тұруына  және  қауіпіне 
жауап  ретінде  еуразиялық  біріктіруінің  кеңейтілуі  мен  тереңдетілуі  және 
Еуразиялық  экономикалық  одақтың  құрылуы  болады.  Еуразиялық 
біріктірудің  маңыздылығын  баса  айтқанда,  Н.Ә.  Назарбаев:  «Бұл  жалпы 
аймақтық 
тұрақтылықтың, 
экономикаларымыздың 
бәсекелесу 
қабілеттілігін  арттырудың  маңызды  факторы  болып  табылады.  Біз  ТМД-
дағы  басқа  мемлекеттердің  еуразиялық  біріктірудің  мүшесі  болуға 
талпынуын қолдауға дайынбыз» деп атап өтті [7]. 
Сөйтіп,  қазіргі  таңда  Қазақстан  дүниежүзілік  саяси  үдерістің  толық 
құқылы  авторы,  аймақтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуде  аймақтық 
көшбасшы  және  біріктіру  үдерістері  мен  бірлестіктердің  бастамашысы 
болып  табылады.  Орталық  Азия  мемлекеттерімен  достастық  және  тату 
көршілік ынтымақтастықта өзара тиімді қарым-қатынастарды жүйелі және 
жоспарлы түрде дамыта отырып, Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.  Назарбаев  аймақтағы  тұрақты  және  қауіпсіз  бейбітшілікті  құрудың 
сәулетшісі мен жақтаушысы болып табылады.  
 
Әдебиеттер тізімі  
 
1.  Ханхуэй  Ч.  Развивая  мирные  инициативы,  совместно  создавать 
прекрасное будущее // Казахстанская правда, 2015, 7 июля. 
2.  От  Хельсинки  до  Будапешта:  история  СБСЕ/ОБСЕ  в  документах 
(1973–1994). М.: Наука, 1997. 
3. Назарбаев Н.А. «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые 
интересы,  единое  будущее».  Послание  Президента  страны  народу 
Казахстана // Казахстанская правда, 2014, 18 января. 
4.  Тукумов  Е.В.  Внешняя  политика  Казахстана  за  годы  независимости: 
итоги, результаты, достижения. // nomad.su/a=3-201112150027. 
5. Об утверждении Положения о Полномочном представителе Республики 
Казахстан  в  Постоянном  Совете  при  Организации  Договора  о  коллективной 
безопасности. Указ Президента РК // Казахстанская правда, 2005, 29 октября. 
6. Выступление Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева 
на V Астанинском экономическом форуме 23.05.2012 г. // http://www.akorda.kz. 
7.  Послание  Президента  РК  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 
«Социально-экономическая  модернизация  –  главный  вектор  развития 
Казахстана» // Казахстанская правда, 2012, 27 января. 
 

112 
 
Мазмұны 
 
Кіріспе………………………………………….……………….…….......... 

А.М.  Ғазалиев.  Студент  жастарға  патриоттық  тәрбие  беру 
(ҚарМТУтәжірибесінен)............................................................................... 

Л.М. Тұрлашов

Сенімді ұштай түсті...................................................... 

Т.С. Сүлейменов, К.З. Сәрекенов. Мәңгілік Ел – Қазақстан жолының 
ұлттық идеясы................................................................................................ 
 
11 
А.Е.  Даниярова.  Н.Ә.  Назарбаевтың бес  институционалдық реформа 
жасаудағы бастамасы. 100 нақты қадам – Қазақстан Республикасының 
стратегиялық даму бағытын жүзеге асыру.................................................. 
 
 
17 
М.Ж.  Сулейменова.  85-қадам  –  «Мәңгілік  Ел»  патриоттық  актісі 
жобасын әзірлеу. «Мәңгілік Ел» ұғымының тарихи аспектілері..............  
 
20 
Д.Г. Шорманбаева. Қазақстанның егемендік алу бастауында................  26 
К.Ш.  Джалилов.  Ұлттық  қауіпсіздік  тұжырымдамасы  және 
Қазақстандық қоғамның шоғырлануы. Қазақстан халқы Ассамблеясы.. 
 
30 
А.К.  Жарылқасынова.  Қазақстанның  экономикалық  стратегиясын 
әзірлеу. ДСҰ ену – әлемдік экономикаға бірігу......................................... 
 
36 
М.О.  Төлеуова.  Саяси  жүйені  жаңғырту  және  құқықтық  мемлекет 
негіздерін қалыптастыру............................................................................... 
 
43 
С.Б.  Балшикеев.  Астана  –  Президенттің  орындалған  арманы, 
үйлесімділік және жайлылық мекені........................................................... 
 
49 
Н.Б.  Давлетбаева.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы..................................... 
 
55 
А.М.  Ғазалиев.  Мемлекет  басшысының  Қазақстандағы  инженерлік 
білімнің инновациялық дамуындағы жасампаздық рөлі............................ 
 
60 
А.В.  Сиводедова.  Білім  беру  саласындағы  мемлекеттік  саясат  – 
Қазақстан болашағын қамтамасыз ететін саясат........................................ 
 
67 
Н.А.  Қазбеков.  Президенттік  дипломатия.  Қазақстан  Республикасы-
ның сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптері.................................... 
 
73 
А.М.  Беркінбекова.  Н.Ә.  Назарбаевтың  әлемдік  қауымдастықта 
Қазақстан  Республикасының  оң  имиджін  қалыптастырудағы  ролі. 
Жаһандық көшбасшылық феномені............................................................ 
 
 
79 
О.М. Хмельницкая. Болашақты анықтаған еуразиялық идея.................  87 
Д.Е.  Джакупова  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаевтың  2015  ж.  30  қарашадағы  Қазақстан  халқына  «Қазақстан 
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауы.......... 
 
 
94 
А.К.  Мубаракова.  Қазақстанның  халықаралық  және  аймақтық 
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі..........................…………………… 
 
106 
 
 

113 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

114 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ 
ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК 
ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ   
 
1-жинақ 
 
3-ші басылым, өңдел. және толық. 
 
Құраушы-авторлар: Т.С. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, Н.А. Алпысбаева
Д.Е. Джакупова, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, М.Ж. Сулейменова,  
Д.Г. Шорманбаева, К.Ш. Джалилов, А.К. Жарылқасынова, М.О. Төлеуова, 
С.Б. Балшикеев,Н.Б. Давлетбаева, А.В. Сиводедова, Н.А. Қазбеков, 
А.М. Беркінбекова, О.М. Хмельницкая 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚарМТУ баспасы, 100027. Қарағанды, Бейбітшілік б., 56. 
Басуға қол қойылды 20.04.2016 ж. Пішімі 60х84/8 
Есептік баспа табағы 14. Таралымы 100 дана.Тапсырыс № 468
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет