Рысбаева г. С



бет10/26
Дата28.11.2023
өлшемі161,51 Kb.
#130810
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Зертханалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау БТ негіздері 1-курс

Суықпен залалсыздандыру
Бұл әдіс сұйық орталарды залалсыздандыру үшін қолданылады. Бұл әдістің негізіне микроорганизмдерді ұстап қалатын, ұсақ поралары бар бактериологиялық фильтрлер пайдаланылады. Мұндай фильтрлер әртүрлі материалдардан дайындалады: фарфор сазынан, асбесттен, нитроклетчаткадан және т.б.
Бұл әдіс арқылы барлық шыны ыдыстар, мақта және басқа да объектілер Т 160о – 170о С-та 1,5 және 2 сағат аралығында кептіргіш шкафтарында залалсыздандырады. Ыдыстар алдын-ала таза жуулы, кептірілген және арнаулы қағаздарға (фольга немесе калька) оралуы керек.
Қыздыру және өртеу арқылы залалсыздандыру
Ол спирт шамы жалынында – скальпельді, инелерді, заттық шыныларды залалсыздандырады. Залалсыздандырудың мұндай түрінде құралдардағы барлық микробтар өледі.
Тапсырма
1. Ыдыстарды, қоректік ортаны, ауаны және т.б. залалсыздандыруға арналған құралдардың құрылысымен танысу.(Автоклав, кептіргіш шкаф, фильтрлер, бактерицидтік лампалар).
2. Залалсыздандыру үшін Петри табақшасын, пипетканы, шпательдерді даярлау.
3. Залалсыздандыру үшін эрленмейеровский колбасын даярлау, мақта тығынмен не қағаз салфеткамен жабу және байлау.
4. Пробирка, колба даярлау: мақталы-марлялы тығынмен тығындау, қағаз салфеткамен жабу, байлау.
5. Залалсыздандыру үшін құбыр суы бар пробиркаларды даярлау.
Зертханалық жұмыс № 5
Микроорганизмдердің препараттарын даярлау.


Жұмыстың мақсаты: Микроскопиялау үшін препарат даярлау. Грамм әдісі бойынша бояу дағдысын игеру. .
Жалпы түсінік:
Фиксирленген препараттар даярлау. Зертханалық жағдайда микроорганизмдерді әдетте пробиркада, колбада, Петри табақшасында сұйық және қатты қоректік орталарда өсіреді. Культураны егу кезінде немесе препарат даярлауда жасушаның бір бөлігін бөліп алғанда препаратты басқа микроорганизмдермен зақымданбауын қадағалау керек. Фиксирленген препарат даярлау кезінде үш этапты бөліп көрсетуге болады: 1) мазок даярлау; 2) фиксация; 3) препараттарды бояу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет