Байланысты: Зертханалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау БТ негіздері 1-курс
Мазок даярлау. Таза заттық шыныға бірнеше тамашы су тамызады. Оның үстіне зерттелетін материалды орналастырады және жақсылап араластырып, шыны бетінде жұқалап тегістейді.
Кептіру. Препараттарды бөлме температурасында кептіреді. Препараттың кебуін арттыру үшін заттық шыныны жалынның үстінен 1-2 рет өткізеді. Мазокты қатты қыздыруға болмайды, себебі микрооргантзмдер деформирленуі мүмкін. Жақсы мазок кептіруден соң зат шынысының үстінде әрең көрінетін жұғынды беруі керек.
Егу келесідей жолмен жасалынады:
Пробирканы сол қолдың ортаңғы саусағымен қысып ұстайды.
Қисық кесілген агардың үстінен тек штрих арқылы егу жасалынады.
Пробиркаға колонияның номері, жасалған күні және кейбір жазбалар жазылады содан соң егінді термостатқа қояды.
Көптеген бактериялардың таза культураларын алу үшін ет пептонды агар қолданылады, ал ашытқыларға сусло-агар қолданылады. Бұл тәсілдің кемшілігі кейбір кезде таза емес, аралас культуралар алынады. Мұның себебі бір нүктеге түскен бір клеткадан емес екі немесе одан да көп клеткадан колониялар өседі. Сондықтан бұл таза культура алу тәсілі 2 немесе 3 рет қайталанады. Бұл үшін залалсыздандырылған құбыр суында бөлектенген колонияның культурасынан тұратын суспензия жасайды. Әр суспензиядан залалсыздандырылған пипеткамен таза залалсыздандырылған құбыр суында араластыру жасалынады (1 тамшы суспензия 8-10 мл суға) және бұл микрооорганизмдер жиынтығын Петри табақшасындағы тығыз қоректік орталар бетіне егеді. Петри табақшалары термостатқа 3-4 күнге қойылады. 3-4 күн өткен соң өскен колонияларды қарап, оларды өсірілу керек колонияның қасиеттерімен салыстырады.
Колонияның біртектілігі және барлық белгілерімен сәйкес келуі культураның тазалығын білідіреді.
Жекеленген колонияларды пробиркадағы қисық кесілген қоректі агарланған ортаның бетіне егіліп, бір белгілі температурада 2-3 күн ұстайды.