Рысбаева г. С



бет22/26
Дата28.11.2023
өлшемі161,51 Kb.
#130810
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Зертханалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау БТ негіздері 1-курс

Ет-пептонды сорпа (ЕПС). Етті суға 1% пептон, 0,5% химиялық таза ас тұзын және 10% су (қайнатуға) қосады. Пептон ерігенге дейін қайнатады, сосын ыстық бульонда рН 7,3-7,5 орнатады. Бульон қосылғаннан кейін тағы да 15-20 минут қайнатады және қағаз фильтр арқылы фильтрлейді. Бульонды пробиркаларға бөліп құяды және 1200С температурада 15-20 минут стерилизациялайды.
Ет-пептонды агар (ЕПА). 1 л етті суға 10г пептон және 5 г ас тұзын алады да, 30 минут аралығында қайнатады, рН орнатады, фильтрлейді, архангельск агарының ең жақсы сорттарынан 30 г қосып, толық ерігенге дейін қыздырып, реакцияны тексереді. Мақта немесе марлі арқылы фильтрлеп, сосын тұнық тұнбаны колбаларға бөліп құйып 1200С температурада 15-20 минут стерилизациялайды.
Ет-пептонды желатин (ЕПЖ). 1 л ЕПБ-ға 100-150 г желатин қосады. Желатиннің еру температурасы ортаның құрамына байланысты: ортадағы концентрациясы 10% болғанда ол 240С балқиды; ал егер 15% болса – 250. жаз кезінде орталарды 15% желатин қосып дайындайды.
Жай қыздырумен желатин ерігеннен кейін ортаның әлсіз-щелочты реакциясын орнатады, 5 минут қайнатады, сосын 40-500С дейін мұздатады. Араластырылған, аз ғана суы бар жұмыртқа ақуызын суытылған желатинді ортаға құяды, жақсылап араластырады және тағы да қыздырады. Ақуыз тұнғаннан кейін орта түссізденеді. Оны ыстық күйінде қағаз фильтр арқылы фильтрлейді, пробиркаларға құйып 24 сағат сайын 30 минуттан 3 рет ортаны қыздырып, Кох қайнатқышында ағынды бумен стерильдейді.
Ашытқы орталар. Ашытқы автолизатын тығыз агарлы орталарда негізгі қоректік субстратты дайындау үшін қолданады. Нан және сыра ашытқылары 40-60% азоттық заттардан тұрады, және де өзіндікқорытуға септігін тигізетін ферменттерден тұрады. Ашытқы орталары жалпы азоттың аз болғанына қарамастан, жақсы өсімді қамтамасыз етеді.
Престельген ашытқыны кішігірім бөліктерге кеседі және бутыльдің 5/1 көлемін алатындай етіп автолизатты есептеп бутыльдарға салады ( 4 кг ашытқыны 20 л-лік бутыльға). Ашытқысы бар бутыльді 2 тәулікке термостатқа 600С температурада қояды. Ашытқының ашығанына байланысты бірдей қызу үшін бутыльді сілкілееп отырады (тәулігіне 1-2 рет). Автолиздің соңы ашытқылардың толық ашуымен аяқталады. Автолизаттың түсі қоңыр тартып және иісі жағымды болуы керек.
Егер процесс 580С төмен температурада өтетін болса, автолизаттың сапасы нашарлайды. Автолизат аяқталған соң бутыльға үш еселік көлемде жылы құбыр суын қосады (4 кг ашытқыға 16 л су). Араластырылған автолизатты автоклавқа қойып 1-1,3атм-да 30 минут стерильдейді. Тұндыру үшін бірнеше күнге қалдырады (5-7 күн).
Ашытқы суы. 50-100 г құрғақ ашытқыны 1 л суға араластырады, 10 минут қайнатады, қағаз фильтр арқылы фильтрлейді және ағынды бумен 30 минуттан 3 күн күнделікті стерильдейді.
Ашытқы экстракты. 1 кг престелген ашытқыларды 1 л суға араластырады, 1 сағат қайнатады, 3 рет қағаз фильтрмен фильтрлейді және 1150С 30 минут стерильдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет