Рысбаева г. С



бет13/26
Дата28.11.2023
өлшемі161,51 Kb.
#130810
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Зертханалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау БТ негіздері 1-курс

Бақылау сұрақтары
1. Микроскопиялау үшін препарат қалай даярланады?
2. Фиксирленген препарат дегеніміз не?
3. Препарат қалай боялады?


Зертханалық жұмыс № 6
Өсімдік материалды сұрыптап алу, залалсыздандыру тәсілдері.


Жұмыстың мақсаты: каллусты культураларды өсіру тәсілдерінің жұмыстары бойынша практикалық ілімді игеру, экспланттарды өсіру және оқшаулаудың алғашқы сатыларымен танысу.
Теориялық негіздер:
Қияр немесе бидай дәндерінен залалсызданған материалдарды селекциялық түрде алу қиынырақ келеді, бұл залалсызданатын агентті таңдау қажеттілігіне байланысты келеді.
In Vitro культурасында активті хлор құраушы залалсыздандырғыш кеңінен қолданылады. Олар 35 т/л концентрациясындағы натрий және кальций гипохлориді. Концентрациясы 0,1 % ртуть ( сынап) құрағыш залалсызданатын ерітінділер; 10-12 % концентрациясындағы сутегі асқын тотығы; 4-5 мг/л концентрациясындағы антибиотиктер.
Ережеге сай, залалсыздайтын заттың өсіп дамуға қабілеті бар ұрық асты қабықтарындағы зақымданбаған ұлпалардың көбірек проценттерін және аздаған проценттегі жаңа түзілумен қамтамасыз ету керек.
Экспланттардың залалсыздану ұзақтығын мұқиат таңдай білу керек.
Залалсызданған экспланттарды алу үш сатыдан тұрады: алдын ала залалсызданудан, залалсыздаудан, және залалсыздаудан кейін.
Дәндерді залалсыздандыру алдын елегіште жылы ағын суымен жуып, генотип номері көрсетілген этикеткалармен бірге дәкелі дорбаны залалсыздау бойынша барлық операциялар жүргізілетін залалсыздау боксына ендіреді. Дәннен алынған залалсызданған өсінділерді алу жұмысы бойынша пайдаланады.
Залалсызданған өсінділерді каллусты ұлпалар мен өсімдіктердің тікелей регенерациясын алу үшін қажетті экспланттарды оқшаулау мақсатында өсіреді. Тәжірибе есебіне байланысты дәндерді әдетте суда немесе қоректік ортада өсіреді.
Құралдар мен жабдықтар: (20 дана) әр түрлі өсімдіктер дәндерін, бір екі қабатты сүзгіш қағаздары салынған залалсызданған Петри табақшасы, (3 дана) химиялық стакандар, пробиркалар, пинцеттер, қайшылар, дәкелі дорбалар, залалсызданған дистильді суы бар сиымдылығы 250мл колбалар, 0,1 % сулема ерітіндісі, 96 % - спирт, спирт жалыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет