Тапқырлық ойындар – оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастырады. Тапқырлық ойындардың негізгі ерекшелігі: берілген әр сұраққа бір дұрыс жауап, бір бұрыс жауаптан беріледі. Оқушылар дұрыс жауапты табу барысында талдау, жинақтау, ойлау әрекеттерін жүзеге асырады. Үлгісі: Ойынның ережесі: Тақтада кейбір сөздері түсіріліп тасталған өлең беріледі. Көп нүктенің орнына өз талғамымен оқушы сөздерді ұйқастыра қояды. Өлеңге лайықталған бірнеше дұрыс нұсқа мен бірнеше бұрыс нұсқа араластырыла көрсетіледі. Оқушы ұйқасады деген сөзді мағынасына қарай өзі таңдайды. Ойынға 5 минут уақыт беріледі, жылдамдық танытуы қажет.

1-әрекет. Көп нүктенің орнына өз талғамыңмен сөздер қойып ұйқастыр. Хан емессің... Қалың елді... Ұры-қары зұлымның, Теріңе зорға сыйыпсың. Бәрін өзің... Жанға жауап бермейтін... Дүниені жұтса тоймайтын, Қиял мінез... Түпсіз жатқан... Керекті сөздер: қыңырсың, қисықсың, ылаңсың, жылатып, ұрысып, қырыпсың,қараттың, жиыпсың, ұйытып, қараусың, қызықсың, бұзықсың, құдықсың. 2-әрекет. Құралған өлең жолдарын бұзып, құрмаластың қай түрін жасауға болады? Ойынның тиімділігі: оқушылар ойын еркін дәлелдеп, сыныптастарының алдында өзін ұстай білуге дағдыланады. Өзін-өзі дамытуға, іс-әрекетті шығармашылықпен игеруге машықтанады, жаңалық ашуға бейімделеді. Ойынның маңызы: құрмалас сөйлемдер синтаксисінен алған теориялық білімді шығармашылықпен ұштастыру қабілеті дамиды. Алдыңғы жаттығулардың жетістігі шығармашылық тапсырмаларды орындауда көрінеді. Теориялық танымның шығармашылықпен байланысты екендігі дәлелденеді.