Құрмалас сөйлемді оқыту



бет10/15
Дата25.11.2023
өлшемі2,03 Mb.
#125753
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
9-дәріс- Дәріс Құрмалас сөйлемді оқыту

Ізденімдік тапсырмалар орындатудағы іздену, зерттеу, байқау, анықтау, тану, орындаудың өзі – оқушылар үшін жаңалық. Ал жаңалық ашу – шығармашылыққа келіп саятын үрдіс. Ізденудің жолдары мен тәсілдерін меңгерумен қатар сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс істеуге, интернеттен ақпараттар ала білуге, электронды поштамен жұмыс істеуге, газет, журналдардан, көркем әдебиеттерден ақпараттар іздеуге төселеді және кітапхана жүйесімен танысады. Осындай көп еңбектің нәтижесі оқушы - субъект зерттеуші, ізденімпаз жеке тұлғаны дамытады.

  • Ізденімдік тапсырмалар орындатудағы іздену, зерттеу, байқау, анықтау, тану, орындаудың өзі – оқушылар үшін жаңалық. Ал жаңалық ашу – шығармашылыққа келіп саятын үрдіс. Ізденудің жолдары мен тәсілдерін меңгерумен қатар сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс істеуге, интернеттен ақпараттар ала білуге, электронды поштамен жұмыс істеуге, газет, журналдардан, көркем әдебиеттерден ақпараттар іздеуге төселеді және кітапхана жүйесімен танысады. Осындай көп еңбектің нәтижесі оқушы - субъект зерттеуші, ізденімпаз жеке тұлғаны дамытады.

1-тапсырма. Көркем әдебиеттерден құрмалас сөйлемдердің барлық түріне бір-бір мысалдар теріп жазыңдар. 2-тапсырма. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы деректер жинап, реферат жазып, оны қорғауға дайындаңдар. 3-тапсырма. Еліміздің экономикасы жөніндегі ақпараттарды жинақтап, өз шеберліктеріңмен мақала жазыңдар. Оны мектеп басылымына дайындаңдар.

4-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, тұздау, қақтау, сүрлеу, ыстау, ішекке тығу, үйту, шуда жіп, жер ошақ, аспа, шағыр, жусан, сексеуіл, жыңғыл, ұша сөздерінің мәнін сөздіктердің, энциклопедия көмегімен анықтап, түсінік-анықтамалар жазыңдар. 5-тапсырма. Берілген «Ұлың өсіп ер жетер, қызың өсіп бой жетер» мәтінін оқып шығып, жас балалардың үлкендер алдында өзін-өзі ұстауының тағы қандай шарттарын атауға болады? Қосымша материалдардан ізденіп, осы тақырыпқа шығарма жазыңдар. Сөйлемдеріңнің дені құрмалас сөйлемге құрылсын. Мақсаты – оқушының өзіндік пікірін, көзқарасын, ұсынысын, айтар ойын ашық, дәл жеткізу деңгейін дамыту. Нәтижесінде тапсырманы сәтті орындаған оқушы өзін қоғамда, өмірден алар орны бар жеке тұлға ретінде сезінеді. Білімі тереңдеп, сабақта шығармашылық үрдіс қалыптасады. Бұл тараушада шығармашылықты көздейтін дидактикалық ойындардың да мазмұны, оларды іріктеу белгілері мен ойын түрлері сөз болды. Дидактикалық ойындар оқушылардың шығармашылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыруға, тілдік қарым-қатынасқа түсуіне негізделеді. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуге негізделген дидактикалық ойындар үш түрге бөлініп іріктеліп, қарастырылды: тапқырлық, іскерлік, рөлдік.

  • 4-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, тұздау, қақтау, сүрлеу, ыстау, ішекке тығу, үйту, шуда жіп, жер ошақ, аспа, шағыр, жусан, сексеуіл, жыңғыл, ұша сөздерінің мәнін сөздіктердің, энциклопедия көмегімен анықтап, түсінік-анықтамалар жазыңдар. 5-тапсырма. Берілген «Ұлың өсіп ер жетер, қызың өсіп бой жетер» мәтінін оқып шығып, жас балалардың үлкендер алдында өзін-өзі ұстауының тағы қандай шарттарын атауға болады? Қосымша материалдардан ізденіп, осы тақырыпқа шығарма жазыңдар. Сөйлемдеріңнің дені құрмалас сөйлемге құрылсын. Мақсаты – оқушының өзіндік пікірін, көзқарасын, ұсынысын, айтар ойын ашық, дәл жеткізу деңгейін дамыту. Нәтижесінде тапсырманы сәтті орындаған оқушы өзін қоғамда, өмірден алар орны бар жеке тұлға ретінде сезінеді. Білімі тереңдеп, сабақта шығармашылық үрдіс қалыптасады. Бұл тараушада шығармашылықты көздейтін дидактикалық ойындардың да мазмұны, оларды іріктеу белгілері мен ойын түрлері сөз болды. Дидактикалық ойындар оқушылардың шығармашылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыруға, тілдік қарым-қатынасқа түсуіне негізделеді. Құрмалас сөйлемдерді оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеуге негізделген дидактикалық ойындар үш түрге бөлініп іріктеліп, қарастырылды: тапқырлық, іскерлік, рөлдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет