ҚҰрылыстың Қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата12.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#1755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

О.М. Хмельницкая,  
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің 
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  
кафедрасының оқытушысы,  
Әлеуметтік ғылымдар магистрі 
e-mail: olesya_hmelnick@mail.ru 
 
 
 
 
БОЛАШАҚТЫ АНЫҚТАҒАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯ 
 
Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  1994  жылдың  29 
наурызында  М.  Ломоносов  атындағы  ММУ  жоғары  және  беделді 
трибунасында  ресейлік  ғылыми  қауымдастықтың  бетке  ұстар  тобының 
алдында жұртшылықтың назарына «Еуразиялық мемлекеттер одағын құру 
туралы жобасын» ұсынған сол тарихи күннен бері жиырма жыл өтті. 
Қазіргі  таңда,  посткеңестік  кеңістікте  КСРО  құлағаннан  кейін 
орталықтан  сыртқа  ұмтылулар  үстемдік  еткен,  аяғына  тұрған  әлеуметтік-
экономикалық  байланыстардың  құлдырауы  жүріп  жатқан  және  көптеген, 
тіпті соғысқа дейін баратын қақтығыстар туындаған жағдайларда таңбалы 
оқиға  болғанын  түсінеміз.  Адамдар  ұлтаралық  шиеленістің  күшеюіне  тап 
болды,  қашқындар  пайда  болды,  өмір  сүру  деңгейі  қатты  төмендеді. Сол 
кезде  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттер  араларындағы  қарым-қатынастардағы 
мәселелердің  шешімін  опыр-топыр  және  аса  қарама-қайшы  іздеумен 
айналысқан.  Оларға  сауда-экономикалық  ынтымақтастықтың  мүлдем 
басқа  стратегиясын  құру  және  өзгерген  геосаяси  реалийлерге  сәйкес 
келетін  өзара  әрекет  етудің  түбегейлі  жаңа  механизмдерін  қалыптастыру 
керек болды.  
Қазақстан  Президентімен  ұсынылған  еуразиялық  ықпалдастық 
стратегиясы ХХ ғасырда әр түрлі құрлықтарда жүзеге асырылатын аймақтық 
интеграцияның  әлемдік  үлгілеріне  негізделген  [1].  Н.Ә.  Назарбаевтың  ойы 
бойынша,  Еуразиялық  одақ  әрбір  қатысушы  елдің  ұлттық-мемлекеттік 
мүдделері  жүзеге  асырылатын  және  жалпы  бірлескен  әлеует  пайдаланылған 
бірдей  құқықты  тәуелсіз  мемлекеттердің  одағы  болуы  керек  [2,  3  б.]. 
Еуразиялық одақ елдердің нарықтық қайта құруларды жүргізуге келісілген 
амалдардың  қолдануын,  ұлттық  қауіпсіздікті,  әлемдік  экономикалық 
жүйеге  бірлесіп  қосылуын  қамтамасыз  етуі  керек.  Бұл  міндетті 
мемлекеттермен бірыңғай экономикалық, кедендік, сауда және әлеуметтік-
гуманитарлық кеңістік аумағын құру жолымен жүзеге асыру жөн болар еді 
[2, 65 б.]. Сонымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен салыстырғанда 
бірлесу  негізі  дәл  экономикалық  өзара  байланыс  болуы  керек  еді. 

88 
 
Еуразиялық  одақты  рәсімдеу  егемендікке  қысым  жасаусыз,  мемлекеттің 
ішкі  істеріне  араласпау,  өз  елінде  мемлекеттік  құрылымның  тәртібін 
анықтаған  әр  халықтың  құқығын  құрметтеу  кезінде  болуы  керек. 
Ықпалдастыққа 
прагматикалық 
амалдың 
қажеттігі, 
бірлесудің 
экономикалық 
мақсатқа 
лайықтылығы 
мен 
еріктілігі 
оны 
қалыптастырудың басымдылық принциптерімен мойындалды. 
Еуразиялық  мемлекеттердің  ықпалдастығының  басты  мақсаттары 
тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, аумақтың әлеуметтік-экономикалық 
жаңаруы  деп  аталды.  Сонымен  қатар,  жобада  Еуразиялық  одақта 
Еуропалық  одақтың  үлгісі  бойынша  өзіне  әр  түрлі  қызмет  саласында 
елдердің  өзара  қарым-қатынасын  реттеу  функциясын  алатын  ұлт  үстіңгі 
органдар құрылатындығы аталып өткен. 
Еуразиялық  ықпалдастық  идеясының  тәжірибелік  іске  асуы  1995 
жылғы  20  қаңтарда  Белорусь,  Қазақстан  және  Ресей  елдерінің  Кедендік 
одағы  туралы  Келісімді  жасаудан  бастау  алады,  кейін  бұл  одаққа  1996 
жылы  Қырғызстан  және  1999  жылы  Тәжікстан  қосылды.  1996–1998 
жылдары  Кедендік  одақ  туралы  Келісімді  дамытуға  тағы  бірқатар 
мемлекетаралық 
келісімдер 
қабылданды, 
себебі 
сол 
сәтте 
дезинтеграцияланған тенденциялар жеткілікті мықты болды. 
1999 жылғы 26 ақпанда Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық 
кеңістік туралы Шартқа қол қойылды, бірақ ортақ сыртқы шекараларымен 
және  ортақ  басқару  жүйесімен  бірыңғай  кедендік  аумақты  қалыптастыру 
бойынша  жоспарлар  жүзеге  асырылған  жоқ.  Сондықтан  2000  жылға 
дейінгі  кезең  еуразиялық  ықпалдастық  процестерінің  даму  контексінде 
сынау  жолдарын  және  едәуір  тиімді  интеграциялық  моделдің  қателерін 
іздеу уақыты ретінде сипаттауға болады.  
Еуразиялық  ықпалдастықтың  тағдырын  шешуші  кезең  2000  жылғы 
10  қазанда  Астанада  бес  мемлекеттің  (Беларусь,  Қазақстан,  Қырғызстан, 
Ресей  және  Тәжікстан)  басшыларымен  Еуразиялық  экономикалық 
қауымдастықты (ЕурАзЭҚ) – нақты жазылған функционалдық құрылымға 
және  тиімді  қызмет  механизмдеріне,  анық  және  түсінікті  мақсаттарға  ие 
халықаралық  ұйымды  құру  болды.  ЕурАзЭҚ  кезінде  бақылаушы 
мәртебесін    Армения,  Молдова  және  Украина  алды. 2006–2008  жылдарда 
қауымдастықтың  құрамына  Өзбекстан  кірген.  Бұл  құрылым  оның 
шеңберінде  Кедендік  одақты  және  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікті 
(БЭК)  қалыптастыру,  сонымен  қатар,  әлемдік  экономикаға  және 
халықаралық  сауда  жүйесіне  ЕурАзЭҚ  мүше-елдерінің  қарым-қатынасын 
ықпалдастыру  мақсатымен  құрылған.  Қауымдастық  елдері  қызметінің 
стратегиялық  бағыты  –  бірлескен  табиғи,  экономикалық,  ғылыми  және 
адами әлеуетті тиімді пайдалану кезінде олардың динамикалық әлеуметтік-
экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ету.  Бұл  қоғамның  үдемелі  дамуының 
және  адами  және  биологиялық  ресурстарын  тұрақты  ұдайы  өсуінің, 

89 
 
экономикалық  даму  деңгейін  және  біздің  елдердің  өмір  сүру  деңгейін 
жоғарылатудың маңызды факторы болды [1, 72 б.]. 
ЕурАзЭҚ  ұйымдастыру  туралы  шартына  қол  қою  сәтінен  бастап  13 
жыл өтті. Осы уақыт бойы ол алдына қойылған міндеттерді сәтті орындап 
келеді. Өзінің қызметінің бастапқы кезеңінде  Қауымдастық кәсіпорындар 
мен  ұйымдардың  арасындағы  іскерлік  байланыстарды  тереңдетуді 
қамтамасыз етті.  
Еркін  сауда  зонасының  арқасында  ЕурАзЭҚ  елдерінің  тауарларын 
өзара сату көлемі Қауымдастықтың сегіз жыл жұмысында бірінші рет 4 есе 
артты.  Осы  жетістіктердің  негізінде  2010  жылғы  1  қаңтардан  бастап 
Қазақстанның,  Ресейдің  және  Белорусь  Кедендік  одағы  жұмыс  істей 
бастады,  ал  2011  жылғы  1  шілдеден  бастап  барлық  халықаралық 
стандарттар бойынша толық форматты режимде әрекет етеді. Осы кезеңде 
Кедендік  одаққа  ЕурАзЭҚ  үш  елі  қабылданған  әр  түрлі  жылдамдықты 
және  әр  түрлі  деңгейлі  интеграцияның  тұжырымдамасына  толық 
сәйкестікте кірді, соған сәйкес, өзара ынтымақтастықтың түрлері, қарқыны 
мен  деңгейі  мемлекеттердің  дайындылығы  мен  мүдделілігінің  деңгейіне 
қарай таңдап алынады.  
Кедендік  одақтың  толық  форматты  жұмысы  кооперациялық 
байланыстардың кеңеюіне және кәсіпорын мен халықта уақыт пен қаражат 
шығынының азаюына әкелді. Оның мүше-елдерінің тауарларын өзара сату 
көлемдері 2010 жылы 29 %, 2011 ж. – 34 %, 2012 ж. – 7,5 % өсті. 
«Известия»  газетінде  2011  жылғы  25  қазанда  жарияланған 
«Еуразиялық  одақ:  идеядан  болашақтың  тарихына  қарай»  атты  іргелі 
мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «кедендік одақ – 
бұл  бүкіл  ТМД  кеңістігінде  шынымен  ерікті  және  тең  құқылы 
ықпалдасудың бірінші түрі. Ол алғаш рет тарихта біздің елдің халықтарын 
өзара  сыйластық,  ұлттық  ерекшелікті  сақтау  және  ортақ  болашақтың 
үздіксіздігін  ұғыну  негізінде  жақындастырады.  ЕЭК  Кедендік  одақтың 
бірізді өзгеруі, ал уақыт өткен соң, Еуразиялық экономикалық одақ біздің 
елдеріміздің  өркендеуіне  мықты  стимул  болатынына,  елдерімізді 
жаһандық  әлемде  алдағы қатарға  шығарады деген  сенімдемін»  - деп  атап 
өтті [3, 4 б.]. 
Сыртқы сұраныс емес, Кедендік одақ ішіндегі сұраныс өнеркәсіптің 
әр  түрлі  салаларында,  ауыл  шаруашылығында,  қызметтер  саласында  үш 
елдің  кәсіпорындарын  салуды  қамтамасыз  етеді.  «Үштіктің»  шеңберінде 
Белорусь  пен  Қазақстанның  үлес  салмағы  ұлғаяды.  Кедендік  одақтың 
қызмет  етуі  барысында  өзара  саудадағы  шикізат  ресурстарының  үлесі  40 
бастап  33%  төмендеді,  яғни,  тауар  айналымының  құрылымы  жақсарды, 
технологиялық  өніммен,  жоғары  қосымша  құны бар  тауарлармен шикізат 
тауарларын ауыстыру жүргізілді.  
Қауымдастық  елдерімен  бірлескен  мемлекетаралық  мақсатты 
бағдарламалары  әзірленеді  және  жүзеге  асырылады.  Еуразиялық  даму 

90 
 
банкы  және  Еуразиялық  іскерлік  кеңес  белсенді  жұмыс  істейді.  Сауда-
экономикалық  ықпалдасудағы  жетістіктермен  қатар,  әлеуметтік,  еңбектік 
және  көші-қон  саясаты,  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  мәдениет,  спорт 
және  экология  салаларында  әлеуметтік-гуманитарлық  блоктың  маңызды 
сұрақтары нәтижелі шешіліп жатыр. Еуразиялық біріктіру дамуының әрбір 
кезеңінде  сарапшылар  бірауыздан  осы  процестердің  дамуында  Президент 
Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы рөлін атап өтті. «Солтүстік  - Оңтүстік» 
саяси  орталығының  қазіргі  атқарушы  директоры  өз  сөзінде  «жүзеге 
асырудың  жүйелілігі,  теория  мен  тәжірбиенің  үйлесімді  қатынасы,  заң 
бойынша  «Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жобасы»  деп  аталатын  «еуразиялық 
жобаның»  жетістігін  айқындады».  ТМД  елдеріндегі  қоғамдық-саяси 
процестерінің жетекші сарапшыларының бірі Алексей Власов, Еуразиялық 
одақ Нұрсұлтан Назарбаев үшін өмірлік іс сияқты: «Еуразиялық одақ құру 
идеясы әуел бастан Қазақстан Президентіне тиесілі». Екі онжылдық бойы 
ол үнемі біріктіру процесін итермелеп отырды және әрдайым: «Біріктіру – 
ол  өркендеудің  қысқа  жолы»  деп  қайталаудан  жалықпады.  Назарбаевтың 
сенімді  және  қол  жетімді  мақсатқа  қырағылықпен  бағыттағанын  уақыт 
көрсетті».  
Атақты  кеңес  және  ресей  публицисті,  жазушы-тарихшы  Рой 
Медведев,  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еуразиялық  доктринасы  жайлы  айта 
отырып,  оның  жаңашылдығын  және  сонылығын  көрсете  отырып,  XIX 
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы еуразиялық доктринамен ол 
тек  қатысты  және  терминологиялық  байланыста.  Оның  бағалауынша, 
«Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еуразиялық  жобасы  әртүрлі  мистикадан  алыс 
және  қандай  да  бір  абстрактылы  геосаясаттың  догмасына  негізделмеген, 
орын  алған  экономикалық  және  саяси  жағдайлармен  анықталатын 
барлығына түсінікті формулаларға негізделген».   
ЕурАзЭҚ халықаралық мәртебеге ие және БҰҰ-да бақылаушы болып 
табылады.  Оның  бірқатар  маңызды  жобаларды  бірге  жүзеге  асыратын 
басты  халықаралық  серіктестері  болып  БҰҰ  ЕЭК,  АТМЭӘК,  ЮНИДО, 
ЮНЕСКО,  БҰҰ  дамыту  бағдарламасы,  ХАЭҰ,  Көші-қон  бойынша 
халықаралық  ұйым,  Орталық  Азия  елдерінің  экономикасына  арналған 
арнайы  бағдарлама,  Дүниежүзілік  кедендік  ұйым,  ЕҚЫҰ,  ЕҚ  өкілеттігі, 
Азиядағы өзара әрекет етулер мен шаралар бойынша кеңесі алға шығады. 
Ерекше  орынға  аймақтық  құрылымдармен    –  ТМД,  ҰҚШҰ,  ШЫҰ 
ынтымақтастық ерекше орын алады [1, 100 б.]. 
ЕАҚ 
құру 
туралы 
жобамен 
еуразиялық 
интеграциялық 
құрылымдарды қалыптастыру кезінде Еуроодақтың тәжірибесін пайдалану 
алдын  ала  қарастырылды.  Сонымен,  ЕҚ  кейінгі  жылдарда  ол  үстіңгі 
органдардың 
қызмет 
етуімен 
байланысты 
күрделі 
мәселелер, 
институционалдық  және  функционалдық  мәселелері,  сонымен  қатар, 
Еуроодақты  және  оның  ішіндегі  еңбектің  көші-қонды  кеңейтуге 
байланысты  мәселелер  ашылды.  Осының  барлығы  ЕурАзЭҚ,  Кедендік 

91 
 
одақты  және  ЕЭК  құру  кезіндегі  тәжірибелік  жұмыста  ескерілді.  Осында 
ЕҚ  тәжірибесі  сынды  түрде  қайта  түсіндірілді  және  біздің  елде 
қалыптасқан жағдайларға бейімделді.  
2011  жылғы  18  қарашада  үш  елдің  президенттерімен  Еуразиялық 
экономикалық  ықпалдастық  туралы  Декларацияға  қол  қойылды,  соған 
сәйкес  ең  жақын  интеграциялық  міндет  –  Кедендік  одақтың  және  ЕЭК 
әлеуетін толық жүзеге асыру, ал одан әрі  – осының негізінде Еуразиялық 
экономикалық  одақты  құру,  онда  тек  нарықтар  емес,  сонымен  бірге 
стратегиялық 
жоспарлар 
мен 
елінің 
экономикасын 
дамыту 
перспективалары 
біріктірілген. 
Жаңа 
бірлестік 
технологиялық, 
модернизациялық,  инновациялық  салаларда,  білім  облысында  тиімді 
кооперация үшін қосымша мүмкіндіктерді ашуға арналған. 
2014  жылдың  наурыз  айында  еуразиялық  жобаның  «туғанына»  20 
жыл  толды.  Еуразиялық  ықпалдастық идеясының  жылжуы,  шын  мәнінде, 
Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  өмірлік  ісі  болды.  Сонымен,  Ресей 
Президенті  В.В.  Путин  Н.Ә.  Назарбаевпен  2013  жылы  шілдеде  Астанада 
өткен  кездесуінде  келесіні  атап  өтті:  «Сіз,  шын  мәнінде,  біздің  Кедендік 
одақтың  негізін  қалаушы-атасысыз,  бұл  Сіздің  идеяңыз  болды,  біз  оны 
жүйелі  түрде  дамытамыз.  Атап  өткім  келеді,  бұл,  күмәнсіз,  посткеңестік 
кеңістікте  ықпалдастық  бағытындағы  ең  үлкен  қадам.  Қазір  біз  оның 
қайтарылуын сеземіз».  
Қазіргі заманғы реалийлерде Қазақстан көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 
идеясы практикалық еурозиялылықтың жаңа кезеңінің басы болды. Сонымен, 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еңбегі,  оның  еуразиялық  теорияны  саяси 
тәжірибемен  күшейте  алуында,  сонымен,  еуразиялық  тұжырымдаманы 
едәуір өмірге бейімді және тиімді жасай отырып, күшейте алуында.  
Нұрсұлтан  Әбішұлының  есімімен  Қазақстанның  қазіргі  әлемде 
лайықты  орынға  қарай  магистральды  жылжу  және  жаңа  астана  – 
Астананың  құрылысы  байланысты.  Сондай-ақ,  Ұлт  Көшбасшысы  әлемге 
Қазақстанның  және  халқымыздың  жаңа  бейнесін  ғана  көрсеткен  жоқ. 
Өткен  жылдарда  оның  еуразиялық  идеясының  «үш  киты»  толық  жүзеге 
асырылды - Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ), Азияда 
өзара әрекет ету және шаралар бойынша кеңесі (АӨӘЕШК) және Шанхай 
ынтымақтастық  ұйымы  (ШЫҰ)  [2,  3  б.].  Сонымен  қатар,  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  ерекше  еңбегі,  оның  еуразиялық  теорияны  саяси 
тәжірибемен  күшейте  алуында,  сол  арқылы  еуразиялық  тұжырымдаманы 
едәуір өмір сүруге бейімді және тиімді ете алуында.  
2012  жылғы  желтоқсан  айында  Қазақстан  Президенті  «Қазақстан-
2050» жаңа Стратегиясын ұсынды, онда кезекті жаһандық жарып шығуды 
жасау және 2050 жылы әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттерінің қатарына 
ену  жоспарланады.  Бұл  құжат  –  қалыптасқан  мемлекеттің  үдемелі 
дамуының жаңа жаһандық бағдарламасы. 

92 
 
Қазақстан  Республикасының  дамыған  әлем  елдерінің  отыздығына 
кіруі  Нұрсұлтан  Назарбаевпен  оның  2014  жылғы  17  қаңтардағы  халыққа 
Жолдауында  ұсынылған.  Ол  екі  кезеңнен  тұрады:  2030  жылға  дейін 
жаңартылған  ұмтылыс  жасау,  экономиканың  дәстүрлі  салаларының 
динамикалық  өсуін  және  мықты  өңдеуші  индустриалдық  секторды  құру 
талап  етіледі;  2030–2050  жылдарда  ғылымға  сыйымды  экономика 
принциптерінде  елдің  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ету  қажет:  мықты 
өңдеуші өнеркәсіпті қалыптастыру, дәстүрлі салаларда жоғары қайта бөліс 
өнімдерді шығаруға көшу, инжинирингтік қызметті дамыту. 
Қазақстан Президенті «дамыған 30-топ  әлем елдеріне кірудің маңызды 
механизмін  біздің  аймақтық  және  жаһандық  экономикалық  жүйемізге 
шоғырланудың тереңдігін анық көреміз. Бұл, ең алдымен, біздің Еуразиялық 
экономикалық  одақты  қалыптастыруға  қатысуымызбен,  Дүниежүзілік  сауда 
ұйымына енуімізбен байланысты – деп атап айтады [1, 56 б.]. 
Елбасы  болашақ  энергиясын  дамытуға  ерекше  мән  береді.  Үш 
жылдан  кейін  Астанада  осы  тақырыпқа  арналған  «ЭКСПО-2017» 
Халықаралық  көрмесі өтеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі бойынша, «бұл 
көрме елдің «жасыл» даму жолына көшуге мықты қарқын береді. Астанада 
ғылым мен техниканың ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. 
Көптеген  қазақстандықтар  өздерінің  көздерімен  «біз  ұмтылатын  болашақ 
энергиясын» көре алады» [3, 3 б.]. 
Қазіргі  еуразиялық  идеяның  авторы  экономикалық  мақсатқа 
лайықтылықпен  қатар  гуманитарлық  құраушы  бөлікті,  интеграцияны 
«адами  өлшеуді»  де  маңызды  деп  санайды.  Еуразиялық  стратегияның 
барлық  элементтерінің  тәжірибелік  іске  асырылуы  бұрыштың  басына 
рухани  және  адами  құндылықтар  жүйесін,  тұлғаға  деген  құрметті, 
мәдениеттердің  өзара  байытылуын  қояды.  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
атымен  еуразиялықтың  «әр  алуандылық  арқылы  бірлікке  қарай»  басты 
ұранының теориялық және практикалық толығуы байланысты.  
2015  жылдың  1-ші  қаңтарынан  бастап  Еуразиялық  экономикалық 
одақ  өзінің  жұмысын  бастады.  Армения  мен  Қырғызстанның 
интеграциялық  бірлестігіне  қосылу  процесін  бастай  отырып,  бірнеше 
айдың ішінде «еуразиялық үштік» «еуразиялық бестікке» айналды.  ЕЭО-
пен  ынтымақтасуда  көптеген  мемлекеттер  қызығушылық  танытуда, 
жуырда  Вьетнаммен  еркін  сауда  одағының  аймағын  құру  туралы  бірінші 
келісімге қол қойылды.   Еуразиялық экономикалық біріктіру және қытай 
бастамасымен  Жібек  жолының  экономикалық  аймағын  біріктіру 
тұрғысынан алғанда қызықты болашақ  ашылуда [5, 6 б.]. 
Жаңа  бірлестік  шын  мәнінде  оның  әлеуетін  ескергендегі  тартылыс 
орталығы  баршаның  назарын  аудартуда.  Армения  мен  Қырғызстанның 
ЕЭО  мемлекеттерінің  жалпы  нарығына  қосылуы,  180  млн-нан  аса 
тұтынушыларды  құрайды,  бұл  орасан  зор  өндірістік,  ғылыми  және 
технологиялық 
әлеуетті, 
аса 
ірі 
табиғи 
ресурсты 
(мемлекет-

93 
 
қатысушыларының  үлесіне  әлемдегі  зерттелген  барлық  пайдалы 
қазбалардың шамамен жартысы тиеді) бірлестік.   
Еуразиялық  экономикалық  одаққа  қатысу  мемлекет-мүшелерінің 
басқа мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен өзара қатынасына 
ешқандай  әсер  етпейтінгідігі  маңызды.  Осы  интеграциялық  бірлестіктің 
бөлігі 
ретінде 
мемлекеттер 
ынтымақтастықты 
жолға 
қоюға, 
инвестициларды  тартуға  көптеген  мүмкіндіктер  ала  алады  деп  сеніммен 
айтуға болады [5, 6 б.]. 
… Қазақстан Президенті идеясының жүзеге асуы үшін жиырма жыл 
қажет  болды.  Адамзат  тұрғысынан  қарасақ  ол  аз  уақыт  емес.  Алайда, 
мысал  ретінде  алсақ,  Еуропаға  кеден  одағын  құруға  11  жыл,  жалпы 
нарықты  қалыптастыруға  –  34  жыл  және  экономикалық  және  валюта 
одағына  40  жыл  қажет  болды.  Яғни,  еуразиялық  біріктіру  еуропаға 
қарағанда  екі  есе  жылдам  дамыды.  Мұндай  қарқындылық  барлық  болып 
жатқан  процестерге  нақты  әсерін  тигізетін  жаңа  реалиялармен,  жаңа 
тарихи  жағдаймен  байланысты  болды.  Нұрсұлтан  Назарбаев  айтқандай: 
«ХХI  ғасырдағы  масштабты  технологиялық  өзгерістердің  болашақ 
нәтижесі  ретінде  бізге  жаһандық  экономикалық  цейтнот  жағдайында 
әрекет етуге тура келеді» » [5, 6 б.]. 
Еуразиялық біріктірудің көптеген тәжірбиелік мәселелерін өте қысқа 
мерзімде  шешуге  тура  келеді,  алайда,  әрбір  шешім  сапалы  және  әбден 
пысықталған,  сараланған.  Себебі,  одақтың  әрбір  қатысушысы  ЕЭО  –  ол 
шындап және ұзаққа құрылған бірлестік екенін сезінеді.  
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы: Атамұра, 1999. - 296 с.  
2. Новый Казахстан. Разговор о стране. Интервью Главы государства 
Нурсултана  Назарбаева  ведущим  авторских  программ  республиканских 
каналов // Казахстанская правда, 2007, 10 апреля.  
3.  Нурсултан  Назарбаев  –  главный  архитектор  евразийской 
интеграции// Казахстанская правда, 2014, 12 марта.  
4.  Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 
«Казахстанский  путь-2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 
будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января. 
5.  Идея,  определившая  будущее  //  Казахстанская  правда,  2015,  15 
июля.  
 
 

94 
 
Д.Е. Джакупова, 
экономика магистрі, 
Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университетінің 
Патриоттық тәрбие беру 
ҒЗИ директоры 
е-mail: niipatriot_kstu@mail.ru
 
 
 
 
«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: 
ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – 
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА 
ЖОЛДАУЫ 
 
Бірнеше  күннен  кейін  тарих  ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдығының 
есебін бастайды. Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық 
байланыстарға  қосылған  егемен  ұлттық  экономика  және  ұлттардың 
әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде 
қалыптасты.  Біз  бәріміз  бірге  көптеген  сынақтарға  төтеп  бердік, 
шынықтық және нығайдық. Біз өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген 
табысты  экономикалық  даму  қарқынына  қол  жеткіздік.  Біздің  халқымыз 
бұған  дейін  ешқашан  бүгінгідей  жақсы  өмір  сүрген  емес.  Біз  көп 
нәрселерге қол жеткіздік. 
Қазір әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша дәуір туып келеді. 
Біздің  көз  алдымызда  өзгеше  мүмкіндіктері  мен  тәуекелдері  бар  жаңа 
жаһандық  нақты  ахуал  пайда  болуда.  Бүгінде  Қазақстан  экономикасына 
әлемдік  рыноктардағы  құлдырау  туындатқан  бірқатар  сыртқы  факторлар 
теріс  әсерін  тигізуде.  Жаһандық  дағдарыстардың  шығу  төркіні  біздерге 
байланысты  емес.  Жаһандық  дағдарыстар  ықпалынан  ешкім  де  сақтанып 
қала алмайды. 
І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері 
Бүгінде  бізге  де  әлем  дамуының  бүкіл  сын-қатерлерін  көре  білудің 
маңызы зор. 
Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие. Іс 
жүзінде  барлық  әлемдік  рыноктар  –  қаржы,  көмірсутегі,  металдар,  азық-
түлік  және  басқа  да  рыноктар  тұрақсыз.  Біздің  экспорттық  өнімдерімізге 
сұраныстың төмендеуінің негізгі себебі де осында. 
Екіншіден,  әлемнің  барлық  экономикаларында  да  экономикалық 
өсімнің  баяулауы  байқалуда.  Бүгінде  жаһандық  ІЖӨ  өсімінің  үнемі 
төмендеуі  жөніндегі  болжамдар  ешкімді  де  таңқалдырмайды.  2011 
жылдың күзінен бастап Халықаралық валюта қоры оларды 5-тен 3 пайызға 

95 
 
дейін 
төмендете 
отырып, 
болжамдық 
көрсеткіштерді 6 рет қайта қарады. Және, шамасы, 
бұл да шек емес сияқты. 
Үшіншіден,  бүгінде  мұнайдан  түсетін 
супертабыстар жоқ. 
Төртіншіден,  жаһандық  экономика  саяси 
факторлардың  қысымын  сезінуде.  Әлем  тұрақсыз 
бола  түсті.  Жетекші  державалар  бір-біріне  қарсы 
санкциялар енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт  төмендеп кетті. Таяу 
және  Орта  Шығыс,  Солтүстік  және  Орталық  Африка  өңіріндегі 
тұрақсыздық пен дау-жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып 
соқтырды.  Әрбір  күн  террорлық  актілер  мен  ондаған  адамдардың  қаза 
тапқандары  туралы  хабарлар  жеткізуде.  Бүгінде  халықаралық  терроризм 
әлемге елеулі қатер төндіріп тұр. Бұл тәуелсіз мемлекеттердің ішкі істеріне 
сыртқы  күштердің  араласуы  жолымен  мемлекеттіліктің  күйреуінің 
нәтижесі. 
Әлемнің  дамуы  күштердің  әлемдік  және  өңірлік  орталықтарының 
арасындағы  қатаң  бәсекелестік  аясында  жүретін  болады.  Жаңа  жаһандық 
өмір  шындығының  сын-қатерлеріне  біз  өзіміздің  нақты  мүмкіндіктеріміз 
негізіндегі біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюымыз керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет