Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата06.03.2017
өлшемі15,29 Mb.
#7839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

41

әлем қа


зақт

ары сыр шер

теді

ермегім домбыра болды. Әуелі 



жәйлап  халық  әндерін  тартып 

үйрендім,  содан  осы  күйшілік 

жолға 

түстім. 


Ешкімнің 

көмегінсіз,  біртіндеп  күйші 

болып  кеттім.  Болашағымды 

дөп  басып  айтқан  Құсайын 

бақсының  көріпкелдігі  әлі 

күнге таңғалдырады.



– Жетінші сыныптан кейін 

неге  оқымадыңыз,  оған  не  се-

беп болды?

 – Әрі  қарай оқуыма да  бо-

лушы  еді.  1959    жылы  Ұлан-

батырда  моңғол  жастарының 

өнер фестивалі болып, мен соған 

Құсайын  бақсы  жасап  берген 

домбырамен    қатысып,  алтын 

медаль  алдым.  Содан  жазда 

театрға  жұмысқа  шақырылып, 

көркем  өнерпаздар  қатарына 

қабылданып,    жұмыс  істеп 

кеттім.  Мектеппен  осылайша 

қош айтыстым.

–  Сіз  домбыраны  өз 

білгеніңізбен  үйреніп  баста-

дыңыз, ал театрға келген соң, 

белгілі  бір  ұстаздан  тәлім 

алған  шығарсыз,  сол  жайлы 

айтып өтсеңіз?

–  «Көре-көре  көсем  бола-

сың,  сөйлей-сөйлей  шешен 

боласың»,  -  дейді  халық.  Сол 

сияқты  тарта-тарта  домбыра-

шы  болады  екенсің.  Дегенмен,  

театрға  кіргенен  кейін,  бәрі 

өзгерді.  Мен  енді  белгілі  бір 

жүйемен әрі қарай шеберлігімді 

шыңдадым.  Нота  білмеуші 

едім, оны да үйрендім. Көптеген 

ұстаздардан  үлгі-өнеге  алдым. 

Күйшіліктің  қыр-сырын  терең 

білуімізге көп көмегін тигізген 

Қазақстаннан  барған  белгілі 

музыканттар Алдаберген Мыр-

забеков,  Ғабиболла  Тастанов  

сияқты ағалар болды. Олар бізді  

арнайы өнерге баулыды. Күйші 

болуыма, өнерімді шыңдауыма 

көп көмегі тиді.    

–  Қазір құрметті демалы-

стасыз,  ал  сонда  ол  театрда 

қанша жыл қызмет істедіңіз?

–  Күндер  күлімдеп,  ай-

лар  аяңдап,  жылдар  жылжып, 

уақыт шіркін ескен желдей зы-

мырап  өте  береді  екен.  Театр 

қабырғасында табаны күректей 

қырық  алты  жыл  жұмыс 

істеппін.  Яғни,    1959  жыл-

дан  2005  жылға  дейін  сахнада 

жүріппін. Қазір, өзің айтпақшы,  

құрметті демалыстамын.

–  Ұзақ  жылдар  бір  театр-

да  жұмыс  істеу  айтуға  ғана 

оңай. Осы жылдар аралығын-

да  жеткен  жетістіктеріңіз 

жайлы айтып өтсеңіз?

–  Жалпы,  мен  қазақтың 

қаймағы  бұзылмаған  күйшілік 

өнеріне  тамшыдай  болса  да  өз 

үлесімді қоса алған болсам,  ең 

үлкен жетістігім сол деп ойлай-

мын. Ал түрлі фестивальдардан 

алған  марапаттарым  біршама 

мол; оларды менің жеке басыма 

емес, өнерге берілген  баға  деп 

білемін. Монғолияның: «Алтын 

жұлдыз»,  «Еңбек  қызыл  ту» 

ордендерін алдым. Монғолияда 

екінің  біріне  бұйырмайтын, 

оны таққан адамды төресіндей 

көріп,  ерекше  құрметтейтін 

«Шыңғысханның  бостандық 

орденін»  де  өңіріме  тақтым. 

Театрда  жұмыс  істеп  жүріп, 

шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық ет-

кен  де  кездерім  болған.  Ұстаз  

ретінде де көптеген сыйлықтар 

алдым.

–    «Шәкіртсіз  ұстаз  тұл» 

деген  қанатты  сөз  бар, 

өнер 

жолындағы 

ізбасар 

шәкірттеріңіз жайлы айтып 

өтсеңіз?

–  Тау  суындай  мөлдір, 

таза  домбыраның  күмбірімен 

он  саусақ  пен  қос  ішекті 

үйлестіріп, төл өнерді насихат-

таушы  шәкірттерім  же-терлік. 

Мысалы,  мектепте  домбыраны 

ерекше  бір  ынтамен  үйренген  

Амангелді  Тоқтасынұлы  де-

ген  шәкіртім  бар.  Қазірде  де  

Моңғолияда  тұрады;  домбыра-

да өте шебер ойнайды, талант-

ты  күйші.  Әлі  күнге  дейін  ал-

дымнан қия өтпейді. Моңғолия 

жерінде, жалпы, өнерге қолдау 

жақсы. Жыл сайын «Үкілі дом-

быра»,  «Керейдің  қара  домбы-

расы»,  «Ата-бабадан  ұрпағына 

қалған  домбыра»,  -  деген 

бірнеше  конкурстар  өткізіліп 

тұрады.  Осылардан  оза  ша-

уып,  бәйге  алған  көптеген 

шәкірттерім  бар.  Дегенмен 

басқа  шәкірттерім  –  бір  төбе, 

Бағжан  деген  шәкіртім  –  бір 

төбе. Бағжан кішентай  кезінде  

аурушаң  болыпты.  Аяқ  асты-

нан  талып    қала    береді    екен. 

Бір  күні әкесі  Сұлтанхан  үйге 

келіп:  «Өнерлі    өрге    жүзер 

демеуші  ме  еді;  менің  балама 

домбыра  үйрет.  Бірақ  шаршат-

па,  қатты  ұрыспа;  жалықты-

рып  алмай,  қызығушылығын 

оят»,-  деп  қолқа  салды.  Мен 

келістім.  Бағжан  ол  кезде 

бесінші  сынып  оқитын  аюдың 

қонжығындай  ғана  домалақ 

қара бала. Жазғы демалыс кезі 

болатын,  екі  айда  кәдімгідей 

қолы  жаттығып,  шәкіртің 

қайсы десе ұялмай  көрсететін 

дәрежеге  жетті.  Содан  күйдің 

құдіреті  мен  қасиетінен  болар, 



42

алтын бесік - жер жүзі

Бағжанның  талмасы  өз-өзінен 

жоқ  болды.    Қазір  Бағжан  да 

–  тамаша  күйші,  өзіндік  ой-

нау  мәнері  қалыптасқан;  ізімді 

жалғаушылардың бірі.

– Жеке шығармашылығыңыз 

қай кезден бастау алды, қазір 

репертуарыңыздағы    төл 

шығармаларыңыздың 

саны 

қанша?

–  Қазақтың  күйшілік  өнері 

кешегі  Құрманғазылардан  бас-

тау  алып,  үзілмей  жалғасып,  

бізге  дейін  жетті.  Және  бізден 

кейін  де  заманға  сай  дамып, 

жетіле бермек. Өнердің  өлмесі 

анық.  Өзім  1961жылдан  күй 

шығара  бастадым.  Негізінен,  

мен  күйді  қуанғанда,    немесе,  

мұңайғанда  ғана  шығарамын. 

Көбінше  күйлерім  мұңға  толы 

болып келеді.

–  Күйлеріңіздің    белгілі 

бір  уақиғаларға  байланысты 

шығарылғандары бар ма,  бол-

са  олардың    шығу  тарихына 

тоқталсаңыз...

-  Менің  анамның  әкемнен 

бұрынғы  бірінші  күйеуінен 

Шоқанбай деген баласы болған. 

Қырдағы  ауылдардың  бірінде 

тұратын. Сол ағам мен  жеңгем 

екеуі бір жылда қайтыс болып,  

төрт баласы жетім қалды. Күйді 

алғаш рет осы кезде  шығардым.  

Балалары  Шоқанбай  ағаның 

шаңырағын  қайта  көтерер,  

жаққан  отын  сөндірмес  деген 

ниетпен  ол  күйді    «Арман» 

деп  атадым.  Біреудің  баласы 

серке  болады,  біреудің  бала-

сы  ерке  болады.  Біздің  сипап 

бергеніміз, әке-шешесінің ұрып 

бергеніне де тең келмейді екен. 

Қанша  бауырға  бассақ  та  ба-

лалары  бізден    шеттеп  жүреді. 

Осыларға  арнап  «Балдырған» 

деп күй шығардым. Бірге туған 

жалғыз  әпкем  қайтыс  болды, 

сол  кісіге  арнап  «Сағындым» 

деген  күй  шығардым.  Жезде-

ме  «Жұбату»  деген    күй  ар-

надым.  Біреудің  туысы  көп 

болады,  біреудің  туысы  шөп 

болады.  Жоғары  тұрса  көре 

алмайды,  аз  болып  қалса  бере 

алмайды. Осылар жайлы ойла-

на келіп «Ағайын»  деген  күй 

шығардым. Шығармашылығым 

осындай  уақиғалардан  бастау 

алып, тау бұлағындай  жалғасын 

тапты.  Ұзын  саны  елуге  жуық 

күйім бар қоржынымда.

–    Қазақ  халқы  өнерге 

бай  екені  белгілі.  Халықтық 

күйлерден  біз  естімеген, 

білмегендері 

болса 

айта 

отырсаңыз...

–  Моңғолияда,  негізінен,  

орта  жүздің  белді  руы  -  ке-

рейлер  көп  қоныстанған.  Сол 

керейлердің  арасына  кеңінен 

танылған «Қос келіншек» деген 

күй  бар.  Бұдан  басқа  тағы  да 

«Өрелі кер», «Аққу көлі» деген 

тамаша күйлер бар.

–  Естімеген  елде  көп, 

ол  күйдің  неліктен  «Қос 

келіншек» 

аталғанын 

білмейсіз бе?

 

–  Күйді  тартқан  соң  оның 



тарихын  білмеу,  мың  жерден 

тамаша  орындаушы  болса  да, 

күйшіге сын болары анық. «Қос 

келіншектің»  қысқаша  тарихы 

мынадай:  Бір  бай  жасы  келіп, 

егде тартқан шағында егіз ұлды 

болыпты.  Өзі  бай,  енді    егіз 

ұлды  болған  соң,  ол  екеуіне 

егіз  қыз  алып  берсем  деп  ар-

мандайды  екен.  Ақыры  арма-

ны орындалып, бай егіз ұлына 

егіз  қыз  алып  беріпті.  Егіз 

отауға түскен жас келіндер ата-

енесінің  көңілін  тауып,  ауылға 

сыйлы  болыпты.  Отаулары-

нан  той-думан  кетпейді  екен. 

Екі  келіншектің  сұлулығына, 

кербездігіне,  адамгершілігіне 

қарай осы «Қос келіншек» күйі  

дүниеге келіпті.



–  Бұл  күйлерді  Қазақстан-

дағы  қазіргі  жас  күйшілер 

орындап жүр ме?

–  Атамекенге  енді  ғана 

келдім.  Сондықтан  ол  жағын 

анық  білмеймін...  Мүмкін, 

алдағы 

уақытта 


еститін 

шығармын. 



– 

Атамекенге 

қашан 

қоныс аудардыңыз;  қазір қай 

жерде    тұрып  жатырсыз?!  

Отбасыңыз  жайлы  да    айта 

кетсеңіз...

– «Туған елдей – ел болмас, 

туған жердей – жер болмас», - 

демей ме қазақ атам. Өзіміздің 

кіндік  қанымыз  тамбаса  да, 

бабаларымыздың    өсіп-өнеген 

жері  болған  соң  Атамекенге 

әрқашан  да  бүйрегің  бұрып 

тұрады . Сол себепті былтырғы 

жылы  атажұртқа  қоныс  ау-

дардым.  Қазір  Павлодарда 

тұрып  жатырмын.  Отбасым-

да әйелім мен сегіз балам бар. 

Бір қызымнан басқа балаларым  

осында.  Бәрі  де  ел  қатарлы 

еңбек етіп жүр.



–  Әңгімеңізге  рахмет, 

шығармашылығыңыз 

шың-

дала берсін!..

Қуаныш ӘЛІМБЕРДІ

43

емделГіҢіз келсе 

есіГіміз аШЫҚ

Ершат Ахметұлы Қытайдың Шынжаң өлкесі Үрімжі 

қаласында дүниеге келген. Шынжаң Медицина университетін 

хирургиялық урология мамандығы бойынша бітірген. Қытай 

Медицина қауымдастығының, Шынжаң урологиялық хиругия 

қауымдастығының мүшесі. Жоғары санатты дәрігер.

-  ершат  ахметұлы,  сіз  Қытай 

елінің  дамыған  медицинасын  көріп, 

біліп  келдіңіз.  Қазақстанның  қазіргі 

медицинасына қандай баға бересіз?

Қытай 



мен 

Қазақстанның 

медицинасын 

салыстыруға 

мүлдем 

келмейді.  Бұлай  деуім  –  қазақ  елінің 



медицинасы дамымай жатыр дегенім емес. 

Айтпағым – екі елдің тұрмыс деңгейі мен 

халқының хал-ахуалы ұқсамайды. 

-  аға,  сәл  тартынып  отырған 

сияқтысыз;  айтпақ  ойыңызды  еш 

бүкпесіз әңгімелей беріңіз...

  

-  Мен  Қазақстанға  келгелі 



біраз  жыл  болды.  Сондағы  байқағаным 

–  күнделікті  ақпарат  құралдарына  үңіле 

қалсаңыз жай халық дәрігерлердің үстінен 

өте  көп  шағымданып  жатады.  Әрине, 

кейде  науқастың  дертінен  айыға  алмауы 

дәрігердің  жіберген  ағаттығынан  болуы 

әбден  мүмкін.  Алайда,  көп  жағдайларда 

оған  жұртшылықтың  өзі  себепші  болып 

жатады. Мәселен, Қытайда медициналық 

көмек  ақылы  түрде  беріледі.  Соған 

қарамастан,  қытайлар  кішігірім  тұмау 

белгілері  байқалса  да  бірден  дәрігердің 

көмегіне жүгінеді. Ал біздің Қазақстанда 

дәрігерге  қаралу  –  тегін.  Алайда,  қазақ 

сырқаты  сыр  бергеніне  қарамастан 

емделмей  жүре  береді  де,  орнынан  тұра 

алмай  қалған  сәтте  ғана  дәрігер  іздейді. 

Оған  дейін  өздерін  өздері  емдеп  көреді, 

болмаса,  бақсы,  емшілерге  барады. 

Ойлап  көріңізші,  әбден  ауру  дендеген 

адамды сауықтыру оңай ма, науқас белгісі 

енді  ғана  байқалған  адамды  ауыруынан 

айықтыру  оңай  ма?!  Сол  үшін  мен  тек 

қана  дәрігерлерді  кінәлай  бергенді  де 

жөн  деп  есептемеймін.  Негізі  Қазақстан 

медицинасының бүгінгі таңдағы беталысы 

жаман емес. 

-  сіз  өз  әріптестеріңізді  қатты 

қорғаштайтын көрінесіз?

-  Әрине,  қорғаштаймын.  Өйткені 

қорғаштауға  тиісті  болып  отыр.  Себебі, 

дәрігерлік  мамандық  –  талабы  өте 

ауыр,  жауапкершілігі  өте  жоғары  кәсіп. 

Соған  қарамастан  Қазақстанда  осы  сала 

мамандарының  жалақы  мәселесі  де, 

баспана  мәселесі  де  көңіл  көншітпейді 

екен.  Дәрігер  ота  жасау  барысында  сол 

адамның  өмірін  сақтап  қалудан  басқа 

ешнәрсе  ойламауы  қажет.  Яғни,  дәрігер 

өзгенің  өмірін    ойлауы  үшін  өз  өмірі 

толық  қамтамасыз  етілген  болуы  керек. 

Қытай  елінде  ол  жағы  толық  шешілген. 

Ондағы мамандар баспана мәселесіне бас 

қатырып жатпайды...



-  Қытайдағы  жұмыс  орныңыз 

туралы да айта отырсаңыз?

  

-  Мен  1965  жылы  Қытайдың 



Үрімжі  қаласында  дүниеге  келгенмін. 

Балабақшадан  бастап  қытай  тілінде 

тәлім  алдым.  Толық  ортаны  тәмамдаған 

соң  1984  жылы  Шынжаң  Медицина 

университіне  түсіп  оқыдым.  1989 

жылы  осы  оқу  орнын  бітірген  бойда 

медициналық университеттің жанындағы 

№  1  клиникалық  ауруханасында  өз 

мамандығым  бойынша  хирургиялық 

урология  бөлімінде  еңбек  жолымды 

бастадым. Қазақстанға ат басын бұрғанға 

дейін  сонда  хирургиялық  урология 

бөлімінің  бас  дәрігері  болып  қызмет 

атқардым.  Сонымен  қоса,  медицина 

университінің  студенттеріне  өз  салам 

бойынша  сабақ  бердім.  Аллаға  шүкір, 

қазіргі  таңда  шәкірттерімнің  көбі  білікті 

маманға  айналды.  Клиникалық  урология 

және  андрологиямен  айналысқаныма  да 

22 жылдан асып барады.



- Оқырман қауымға түсінікті болуы 

үшін  өзіңіздің  жұмыс  ауқымыңызды 

анығырақ айтып кетсеңіз?

Мен 



хирургиялық 

урология 

саласындағы  жазылуы  қиын,  күрделі 

және  созылмалы  ауруларды  емдеу, 

анықтау  барысында  көптеген  тәжірибе 

жинақтадым. 

Мәселен, 

бүйректі 

алмастыру, 

қуықты 


кесу, 

қуықты 


ауыстырып  салу  отасы,  бүйрек  обырын 

радикалды емдеу, простат обырын толық 

емдеу,  бүйрек  безінің  әртүрлі  ісігін  кесу, 

қуық  жолындағы  мүйізденген  тастарды 

алу,  жыныс  мүшелерінің  пластикасын  

реттеу  және  қайта  қалпына  келтіру, 

урологиялық  жүйедегі  ісіктер  мен 

тастарды  инвазиялық  әдісті  қолдана 

отырып  хирургиялық  жолмен  дауалауды 

толық  меңгердім.  Және  еркектік  без 

ауруларын  емдеу  мен  жыныс  мүшесінің 

қалыптан  тыс,  немесе,  дұрыс  емес  түрін 

қайта  қалпына  келтіру,  пластикасын 

емдеу  саласындағы  жетістігім  де  жаман 

емес.  Мақтанып  айтар  болсам,  өзімді 

Қытай  еліндегі  осы  саланың  мықты 

мамандарының қатарына қоя аламын.  

43


44

алтын бесік - жер жүзі



- атамакенге келген бойда ат басын қайда тіредіңіз?

- Шетте жүрген қандастарымыздың көбінің құлағына Алматы 

есімі өте таныс. Ару қала Алматыны көру – әрбір қазақ баласының 

арманы. Мен де сол қазақтың бірі болған соң атамакенге беталған 

бойда Алматыны аңсадым. Арман қалаға келген соң қол қусырып 

қарап жатпайын деп қазақстандық медицинаның жай-күйіне көз 

сала бастадым. Ең алдымен Алматы қалалық № 12 клиникалық 

ауруханасына  барып,  ондағы  хирургиялық  урология  бөлімінің 

жұмыс жайымен таныстым.  Сосын өзімнің Қазақстанға ауадай 

қажет маман екенімді байқадым да, сондағы бір азаматтың жол 

көрсетуімен Республика көлеміндегі айтулы емханалардың бірі 

–  Сызғанов  атындағы  Ұлттық  ғылыми  хирургия  орталығына 

бардым.


- Ондағылар сізді қалай қарсы алды? 

-  Менің  келгеніме  ондағы  әріптестерім  қуанбаса  қызғанған 

жоқ  деп  ойлаймын.  Хирургиялық  урология  Қытай  елінде  өте 

жақсы  дамыған.  Мен  қазақстанға  келген  жылдары  бүйрек, 

бауыр, қуық алмастыру отасы бұл жақта жаңадан қолға алынып 

жатыр  екен.  Анығырақ  айтқанда,  толық  кемелдене  қоймаған 

еді. Міне, арада біраз жылдар өтті, Қазақстанның ол жағындағы 

жетістігін  ауыз  толтырып  айтуға  болады.  Осы  аралықта,  яғни, 

2007  жылы  Қазақстанның  хирургиялық  урология  саласында 

еңбек  етіп  жүрген  мамандарының  бірнешеуін  Қытайға  бастап 

барып, Бейжіңдегі аурухананың бірінде жасалып жатқан бүйрек 

ауыстыру,  отасына  қатыстырып  қайттым.  Менің  ойымша  бұл 

сапарымыз  Қазақстан  медицинасының  алға  басуына  өзіндік 

үлесін қосты деп ойлаймын. 



- Қазіргі таңда біздің мамандарымыз осы саланы толық 

меңгеріп кете алды ма?

- Әрине, меңгерді. Осы арада тағы бір айта кететін мәселе, 

Қазақстандағы донор жетіспеушілігі бұл саланың ілгері басуына 

біршама кедергі болып отыр. 



- Өзіңіздің дербес емхана ашуыңызға не себеп болды?

- Менің мемлекет қарамағындағы ауруханарда жұмыс істегім 

келгені рас. Алайда, орайы келмеді.

- неге?

-  Менің  дербес  аурухана  ашуыма  түрткі  болған  –    құжат 

мәселесі.  Басында  мен  Қытайдан  біржолата  қол  үзе  алмадым. 

Ара-тұра  Үрімжіге  барып  өзім  істеп  кеткен    №1  клиникалық 

ауруханадағы оталарға қатысуыма тура келді. Онсыз болмайтын 

еді.  Сол  себепті  мен  келген  бойда  Қазақстан  азаматтығын 

алмадым.  Кейін  тәуекелге  бел  байлап  Қазақстан  азматтығын 

қабылдаған  тұста  мені  қолдап-қоштап  келген  бастығымыз 

ауысып  кетті.  Мен  құжат  жасату  үшін  екі  жылдан  астам 

уақытымды сарып етіппін. Оған дейін біраз өзгерістерді бастан 

өткердім. Сөздің шынына келер болсақ, бастық алмасқан сайын 

өзгеріске түсіп отырғанша өзімше дербес аурухана ашқан жайым 

бар. Бірақ, әлі де болса мемлекет қарамағындағы емханалардан 

қол үзгім келмейді. 



-  Бұған  дейін  қандастарымыздың  біразы  бүйрек,  жүрек 

алмастыру отасын жасату үшін шекара асатын...

 - Аллаға шүкір, қазіргі таңда бүйрек, жүрек алмастыру отасы 

өз елімізде де сәтті жасалып жатыр. Сол үшін шекара асып ем 

іздеудің ауылы алыстап келеді деп айтуға толық мүмкіндік бар. 

Десе  де,  үлкен  оталарды  жасау  бір-екі  адамның  ғана  қолынан 

келмейді.  Кемінде  үш-төрт  білікті  маман  тізе  қоса  отырып 

жұмыс  жасауы  керек.  Ол  үшін  бұл  сала  мамандарын  көптеп 

жетілдіріп  шығу  қажет.  Сонымен  қоса,  Республика  көлемінде 

бір-екі ауруханада ғана үлкен оталардың жасалып жатқаны тым 

аздық  етеді.  Қазақстанның  түкпір-түкпірінде  осы  оталар  сәтті 

жасалып жатса халықтың сұранысы сонда ғана толық шешілмек. 

- «Балабақшадан бастап қытай тілінде тәлім алдым...», - 

дейсіз соған қарамастан қазақшаңыз судай екен...

-  Мен науқастармен негізінен қазақша сөйлесемін. Алматыға 

алғаш келген кезімде тілім сәл шұбарлау сияқты сезілетін. Кейде 

аузыма сөз түспей қалатын кездер де болатын. Қазір бәрі орнында 

сияқты. 

-  Бас  дәрігер  ретінде  жұртшылыққа  не  деп  ақыл-кеңес 

айтасыз?

-  Бүгінгі  жұртшылыққа  менің  сөзімнен  гөрі  бұрынғы 

халықтың  айтқан  сөзі  өтімді  болар.  Бұрынғылар:  «Ауырып  ем 

іздегенше, ауырмайтын жол ізде», - деп әлдеқашан айтып кеткен 

екен. Осы сөз, әсіресе, әрбір қазақ баласының құлағында жүрсе 

екен. Менің жеке ауруханамда кеңес беру тегін жүргізіледі. Яғни, 

өзім қабылдаймын. Келем деушілерге есігіміз әрқашанда ашық...

- рахмет, аға, еңбегіңіз жемісті болсын...

                                                        



                                                       тұрсынбек КеШуБаЙ

45

Сырт  жерлердегі  қазақтардың  Қазақстанға    оралуы  еліміз 

тәуелсіздік алғаннан кейін барынша қызу, қарқынды жүзеге аса 

бастады. Бұл ретте ең алдымен әлемнің әр түкпірінде шашырап 

жүрген  қазақтардың  басын  қосуға  айрықша  көңіл  бөлінгенін 

ерекше  атап  айта  кеткеніміз  жөн.  Тұңғыш  Президентіміз 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ел  тізгінін  қолына  алған  алғашқы 

күннен  бастап  бұл  аса  маңызды  мәселеге  айрықша  назар 

аударғаны  баршаға  мәлім.  Елбасының  бұл  мәселеге  айрықша 

көңіл  аударуы  кездейсоқ  емес  еді.  Өйткені,  Кеңес  Одағының 

тұсында  қазақтар  өздерінің  ежелгі  атамекендерінде  барынша 

азшылыққа  ұшырай  бастады.  Бұған  нақты  мысал    келтірейік.  

1926 жылы қазақтар Қазақстан халқының 58.5 пайызын құраған. 

Ал 1939 жылы олар  37.8 пайызға дейін кеміген. 1959 жылы олар 

бұдан да азайып,  30 %  төмендеген. 1989 жылы қазақтардың өз 

жеріндегі мөлшері бұрыңғыдан біраз жақсарып 39.7%-ға жеткен. 

Бірақ сол кездің өзінде  республиканың орталық және солтүстік 

өңірлерінде  қазақтардың  мөлшері  өте  аз  болды.  Мысалы, 

1989  жылы  қазақтар  Солтүстік  Қазақстан  облысында  –  18.6%, 

Целиноградта  –  22.4%,    Қостанайда  –  22.9%,    Павлодарда  – 

28.5%,   Көкшетауда – 28.9%  ғана еді. 

Әлем  картасында  Қазақстан  деген  тәуелсіз  мемлекет  пайда 

болғаннан  кейін,  шетелдердегі  қазақтардың  ұлттық  сана-сезімі 

барынша жарқырап оянды; өз халқының тарихына, мәдениетіне, 

салт-дәстүріне,  ана  тіліне  деген  қызығушылығы  күрт  артты 

соның  нәтижесінде  олар  Атажұртқа  көптеп  орала  бастады. 

Сырттан  келген  ағайындар  еліміздегі    қазақ  санының  артуына 

себепші болды – бүгінгі таңда олар Қазақстандағы қазақтардың 

10% құрайды. Бұл ретте,   2013 жылдың  қаңтар айындағы  санақ 

бойынша Қазақстандағы қазақтардың  саны 11 миллионға жетіп, 

республика халқының 65.2% құрады.

Бұл жағдай республикамыздағы қазақ халқының ана тілінің 

нығайып, ұлттық мәдениетінің, салт-дәстүрінің, басқа да рухани 

құндылықтарының өркендеуіне кең ықпал жасап отыр.

Осыған  орай,  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы 

Павлодар, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Алматы облыстарындағы 

оралмандардың орналасуы жөнінде арнайы зерттеу жүргізген еді. 

Бұл жөнінде бұдан бұрыңғы жарияланған ақпараттарымызда жан-

жақты  айтқан  болатынбыз.  Ал  бүгін  Солтүстік  Қазақстандағы 

оралмандар жөнінде әңгімелемекпіз.  1991 жылдан 2013 жылдың 

тамызына  дейінгі  аралықта  Солтүстік  Қазақстан  облысына 

6974  оралман  отбасы  қоныс  аударған;  олардың  жалпы  саны  

35021 адамды құрайды. Бұл ағайындардың басым көпшілігі М. 

Жұмабаев,  Мамлют,  Қызылжар  және  Айыртау  аудандарында 

қоныстанған.  Бұл  ағайындар  Қазақстанға  қоныс  аударған 

бүкіл  оралмандардың  3.8%,    ал  жергілікті  тұрғындардың  5.9% 

құрайды.  Облысқа  келген  оралмандардың  16946  яғни  48,4  %  

еңбекке жарамды, 16869 яғни (46.2%) кәмілетке толмағандар, ал 

зейнет жасындағылар 1206 кісі.

 2007-2013 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысына 

келген  оралман  отбасыларына  төмендегідей  әлеуметтік  көмек 

көрсетілді:  мемлекеттік    арнайы  әлеуметтік  көмек  ретінде  15.8 

млн.  теңге;  18  жасқа  толмаған  балалары  бар  отбасыларына 

мемлекеттік жәрдемақы ретінде 10.1 млн. теңге. Шеттен келген 

ағайындардың    зейнет  жасындағылары  түгелдей  зейнетақымен 

қамтамасыз етілді. 

Міне,  осындай  қамқорлықтың  нәтижесінде  бүгінгі  күнде 

облыста    6385  оралман  отбасы  тұрақты  тұрып  жатыр.  Бұл 

ретте  жергілікті бюджеттен 2008 жылы арнайы  қаржы бөлініп, 

оралмандарға арналып  20 үй салынғанын айта кеткіміз келеді. 

Сондай-ақ,  2009-2011  жылы  «Нұрлы  көш»  бағдарламасы 

бойынша  240  үй  тұрғызуға  қаржы  бөлінді.  Оралмандарды  өз 

мүмкіндігінше  жұмысқа  орналастыру  мәселесіне  де  айрықша 

көңіл бөлінеді. 2013 жылдың тамыз айындағы мәлімет бойынша  

Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  оралмандардың    4876  

тұрақты  жұмыспен  қамтамасыз  етілген.  Ал    9063  оралман 

жеке  кәсіпкерлікпен  айналысады.  2476  оралман  жұмыссыздар 

қатарында.    Қазіргі  кезде  оларды  жұмыспен  қамтамасыз  ету 

нақты қолға алынуда. 

Қазіргі  қолда  бар  деректерге  қарағанда,  облысқа  келген 

оралмандардың  еңбекке  жарамдыларының  арасында    жоғары 

білімділері  1449  кісі,  яғни  8.6%,  арнаулы  орта    білім  барлар  – 

5880 кісі, яғни, 34.69%, жалпы орта  білімділері – 9147 кісі, яғни 

53.9%,  ешқандай білімі жоқтар – 470 кісі, яғни 2.7%. Облыстағы 

оралмандар  –  негізінен,    Өзбекстан,  Ресей,  Қырғызстан, 

Түркіменстан,  Тәжікстан,  Монғолия,  Қытай,  және  басқа 

елдерден келгендер. Олардың арасында алғашқы кезде Оңтүстік 

Қазақстанға келіп, квота алып, сосын өз қалауларымен солтүстік 

өңірге қоныс аударған ағайындар да кездеседі. Облысқа келген 

оралмандардың  арасында  бірен-саран  Қытайға,  Монғолияға, 

Ресейге қайта көшкендер де бар. Әр елден келген оралмандардың 

өздеріне тән біліктілігі, кәсіптік ерекшеліктері, білім деңгейлері 

бар. Оларды жұмысқа орналастырғанда осы мәселелер айрықша 

ескерілгені жөн. 

2005-2009  жылдары  Солтүстік  Қазақстан    облысында 

облыстық Оралмандар кеңесі жұмыс істеді; Кеңес жетекшісі М.Қ. 

Қозыбаев  атындағы  Мемлекеттік  университеттің  оқытушысы, 

Өзбекстаннан қоныс аударған қандасымыз Еркінай Сағымбаева 

болды. Кеңес мүшелері қоныс аударған ағайындардың арасына 

барып,  жергілікті  әкімшіліктердің  және  көші-қон  қызметінің 

өкілдерімен  бірлесе  отырып,  оралмандардың  тұрмыстық 

мәселелерін шешуге атсалысты. Мұндай жағдай оралмандардың 

облысқа  келуін  көбейте  түсті.  Мысалы,  облыстың  Айыртау 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет