Зертханалақ жұмыс № 2. Қоректік ортаны дайындау жолдары (ЕПА, ЕПС, ЕПЖ, СА).
Жұмыстың мақсаты: Микроорганизмдерді культивирлеуге қоректік орта дайындауды үйрету
Жалпы түсінік:Микробиологияның негізгі мақсаты қай субстратта болмасын ондағы микроорганизм санын табу. Бірақ субстраттағы микроорганизмді, жан-жақтылық табатын орта әлі жоқ. Неміс ғалымы Р.Кох ет сорпасы негізінде әмбебап ортаны ұсынды, онда органикалық азотқұрамды қосылысты пайдаланатын микроорганизмдер жақсы өседі.
Кейін микробиология практикасына С.И.Виноградский белгілі микроорганизм тобына арналған элективті немесе сайлаушы ортаны енгізді. Бұл орталарды тек таңдаулы микроорганизм өсетіндей, қатты шартты есеппен құрады. Элективті ортаның негізгі принципі – спецификалық жағдайда өсетін микроорганизмнің таңдаулы қажеттілігін есептеу. Микроорганизм сәйкес топтарының физиологиялық негіздерін біле отырып, ортаның тек химиялық құрамын сұрыптай қоймай, оның мынадай культивирлеу жағдайларын (ортаның активті қышқылы, аэрация жағдайы, температурасы және т.б. ) алуға болады. Мұндайда табиғи жағдайда тұратын экологиялық қуыстың зертханалық имитациясы пайда болады. Элективті орта – алдын ала ортаны залалсыздандырылмай-ақ зертханаларда және өндірісте биологиялық ортаны іске асыра алады. Элективті ортаға мысал ретінде азотфиксаторы мен нитроиндикатор бөлу үшін және олардың жинақтаушы культурасын алуға қолданады.
Жинақтаушы орта Голландия ғалымы М. Бейеринкоммен ұсынылған. Мұнда оны қандай микроорганизм немесе микроорганизм тобы қолданатынын білу үшін зерттеушіні қызықтыратын орта компоненті артығымен қолданды. Өйткені ол немесе олар осы ортада доминирленеді.
Құрамына қарай орта – табиғи (натуралды), синтетикалық болып 2 топқа бөлінеді.
Табиғилық деп – күрделі, анықталмаған химиялық құрамды мал азығынан немесе өсу тегінен тұрады. Бұл өсімдіктің әр түрлі бөліктері жануар талшықтары, солод, ашытқы, көң, топырақ, теңіз суы, өзен және минерал көздері. Бұларды көбінесе тұнба немесе экстракт ретінде пайдаланады. Микроорганизмдердің көбі табиғи жағдайда жақсы өсіп-өнеді, өйткені онда өсу үшін қажет компоненттері бар. Бірақ анықталмаған құрамды орта микроорганизмнің заталмасу физиологиясын зерттеуге жарамсыз, өйткені ол орта компонентінің бір қатарын пайдаланатынын ескермейді, және де микроорганизмдердің қандай зат құрайтынын білу керек. Бұл кемшіліктер табиғи ортаның құрамының өте күрделі болғандығынан және тұрақсыздығына, өйткені азық түріне қарай және дайындау әдісіне байланысты қарай ауытқиды. Бұл микроорганизмдердің өсуіне әсер етеді. Табиғи орталарды негізінен микроорганизмнің культурасын қолдауда жинақтауының биомассасына және диагностикалық мақсатында қолданады.
Синтетикалық – деп құрамына белгілі таза химиялық қосылыстардың нақты берілген концентрациясы кіретін ортаны айтады. Құрамына қарай: жай және күрделі болып 2-ге бөлінеді. Оларды микроорганизмдердің заталмасуын зерттеуде пайдаланады.
Жартылай синтетикалық орта болады, олар анықталмаған құрамды ортаға жатады. Оларға белгілі химиялық табиғаты қосылыстарымен қатар құрамы анықталмаған заттар кіреді. Мысалы етті сорпаға күрделі және химиялық құрамы анықталмаған заттармен бірге пептон, глюкоза немесе сахароза, тұз, калий фосфаты кіруі мүмкін. Картопты орта глюкоза мен пептоннан тұруы мүмкін. Жартылай синтетикалық ортаны микробиологиялық практикада витамин, антибиотик, аминокислот және де басқа микроорганизмдерге керекті азықтарды алуға кеңінен пайдаланады.
Қоректік орта әр түрлі консистенцияда болуы мүмкін: сұйық, тығыз, жартылай сұйық.
Тығыз қоректік ортаны, бактерияның санын білуде, таза культураның бөлінуінде және де т.б. мақсаттарда пайдаланады. Мұндай ортаны 1,5 – 2,5% агар немесе 10-15% желатин қосылған сұйықтан дайындайды.
Агар – бұл өсіретін коллоид. Оларды кейбір теңіз балдырларынан алады. Оның құрамына полисахаридтер, өте аз мөлшерде азоттық заттар кіреді. Агарды пластинка түрде, ұнтақ және көбі оны субстрат түрде қолданбайды, сондықтан агар инертті тығыздау ортасы ретінде қолайлы. Агардың еру температурасы – 1000С, қатуы – 400С.
Желатина – азотқұрамды қышқыл зат, оны сүйекті, шеміршекті, балық қабыршағын қайнату арқылы алады. Желатиннің еру температурасы (22-250С) көптеген микроорганизмдердің инкубация температурасынан төмен (30-370С).
Тығыз қоректік орта болып С.Н. Виноградскийдің микробиология практикасына енгізілген гельдік пластиналар жатады. Азоттық органикалық пішінін меңгерген микроорганизмдерді өсіру үшін етті-пептон ортасын қолданады: етті-пептонды сорпа, етті-пептонды агар және етті – пептонды желатин.