Рысбаева г. С



бет14/26
Дата28.11.2023
өлшемі161,51 Kb.
#130810
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Жұмысты жүргізу барысы: Өлшемдері бірдей 10 дәнді таңдап алып, сабын ерітіндісінде мұқият жуады, содан соң ағын суы астында шаяды. Дәкелі дорбаға салып, ламинар бокста 96% спиртке, одан соң 0,1 % - сулема немесе диацид ерітіндісіне 10-15 минутқа батырып қояды. Одан кейін дәнді залалсызданған дистильді судың 3-5 көлемінде жуып, жеңіл түрде құрғатады. Екі қабатты сүзгіш қағазы бар Петри табақшасына қысқыштың көмегімен 10 дәннен орнықтырады және 10-15 мл залалсызданған су қосып, қақпақтарын жабады. Петри табақшасында дайындалған объектілерді 25° - термостатта немесе 2-3 тәулік бойында бөлме жарығында өсіреді. Жұмысшы дәптерге залалсыздану процесінің сызбасын келтіріп, дәндерді залалсыздау үшін экспозициялар мен залалсызданатын агентті көрсету арқылы, 1 форма бойынша орындалатын кестені толтырады.
Кесте. Дәндерді залалсыздау әдістерінің сипаттамасы



Залалсыздау әдісі

Залалсызданатын зат

Концентрация % (мл)

Экспози
ция минут және секунд

Залалсыздау мақсаты

Залалсыздау алды













Залалсыздау













Залалсыздаудан кейін















Құралдар мен жабдықтар: күнбағыс дәні, горох дәні және фасоль дәні т.б залалсызданған Петри табақшасы, түбі мақтамен суландырылған немесе сүзгіш қағаздарымен жабылған сиымдылығы 300-500 мл конустық колба, су, (2 штук ) химиялық стакандар, гормонсыз МС қоректік ортасы бар пробиркалар.
Жұмысты жүргізу барысы: Өлшемі бірдей 10 ға жуық дәндерді таңдап алып, сабын ерітіндісінде жақсылап жуып алады, одан соң ағын сумен және дистильді сумен шаяды. Дәкелі дорбаға салып 1-2 минут аралығында 96% - спиртке батырады, одан кейін 0,1% - сулема ерітіндісімен немесе 3% -ті хлорамин ерітіндісіне 15 минут аралығында ұстайды. Ары қарай, 5-6 рет суды ауыстыра отырып залалсызданған дистильді суда жуады.
Ламинар бокста қысқыш көмегімен 10 дәннен залалсызданған колбадағы сулы мақтаға немесе сүзгіш қағазға орнықтырады, ұсақ дәндерді ( сәбіздің, табақтың). Залалсызданған суға әбден малынған сүзгіш қағазы бар Петри табақшасында өсіруге болады. Залалсызданған өскіндерді агарланған МС қоректік ортасында алу үшін бір пробиркаға бір бір дәннен орнықтырады. Дәндері бар пробиркаларды, колбаларды, Петри табақшаларын 25°С – температурасын ұстап тұратын термостатқа немесе жарық бөлмеде 5 күн бойына қояды.
Тапсырма
1. Ыдыстарды, қоректік ортаны, ауаны және т.б. залалсыздандыруға арналған құралдардың құрылысымен танысу.(Автоклав, кептіргіш шкаф, фильтрлер, бактерицидтік лампалар).
2. Залалсыздандыру үшін Петри табақшасын, пипетканы, шпательдерді даярлау.
7 зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет