Микроскоптың құрылысымен танысу: Механикалық бөлігі- штатив микроскоп табанынан, тубустан, тубусұстағыштан, заттық үстелшеден және винттерден тұрады. Табан (1) – таға тәрізді, ол тіректік қызмет атқарады. Тубус – микроскоптың көру түтігі (3). Тубустың жоғарғы жағына – окуляр (10), төменгі жағына өз өсінде айналатын «револьвер» (4) орналасады. «Револьверге» - объективтер (9) орналастырылады. Тубус ұстағыш (2) - доға тәрізді. Ол микроскопты бір орыннан екінші орынға тасымалдау үшін ұстағыш ретінде қолданылады. Заттық үстелше (6) ортасында саңылау орналасқан. Ол жарық сәулесін өткізу үшін қажет. Винттер – макрометрлік (7) және микрометрлік (8) болып бөлінеді. Винттер арқылы тубусты жоғары және төмен қарай қозғалтуға болады.
Жарық бөлігі – заттық үстелшенің астында орналасқан. Ол айнадан (5) және конденсордан (11) тұрады. Айна – конденсор бағытына қарай жарық сәулелерін өткізеді. Конденсор – препаратты жарықпен қамтамасыз етеді. Ол айнадан шағылысқан жарық сәулелерін жинап, заттық үстелшедегі саңылау арқылы препаратқа бағыттайды. Крис-диафрагма (12) - конденсор сәулелерінің санын реттейді.
Оптикалық бөлігі – объективтер (9) мен окулярдан (10) тұрады. Олар Линзалар жүйесінен тұрады. Әр объективтің шетінде ұлғайту сандары көрсетілген /8,15,20,40,90/. Окуляр (10) – екі линзадан тұрады. Жоғарғы линза – көру, ал төменгі – жинағыш қызметтерін атқарады. Окулярда да ұлғайтқыш көрсеткіштері көрсетілген /7,10,15/.
Объектінің жалпы ұлғайту көрсеткіші – объектив пен окулярдың ұлғайту көрсеткішіне тең.
Биологиялық микроскоппен 0,2 мкм-ге жететін затты қарастыруға болады.
Жұмыстың барысы: 1-тапсырма: Микроскоппен жұмыс істеу ережесімен танысу.
Микроскоппен жұмыс істеуде төмендегідей ережелерді білу қажет:
Микроскопты қорыта алғанда бір қолмен штативтен, екінші қолымен – штативтің табанынан ұстау қажет. Микроскопты жан-жаққа шайқауға болмайды. Өйткені окуляр тубустан түсіп, сынуы мүмкін.
Микроскопты жұмыс үстелінің шетінен 3-5 см арақашықтықта орналастырады. Жұмыс істеу алдында құрғақ, жұмсақ шүберекпен микроскоптың техникалық және оптикалық бөлігіндегі шаңды сүрту қажет.
Микроскоптың көру аймағындағы жарықты дұрыс орналастыру қажет. Ол үшін окулярға қарағанда түскен жарық сәулелерін объективке бағыттайды.