ҚҰрылыстың Қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата12.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#1755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.  49-қадам  бойынша  Университет  ғалымдарымен  Еврокод  атты 
құрылыс  халықаралық  стандарт  негізінде  27  нормативтік-техникалық 
құжаттар құрастырылды;   
3. 
55-қадам 
бойынша 
«TOTAL», 
«ERSAI», 
«FESTO», 
«LEICAGEOSYSTEMS», 
«АRSELORMITTAL», 
«FLUOR», 
«EPAMSYSTEMS», 
«CHINAKINGHOENERGYGROUP» 
және 
«SCHNEIDERELECTRIC» 
трансұлттық 
корпорацияларымен 
халықаралық  стандарттар  негізінде  ғаламдық  деңгейдегі  мамандарды 
дайындау  мен  технологиялар  трансферті  бойынша  ынтымақтастық 
қамтамасыз етілді; 
4. 63-қадам бойынша: 

 
Екі мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлық иегері, т.ғ.д., Дрижд Н.А.  
профессорының ғылыми жетекшілігі астында Қарағанды көмір бассейнінің 
көмір  қабаты  кенінен  метанды  өңдеудің  инновациялық  қауіпсіз 
технологиясы  бойынша  ауқымды  жобаны  тәжірибелік  жүзеге  асырудың 
бірінші кезеңі басталды; 

 
«Назарбаев Университет» ДББҰ-мен бірігіп ҚарМТУ-да жасалынған  
жаңа  отандық  «ЦИТАФАТ»  атты  гепатопротекторлық  құралды 
медициналық тәжірибеге енгізу бойынша жұмыстар басталды;  

 
ҚарМТУ ғылыми-техникалық кешені инфрақұрылымының кейінгі  
дамуы  мақсатында  инженериядағы  оқу  технологиялары,  ғылым  мен 
білімнің 20 инновациялық орталықтары ашылды;  
5.  64-қадам  бойынша  ҚарМТУ  инновациялық  орталықтары,  кіші 
кәсіпорындары  мен  кішігірім  өндірісі  негізінде  ұсақ  сериялы  өндіріс 
қамтамасыз етілген:  

 
Астана қаласында ЕХРО-2017-де көрініс табатын ГДН-45 гидродинамикалық 
жылытқыштары; 

 
агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  үшін  баланстық  көмірден  гуминдік 
препараттар;  

 
ТКШ жүйесі үшін тиімді жылу тасығышымен вакуумдық энергия  
сақтаушы радиаторлар;  

 
«Богатырь Көмір» ЖШС үшін РФЭ-2 фоторелесі;  

 
ТМК кәсіпорны үшін РУ-2М  жылыстау тогынан сақтану құралдары;  

 
азаматтық нысандар мен жетекші тау-кен-металлургиялық кешен  
үшін 110, 250 және 500 кГс жүк көтергіштігімен жүк пневмолифттері; 

65 
 
6.  77-қадам  бойынша  базалық  жоғары  оқу  орны  ретінде  2 
бағдарламасы бар бейінді магистратураның 13 жаңа оқу бағдарламары 
жүзеге асырылуда; 
7.  1-100-қадамдарды  ескере  отырып  жоғары  оқу  орны  пәндерінің 
2307 оқу-әдістемелік кешендері өңделді.    
8.  85-90-қадамдары  бойынша  ҚарМТУ-да  мамандарды  дайындау 
процесінде 
«ЖАҢА 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
ПАТРИОТИЗМДІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ»  Тәрбиелік  Моделі  жүзеге  асырылуда.  Оның  негізін 
2009  жылы  жасалынған және  елдің  оқу  мекемелеріне  енгізуге  ұсынылған 
ҚР 
Тұңғыш 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев 
тұлғасы 
өнегесінде 
патриоттық тәрбие беру Моделі құрады.  
Елбасының  стратегиялық  бастамаларын  жүзеге  асыру  негізінде 
институтционалдық  реформалар  мен  жаңа  индустриализацияны  жүзеге 
асыру  үшін  адам  капиталын,  ұлттық  инновациялық  жүйені  дамыту 
саласында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өткен жылдар 
ішінде  Орталық  Қазақстанның  мәдени,  интеллектуалдық  және 
өндірістік негізі болып түрленді. 
5  жыл  бойы  ҚарМТУ  Қазақстанның  техникалық  жоғары  оқу 
орындары  арасында  Еврорейтинг  пен  ұлттық  рейтингтарда  үшінші 
орынға тұрақты түрде ие.  
Жуырда  біз  ТОП-120  дамыған  елдер  қатарына,  QS  дүниежүзілік 
рейтингқа кірдік. 
Корпоративтік  Университеттің  мықты  интеллектуалдық  және 
өндірістік потенциалына сүйене отырып, ЖОО тек білім міндетін орындап 
қана 
қоймай, 
бүкіл 
Қазақстанның 
индустриалдық-инновациялық 
инфрақұрылымын  қалыптастыру  үшін  қолданылуы  мүмкін  маңызды 
әлеуметтік институт болып табылады.            
Сол  мезетте  Университеттің  бас  міндеті  жаңа  формациялы 
инженерлік кадрларды дайындау болып табылады. 
2014 жылдың желтоқсан айында Елбасы: «Қазақстанға еліміздің 700 
қаланған  жаңа  кәсіпорындарында  жұмыс  істеуге  тиіс  білікті 
инженерлік кадрлар қажет», - деп ерекше белгіледі. 
Замандас өркениет негізінен инженерлермен құрастырылды. 
Қазір  ол  Үшінші  индустриалдық  төңкеріс  шеңберінде  түрленудің 
кезекті кезеңін өтуде. 
Барлық  алдыңғы  өркениеттер  ғылыми-техникалық  идея  негізінде 
инженерлік базамен жүзеге асты.  
Бірінші  индустриалдық  төңкеріс  XIX  ғасырда  көмір  мен  бу 
техникасына, жаппай баспаға сүйене отырып өтті.  
Екіншісі  XX  ғасырда  электрлік  құралдардың,  байланыс  (телефоннан 
радио  және  телевизияға  дейін)  пен  ішкі  жану  двигателінің  таралуына 
сүйене отырып өтті.  
Үшіншісі Интернет пен цифрлы байланыспен бірге басталды.  

66 
 
Сол мезетте аса дамыған елдерде, оның ішінде Германияда Төртінші 
индустриалдық төңкеріс -  Индустрия 4.0 әлдеқашан басталды.  
Бұл  жағдайда  өнеркәсіп  пен  ақпараттық  технологияларды  біріктіре 
алатын мамандарды дайындау туралы ой қозғау қажет.  
Индустрия  4.0  ерекшелігі  зауыттық  процестерге  өнеркәсіптік  және 
ақпараттық  технологияларды,  киберфизикалық  жүйелерді  (Cyber- 
Physical System) біріктіру болып табылады.     
Индустрия  4.0  дүниесінде  өндірістік  жабдықтар  мен  бұйымдар 
өндірістік және логистикалық үдерістерін өздігінен басқарады.     
Өнеркәсіп  көлік  жүйесімен,  құрылыс  пен  энергиямен  қамтамасыз 
етумен бірге Интернет шеңберінде «есті» болып келеді. 
Индустриалдық төңкеріс жағдайында жаһандану мен өндірістің аса 
қатты  бәсекелестігі  артады.  Индустрия  жобаларын  жүзеге  асырудағы 
жетістік негізгі атқарушы инженерлердің біліктілігімен анықталады.  
Сондықтан  қазіргі  таңда  көптеген  елдердің  даму  стратегиясында 
бірінші  орынға  адамзат  потенциалын  дамыту,  яғни  бесінші  мен 
алтыншы  технологиялық  құрылысқа  тиісті  ғылыми  жобаларды  жүзеге 
асыруға қабілетті адамдарды дайындау қойылады.    
Бірақ  Қазақстан  индустриясының  дамуындағы  негізгі  сала  болып 
табылатын тау-кен металлургиялық кешені өзінің өндірістік техникалық 
деңгейі  бойынша  әлі  үшінші-төртінші  технологиялық  құрылыс  шегінде 
орналасқан. 
Аса  дамыған  елдер  қатарына  дейін,  яғни  алтыншы  технологиялық 
төңкеріске  серпіліс  қажет.  Бұл  мәселенің  шешімі  алтыншы  технологиялық 
төңкерістің жоғары даму жылдамдығының ескеруін талап етеді. 
Жаңа  индустриализация  жобаларының  кадрлық  қамтамасыз  етілуі 
кешеуілдеуді сабыр етпейді:  2017 жылы жаңа формациялы инженерлер 
қазақстандық индустрияның қозғаушы күші болуы қажет. 
Бұл міндетті Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 
халықаралық  стандарттар  негізінде  жетекші  дүниежүзілік  және 
отандық 
ғылыми-өндірістік 
орталықтарымен 
серіктестікте 
әлдеқашан табысты орындап келеді.   
 
 
 

67 
 
 
А.В. Сиводедова,  
e-mail: a.sivodedova@kstu.kz 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ – 
ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН САЯСАТ 
 
Жалпыға  бірдей  жаһандану  мен  жаңғырту  жағдайында  сыртқы 
шарттардың  талаптарына  сәйкес  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер  аса 
маңызды болып табылады. Адамзаттық капиталға, оның ішінде білім беру 
жүйесіне  салынған  инвестициялар  экономика  мен  қоғам  үшін  маңызды 
қайырым беруіне септігін тигізеді.  
Бұл  өзгерістер  жылдам  өзгерілетін  әлемде  бейімделе  алатын, 
техникалық  үдемелі,  өндірістік  жұмыс  күшін  құруға  аса  қажетті. 
Халықтың  білім  беруге,  дағдылыққа,  қабілеттілікке  инвестиция  салған 
елдер ғана болашақта жетісті экономика болады.  
Білім  беруді  тек  әлеуметтік  қажеттіліктерге  арналған  шығындар 
ретінде  ойламай,  экономикалық  инвестиция  ретінде  түсіну  керек.  Білім 
беру  мен  экономикалық  өсімді  байланыстыратын  көптеген  дәлелдемелер 
бар:  макро-  және  микроэкономикадағы  халықаралық  зерттеулерді  шолу 
білім  беру,  табыс  және  өнімділік  арасында  тығыз  байланыс  бар  екенін 
куәләндырады. Сондай-ақ білім берудің ерте кезеңіндегі инвестициялардан 
қайтарымның  үлкен  өсімі  байқалады;  зерттеулер  білім  беруді  дамытуда 
инвестициялардың аса маңыздылығын дәлелдейді.  
 ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, 
бір  мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан  Халқына  арналған  Жолдауында  атап 
өткендей:  «Білім  беру  –  дегеніміз  адамзат  тіршілігінің  стратегиялық 
маңызды  саласы,  тұлғаның  қабілеттілігін  дамытатын  бірегей  әлеуметтік 
институт.  Білім  берудің  сапасынан  технологиялық,  экономикалық, 
саясаттық үдерістің қарқыны, қоғамдағы мәдениет пен руханият жағдайы 
және  ақырында  адамның  саулығы  байланысты.  Білім  беру  саласындағы 
Қазақстанда  өткізіліп  жатқан  мемлекеттік  саясат  Республикамыздың  ең 
маңызды  мақсатына  бағытталған  –  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарына 
кіру» [1].  
Білім беру экономикалық табыстан басқа, өзге әлеуметтік табыстарға 
алып  келеді,  әлеуметтік  капиталды  қалыптастыруға  көмектеседі  – 
азаматтық  қатысушылықтың  үлкен  үлесі,  жоғары  әлеуметтік  ауызбірлігі 

68 
 
мен ықпалдастығы бар, қылмыс деңгейі төмен қоғам.  
Осы мақсаттарды шешу мақсатында, 2005 жылдан бастап, Қазақстан 
Республикасында  2005  –  2010  жылдарға  арналған  білім  беру  жүйесін 
дамыту  мемлекеттік  бағдарламасын,  2008  –  2012  жылдарға  арналған 
Қазақстан  Республикасындағы  техникалық  және  кәсіби  білім  беруді 
дамыту  мемлекеттік  бағдарламасы,  2007  –  2011  жылдарға  арналған 
«Қазақстан  балалары»  бағдарламасы,  2010  –  2014  жылдарға  арналған 
«Балапан»  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиелеумен  қамтамасыз  ету 
бағдарламасы  қабылданды.  2005  -  2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламаны  жүзеге  асыру  кезінде  жоғарғы  білім  беру  жүйесінде  айқын 
оңтайлы  нәтижелерге  қол  жетілді.  Қазақстандық  жоғарғы  мектеп  үш 
деңгейлік  білім  беру  жүйесіне  (бакалавр,  магистр,  доктор  PhD)  көшті. 
Кезеңдердің жаңа жүйесі өзінің құқықтық бекітілуін «Білім беру туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңында тапты (2007 жыл).  
Қазақстан  жоғары  мектебінің  мақсаты  жоғарғы  білім  берудің 
еуропалық аймағына кіру болып табылады.  2010 жылы Болондық үдеріске 
қатысатын елдердің Білім беру Министрлерінің ІІ Болондық Форумында – 
Қазақстан  Болондық  үдеріске  енді.  Болондық  үдерістің  қатысушылары 
бірқатар  шарттарды  орындауға  міндетті:  жоғарғы  білім  берудің  көп 
деңгейлік  жүйесін  енгізу;  студенттер  мен  оқытушылардың  жинақылығын 
мадақтау;  бірлескен  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  және оқудың 
аяқталуы бойынша қос немесе бірлескен дипломдарды беруді тәжірибелеу, 
сондай-ақ  әр  түрлі  елдердегі  жоғарғы  оқу  орындар  түлектерінің 
құқықтарын  теңестіру  тәсілі  ретінде  дипломға  еуропалық  қосымша  беру, 
оның  ішінде  еңбек  нарығында,    ECTS  (European  Credit  Transfer  System) 
еуропалық  үлгісіндегі  академиялық  кредиттерді  қолдану  және  тағы 
басқалар.    
Еуропалық  білім  беру  кеңістігіндегі  бірлестік  (жоғарғы  мектеп 
түсінігінде) ең алдымен үш деңгейлік оқыту жүйесін енгізумен қамтамасыз 
етіледі  -  бакалавриат,  магистратура,  докторантура.  Біріншісі  –  3  жылдан 
кем емес оқу жылын қамтиды; екіншісі 1 немесе 2 жыл (егер бакалаврлар 
аталған жоғарғы оқу орнында 3 жыл оқыса, магистратура екі жылдық болу 
керек  деп  ұйғарылады,  ал  егер  –  4,  онда  магистр  1  жыл  оқиды).  Үшінші 
деңгей – докторантура (3 жыл). Соңғы жылдардағы көп деңгейлі оқытудың 
қазақстандық  тәжірибесі  келесі  модель  бойынша  орналасқан:  4  жыл  – 
бакалавриат,  2  жыл  -  магистратура,  3  жыл  –  күндізгі  аспирантура.  Бұл 
модель  еуропалық  қағидалардан  басқаша,  бірақ  Болондық  үдеріспен 
рұқсат етіледі.  
Университеттік  бағдарламалар  өмір  бойғы  оқу  кепілдігін 
қарастыратын, еңбекпен қамту мүмкіндігін бере отырып, еуропалық еңбек 
нарығына бағыттала, үйлесімді болу керек.   
Еуропа  университеттері  ұтқырлықты  горизонталь  бойынша  да, 
сондай-ақ  вертикаль  бойынша  да,  мойындау  мен  ұтқырлықтың  (ECTS, 

69 
 
дипломдардың 
конверсияланғыштығы, 
оқыту 
бағдарламаларының 
сәйкестігі және т.б.) әрекеттегі аспаптарына сүйене отырып, марапаттауға 
міндетті.  Қатысушы  елдердің  барлық  университеттері  жоғарғы  білім 
берудің  (бакалавр  плюс  магистр  немесе  доктор)  көп  деңгейлі  жүйесіне 
ауысуы,  ECTS-ке  және  басқа  ЖОО  алынған  кредиттердің  сабақтастығы 
туралы  шешім  қабылдау  құқығына  негізделген  жинақтаушы-қайта  сынау 
кредиттік жүйесін пайдалануы керек.   
Оқыту  негізгі  әлем  тілдерінде  жүргізіледі,  нәтижесінде  Болон 
процесіне  қатысушылар  профессорлар  мен  еуропалық  студенттер  үшін 
қолайлы  білім  алу  ортасын  құруға  үміттенеді,  ол  оларға  бір 
университеттен басқасына еркін  орын ауыстыруға мүмкіндік береді.  
Біртұтас  еуропалық  білім  беру  кеңістігін  қалыптастыру,  берілген 
кеңістікке мүмкіндігінше көп мемлекет санының енуі – тым күрделі проблема, 
көп  жоспарлы.    Жас  Қазақстан  мемлекеті  үшін  ол  маңызды.  Білім  сапасын 
арттыру,  оқыту  процесінде  өз  бетіндік  компонентті  ұлғайту,  педагог 
мамандығының  беделділігін  арттыру,  қазақстандық  дипломдардың 
бәсекеге қабілеттілігін арттыру – ҚР білім берудің негізгі міндеттері осы. 
Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдары Мемлекеттік білім 
беруді  дамыту  бағдарламасын  жүзеге  асыру  нәтижесінде  барлық  білім 
беру  деңгейлері  институционалды  түрде  сәйкес  ұйымдар  желісімен 
қамтамасыз  етілген.  Мамандықтардың  іріленген  топтарынан  тұратын, 
Қазақстан  Республикасы  жоғарғы  және  ЖОО  кейінгі  білім  беру 
мамандықтарын жіктегіш бекітілді.  
Жоғарғы  және  ЖОО  кейінгі  білімі  бар  кадрлар  даярлауға 
Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  2005  жылы  25  710-нан  2010  жылы 
35425  дейін  артты.  Білімді  ақпараттандыруды  дамыту  бойынша  жұмыс 
жүргізіледі.  Қазіргі  кезде  бір  компьютерге  18  оқушы  келеді.  2005  жылы 
берілген көрсеткіш 41 құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерде [2]. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  мемлекеттік  тілді  дамытуға  көп  назар 
аударылады.  Орталық  және  жергілікті  атқару  органдарында,  республика 
аумақтарының  ЖОО  жанында  қазақ  тілін  оқыту  орталықтары  құрылды, 
міндетті оқыту курстары, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы 
білім беру мектептерінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту енгізілді. 
Ұлттық  жоғары  мектепте  әлемдік  білім  беру  деңгейіне  жету 
шаралары  қабылданды:  Қазақстан  Еуропалық  білім  беру  кеңістігіне  енді, 
Болон  Декларациясына  қосылды,  Астана  қаласында  әлемдік  деңгейдегі  – 
«Назарбаев  Университеті»  беделді  жоғарғы  оқу  орны  құрылды.  Оқу 
бағдарламаларының  мазмұнын  анықтауда  ЖОО  академиялық  еркіндігі 
кеңейді: таңдау бойынша компонент ұлғайды - бакалавриатта 40 % бастап 
50 %, магистратурада – 50 % бастап 60 % дейін және докторантурада - 70 
%  бастап  80  %  дейін.  Сапалы  жоғарғы  білім  алуды  қалайтын  студенттер 
саны артып келеді. 20 мыңнан астам қазақстандықтар шетелде білім алады. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  халықаралық  стипендиясының 

70 
 
3000 жуық стипендиаттары әлемнің 27 елде білім алады.  
Шетелдіктер  үшін  жоғарғы  білім  тартымдылығын  арттыру  үшін 
жағдай жасау бойынша шаралар қолданылады. Республиканың ЖОО-да 10 
мыңнан астам азаматтар білім алады.  
Қазақстан  қазіргі  кезде  білім  саласында  негізгі  халықаралық 
құжаттарға  қатысушы  болып  табылады.  Бұл  Еуропа  аймағында  жоғарғы 
білімге  жататын  біліктілігін  мойындау  туралы  Лиссабон  Конвенциясы, 
Болон декларациясы және т.б.  
2020  жылға  дейін  елдің  дамуының  Стратегиялық  жоспарының 
басымдықтарының бірі ретінде адам ресурстарының дамуы анықталды.  
Сондықтан жаңа ұлттық көріну ұсынылады:  2020 жылы Қазақстан – 
білімді  ел,  ақылды  экономика  және  жоғары  білікті  жұмыс  күші.  Білімнің 
дамуы платформа болуы тиіс, оған еліміздің болашақ экономикалық, саяси 
және мәдени-әлеуметтік гүлденуі сүйенеді. 
Білім  беру  саласында  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
саясатын 
жүзеге 
асырудың 
ұйымдастыру 
негізі 
Қазақстан 
Республикасының  2011-2020  жылдарға,  қазақстандық  білім  беруді 
түрлендірудің  жалғасын  қамтамасыз  ететін  Мемлекеттік  білім  беруді 
дамыту бағдарламасы болуы тиіс. 
Бағдарлама 
білім 
беру 
саласында 
мемлекеттік 
саясаттың 
ұйымдастыру  негізі  ретінде  білім  беру  және  тәрбие  беру  құрылымында, 
мазмұнында  және  технологияларында,  басқару  жүйесінде,  білім  беру 
қызметі  субъектілерінің  құқықтық-ұйымдастыру  түрлерінде  және 
қаржылық-экономикалық 
механизмдерінде 
өзгерістерді 
қамтитын 
ресурстар  мен  іс-шара  мерзімдері  бойынша  өзара  байланысқан  кешендер 
болып табылады. 
ҚР Үкіметі 2011 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының 2011 
– 2020 жылдарға Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге 
асыру  бойынша  іс-шаралар  жоспарын  бекітті.  Бағдарлама  екі  кезеңмен 
жүзеге асырылады: 2011-2015 жылдар және 2016-2020 жылдар. 
Бағдарламаны  жүзеге  асырудың  бірінші  кезеңінде  (2011  -  2015 
жылдары)  жеке  бағыттар  бойынша  білім  беруді  дамыту  модельдерін 
әзірлеуге,  олардың  сынамасына,  сонымен  қатар  ауқымды  түрлендірулер 
мен  эксперименттердің  басталуына  байланысты  жұмыстар  жүргізу 
қарастырылды. 
Екінші  кезеңде  (2016-2020  жылдар)  басымдық,  жабдық,  білім  беру 
жүйесін 
дамыту 
мәселелерін 
шешуге 
бағытталған 
шараларға 
инвестициялар  сатып  алуды  болжайтын  іс-шараларды  (білім  берудің 
материалдық инфрақұрылымын түрлендіруге және басқа шығыны жоғары 
жұмыстар,  әдістемелік,  кадрлық,  ақпараттық  қамтамасыз  ету)  жүзеге 
асыруға беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және 
таратуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылды. 

71 
 
Кезеңнің  әрқайсысында  Бағдарламаны  жылдар  бойынша  жүзеге 
асыру барысын сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеруі және бағдарламалық-
іс-шаралардың білім беру жүйелерінің жағдайына әсері жоспарланады.   
2011  ж.  бастап  2015  ж.  дейін  созылатын  бірінші  кезең  үшін  әсіресе 
төменде аталған мәселелерді шешу маңызды. 
Еңбек  нарығы  талаптарын,  елдің,  жеке  тұлғаның  индустриялық-
инновациялық  даму  міндеттерін  қанағаттандыратын  және  білім  беру 
саласында  әлемдік  үздік  практикаларға  сәйкес  келетін  жоғары  білім  беру 
сапасының  жоғарғы  деңгейіне  қол  жеткізу  үшін  келесі  шаралар 
ұсынылады:  бакалаврлардың,  магистрлар  мен  PhD  докторлардың 
біліктілігін  Дублиндік  дескрипторлармен  сәйкестікке  келтіру;  ECTS  типі 
бойынша  кредиттерді  қайта  сынаудың  қазақстандық  моделі  бойынша 
халықаралық семинарлар өткізу; 2014-2015 жылдарға магистратурада және 
докторантурада 
даярлауға 
мемлекеттік 
тапсырысты 
арттыру; 
педагогикалық  және  техникалық  мамандықтар  бойынша  практикаға 
кредиттер  көлемін  арттыру  бойынша  МЖМБС-та  өзгерістер  енгізу; 
институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің жоғары білім 
беру  саласында  Еуропалық  сапаны  қамтамасыз  ету  желісі  (ENQA) 
әзірлеген «Еуропалық аймақта жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету 
стандарттарына  және  нұсқаулығына»  сәйкестігін  қамтамасыз  ету; 
студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (АКТ) және 
кең  жолақты  интернетке  тең  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету;  Болон 
процесінің  міндетті,  ұсыныстық  және  факультативтік  параметрлерін 
орындау;  Қазақстан  ЖОО  әлемдік  рейтингтерге  қатысуы;  Назарбаев 
университеті  моделі  бойынша  ЖОО  автономиясын  жүзеге  асыру 
механизмін әзірлеу; ЖОО оқу әдебиеті қорын ұдайы толықтыру; Қазақстан 
Республикасының ЖОО базалық оқулықтармен, оның ішінде мемлекеттік 
тілде  және  экономикалық,  техникалық  және  жаратылыстану  ғылымдары 
бойынша  шетелдік  оқулықтармен  қамтамасыз  ету;  шет  ел  студенттерін 
қатыстыру,  халықаралық  шарттар  шеңберінде  баламалы  алмасуды  жүзеге 
асыру, сонымен қатар, ауған азаматтары үшін білім беру бағдарламаларын 
жүзеге  асыру;  студенттердің  Республикалық  ЖОО  аралық  электрондық 
кітапхана  арқылы  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  шетелдік  университеттерінің 
үздік  білім  беру  ресурстарына  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету;  бизнес-
инкубаторлар,  технопарктер,  «Энергетика»,  «Мұнайды  қайта  өңдеу  және 
мұнай-газ 
секторының 
инфрақұрылымы», 
«Химия 
өнеркәсібі», 
«Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі», «Машина жасау», 
«Жеңіл  өнеркәсіп»  бағыттары  бойынша  ғылыми  әзірлемелер  мен 
технологияларды коммерциялау   орталықтарының мұнай-газ секторының 
инфрақұрылымы және мұнайды қайта өңдеу. 
Жаңа заманғы білім беру кеңістігінде әсіресе педагог мамандығының 
беделін  арттыру  маңызды  болып  табылады.  Бұл  үшін  Бағдарлама 
шеңберінде  төмендегілер  қарастырылды:  біліктілік  категориясы  үшін 

72 
 
педагогикалық  қызметкерлердің  лауазымдық  төлемақы  мөлшерін  есептеу 
үшін  пайдаланылатын  дифференцияланған  коэффициенттер  енгізуді 
қарастыратын  педагогикалық  қызметкерлердің  еңбек  ақысын  төлеудің 
жаңа  моделіне  берілетін  ұсыныстар,  нәтижеге  бағдарланған  еңбекақы 
төлемін  енгізу  механизмін  әзірлеу,  педагогикалық  қызметкерлердің 
жалақысын  экономиканың  жеке  меншік  секторындағы  жалақыға 
жуықтату;  ЖОО-ның  алдыңғы  қатарлы  отандық  және  шетелдік 
өнеркәсіптік  кәсіпорындарымен  басым  бағыттар  бойынша,  жан-жақты 
кооперация мақсаттарында жыл сайын 100 адамға дейін ПОҚ-тың шетелде 
біліктілігін  арттыруды  ұйымдастыру;  педагогтың  қоғамда    жағымды 
имиджін  қалыптастыру  жұмысын  жүргізу  («Жыл  мұғалімі»  конкурстары, 
акциялар,  БАҚ-мен  бірлескен  жобалар,  шебер-кластар,  педагогикалық 
династиялар 
слеттері, 
ғылыми-практикалық 
семинарлар 
мен 
симпозиумдер, семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер) және т.б. 
Өте  ерте  жастан  бастап  білім  әлеуметтік,  эмоциялық  және  басқа 
өмірлік  маңызды  машықтарды  қалыптастыруда  маңызды  роль  атқарады. 
Осымен  көз  жеткізерлік  аргументтер  білім  беру  қызметінің  барлық 
спектрін  одан  әрі  дамыту  пайдасы  шектеледі.  Қазақстанға  білім  беруді 
түбегейлі өзгерту қажет: білім беруге инвестицияларды айтарлықтай және 
тұрақты арттыру, оның сапасын жақсарту.   
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 
«Казахстанский  путь-2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 
будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января. 
2.
 
Государственная  программа  развития  образования  Республики 
Казахстан на 2011-2020 годы. // www.edu.gov.kz/ 
3.  О  стратегическом  плане  развития  Республики  Казахстан  до  2020 
года.  Указ  Президента  Республики  Казахстан  от  1  февраля  2010  года  № 
922 // Казахстанская правда, 2010, 2 февраля. 
4. Конституция Республики Казахстан. Алматы. - 2007. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет