Рысбаева г. С



бет19/26
Дата28.11.2023
өлшемі161,51 Kb.
#130810
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Зертханалық сабақ №9.
Темекі жапырағынан каллусты алу


Жұмыстың мақсаты: Темекі жапырағынан каллусты алумен танысу және игеру
Құралдар мен жабдықтар: темекі өсімдігі, 6% хлорамин ерітіндісі, дистилді суы бар колбалар, каллусогенез индукциясы үшін қажетті залалсызданған қоректік ортасы бар Петри табақшасы.
Жұмыстың барысы:
1. Темекі жапырағын залалсыздайтын ерітіндіге 5 минут аралығына салып, 3 рет залалсызданған дистилді сумен жуу керек.
2. Залалсызданған скальпелмен енін 1см, ұзындығын 1,5-2 см паренхим қатысуымен жапырақ тамырларының орталарын кесу керек.
3. Экспланттарды қоректік ортаға салу керек.20-минуттан соң ултркүлгін сәулесін өшіріп, биофилтрді қосады. Ламинар-бокста жұмыс істеу үшін залалсызданған халат және бас киім кию керек, қолдарын 96% спиртпен сүртеді.Пинцеттерді (қысқыштарды) скалпельдерді және булы инелер 96% спирті бар стаканға салып қояды. Құралдарды пайдалану алдын спирт шамында күйдіріп алады.
Тапсырма
1. Ыдыстарды, қоректік ортаны, ауаны және т.б. залалсыздандыруға арналған құралдардың құрылысымен танысу.(Автоклав, кептіргіш шкаф, фильтрлер, бактерицидтік лампалар).
2. Залалсыздандыру үшін Петри табақшасын, пипетканы, шпательдерді даярлау.
3. Залалсыздандыру үшін эрленмейеровский колбасын даярлау, мақта тығынмен не қағаз салфеткамен жабу және байлау.
Зертханалық сабақ № 10.
Ламинарда залалсызданған өскіндерді культивирлеу барысындағы жұмыс техникасы


Жұмыстың мақсаты: Ламинарда залалсызданған өскіндерді культивирлеу барысындағы жұмыс техникасымен танысу және меңгеру.
Құралдар мен жабдықтар: ламинар-бокс, қоректік орталары бар пробиркалар, залалсызданған булы инелер, қысқыштар, скальпельдер, 96% спирт флаконы, спирт жалыны, мақта, хлораминнің 6%-ерітндісі, автоклавирленген дистилді суы бар колбалар, Петри табақшасы, бидай дәндері.
Жұмыс жасау барысы:
1) 10 дана бидай дәндерін таңдап алып, 5 минут бойына 6%-ерітіндісіне слады, одан соң залалсызданған дистилді сумен жуады.
2) Дәнді ламинар үстеліне атызын төмен қаратып орнықтыру керек.
3) Бір булы инемен дәнді ұстап тұрып, екіншісімен ұрықтың айналасындағы қабықшасын кесу керек.
4) Иненің бүйірлі бөлігінен ұрықты басыңқырап оны дәннен бөліп алу керек.
5) Ұрықты Петри табақшасына залалсызданған сумен бірге ендіру керек.(әркез пайдаланар алдында спиртпен өңдеп спирт жалынында күйдіріп отыру керек.
6) петри табқшаларын экспланттармен бірге 25±20С температурасындағы термостатқа каллусогенезді индукциялау үшін салу керек.
7) Шыққан нәтижені 2-4 аптадан соң сызба түрінде көрсету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет