Рысбаева г. С



бет2/26
Дата28.11.2023
өлшемі161,51 Kb.
#130810
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Зертханалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау БТ негіздері 1-курс

Зертханалық жұмыс №1


Зертханадағы сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық ыдыстарды өңдеу


Жұмыстың мақсаты: Зертханада жұмыс жүргізген кездегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулармен танысу, қауіпсіздік ережелерін сақтау. Микробиологиялық зертханадағы жұмыстың негізгі ережесі жұмысты дұрыс ұйымдастырумен, құралдар мен ыдыстармен танысу.
Жалпы түсінік: Микроорганизмдермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар екені бізге мәлім. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — тазалық сақтау.
Зертханада жарық мол түсуі керек. Оның терезелері солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс немесе солтүстік жақта орналасуы керек. Егерде терезелер оңтүстік жаққа қараған болса, күн ашық күндері оны материалмен жауып, көлеңкелеген дұрыс. Қабырғалары тегіс боялған немесе пластиктермен жабылған болуы тиіс. Зертханадан шығатын есікте қол жуғыш, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар бутил, сабын және сүлгі болуы керек. Еденді пластикамен жабу қажет, өйткені қарағай еденнің тақтайларының аралығында лас жиналады да тазалыққа нұқсан келтіреді.
Жұмыс үстелдері де терезе алдына орналасуы керек, оған жарық мол түскені жөн. Үстел беті пластикамен қапталған болуы тиіс.Үстелдің ортасына пробиркаларға арналған штативтер, флакондар немесе бояулар құйылған ыдыстар, спирт шам немесе газ жанарғысы орналасады. Студенттерге үстел айналасынан жеке орын бекітіліп беріледі. Жұмыс үстелінің үстінде сабаққа қатысы жоқ бөтен заттар болмауы тиіс. Сабаққа қажетті заттардың барлығы өнебойы стол үстінде болғаны жөн. Құрал-жабдықтардың жұмысқа сай, дайын болуына лаборанттар жауапты болады.
Зертханада халатпен, ақ қалпақпен немесе ақ жаулықпен жұмыс істелетінін естен шығармау керек.
Жұмысқа пайдаланылған заттарды ішінде дезинфекциялаушы сұйықтары (хлораминнің 1%, фенолдың 3%) бар ыдысқа салып қою керек. Металдан жасалған заттарды (инелерді, ілмешектерді, пинцетті) жұмыс жасап болғаннан соң спиртовка жалынына жақсылап қарып алады. Киімге немесе тұтынатын заттарға зерттелетін материалдар кездейсоқ тамып кетсе, ол жерді дезинфекциялаушы сұйықпен жақсылап өңдейді. Жұмыс біткеннен кейін қолды дезинфекциялаушы сұйықпен, артынан сабынмен жуып тастайды.
Бөлмені белгілі бір уақыт өткен соң дезинфекциялаушы ерітіндімен, ал боксты (микробтармен жұмыс істейтін бөлме) жұмыс жасап біткеннен кейін бактерицидтік шаммен 30 минуттай өңдеп алады.
Жалпы зертхананың зат жуғыш, автоклав, қоректік орта даярлайтын, термостаттар орналасқан, препараторлық, бокс-бөлме, виварий бөлмелері болуы керек.
Химиялық реактивтер және кейбір биологиялық препараттарды үй асты төлесінде немесе қабырғаға ойып жасалған қараңғы шкафқа орналастырады. Жыл маусымында ол бөлмелер құрғақ, температуралары бір-келкі тұрақты болғаны жөн.
Сабаққа зертхананы лаборант даярлайды, студент тапсырмаларды орындайды, олар келесі ережелерді сақтаулары тиіс:
1.Зертханаға сырт киіммен, бас киіммен, кіруге және басқа да бөтен заттар алып кіруге болмайды. .
2. Оқу жұмыстарына тек халат киіп кірісу керек.
3. Химиялық реактивтермен және бояғыштармен жұмыс істегенде, олардың қолдану тәртібін қатал сақтау керек.
4. Спирт пен эфир қосындысымен өте абай болу керек. Оларды оттық тұрған столға апармау керек.
5. Микроорганизмдер, әсіресе саңырауқұлақ споралары, өте аллергия туғызғыш болғаны үшін, олар тұрған Петри табақшалардың, колбалардың, пробиркалардың беті әрқашан жабық болуы керек.
6. Микроорганизм суспензиясын немесе реактивтерді пипетканың көмегімен алу кезінде, оның үшкір емес ұшы мақтамен тығындалғанына көз жеткізу керек.
7. Зертханада ұқыптылық пен тазалықты сақтау керек. Оқу жұмыстары аяқталған соң микроскоптың иммерсионды жерін жұмсақ матамен сүртіп, микроскопты полиэтиленді қапшықпен жауып, жұмыс орнын тазалап, қолды жуу керек.
8. Студенттер, өздері қолданған микроскопқа, құрал –жабдықтарға және жұмыс орнының тазалығына жауапты.
9. Оқу жұмыстары аяқталған уақытта, кезекші құралдардың тоқ көзінен ажыратылғанын, газдың, судың өшірілуін тексеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет