ҚҰрылыстың Қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата12.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#1755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
 

73 
 
Н.А. Қазбеков,  
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің 
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  
кафедрасының доценті, ф.ғ.к. 
 
  
 
 
 
 
ПРЕЗИДЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ. ҚАЗАҚСТАН 
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ 
НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ  
 
Аса  танымал  емес  Қазақстан  Республикасы  бүгінде  аймақтық 
саясаттың  көшбасшысына,  сондай-ақ,  жаһандық  процестердің  белсенді 
және  белгілі  қатысушысына  айналды.  1990  жылдың  25-желтоқсанында 
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ның мемлекеттік 
тәуелсіздігі  туралы  Декларацияны  қабылдады.  1991  жылдың  1 
желтоқсанында Қазақстан тарихында Республиканың тұңғыш Президентін 
таңдайтын  бүкілхалықтық  сайлау  өтті.  Халықтың  демократиялық  еркінің 
нәтижесінде  Н.Ә.  Назарбаев  сайланды.  1991  жылдың  10  желтоқсанында 
бүкілхалық сайлаған тұңғыш Президент қызметіне кірісті, республиканың 
Жоғарғы  Кеңесі  Қазақ  КСР-ын  Қазақстан  Республикасы  деп  өзгерту 
туралы  шешім  қабылдады,  ал,  1991  жылдың  16  желтоқсанында 
республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тәуелсіздігін  жариялады.  Осы  күннен  бастап,  жаңа  мазмұнмен  толыққан 
Қазақстан  республикасының  халықаралық  құқықтық  субъектілігі 
есептеледі  деуге  болады  [1].  Республика  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
1992  жылдың  мамыр  айында  баспадан  шыққан  «Қазақстанның  егемен 
мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  даму  стартегиясы»  атты  еңбегінде 
қазақстанның  сыртқы  саясатының  алғашқы  Концепциялары  анықталған. 
Орын  алған  жағдайда  Н.Ә.  Назарбаев  қазақстандық  сыртқы  саясатының 
маңызды  принциптерін  анықтады  [2].  Оның  алғашқы  байсалды  дебюті 
1992 жылдың қазан айында Нью-Иорктағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 7-ші 
сессиясына  қатысуы  болып  табылады.  Осы  сессиядағы  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  баяндамасында  аймақтық  және  жаһандық  қауіпсіздіктің 
ауқымды міндеттері қойылып, әлемдік жағдайларға шынайы баға берілді, 
әлемдік даму перспективаларының айқын көрінісі ұсынылды, бірнеше жыл 
өткен сон жүзеге асқан сын қатерлер мен қауіптер жөнінде де болжамдар 
айтылды.  Сол  уақытта  мемлекет  Басшысы  Нью-Иоркта  алғашқы  рет 
Еуропада  ЕҚЫҰ  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ететін  органның,  Азияға  да 
қажеттігі  туралы  мәселені  көтерді.  Азиядағы  (СВМДА)  өзара  әрекеттесу 
және  сенім  шаралары  бойынша  Мәжілісі  сияқты  диалогтік  алаңды  құру 

74 
 
туралы  сөз  болды.  Осы  сессиядағы  Президенттің  сөйлеген  сөзі  ұзақ 
жылдарға бағдарламалық құжат болып қалды. Бүгінде Азиядағы (СВМДА) 
өзара  әрекеттесу  және  сенім  шаралары  бойынша  Мәжілісі  беделді 
халықаралық  ұйым  болды,  оның  құрамына  26  мемлекет-қатысушылары 
және  8  мемлекет-бақылаушылары  кіреді.  Нью-Иорктегі  мемлекет 
Басшысының  сөз  сөйлеуінің  маңызды  тармағы  бірегей  еуразиялық 
қауіпсіздік пен ынтымақтастық жүйелерін құру қажеттілігі туралы болды. 
Жылдар  өте  Астанада  ЕҚЫҰ  саммиті  өтті,  оның  қорытындысы  бойынша 
Астаналық  декларация  қабылданатын  болды,  онда  қауіпсіздіктің  Еуро-
Антлант  және  Еуразиялық  қауымдастығын  құрудың  маңыздылығы 
көрсетіледі.  Қазақстан  СМВДА,  ЕҚЫҰ  сияқты  келешекте  мемлекет-
төрағасы бола отырып, осы екі құрылымның тиімді қызметіне қол жеткізе 
алды.  Мысалға,  біздің  мемлекет  11  жылдың  ішінде  алғаш  рет  ЕҚЫҰ 
елдерінің  көшбасшыларын  2011  жылы  Астанада  өткен  ұйым  саммитінде 
бірге  жинай  алды.  Бүгінде  Астаналық  декларация  осынау  маңызды 
халықаралық ұйымның негізгі бағдарламалық құжаты болып қалды.  
БҰҰ  БА  сессиясында  сөз  сөйлеген  Президент  шаруашылық 
байланыстардың  алшақтығы  мен  өндірістің  төмендеуін  болдырмас  үшін 
аймақтық  экономикалық  біріктіруді  сақтау  қажеттігін  баса  айтты.  Яғни, 
Нұрсұлтан Әбішұлы кеңес үкіметінен кейінгі мемлекеттер арасындағы кеден 
кедергілерін алу және экономикалық әлеуетті біріктіру барлық аймаққа тиімді 
және  сыртқы  әсерлердің  жағымсыз  факторларынан  берік  қорғаныс 
болатындығын түсінді. Ол уақыттарда бұл батыл мәлімдеме болатын. Бүгінде 
біз  мемлекет  Басшысының  бұл  мақсаты  Еуразиялық  экономикалық  одақтың 
(ЕЭО) құрылуына әкелгенін көреміз [3]. 
Белгілі  болғандай  сыртқы  саясаттың  стратегиялық  міндеттері  –  ол 
тұрақтылық,  тәуелсіздік,  аймақтық  тұтастық  және  еліміздің  шекарасына  қол 
сұқпау  туралы  негізгі  тәртіптерге  басшылық  жасау.  Қазақстан  сыртқы 
саясатының  табандылығы  бейбітшілдік  пен  серіктестікте.  Бұндай  саясаттың 
басты  жетістігі  деп  2  фактіні  мойныдауға  болады.  Біріншісі.  1994  жылдың 
желтоқсан айында ЕҚЫҰ Будапештік мәжілісінде Ресейдің, АҚШ-тың және 
Ұлыбританияның  ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарты,  онда 
Қазақстанның  аумақтық  тұтастығы  мен  саяси  тәуелсіздігіне  қарсы  күш 
қолдану туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттер 
қарастырылды. Кейін өздерінің шарттарын ҚХР мен Франция жіберді.  
Біздің республикамыз әлемнің саяси картасында пайда болып, өзінің 
ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын табанды жүргізе бастады, 
бұның  астарында  ең  алдымен  аумақтық  бүтіндік  пен  егемендік  жатыр. 
Сондықтан біз бірнеше проблеманы шешуге тиіс болдық.  
Біріншіден, біздің мемлекетіміз шындығында қандай екенін көрсету.  
Екіншіден,  Қазақстанның  халықаралық  мойындалуын  ғана  емес, 
сондай-ақ оның қауіпсіздігін, аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету.  

75 
 
Үшіншіден,  бейбір-шаруашылық  экономикалық  байланыстарға 
қосылу. Сол кезде біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасуы басталады.  
Қайтадан мемлекет аралық қатынастардың барлық шарттық базасын жасау 
керек болады. 1992 жылы 5 наурызда БҰҰ қабылданды. Осыған байланысты Бас 
Ассамблеяның  47-сессиясында  болған  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  БҰҰ 
сөйлеген сөзі анықтаушы мән алды, онда тәуелсіз Қазақстанның осы халықаралық 
ұйым  қызметіне  қатысу  принциптері,  оның  жаңа  әлемдегі  ролін  көруіміз 
мазмұндалған.  Халықаралық  қауіпсіздіктің  негізгі  кепілдіктері  БҰҰ,  басқа 
халықаралық  форумдар  құжаттарында  әзірленген,  әрі  мазмұндалған  және 
мемлекеттер  арасындағы  қатынастарда  жалпы  мойындалған  болып  табылады. 
Егеменділікті алумен, БҰҰ енумен қатар және Қазақстанның тұтас қатары 
жеке  сыртқы  саясатының,  қорғаныс  және  ұлттық  қауіпсіздіктің  жаңа 
проблемаларына,  әлем  экономикасына  және  әлемдік  қауымдастыққа  өз 
бетінше  кіру  проблемаларына  жолықты.  Осыған  байланысты  Қазақстан 
Республикасының сыртқы саяси қызметінде негізгі бағыттар анықталды:  
1) ҚР мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту
2) саясатты жаңғырту, нарықтық экономиканы құру курсы; 
3) қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз  ету, онсыз даму 
болуы мүмкін емес; 
4) азаматтық әлем, ұлтаралық келісім; 
5) ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен бірігу [2, 11 б.]. 
Биполярлы  әлемнің  ыдырау  кезеңінде  Қазақстан  әлемдік  саясаттың 
эпицентрінде болды. Біздің алдымызда халықаралық байланыстарды жолға 
қою  ғана  емес,  сондай-ақ  кейбір  саясаткерлер  және  бұқаралық  ақпарат 
құралдары  құрастырған  қуатты  жағымсыз  бөгетті  игеру  міндеті  тұр. 
Қазақстан  аймақта  да,  сондай-ақ  бүкіл  әлемде  де  өзара  сенімділік  пен 
ынтымақтастық  атмосферасын  құруға  байланысты  ұлттық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  мәселесін  заңды  түрде  байланыстырды.  1993  жылы 
желтоқсанда  Қазақстан  ядролық  емес  мемлекет  ретінде  ядролық  қаруды 
таратпау  туралы  шартты  бекітті.  Бұны  әлемдік  қауымдастық  біздің 
еліміздің  халықаралық  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  нығайту  ісіне 
практикалық  үлесі  ретінде  оң  бағалады.  Ядролық  қаруды  игеруден  өзінің 
ерікті  бас  тартуы  арқылы  Қазақстан  әлемге  халықаралық  қауіпсіздік 
мәселелерінде  жетілген  тәсіл  мен  жауапкершілікті  көрсете  отырып, 
халықаралық  беделін  айтарлықтай  арттырып  қоймай,  сондай-ақ  ел 
егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуда шешімді түрде алға жылжыды. Бұл 
ядролық  державалар  –  АҚШ,  Ресей,  Ұлыбритания,  ҚХР,  Францияның 
біздің  еліміздің  аумақтық  бүтіндігі  мен  қауіпсіздігіне  кепілдік  беру 
шешімдерінде көрнекті байқалды.   
Қазақстан  өзінің  геосаяси  жағдайының  ерекшеліктеріне  орай 
еуропалық  және  азиялық  елдермен  теңдестірілген  қарым-қатынасты 
дамытуға бағыт жасай отырып, көпвекторлы саясатты ұстануды жөн көрді.   

76 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2007 
жылы  28  ақпанда  Қазақстанның  жаңа  даму  сатысында  «Қазақстан-2030» 
Стратегиясы  Жолдауының  екінші  бөлімінде  елдің  сыртқы  саясатының  ең 
маңызды бағыттары анықталды. Мемлекеттік саясат Қазақстанды әлемдік 
экономикаға  сәтті  шоғырландыруға  бағытталды.  Н.Ә.  Назарбаев 
Қазақстанның  әлемдік  қауымдастық  алдында  жаңа  аймақтық  және 
геосаяси жауапкершілігін жариялады: 
1.  Қазақстанның  жаңа  халықаралық  жауапкершілігі,  көп  бағытты 
сыртқы саясаттың дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресуге қатысу.   
2.  Аймақтық  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуде,  Орталық  Азия 
елдерінің экономикалық шоғырлануын дамытуда және Каспий және Қара 
теңіз аймағында динамикалық рынокты қалыптастыруда белсенді ролі.  
3. «Өркениет диалогын» дамытуда мәдениет аралық және конфессия 
аралық келісім орталығы ретінде Қазақстанның ұстанымын бекіту [4]. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына жолдаған 2007 жылдың 28-ақпанындағы Қазақстан дамуының Жаңа 
кезеңіндегі «Қазақстан-2030» Стратегиясы мен Жолдауының екінші бөлімінде 
еліміздің  сыртқы  саясатының  маңызды  бағыттары  анықталған.  Мемлекеттік 
саясат  Қазақстанды  ойдағыдай  әлемдік  экономикаға  біріктіруге  бағытталды. 
Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстанның  әлемдік  қауымдастық  алдындағы  жаңа 
аймақтық және геосаяси жауапкершілігін жариялады:  
1.  Қазақстанның  жаңа  халықаралық  жауапкершілігі,  көпвекторлы 
сыртқы  саясатының  дамуы  және  жаһандық  қауіп-қатерлермен  күресу.  2. 
Аймақтық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,  Орталық  Азия  елдеріндегі 
экономикалық  бірігуінің  дамуы  және  Каспий  және  Қара  теңіз  аймақтарында 
динамикалық  нарықты  қалыптастыру  Қазақстанның  белсенді  рөлі  болып 
табылады.  3.  Қазақстанның  бағдарын  «өркениет  диалогы»  дамуындағы 
мәдениаралық орталық және конфессияаралық бірлік ретінде нығайту» [5]. 
Бүгінгі  күні  біздің  республикамыздың  халықаралық  байланыстар 
географиясы  практикалық  түрде  барлық  континенттерді  қамтиды.  Біздің 
серіктестеріміз  арасында  Азияның,  Еуропаның,  Американың  жетекші 
елдері  бар.  Латын  Америкасы  бағытында  және  Оңтүстік  шығыс  Азия 
мемлекеттерімен  бірге жылжуы байқалды.  Араб  және  тұтастай  мұсылман 
әлемімен байланыстар жандануда. Алайда қазіргі кезде әлемде саяси және 
әлеуметтік  күштерді  жаңадан  таратып  қою  қалыптасты.  Жаңа  әлемдік 
тәртіп бекітіледі, құндылықтар жүйесі және саяси басымдықтар өзгереді.  
2014  жылы  21  қаңтарда  Президент  Қазақстан  Республикасының 
2014-2020 
жылдарға  жаңа  тұжырымдамасын  бекітті.  Қазақстан 
Республикасының 
сыртқы 
саясат 
тұжырымдамасы 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 

«Қазақстан-2050» 
Стратегиясы:
 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мазмұндалған 
қағидаларға  сәйкес  әзірленді  және  Қазақстан  Республикасының  сыртқы 
саяси  қызметінің  принциптері  мен  тәсілдері,  мақсаттары,  басымдықтары 

77 
 
мен  міндеттеріне  негізін  салушы  көзқарастар  жүйесін  көрсетеді.  Берілген 
тұжырымдаманың  бірінші  пунктінде  былай  айтылған:  «Қазақстан 
Республикасының  сыртқы  саяси  даму  көрінісі  өз  тәуелсіздігінің  үшінші  он 
жылдығына  Қазақстан  экономикасы  динамикалық  дамыған  және  сыртқы 
саяси басымдықтары айқын қойылған қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде 
енді.  Әлемдік  аренада  Қазақстанның  ұлғайған  субъектілігі  мемлекет  ролінің 
және  халықаралық  беделінің  артуы,  аймақтық  салмағының  артуы,  жаһандық 
экономика  мен  қаржы  институттары  үшін  маңызының  артуы  туралы 
куәландырады. Сонымен қатар, жаңа заманғы реалийді ескергенде, Қазақстан 
Республикасының  сыртқы  саясаты  прагматизм  принциптерінде  ұлттық 
мүдделерді жаңғыртуды және алға жылжытуды талап етеді». 
Жаңа 
заманғы  жаңа  белдесулерге 
жауап 
бере 
отырып, 
Тұжырымдамада  ҚР  сыртқы  саяси  қызметінің  негізгі  мақсаттары 
анықталған.  «Қазақстанның  ұлттық  мүдделеріне  сәйкес  басты  сыртқы 
саяси  күштер  келесі  негізгі  мақсаттарға  қол  жеткізуге  шоғырланады:  1) 
ұлттық  қауіпсіздікті,  қорғаныс  қабілетін,  ел  егемендігі  мен  аумақтық 
бүтіндігін  жан-жақты  қамтамасыз  ету;  2)  бейбітшілікті,  аумақтық  және 
жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 3) тұрақты позицияларды қамтамасыз ету 
және 
әлемдік 
қауымдастықта 
мемлекеттің 
жағымды 
бейнесін 
қалыптастыру;  4)  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  (БҰҰ)  орталық  және 
үйлестіруші  ролі  кезінде  әділ  және  демократиялық  бейбітшілік  тәртіп 
орнату;  5)  аймақтық  және  халықаралық  сауда-экономикалық  қатынастар 
жүйесіне одан әрі шоғырлану; 6) «Стратегия-2050» табысты жүзеге асыру 
үшін қолайлы сыртқы жағдай жасау, халықтар өмірінің жоғары деңгейіне 
қол  жеткізу,  көп  ұлтты  қоғамның,  құқықтық  қоғамның  және 
демократиялық  институттардың  бірлігін  нығайту,  адам  құқықтары  мен 
еркіндігін жүзеге асыру; 7) диверсификация, индустриялық-технологиялық 
даму және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 8) елдің 
әлемнің  30  ең  дамыған  мемлекеттері  қатарына  енуінің  және  дамуының 
«жасыл»  жолына  сатылап  көшуі;  9)  ұлттық-мәдени  ерекшелігін  сақтау 
және мемлекеттің одан әрі дамудағы өзіндік жолымен жүру; 10) Қазақстан 
Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың 
шетелде  жеке,  отбасылық  және  іскерлік  мүдделерін  қорғау;  11)  қазақ 
диаспорасын және шетелде қазақ тілін қолдау». 
Қойылған  мақсаттарға  сәйкес,  жаңа  Тұжырымдамада  Қазақстан 
Республикасының  сыртқы  саяси  қызметінің  негізгі  принциптері 
анықталған.  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  көп  бағыттылық,  прагматизм, 
өзара  пайда  принциптеріне,  елдің  ұлттық  мүдделерін  қатаң  қорғауға 
негізделген.  Қазақстан  әлемдегі  барлық  мемлекеттердің  теңдігі,  өзара 
мүдделерін  есепке  алу  және  бір-бірінің  ішкі  істеріне  араласпауы  үшін, 
сонымен  қатар  халықаралық  проблемалар  мен  жанжалдарды  БҰҰ  және 
халықаралық  құқық  үстіндегілердің  Жарғысы  негізінде  бейбітшілікпен 
және  ұжымдық  шешу  үшін  күреседі.  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  шет 

78 
 
елдермен 
және 
халықаралық 
ұйымдармен 
өзара 
әрекеттесудің 
дифференциялық  және  түрлі  деңгейдегі  тәсіл  принципі  қолданылатын 
мүдделер балансы негізінде құрылады. 
Жаңа  Тұжырымдамада  Орталық  Азияда  аймақ  ішілік  шоғырландыру 
мәселелеріне  ерекше  назар  аударылады.  Тұжырымдамада  айтылғандай: 
«Еуразиялық  экономикалық  шоғырлануды  елдің  бейбіт-шаруашылық 
байланыстары  жүйесінде  тұрақты  позицияға  жылжуының  әрекетті 
тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан Кедендік одақты және 
Біртұтас 
экономикалық 
кеңістікті, 
осының 
негізінде 
Еуразиялық 
экономикалық  одақ  құру  мақсатында  нығайтады.  Осы  процесс  шеңберінде: 
саяси егемендіктің мызғымастығы, қабылданатын шешімдердің экономикалық 
негізділігі,  сатылық,  прагматизм  және  өзара  пайда,  барлық  ықпалдасу 
органдарда  тараптардың  тең  өкілеттілігі  және  өзара  ықпалдастық  әрекет 
деңгейлерінде консенсус сияқты негізін қалаушы принциптер сақталады» [6]. 
Жаңа  заманғы  Қазақстан  БҰҰ,  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы, 
Азияда  өзара  әрекеттесу  және  сенімділік  шаралары  бойынша  Мәжіліс, 
Ұжымдық  қауіпсіздік  туралы  Шарт  Ұйымдары,  Шанхай  ынтымақтастық 
ұйымы,  Еуропада  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөнінде  ұйымдар, 
ОЦАС, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің және 
басқа  халықаралық  ұйымдар  мен  форумдардың  ынтымақтастық  кеңесі 
қызметінің жауапты қатысушысы болып табылады. Қазақстандық сыртқы 
саясаттың  айтарлықтай  жетістігі  ретінде  ұлы  державалармен  –  Ресеймен, 
Қытаймен  және  АҚШ-пен  теңестірілген,  салмақты  қарым-қатынастар 
жасау.  Қазақстан  тәуелсіздіктің  барлық  кезеңі  бойынша  жеткілікті  түрде 
тұрақты  және  бірізді  сыртқы  саясатты  жүргізеді.  1990  жылдардағы  көп 
бағытты  саясат  Қазақстанға  көптеген  мемлекеттермен  дипломатиялық 
байланыстар  орнатуға,  өзін  халықаралық  аренада  халықаралық 
қатынастардың өзіндік субъектісі ретінде позициялауға мүмкіндік берді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Н.А.  Назарбаев.  «Стратегия  становления  и  развития  суверенной 
Республики  Казахстан».  гл.  3.  Стратегия  в  области  внешней  политики  и 
национальной безопасности. Алмата,1992 г. 
2. Н.А. Назарбаев «Стратегия становления и развития Казахстана как 
суверенного государства», Алматы, 1992. 
3. Президентская дипломатия // Казахстанская правда, 2015, 20 июня. 
4. К.К. Токаев. «Внешняя политика Казахстана», Алматы, 1995 г. 
5.  Послания  Президента  Республики  Казахстан  Н.  А.  Назарбаева 
народу  Казахстана  Стратегия  «Казахстан-2030»  на  Новом  этапе  развития 
Казахстана от 28 февраля 2007 года. http: // online . zakon . kz / Document / ? 
doc_id=30090778. 
6.  Концепция  внешней  политики  Республики  Казахстан  на  2014–
2020 годы. Утвержден 21.01.2014. http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1400000741. 
 

79 
 
А.М. Беркінбекова, 
Қарағанды мемлекеттік  
техникалық университетінің  
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  
кафедрасының аға оқытушысы  
e-mail: Azhar-b@yandex.ru 
 
 
 
 
 
Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҢ ИМИДЖІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ 
 
Мемлекеттер  тарихы,  бүкіл  адамзат  тарихы  сияқты,  шексіз  әрі  сан 
қырлы.  Сондай  оқиғалар  мен  тарих  барысына  ықпал  еткен  тек  кейбір 
айқын  оқиғалар,  жасампаз  процестер,  кең  ауқымды  соғыстар,  жеке  әйгілі 
тұлғалардың  әрекеттері  мен  қызметі  ұғынылады.  Тарих  өзінен  өзі  пайда 
болмайды.  Оны  халық,  халықтың  дарынды  да  жарқын  басшылары 
жасайды.  Әр  ұлт  пен  халықтың  өзінің  талантты  да  алдағы  өкілдерімен 
бағаланатындығы  кезедейсоқ  емес,  сол  тұлғалардың  арқасында  ол  әйгілі 
болып, тарих алаңына шығады.  
Қазақстан  халқының  тағдыры  бұл  жағынан  қайғылы  оқиғалар  мен 
кезеңдерге  де,  өз  өмірін  ел  тәуелсіздігіне,  халқының  еркіндігі  мен 
бақытына  арнаған  көрнекті  тұлғаларға  бай.  Өкінішке  орай,  бұл  жолда 
құрбан  болғандар  мен  жеңіліс  тапқандар  көп  болады,  бұған  тарих  куә. 
Халық  жадында  өткен  күндер  ғана  қалмау  керек,  ол  тәуелсіздік  үшін 
күрескендерді  құрметтей  отырып,  өткен  күндердің  қателіктері  мен 
жеңілістерін қайталамау керек. 
Кеңес  одағынан  кейінгі  кеңістікте  90-жылдардың  бірінші 
жартысында  орын  алған  дағдарыс  пен  ішкі  саяси  хаос  Кеңес  үкіметі 
құлағаннан  кейінгі  ең  ауыр  соққы  болды.  Көптеген  өңірлерде  азаматтық 
бағынбаушылық,  абдырау,  тығырыққа  тірелу,  этникалық  топтар 
арасындағы жанжалдар орын алып, бұрынғы Одақ кеңістігіне тез тарады. 
Мұндай  мәселелердің  салдарынан  ірі  және  шағын  зауыттар  мен 
фабрикалар тоқтап қалды, өндіріс дамымай қалды, нәтижесінде бұқаралық 
жұмыссыздық орын алды. 
Көмір,  кен,  руда  және  басқа  салаларда  одақтық  қолданыстағы 
өнеркәсіптік  алыптар  өз  жұмысын  тоқтатты.  Жұмыссыздық  өрши  түсті, 
жаппай экономикалық көші-қон басталды. 
Мұндай  жағдайда  не  істеуге  болар  еді?  Халықтың  алып  күші  мен 
жоғары әлеуетін конструктивтік арнаға қаплай бағыттау керек? Қоғамдағы 
көптеген сұрақтарға қалай жауап беру керек? 

80 
 
Кеңес  Одағы  ыдырап,  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  біздің 
мемлекетіміз,  басқа  да  республикалар  сияқты,  өзінің  мемлекеттілігін 
асқақтатуды, нарықтық экономикаға көшуді, демократиялық қоғам құруды 
және  ұлттық  сана-сезімді  нығайтуды  өзіне  мақсат  етті.  Біздің 
республикамыздың  басшылығының  алдында  дамудың  басым  бағыттарын 
таңдай  отырып,  реформалар  ерітн  дұрыс  таңдау  сияқты  қиын  мәселе 
тұрды. 
Осындай  қиын  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайлар  орын 
алғанда,  біздің  жас  мемлекетіміздің  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
мойнына  өрлеу  мен  дамудың  дұрыс  әрі  жеңіліссіз  жолын  таңдау, 
мемлекеттілікті  сақтап  қалу  мен  нығайту,  оның  заманауи  және  болашақ 
сын-қатерлерге қарсы тұра алу іс-әрекетіне қабілеттілігін арттыру, әлемдік 
қауымдастықта бәсекеге қабілетті бола алуды қамтамасыз ету артылды. 
Біздің жаңа мемлекет құрыла бастағанда, оның болашағына қатысты 
пікірлер  әр  түрлі  болды.  Шетел  аналитиктерінің  бірі  реформалар  мен 
өзгерістердің  кореялық  жолын  ұсынса,  бірі  түріктердің  жолымен  жүруді 
болжады,  алайда  оның  бәрі  Қазақстанның  ерекшеліктерін  білген  жоқ. 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  көптеген  мемлекеттерді  зердесінен  өткізіп,  олардың 
ең  үздік  тәжірибесін  үлгі  етіп,  Қазақстанның  даму  жолын  жариялады. 
Президент  Н.Ә.  Назарбаев  экономикалық  даму  мәселесін  саяси 
өзгерістерден  бұрын  қойып,  экономиканы  бірте-бірте  өзгерту  жолын 
таңдады.  Өмірдің  өзі  көрсеткендей,  Елбасының  таңдауы  дұрыс  болған 
екен.  Н.Ә.  Назарбаевтың  «алдымен  –  экономика,  сосын  –  саясат»  деп 
ұсынған формуласы Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі сәтті реформалар 
әдістемесінің  классикалық  көрінісіне  айналды.  Біздің  еліміздің  жетістікке 
жетуінің  арқасында,  «қазақстандық  даму  моделі»  деген  ұғым  кең  тарады, 
бұл  терең ойластырылған  әрі  жан-жақты  сараланған  негізде,  нақты бағыт 
бойынша алға қарай қозғалу дегенді білдіреді. Тарихи өлшемдер бойынша 
өте  қысқа  мерзім  ішінде  Қазақстан  дербес,  саяси  және  экономикалық 
тәуелсіз мемлекет ретінде бой көтерді.  
Мемлекеттің  жалпы  дамуының  экономикалық  және  саяси 
факторларының  алға  жылжу  шамасына  қарай  әлеуметтік,  рухани  және 
мәдени  салаларындағы  мәселелер  алға  жылжиды.  Егер  бірінші,  яғни 
әлеуметтік  бағыт  бойынша  практикалық  түрде  түрлі  оқылу  болмайтын 
болса,  арифметикалық  прогрессияда  экономиканың  артуына  қарай 
әлеуметтік салалар нығаятын болса, онда басқа даму векторлары тереңдік 
және  жұқа  материялар  болып  табылады.  Әңгіме  біздің  жалпы  рухани 
құндылықтарымыз бен мәдени жетістіктеріміз туралы болады, оларды біз 
сақтауымыз, қолдауымыз және жаһандық масштабта барлық жағынан алға 
жылжытуымыз  керек.  Бүгінгі  күні  барлық  жерде  және  бәрінде  төтенше 
бәсекелестік  жүріп  жатыр,  барлық  осы  процестердің  негізі  ретінде,  ең 
алдымен, қоғамдық құндылықтар мен идеялар бәсекелестігі орын алады.  

81 
 
Осы  ракурста  табыспен  жүзеге  асырылған  және  халықаралық 
қауымдастық  мойындаған  «қазақстандық  даму  жолын»  біріктіргіштердің 
бірі  болып  табылатын  идеяға  ерекше  назар  аударған  жөн.  Біздің  ноу-хау 
экономика басымдығын негізге алады – бұл Назарбаевтың уақыттың қатал 
сынынан сүрінбей өткен басты постулаты. Біздің табыстарымыз бізге ғана 
емес,  әлемдік  қауымдастыққа  да  әсер  қалдырады.  Экономиканы  дамыту 
қарқыны  бойынша  әлемдегі  табысты  елдердің  бірде-бірі  осындай 
динамикада дамыған емес. 
Тарихи  параллельдер  жүргізген  кезде  Н.Ә.  Назарбаевтың  ролін  ұлт 
көшбасшысы  ретінде  атап  өтуге  болады.  ХХ  ғасырдың  барлық  көрнекті 
көшбасшылары, әрқайсысы өз уақытында өзінің ұлты мен елі үшін белгілі 
бір  стратегиялық  мәселені  шешуге  лайықталған.  Сонымен,  мысалы, 
Рузвельт АҚШ-тың Ұлы депрессиядан шығуын қамтамасыз етті, Ататүрік 
Турцияның  одан  әрі  дамуының  негізгі  бағыттарын  жасады,  Ли  Куан  Ю 
Сингапурдың  жаңғыртуға  ұмтылыс  бағдарламасын  жүзеге  асырды,  Дэн 
Сяопин қытайдың «толқу» кезеңінен кейін қайта өрлеу мәселесін шешті.  
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қызметінде  және  Қазақстанның  дамуында 
сол  параллельдерді  –  елдің  және  оның  халқының  барлық  болашақ  дамуы 
үшін  маңызы  бар  кешенді  стратегиялық  мәселелердің:    маңызды 
экономикалық,  сондай-ақ  саяси,  әлеуметтік  және  мәдени-адамгершілік 
шешімін көреміз. Нақ сондықтан да 1990 жылдары «Назарбаев феномені» 
термині 
таралды, 
ол 
динамизмді, 
реформаларға 
талпынысты, 
«оңшылдарсыз»  және  «солшылдарсыз»  центризм  саясатын,  мұқтаждық 
болдырмаудың  икемді  философиясын  жүргізу,  прагматизмді  және 
басқарудың  жоғары  тиімділігін  бірегей  үйлестіру  –  осының  бәрі  қорыта 
келе,  күшті  экономиканың  қалыптасуына  және  қазақстандық  сәйкестіктің 
пайда болуына  алып  келді. Міндеттердің кең  ауқымда  қойылуы,  олардың 
нақты  ұйымдастырылуы  мен  олардың  орындалуын  қатаң  бақылау,  - 
осының  бәрі  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  басшылық  жүргізудегі  өзіндік 
ерекшелігі болып табылады.  
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Ұлт  көшбасшысы  деген  дәрежеге  дейін 
көтерілген  беделі  бүкіл  мемлекеттік  аппараттың  Президенттің  идеялары 
мен  жарлықтарын  жүзегне  асырудағы  жауапкершілігін  арттырды, 
түбегейлі  әрі  жылдам  өзгертулерді  жүзеге  асырғызды,  реформалар 
жүргізуді  жылдамдатып,  олардың  тиімділігіне  қойылатын  талаптарды 
күшейтті.  Өте  қысқа  мерзімде  нарықтық  өгерістердің  заңнамалық 
«іргетасы»  қаланды,  күшті  мемлекеттік  биліктің  тиімді  нарықтық 
экономика мен демократиялық қоғам құра алатындығы байқалды.  
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «алдымен  –  экономика,  сосын  – 
саясат»  деген  формуланы  ұсына  отырып,  адамдарды  ортақ  мүдделер 
айналасына  біріктіру  дегенді  білдірді.  Өмір  сүру  деңгейі  мен  сапасы  – 
аталған  формуланың  басты  өлшемі  мен  мағынасы  осы.  Бұл  идея 
барлығына  ортақ  мүдделерді  көрсете  отырып,  шынайы  әрекет  ететін 

82 
 
құралға  айналады.  Бұл  құрал  өте  тиімді  жұмыс  істейді.  Идея 
әрқайсымыздың  қажеттіліктеріміз  бен  сұраныстарымызға  нақты  жауап 
береді.  Бұл  формуладан  шығатыны:  болашағы  жарқын  өмірді  өзімізден 
басқа  ешкім  жасай  алмайды  деген  сөзді  саналы  түрде  ұғыну.  Экономика 
мен  қоғамдық  процестер  саласында  жаңа  дүниетаным  қалыптасады.  Дәл 
осы  формула  өндірісті  қалыпқа  келтіруге,  жұмыс  орындарының 
ашылуына,  шағын  бизнестің  өсуіне  шешуші  ықпал  тигізді,  бұл,  өз 
кезегінде,  әрине,  қоғамдағы  тұрақтылықты  сақтап  қалу,  өзара  түсіністік 
пен  этносаралық  әрі  дінаралық  келісім  қалыптастыру  сияқты  оң  көзқарас 
тудырады.  Идеология  дегеніміз  осы.  Идеология  дегеніміз  –  өмір  игілігі 
үшін  жетістіктер  мен  табыстарға  жету  мақсатындағы  сенім.  Мұндай 
көзқарас  ұстана  отырып,  Елбасының  саяси,  демократиялық  реформалар 
туралы  ұмытпағандығы  да  айта  кеткен  жөн.  Барлық  қабылданған  заңдар 
мен шаралар экономиканың нарықтық формаларын енгізуді болжайды, ал 
олар,  өз  кезегінде,  бүкіл  жүйені  демократияландыруға  бағытталады. 
Мемлекеттің  экономикалық  қызметіне  еш  кедергісіз  қатысу  үшін  сенімді 
заңнамалық  база  мен  құқықтық  кепіл  тудыру  әр  азаматты  лайықты  өмір 
сүруге жетелейді, міне, барлық деңгейдегі билік органдарының күнделікті 
жұмысы  осы.  Бұл  –  мемлекет  саясатының  басты  мақсаты,  сол  үшін 
реформалар жүргізіледі. 
Қоғамның  әр  түрлі  қабаттарының  арасындағы  келісім,  өзара  сенім 
мен  құрмет  салыстыра  тексерілген,  әділетті  құқықтық  саясат  арқасында 
бекітіледі  және  нығая  түседі,  бұл  заманауи  қоғамның  айнасы  іспеттес. 
Тәуелсіздігіміздің  алғашқы  жылдарында  шетелдің  көптеген  аналитиктері 
Қазақстанның  көп  ұлтты  екендігін  айтып,  біздің  қоғамда  ымырасыз 
жанжалдар  мен  қарама-қайшылықтардың  болатындығы  болжады.  Алайда 
сол  аналитиктер  мемлекеттік  институттар  тарапынан  болатын  тиімді 
құқықтық  әрекеттерді  болжай  алмады.  Пессимистік  көзқарастарға 
қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл бағытта көптеген бастамалар ұсынды, 
олар  тез  әрі  үйлесімді  сіңісе  отырып,  біздің  қоғамымыздың  ажырамас 
бөлігіне айналды. 
Жаңа  мемлекет  құрған,  әлемге  танылған,  бүгінгі  күні  өңірдегі  ең 
табысты  экономикаға  ие  болып  отырған,  ұлтаралық  бірлік  тәжірибесінде 
бірегей  Қазақстан  үшін  өзін-өзі  сәйкестендіру,  қазақстандық  патриотизм 
мәселесі өте маңызды болып табылады. Кеңес үкіметінен кейінгі көптеген 
мемлекеттерде  жаңа  мемлекеттілік  құру  тәжірибесі  консервативті 
көпшіліктің ұлттықтан жоғары мүдделерін басшылыққа ала отырып, қоғам 
үшін  ішкі  теңгерімді  сақтап  қалудың  қаншалықты  маңызды  екенін 
көрсетті.  Кез  келген  қоғамда,  әсіресе  көп  ұлтты  қоғамда,  кез  келген 
уақытта жеке көшбасшылар мен саясаткерлер табылады, олар үшін қандай 
да  бір  ұлттың,  этникалық  топтың  мүддесі  жалпы  ұлт  мүддесінен  жоғары 
тұрады.  Осыған  куә  болған  тарих  беттері  көрсеткендей,  мұндай 
саясаткерлер билікті өз қолына алады да, мемлекеттілікті құртады, қоғамға 

83 
 
зиянын тигізеді. Осындай саясаткерлердің өздеріне тоқтау қойып, олардың 
ойы  мен  идеяларын  әрі  қарай  дамытпау,  яғни  қоғамның  мұндай 
құбылыстарға  қарсы  тұра  алуын  қамтамасыз  ету  ұлт  көшбасшысының 
басты  борышы  болып  табылады.  Біздің  еліміздің  қазіргі  даму  кезеңін 
кейбір  саясаткерлер  тиімді  орныққан  көп  ұлтты  мемлекет  ретінде 
анықтайды.  
1997 жылы «азиялық дағдарыс» жағдайында Президентіміз ұсынған 
ұзақ  мерзімді  «Қазақстан-2030»  стратегиясы  бар  болғаны  15  жылдың 
ішінде  орындалды.  Басқа  мемлекеттерге  қарағанда,  Қазақстан  тұрақты 
экономикалық  өсу  дәрежесін  және  2007–2009  жылдарда  орын  алған 
жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде азаматтардың өмір 
сүру  деңгейін  сақтап  қалды.  2012  жылға  қарай  еліміз  экономикалық 
бәсекеге қабеліттілігі бойынша әлемдегі 50 мемлекеттің біріне айналды.  
Президенттің  жаңа  бастамасы  –  2050  стратегиясы  –  тіпті  жоғары. 
Оның басты мақсаты – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің 
қатарына  кіруі.  Ұлттық  құндылықтың  барлығы  шикізат  және  ауыл 
шаруашылығы  ресурстарына  бағыттаған  мемлекет  таяудағы  10–15  жылда 
заманауи,  ғылымды  қажетсінетін  экономикалық  базис  құру  туралы, 
дәстүрлі  өнеркәсіпті  де,  аграрлық  секторды  да  инновациялық  жолға  салу 
туралы,  мобильді  және  мультимедиялық,  нанотехнологиялар  мен  ғарыш 
технологиясы,  робототехника,  гендік  инженерияның  жаңа  салаларын 
жасау туралы шешім қабылдайды.  
Президент  Жолдауында  айтылғандай,  2050  стратегиясы  басты 
мақсатты  назардан  тыс  қалдырмай,  адамдардың  күнделікті  өміріндегі 
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: «Яғни біз халқымыздың өмірін 30–
50 жылдан кейін емес, жыл сайын жақсартып отырамыз». 
Еліміздің болашаққа бастаған жолын Президент Н. Назарбаев халық 
әлеуетін 
арттыруға 
арналған 
жаңа 
мүмкіндіктерді 
жасаумен 
байланыстырады:  "XXI  ғасырдағы  дамыған  мемлекет  –  бұл  белсенді, 
білімді  және  дені  сау  азаматтар».  Барлық  дамыған  мемлекеттер  сияқты, 
Қазақстан  ең  жоғары  әлемдік  стандарттарға  жауап  берумен  қатар  өзінің, 
бірегей  білім  беру  жүйесін  қалыптастырады.  Сәйкесінше  жаңа 
бағдарламалар  мен  оқытудың  жаңа  әдістері  мектепке  дейінгі  деңгейден 
бастап жоғары оқу орны деңгейіне дейін қайта қаралады,  жаңа буынның 
білікті  кадрлары  дайындалады.  Ал  денсаулық  сақтауда  мемлекеттің, 
жұмыс 
берушінің 
және 
қызметкердің 
денсаулық 
үшін 
ортақ 
жауапкершілігі  межициналық  көмек  көрсету  жүйесінің  басты  принципі 
болып  жарияланды.  Салауатты  өмір  салты  мен  медицинаның  дамуы 
қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін созуға және одан 
жоғары  етуге  мүмкіндік  береді.  Қазақстандықтардың  мәдени  ділдігін 
дамытуды,  тұрғындардың  көп  ұлттылығын  ескерумен  мәдегни 
кластерлерді  қалыптастыруды  алға  қойған  Ұзақ  мерзімді  мәдени  саясат 
концепциясы әзірленуде. 

84 
 
Бүкіл  халықтың  Нұрсұлтан  Назарбаевты  Ұлт  көшбасшысы  ретінде 
мойындауы  оның    жаһандық  ауқымдағы  оқиғаларды  болжай  алатын 
қабілеті  бар  стратег  әрі  ойшыл  тұрғысындағы  ерекше  қадір-қасиетіне 
негізделеді.  Ол  әлемдік  саясаткерлердің  бірі  болып  КСРО-ның  күйреуін, 
тек  сол  мемлекетті  мекендеген  халықтар  тағдырына  ғана  емес,  жалпы 
әлемдік  даму  үрдісіне  де  елеулі  ықпал  ететіндігін  айтып,  негізгі 
үрдістердің ТМД кеңістігінде ғана емес, әлемдік қауымдастықта да күшею 
қаупі  тіралы  ескертті.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  мұндай  жағымсыз  үрдістерге 
қарсы тұруда мынадай тәсіл ұсынды – саяси тәуелсіздік, ұлттық ерекшелік, 
өзара  экономикалық  пайда  принциптері  тұрақсыз  болса  да,  мемлекеттер 
мен  халықтарды  біріктіру.  Бірінші  кезекте  бұл  ұсыныс  Кеңес  үкіметінен 
кейінгі кеңістікте пайда болған тәуелсіз мемлекеттерге жасалды. 
Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығының  пайда  болуының  өзі 
Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты.
 
Біздің көшбасшымыз 
ТМД-ның  пікірі  бойынша  өзінің  идеясымен  және  әрекеттерімен 
Беловежская  пущадағы  саяси  келісімге  тоқтау  қойды  (1991  жыл).  ТМД 
құру  туралы  келісімге  қол  қойғандардың  көпшілігінің  бастапқыда  оны 
формальдылық  деп  түсінуіне  қарамастан,  Нұрсұлтан  Назарбаев,  ең 
бастысы, өз ойынан арылған емес. 
1994  жылы,  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық  процестердің 
дамуында  жағымды  әрі  қарқынды  процестермен  ерекшеленбеген  ТМД 
елдерінде  Нұрсұлтан  Назарбаев  табандылық  білдіреді:
 
«Мәдени  мен 
өркениеттілік  факторлардың  маңызын  теріске  шығармай-ақ,  ең  алдымен 
экономикалық  прагматизм  негізіндегі  интеграцияны  құру  керек. 
Абстрактілі  геосаяси  идеялар  мен  ұрандар  емес,  экономикалық  мүдделер 
интеграциялық  үдерістердің  басты  қозғаушысы  болмақ.  Сондықтан 
болашақ  Еуразиялық  Одақтың  бастапқы  негізі  –  Біртұтас  экономикалық 
кеңістік  біздің  халықтарымыздың  бірлесе  табысты  дамуының  ауқымды 
ареалы  ретінде  болмақ.  Әрбір  мемлекет  пен  қоғам  жаһанданушы  әлемде 
өзіндік  болмысқа  шексіз  бас  ұра  берушіліктің  және  өз  шекараларында 
тұйықталып  қалудың  мағынасы  жоқ  екендігін  түсінуге  дербес  келуі  тиіс. 
Халық пен мемлекеттің мүдделерін басшылыққа алған ерікті интеграция – 
мемлекеттің өркендеуінің ең қысқа жолы». 
Бұл  үшін  жиырма  жылдай  ерен  еңбек  ету  қажет  болды,  осы  жолда 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  күш-жігері  айқын  көрінді,  ол  өз  ойын 
қолданысқа  келтірді:  2014  жылғы  29  мамырда  Астанада  Еуразиялық 
экономикалық  одақ  (ЕАЭО)  туралы  шартқа  қол  қойылды,  ол  оның 
құрамына  кіретін  мемлекеттердің  егемендік  теңдігі,  олардың  саяси 
құрылысындағы  ерекшеліктерін  құрметтеу,  өзара  тиімді  ынтымақтастық 
қамтамасыз  ету,  тараптардың  тең  құқылы  болуы  мен  мүдделерінің 
ескерілуі,  нарықтың  экономика  мен  адал  бәсекелестікті  сақтау 
қағидаттарына негізделген. 

85 
 
Бұл  Қазақстан  Президентінің  стратегиялық  ойлауының  шегі  болған 
жоқ: Еуразиялық экономикалық одақты ол болашақ Еуразия өркениетінің 
интеграциялық  өзегі,  Еуразия  континентіндегі  елдер  үшін  ғана  емес, 
барлық әлем үшін ашық алаң ретінде қарастырады. Өз ойын берік ұстанған 
Нұрсұлтан  Верный  своей  идее  интеграции,  Нұрсұлтан  Назарбаев  мұны 
жаһандық  мазмұны  бар  деп  танып,  оның  тарихи  болашағын  көреді:  «Біз 
тек  осындай  жолды  ұстана  білсек  қана  еуразиялықтың  тартымдылығын 
арттырамыз  және  оның  айқын  мақсаттарына  деген  күмәнді  біржолата 
жоятын боламыз». 
Елбасымыздың 
жаһандық 
шығармашылық 
ізденістерінің 
нәтижесінде  өмірге  келген  барлық  оқиғалар  мен  процестер,  әрине,  біздің 
еліміздің  беделін  көрсетеді,  қоғамды  демократияландыруға  ықпал  етеді, 
құқықтық  дамудағы  ұстанымымызды  растайды.  Әр  түрлі  қоғамдық 
институттар  азаматтық  қоғамдағы  адамдар  үшін  қолайлы  жағдайлар 
ұсынады.   
Мемлекет  имиджін  қалыптастыру  процесі  көптеген  факторларға  –
мемлекеттің  сыртқы  саясатын  жүргізу  табыстылығына,  оның  ішкі 
саясатын  жүргізу  ерекшеліктеріне,  экономиканың  тиімділігіне,  қоғам 
көзқарастарының ерекшеліктеріне және т.б. тәуелді. 
Мемлекеттің  оң  имиджін    қалыптастырудағы  анағұрлым  маңызды 
факторлардың бірі оның көшбасшысының ролі болып табылады. Мемлекет 
көшбасшыларының  жеке  тұлғасын  бағалау  призмасы  арқылы  қоғам  мен 
мемлекеттің  даму  деңгейінің  жағдайын  бағалау,  оның  саяси  және 
экономикалық табыстары жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Нақ осы 
тұрғыдан    мемлекет  көшбасшысының  ролі  жаңа  әлемде  мемлекеттің  оң 
имиджін қалыптастырудың түйінді факторларының бірі болып табылады.  
Адамзат  жадында  Әз-Жәнібек,  Ярослав  Мудрый,  Давид  Строитель, 
Шарль  де  Голь,  Франклин  Рузвельт,  Мұстафа  Кемал  Ататүрік,  Махатма 
Ганди,  Дэн  Сяопин,  Ли  Куан  Ю,  Махатхир  Мохаммад  сияқты  көрнекті 
есімдер  мәңгілікке  қалды.  Олардың  жарқын  өмірі,  жемісті  еңбектері 
қарапайым адам үшін ең қалаулы және тартымды мақсатқа – жарқын және 
тұрақты  болашақ  үшін  халықты  біріктіруге  және  тұтастыруға  арналған 
болды.  Олар  туралы  контексте  тарихтағы  тұлғалар  ролінің  айтылуы 
кездейсоқ  емес,  себебі  осы  адамдар  өзінің  ұлты  мен  мемлекеттерінің 
мүдддесі  үшін  ең  бастысын  жасады.  Олар,  экономикаға,  саясатқа  және 
мәдениетке  стратегиялық  серпілісті  қамтамасыз  етіп,  өз  елдерінің 
мәртебесі мен жаһандық ролін көтеріп қана қоймады. Ерекше маңыздысы 
– олар өз ұлтын көпшілігіне жақын және түсінікті оң идеялар айналасына 
біріктіру  және  тұтастыру  факторы  ретінде  араласып,  дамудың  күрделі 
кезеңінде  қоғамға  сенімді  жол  ұсына  білді.  Нәтижесінде  олар  өз 
халықтарының жадысында мәңгілікке қалды.    
Осы ұлы атаулар тізіміне ешбір жалтақтамастан Тұңғыш Президент 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін енгізуге болады. Оның мемлекет 

86 
 
Басшысы  орнында  көрнекті  қызметін  ел  тұрғындарының  абсолютті 
көпшілігі  тұтастай  қолдайды.  Ұлт  Көшбасшысы  біздің  тарихымыздағы 
барлық  жылдар  бойы  бүкіл  қазақстандық  қоғамды  біріктіруші  фактор 
болып  келді  және  болып  та  қалады.  Рсепубликамызда  өткен  барлық 
президенттік сайлаулардың қорытындысынан Назарбаев бастаған бағытты 
көпшіліктің қолдап отырғанын көруге болады. 
Н.А. Назарбаевтың еңбегі, елдің дамуының жай басты бағытын ғана 
әзірлеп қоймауынан тұрады. Ең бастысы  – өзі жариялаған сол қарапайым 
және  табиғи  құндылықтар  жылдар  бойы  өз  бетіндік  құндылықтарға  және 
қазақстандық 
қоғам 
басымдықтарына, 
қазақстандық 
сәйкестік 
факторларына  рәсімделді.  Олар  қоғамдық  идеология  іргетасы  болды. 
Н.Назарбаев  –  бұл  тұрақты  даму,  этника  аралық  және  конфессия  аралық 
келісім,  ұлттық  бірлік  фактісін  белгілеуге  болады.  Қоғам  осы 
құндылықтарды  сіңірді,  ол  бізбен  бірге  өмір  сүреді.  Нақ  осы  базалық 
құндылықтарға  бұлжымастық  қазақстандық  қоғамды  біріктіруші  фактор 
болды.  Сондықтан  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстан  үшін  –  ең  алдымен  оның 
біріктіруші бастауы ретінде өз ұлтына қажетті көшбасшы. 
Бүгінгі  таңда  әлемдік  қауымдастықта  Нұрсұлтан  Назарбаев  мүмкін 
дегеннің  өзін  кеңейте  алатын  көшбасшы  ретінде  сипатталады.  Қазіргі 
таңда шынымен де бұзып өтетін бастамалар ұсына отырып, қазақстандық 
Елбасы  біздің  мемлекетіміз  үшін  ғана  емес,  халықаралық  әрі  ғаламдық 
ауқымда  жаңа  экономикалық-әлеуметтік  және  рухани-адамгершілік  даму 
жолын бастады. 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 
«Казахстанский  путь:  -  2050.  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 
будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января. 
2.  О  концепции  внешней  политики  Республики  Казахстан  на  2014-
2020 годы от 21 января 2014 года № 741. 
3.  Калетаев  Д.  Феномен  национального  лидера:  история  и 
современность. - Астана, 2013. 
4. Жолдасбеков М. Верный курс Президента // Казахстанская правда, 
2015, 3 июля. 
 
 

87 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет