Байланысты: Зертханалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау БТ негіздері 1-курс
Биотехнологиялық зертханаларды ұйымдастыру Микробиологиялық зертханадағы жұмыстың негізгі ережесі – жұмысты дұрыс ұйымдастырумен келесілерді есте ұстау керек:
Зертханаға адамды техника қауіпсіздігі бойынша инструктаждан өткен соң жібереді.
Барлығы медициналық халатта жұмыс істеуі керек. Халатсыз кіруге тиым салынған.
Зертханада темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды.
Жұмыс орны үлгідегідей реттілікте болуы керек, ал артық заттар арнайы орындарда тұрады. Столға өзге затты қоюға болмайды.
Күтпеген жерден биологиялық материал столға түскенде және т.б. бұл орынды дизинфицирлейтін ерітіндімен мұқият сүртеді.
Жұмыс нәтижесін жұмыс журналына жазу керек.
Жұмыс алдында және соңында қолды мұқият жуу керек.
Жуылмаған қолмен бетті сипауға болмайды.
Зерттелген материалға ауадан және ауыз қуысынан микрофлора түсетін болғандықтан артық қозғалып, сөйлемеу керек.
Жұмыс кезіндегі студенттер мен кезекшінің міндеті:
Кезекші оқу материалын қабылдап оны студенттерге таратады.
Жұмыс кезінде жұмыс орнын таза және жинақы ұстап, микроскопқа және өзге жабдықтарға мұқият қарау, жұмыстың кез келген этапында мұқият болуы керек, сөйлеспеу, жөтелмеу, қышынуға болмайды.
Барлық егіске (пробиркадағы, чашкадағы, колбадағы) жазу жазады, фамилияны, курс, егіс егілетін күн, стерилизациялануы.
Барлық қолданылған пипетка, жұғынды жасалған зат шынысы дезинфицирленетін ерітіндіге салынады.
Столда түсті карандаштар болуы тиіс. Дәптерге қажеттілерін жазамыз.
Студенттер мен кезекшілердің жұмысты аяқтағаннан кейінгі міндеттері.
Жұмыс орнын ретке келтіру.
Барлық пробирка, табақшадағы жасалған егісті кезекшіге тапсыру (Кезекші термостатқа қояды).
Қолданылған материалдарды кезекшіге залалсыздандыру үшін тапсыру.
Микроскопты ретке келтіру: салфеткамен иммерсиялық объективті майдан мұқият тазарту; объективті 8х-ға келтіріп, оның астына салфетка қойып, объективті жай қысып, заттық үстелшеге дейін сүрту және егер қажет болса, микроскопты шыны қалпақ астына шкафқа қою.
Қолды дезинфицирленген ерітіндімен сүртеді және сабындап мұқият жуады, материалдарды сақтау, залалсыздандыру мұғалімнің және лаборанттың келісімімен жасалады.