Рысбаева г. С


Қысым арқылы қанныққан бумен залалсыздандыру



бет9/26
Дата28.11.2023
өлшемі161,51 Kb.
#130810
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Қысым арқылы қанныққан бумен залалсыздандыру.
Мұндай залалсыздандыру жұмыстарын автоклавтарда жүргізеді. Автоклав – екі қабырғалы, металды, цилиндр тәрізді ыдыс. Қабырғалардың арасында су болады. Залалсыздандыратын объектіні автоклав түбіне қояды. Автоклавта будың қысымын көрсететін манометр және ауаның немесе будың шығуы үшін ағынды краны болады.
Автоклав газбен немесе электр тоғымен қыздырылады. Қайнау барысында түзілген бу саңылаулар арқылы автоклавтың ішіне өтеді және ағынды кран арқылы сыртқа шығарылады. Автоклав ішіндегі ауа толығымен ығысылып шыққанан соң, ағынды кранды жабады және автоклав ішінде қысым жоғарлайды. Қысымның көрсеткіші 1 атм жеткенде, қысымның деңгейін бір қалыпты сақтау үшін қыздыруды реттеп отырады. Мұндай қысым кезінде буының температурасы 120оС – қа тең болады.
Мұндай температурада қоректік орталарды 20-30 мин зылылсыздандырады. Залалсыздандыру кезінде тек микроорганизмдердің тек вегетативті клеткалары ғана емес, сонымен қатар бактериялардың споралары өледі. Залалсыздандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін автоклавты өшіреді, манометр стрелкасы нолге келгенде, ағынды кранды ашып, автоклавтағы буды шығарады (3-сурет).
Автоклавта суды, ет-пептонды бульонды, ашытқы автолизатын, агарды және басқа да орталарды залалсыздандырады.





1- залалсыздандыру камерасы; 2-ауа шығатын кран; 3- манометр; 4- сақтандырғыш клапан; 5- камера; 6- воронка; 7- саңылау (залалсыздандыру камерасына будың кіруі); 8- автоклав қақпағы; 9- залалсыздандыратын материалды орналастырату табаны.


Сурет 3. Автоклавтың құрылысы.




Ағынды бумен залалсыздандыру
Залалсыздандырудың мұндай түрі – кезектесіп өтеді. Ол залалсыздандыру уақытында құрамын өзгертетін қоректік орталар үшін арналған. Мұндай залалсыздандыру үшін Кох аппаратын пайдаланады. Кох аппараты – сырты изоляцияланған, темір цилиндрден тұрады. Цилиндрдің түбі екі қабаттан тұрады. Цилиндр түбіне су құйылады, судың бетінде бу өтетін саңылаулар бар металды пластинка болады. Осы пластинкаға қоректік орталарды орналастырады. Аппарат ішіндегі су электр тогы арқылы 100оС-қа дейін қыздырылады. Пайда болған бу пластинка саңылаулары арқылы өтіп, материалды залалсыздандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет