2) Сөздікпен жұмыс.
Мəтін мазмұнын еске түсіріп, келесі
сөздердің аудармасын дəптерлеріңізге жазып
алыңыз жəне қайталаңыз. (Вспомните содер-
жание текста, запишите перевод следующих
слов, повторяя их, запомните) (4 слайд).
жариялау – объявлять
жарлық – указ
елбасы – президент
қол қою – подписывать
салтанатты – праздничный
ашылу рəсімі – церемония открытия
көрікті – красивый
айналу – превращаться
батпақ – грязь
қалың өсетін – густорастущий
қамыс – камыш
бой көтеру – подняться ввысь
ескерткіш – памятник
атылған – взметнувшийся
барыс – барс
мүсін – скульптура
жаға – берег
сұлулық – красота
ерекше – особенный
көз тарту – притягивать взгляд
жақын шетел – ближнее зарубежье
алыс шетел – дальнее зарубежье
саяси – политический
əкімшілік – административный
3) Сұрақ – жауап.
1.
Қазақстанның ең алғашқы астанасы
қай қала болды?
2.
Одан кейін қай қала астана болды?
3.
Алматы қай кездерде Қазақ Республи-
касының астанасы болды?
4.
1997 жылы қазанның 20-сында Қазақ-
стан Республикасының Елбасы қандай Жар-
лыққа қол қойды?
5.
Қай кезде Ақмола қаласы Астана қала-
сы болып аталды?
6.
1998 жылғы маусымның 10-ында Ас-
танада не өтті?
7.
Астана қаласы қандай қалаға айнал-
ды?
8.
Астана қаласында қандай көрікті жер-
лер бар?
9.
Əсем Есілдің оң жағасында нелер бар?
10.
Астана ненің орталыгы?
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА
ТЕОРИЯСЫ ЖƏНЕ ƏДІСТЕМЕСІ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
6
2. Жеке тапсырмалар:
1 – тапсырма: жақшаның ішіндегі сөздерді қа-
зақ тіліне аударыңыз, сөйлемдерді толық жа-
зып шығыңыз.
1) Бас қала Есіл өзенінің бойында
(священный) Сарыарқа жерінде орналасқан.
2) Астана қаласында 100-ден астам
(представители наций) тұрады.
3) Ескерткіштің артында үлкен (здание)
тұр.
4) Астана – (будущее) үлкен қала.
2 – тапсырма: үшінші сөйледегі сөз тіркестері-
не талдау жасаңыз.
Ескерткіштің артында үлкен ғимарат тұр.
Үлкен ғимарат (сын есім + зат есім)
Ескерткіштің артында (зат есім + «ар-
тында»)
Ғимарат тұр (зат есім - етістік)
(зат есім + «артында») «артында» –
бұл көмекші есім.
3 – тапсырма: Берілген схема бойынша сөз
тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыз.
ішінде
сөз + І.с. қасында
алдында
4 – тапсырма: Схема бойынша сөз тіркестерін,
сөйлемдер құрастырыңыз.
І топ: үй, автобус. ІІ топ: кітап, сөмке.
қасында
үстінде
і.с. алдында
ішінде артында
астында
3. Ойын.
А. «Сөздерді сөйлетейік» - топпен жұ-
мыс.
Түстер бойынша сөйлемдер құрастыру,
аудару. Барлық сөйлемдерде «ғимарат» сөзі
болу керек. Көмекші есімдерді атаңдар.
Тұр үстінде жұмыс істейді
Ішінде ту алдында
ғимарат
бар ескерткіш
адамдар көп
Ə. «Сандарды сөйлетейік».
1920 1925 1929 1991 1997 1998
А С Т А Н А
Б. «Дұрыс па, əлде бұрыс па?»
1) Тəуелсіз Қазақстанның бас қаласы –
Астана. (+)
2) Астана – болашағы үлкен қала. (+)
3) Менің қалам онша үлкен емес, бірақ
өте əдемі. (+)
4) Елорданың ортасында 5-жұлдызды
«Алатау» қонақ үйі салынды. (+)
5) Мен Көкшетау қаласында тұрамын. (-)
В. Екі қаланы Венн диаграммасы бойын-
ша салыстырайық. (11 слайд).
Астана Қостанай
Үлкен қала шағын
Елордасы ескерткіш облыс орталығы
Президент мұражай облыс əкімі
Есіл өзен Тобыл
солтүстік
4. Сабақты қорытындылау:
1. Қай қаламен таныстық?
2. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
3. Есіл өзенінің бойында не бар?
4. Парламент үйінің алдында кімдердің ес-
керткіштері тұр?
5. Астана қаласында қанша ұлт өкілдері
тұрады?
5. Бейнеүзіндіні тамашалау
6. Өткен тақырыптарды бекітуге арналған
тест
1. Еліміз тəуелсіздікті ... алды
a. 1991 жылы желтоқсан айының 16-сында
b. 1990 жылы мамыр айының 19-ында
c. 1993 жылы қараша айының 15-інде
d. 1936 жылы қазан айының 25-інде
e. 1937 жылы наурыз айының 5-інде
2. Тəуелсіздік халыққа ... əкелді
a. еркіндік, жетістік
b. жұмыс, табыс
c. бейбітшілік, өмір
d. ақша, алтын
e. еңбек, табыс
3. Қазақстан Республикасының мемлекет
басшысы
а. хан
b. президент
c. сұлтан
d. шах
e. премьер-министр
4. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі
а. теңге
b. рубль
c. сом
d. сум
е. доллар
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА
ТЕОРИЯСЫ ЖƏНЕ ƏДІСТЕМЕСІ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
7
5. Казақстан Республикасы Еуразияның ...
бөлігінде орналасқан
а. солтүстік
b. батыс
c. орталық
d. шығыс
е. онтүстік
6. Қазақстан Республикасы солтүстігінде ...
мемлекетпен шектеседі
а. Ресеймен
b. Қырғыстанмен
c. Қытай мемлекетімен
d. Түркменстанмен
е. Өзбекстанмен
7. Қазақстан Республикасы ақсүйек, демокра-
тия… жəне бірт…тас мемлекет болып
а. лық, ұ, табылады
b. тық, ұ, келеді
c. дық, ү,тұрады
d. лык, ы, шығады
е. лық, ұ, кездеседі
8. Қазақстан Республикасы шығысында ...
мемлекетпен шектеседі
а. Қытай
b. Ресей
c. Өзбекстан
d. Қырғыстан
е. Түркменстан
9. Республикамыздың батысында ... теңіз бар
а. Каспий
b. Арал
c. Балхаш
d. Шу
е. Іле
10. Мемлекеттік рəміздердің болмысын,
мағынасын жақсы білу ... парызы
а. бəріміздің
b. нəрестелердің
с. шетелдіктердің
d. өсімдіктердің
е. жанұялардың
11. Мемлекеттік туымыздың түсі
a. жасыл
b. зəңгір көк
c. ақ түс
d. сары түс
e. қара түсті
12. Көк түс ... белгісі
a. жер мен ағаштың
b. қарға мен торғайдың
c. жапырақ пен шөптің
d. ауа мен судың
e. көбелек пен қоңыздың
13. Геральдист Ансельм жасаған кесте
бойынша көк түс ... белгісі
a. ақылдық, еркіндік
b. ақымақтық, əдепсіздік
c. сараңдық, əсімдік
d. сүйкімділік, əдептілік
e. адалдықтың, тазалықтың
14. Бір түсті – көк ... идеясын білдіреді
a. мемлекеттік тұтастық
b. мемлекеттік елтаңба
c. мемлекеттік ту
d. мемлекеттік тіл
e. мемлекеттік əнұран
15. Тудағы күн ... белгісі
a. берекесіз жəне сараңдық
b. байлық пен берекенің
c. еңбекқор мен жалқаулық
d. бақытты жəне сымбаттылық
e. іскерлік пен беделдік
16. Тудағы қыран ... белгісі
a. қарапайымдылық бейнесі
b. тартымдылық бейнесі
c. еркіндік бейнесі
d. бақытты бейне
e. ұлттық бейне
17. Ұлттық өрнек – қазақ халқының білдіреді
a. мектеп оқушыларын
b. халық ақындарын
c. бүкіл халықты
d. мəдениетін жəне көркем танымын
e. поэтикалық жазушыларын
18. Біздің елтаңбамыз ... ішінде
a. шеңбердің
b. үйдің
c. қаланың
d. пəтердің
e. қораптың
19. Шеңбер мағынасы ... білдіреді
a. отанды
b. тіршілік, шексіз өмірді
c. азаматтықты
d. адал өмірді
e. сезімді
20. Елтаңбадағы ең негізгі белгі
a. уық
b. кереге
c. шаңырақ
d. жиһаз
e. өнеркəсіп
21. Шаңырақ деген сөз ... ұғымдарды білдіреді
a. киіз үй, өмір
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА
ТЕОРИЯСЫ ЖƏНЕ ƏДІСТЕМЕСІ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
8
b. халық, мəдениет
c. мəдениет, өнер
d. үй, Отан
e. табиғат, климат
22. Дұрыс жауабын табыңыз: «Отан ...
басталады»
a. қаладан
b. көшеден
c. базардан
d. мектептен
e. отбасынан
23. Шаңырақ əлемдік геральдика тарихында ...
рет пайдаланылып отырған бейне
a. тұңғыш рет
b. көп рет
c. екінші рет
d. үнемі
e. тұрақты
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Бектұров Ш., Бектұрова А. Казахский
язык для всех: Оқу құралы. – Алматы: Рауан,
2004.
2 Белғара Б.Б., Құрманова Н.Ж. Жаңа
толқын /мемлекеттік тілді жеделдете оқыту
оқу-əдістемелік кешені. - Астана, 2007.
3 Исмагулова Б., Ережепова Э., Абдижа-
парова Г. Словарь: 30000 слов. - Алматы: Аруна,
2008.
Резюме
В данной статье представлен образец
одного занятия по казахскому языку для студен-
тов неязыковых специальностей. Автором про-
слеживается тесная взаимосвязь обучения и
воспитания.
Conclusion
The article is devoted to the research of the
topical problem of teaching the state language for
the students of non-linguistic faculties. On the
example of one lesson the author distinguishes the
interaction of teaching and their bringing-up.
КƏСІБІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫ
Атжанова Н.Е.
Орыс аудиториясында жұмыс істейтін
оқытушы мемлекеттік тілді қазіргі заман та-
лаптарына сай жүргізу үшін барлық мүм-
кіндікті пайдаланғаны дұрыс. Сондай мүмкін-
діктің бірі – қазақ тілі сабақтарын мамандық-
пен тығыз байланыста өткізу.
Мемлекеттік тілді орыс тілді студенттер-
ге оқыту дегеніміз Қазақстан азаматтарының
бір-бірімен түсінісуі жəне қарым-қатынас құ-
ралы ретінде ұтымды пайдаланудың тəсілде-
рін игеруге толық əдістемелік жағдай жасау
болып табылады.
Мемлекеттік тілді оқытуға қойылатын
басты талап – қазақстандық орыс тілді азамат-
тардың бір-біріне таза ниеті, шын жүректен
шынайы сыйластық (өзін-өзі сыйлай білген
адам ғана басқа адамдарды да сыйлай біледі
деген қағиданы ұстану), мемлекеттік тілге сұ-
ранысты заң ретінде мойындап, азаматтық
борышы ретінде бұлжытпай орындауға дайын
болуы, қазақ тілінің фонетикалық, лексика-
лық, морфологиялық, синтаксистік бірліктерін
тəжірибе жүзінде ұтымды қолдана білуі. Білім
алушыларға қазіргі күні таңдап алған маман-
дығы бойынша жұмысқа орналасу үшін мем-
лекеттік тілді, орыс тілін, ағылшын тілін білу
басты міндет екенін ұғындырып, жиі-жиі ес-
теріне салып отыру қажет.
Мектеп қабырғасынан қазақ тілі пəні
бойынша азды-көпті біліммен келетін оқушы-
ларға университет қабырғасында тіл үйрету-
дің өзіндік қиындықтары мен мəселелері жет-
кілікті. Көп жағдайда студенттер жекелеген
сөздерді жаттағанымен, сөйлем құрауға, өз
ойын тыңғылықты жеткізуге шорқақтық таны-
тып жатады.
Адамның сыртқы ортаны тануы жекеле-
ген қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғаны-
мен, белгілі бір ұғым, түсінікті тұтастай қа-
былдайды. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне
оқытуда қабылдаудың осындай тұтастық заң-
дылықтары мен даралық ерекшеліктерін дұ-
рыс байланыстыру арқылы жақсы нəтижеге
жетуге болады.
Тиімді тəсілдердің бірі–ұғымды ассоциа-
циялық байланыста түсіндіру, түбірлес сөз-
дермен салыстыру.
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА
ТЕОРИЯСЫ ЖƏНЕ ƏДІСТЕМЕСІ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
9
Мамандық игеру дегеніміз таңдап алған
мамандығы бойынша терең жəне жан-жақты
білім алу, алған теориялық білімін практикада
іске асыруды үйрену, мамандыққа керекті дағ-
дыларды қалыптастыру. Осы орайда жоғары
оқу орнында мемлекеттік тілді үйретудің не-
гізгі мақсаты–мамандық бойынша кəсіби тер-
миндерді меңгерту, төл мəтіннен ықшамдал-
ған таным-тəрбиелік мəтіндер негізінде білі-
мін тереңдету, күнделікті тұрмыс-тіршілікте
жəне келешекте атқаратын қызметінде уни-
верситет қабырғасында алған білімін іске асы-
ра алуын қамтамасыз ету.
Біздің пікірімізше мемлекеттік тілді сту-
денттерге үйретудің жаңа бағыттары мыналар:
– Қарым-қатынас құралы ретінде оқыту;
– азаматтық борышын заңды тұрғыда
бұлжытпай орындауды ұғындыру;
– өзін басқаларға білікті маман ретінде
мойындату арқылы ортақ тіл табатынын дə-
лелдеу;
– келешекте мемлекеттік тілді ақпарат-
тық жəне ресми қарым-қатынас құралы тұрғы-
сында пайдалану қажеттілігі туындайтынын
түсіндіру.
Жоғарыда келтірілген ой-тұжырымдама-
ларды негізге ала отырып, «Қаржы жəне не-
сие» мамандығына оқитын студенттер үшін
өткізілетін қазақ тілі сабағының бір үлгісін
ұсынуды жөн санадық.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Рес-
публикасының салық жүйесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының
салық жүйесі тақырыбы бойынша мəтіндер-
мен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүр-
гізіп, оларды меңгерту.
Дамытушылық: мəтінді мазмұндауға
дағдыландыру, сөздік қорын молайту, тілін
жаттықтырып, көркем сөйлеуге үйрету.
Тəрбиелік: өзге ұлт өкілдерінің қазақ ті-
лін оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызы-
ғушылығын арттыру, қазақстандық патриотиз-
мге тəрбиелеу, болашақ мамандығына бағыт-
бағдар беру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестір-
мелі карточкалар, тірек кесте; техникалық құ-
ралдар: теледидар, бейнемагнитофон, мульти-
медиа, компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
1. Мəтіндермен жұмыс (экранда беріледі)
Мəтін (1) Салық ұғымы.
Салықтар – заң жүзінде белгіленген,
белгілі бір мөлшерде жəне мерзімде бюджетке
төленетін қайтарусыз жəне өтеусіз сипаттағы
міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың эко-
номикалық мəні ұлттық табыстың бір бөлігі
екендігінде.
Салық – экономиканы мемлекеттік рет-
теудің ең белсенді құралдарының бірі. Салық-
тар қаржының бастапқы категориясы болып
табылады.
Салықтар мемлекеттпен бірге пайда бол-
ды жəне дамыды. Салықтар тауар-ақша қаты-
настарын реттейді.
Белгілі философ Фрэнсис Бэкон «салық-
тарды төлеу əр азаматтың қасиетті борышы»
деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституция-
сының 35-бабында: «Заңды түрде белгіленген
салықтарды, алымдарды, өзге де міндеттті
төлемдерді төлеу əркімнің борышы əрі міндеті
болып табылады», – деп жазылған.
Салықты қарапайым тілмен айтатын
болсақ, мемлекеттік бюджет деуге болады. Ал
мемлекет кім – ол өзіміз, ол біздер.
Мəтін (2) Салық қағидаттары.
Белгілі экономист ғалым А. Смит ұсын-
ған классикалық қағидаттар:
1) салық төлеушінің əрқайсының табысы-
на сəйкес алынуы тиіс (əділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу
мерзімі алдын ала жəне дəл анықталуы керек
(анықтылық қағидаты);
3) əрбір салық салық төлеуші үшін не-
ғұрлым қолайлы уақытта жəне əдіспен алы-
нуы тиіс (қолайлылық қағидаты)
4) салықты алудың шығындары өте аз
болуы тиіс (үнемділік қағидаты)
Мемлекет салық саясатын экономика-
лық саясатқа сəйкес жүргізеді.
Мəтін (3) Салықты не үшін төлейміз?
Салық дегеніміз – үкіметтің кəсіпорынд-
ардан, адамдардан алатын төлемі. Қалай мем-
лекет пайда болды, салық та солай дүниеге
келді. Салық бірінші рет Қытайда пайда бол-
ды. А. Смит салықты «əділетті салық» деп
атаған.
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА
ТЕОРИЯСЫ ЖƏНЕ ƏДІСТЕМЕСІ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
10
Қазіргі нарықтық экономикада салық
мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет,
салықтан жинаған қаржыны сол жерге жұмсау
керек. А. Смитше айтатын болсақ, салық ха-
лықтың өзі үшін қызмет етеді десек те болады.
Салық салыну тəсіліне қарай төте жəне
жанама болып бөлінеді.
Салықтың мынадай міндеттері бар:
қазыналық міндет;
бөлу міндеті;
ынталандыру міндеті;
шектеу міндеті;
бақылау – бөлу міндеті.
Салық саясаты – салық салу саясындағы
ресми салық саясаты, ол салық салудың
айқындамалық ерекшеліктерін, оларды жүзеге
асырудың басты қағидаларын, мақсаты мен
əдістерін, тиісті ақпараттық жəне заң шығару-
шылық базаны айқындайды.
Мəтін (4) Қазақстан Республикасында-
ғы салықтар.
Қазақстан тарихында салық салу мəсе-
лелерін шешуге орасан зор үлес қосқан бірд-
ен-бір құқықтық дерек көзі Тəуке ханның
«Жеті жарғысы» болып табылады.
Салықтар, салық салу жəне салықтық
құқық жөнінде кезінде А. Смит, Д. Рикардо,
У. Петти, Н. Тургенев, М. Сперанский, Ш.
Уəлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А.
Байтұрсынов, А. Бөкейханов, кейіннен бұрын-
ғы Кеңес кеңістігі мен қазіргі егеменді еліміз-
дің ғалымдары М. Оспанов, А. Худяков қа-
лыптастырған маңызы зор теориялар, эконо-
микалық жəне құқықтық көзқарастар осы
салықтардың қоғам мен мемлекет үшін ауадай
қажет екенін дəлелдеп отыр.
Қазақстан Республикасында қабылдан-
ған заңдарға сəйкес мемлекеттік бюджетке тү-
сетін жəне оны реттейтін жалпы мемлекеттік
салықтар, сондай-ақ жергілікті бюджеттің
көздері болып табылатын жергілікті салық-
тар қолданылады.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар
жатады:
– заңды жəне жеке тұлғалардан алы-
натын табыс салығы;
– қосымша құнға салынатын салық;
акциздер;
– құнды қағаздармен жүргізілетін опера-
цияларға салынатын салық;
– жер қойнауын пайдаланушылардың ар-
наулы төлемдері мен салығы;
Жергілікті салықтарға мыналар жатады:
– жер салығы;
– заңды жəне жеке тұлғалардың мүлкіне
салынатын салық;
– көлік құралдарына салынатын салық;
– жол салықтары.
Жоғарыда берілген мəтіндер бойынша
келесі тапсырмалар орындалады:
1) мəнерлеп оқыңыз (қазақ тіліне ғана
тəн дыбыстардың дұрыс айтылуына, екпінге,
интонацияға еркше назар аударыңыз);
2) тірек сөздерді теріп жазыңыз;
3) аудармасын ауызша баяндаңыз;
4) сұрақ – жауап құрастырыңыз;
5) жазбаша тезис құрыңыз;
6) кластер жасаңыз (салық дегеніміз не;
салық түрлері)
7) синонимдік қатардағы сөздерді сөй-
лемге қатыстырыңыз: салықтар – төлемдер –
алымдар
8) грамматикалық тапсырмалар: үшінші
мəтіннен бес жай сөйлем теріп жазып, синтак-
систік талдау жасаңыз; бірінші мəтіндегі зат
есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз;
екінші мəтіндегі етістіктерге морфологиялық
талдау жасаңыз; салық сөзінің анықтауышта-
рын түгел теріп жазыңыз.
2. Жаңа сөздер мен сөз тіркестері
салық салу – налогообложение
салық саясаты – налоговая политика
салықтарды өндіріп алу – взимание налогов
салықтар алу (түсім базисы) – базис взима-
ния налогов (выручки)
салық есептеуге арналған базис – базис для
исчисления налога
салықсыз аймақ – безналоговая зона
қос салық есептеу – двойное начисление на-
лога
үстеме табыс салығы – добавочный подоход-
ный налог
салық салынғанға дейінгі пайда – доналоговая
прибыль
салық төлегеннен кейінгі кіріс – посленалого-
вый доход
салық салынатын табыс – доход, облагаемый
налогом
салық туралы заң жобасы – законопроект о
налогах
салықтар мен олардың көздерін жіктеу –
классификация налогов и их истоков
салықтарды жинауға жұмсалатын шығын –
затрата на сбор налогов
БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА
ТЕОРИЯСЫ ЖƏНЕ ƏДІСТЕМЕСІ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
11
салықтағы жеңілдіктер – налоговые льготы
сауда-делдалдық қызметтен алынатын табыс –
доход от торгово-посреднической деятельности
төленуге тиісті салықтарды өндіріп алу
шаралары – меры по взысканию подлежащего
к оплате налогу
жер салығы – земельный налог
мүлік салығы – налог на имущество
банктерге салынатын салық – налог на банки
шетелдік валютаға салынатын салық – налог
на иностранную валюту
автокөлік құралдарына салынатын салық –
налог на автотранспортные средства
корпорациялар салығы – налог на корпорации
халықаралық саудаға салынатын салық –
налог на международную торговлю
мұра салығы – налог на наследство
жылжымайтын мүлік салығы – налог на
недвижимое имущество
көтерме саудаға салынатын салық – налог на
оптовую продажу
акцияларды табыстауға салынатын салық –
налог на передачу акций
өндірушілерге салынатын салық – налог на
производителей
құнды қағаздарға салынатын салық – налог
на ценные бумаги
əлеуметтік сақтандыруға салынатын салық –
налоги на социальное стархование
салық мəдениеті – культура налога
қосымша құн салығы – налог на добавочную
стоимость
кеден салығы – таможенный налог
салық төлеуші – налогоплательщик
СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) – РНН
(регистрационный номер налогоплательщика)
салық төлеуден жалтару – уклонение от
уплаты налога
салықтан жалтаруға салынатын айыппұл –
денежный штраф на уклонение от уплаты
налога
тең салық тəртібі – равный налоговый режим
баж салығы – налог на пошлину
салықты кері өндіріп алу – обратное взимание
налога
тауар салығы – товарный налог
салық əкімшілігі – налоговая администрация
салық мағлұмдамасы – налоговая декларация
салық есебі – налоговый учет
салық салынбайтын активтер – необлагае-
мые активы
салық салынбайтын ең төмен табыс – необ-
лагаемый минимум дохода
салық сомасы туралы ресми хабарлама – офи-
циальное извещение о сумме налога
кемімелі салық – регрессивный налог
жасырын салық – скрытый налог
өтемдік салық – компенсационный налог
Достарыңызбен бөлісу: |