Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата06.03.2017
өлшемі15,29 Mb.
#7839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

14

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


Атажұртқа оралғандар кәсіпкерлік салада да көзге түсіп жүр. 

Мысалы,  Төлеубай  Нығарбайұлы  –  «Нах»  жеке  фирмасының 

президенті,  Айдын Оразанбайұлы – «Шаңырақ» компаниясының 

директоры.

Бұл салада Асқар Жакулин, Фарида Мерхамитқызы, Бахаргүл 

Төлеген сынды кәсіпкер қыз-жігіттер де ерекше көзге түсіп жүр. 

Әрине, бір шағын әңгімемізде атажұртқа оралып, ерекше жемісті 

еңбек етіп, жұртшылық құрметіне бөленіп жүрген ағайындардың 

бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Бірақ болашақта олардың 

қатары қазіргіден де көбейе түседі деп сенеміз. 



Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы   

Төрағасының орынбасары            

«ҚазаҚстан - 2050»  стратегиясына ҚазаҚ 

диаспОрасын ҚаЛаЙ ҚатыстыраМыз?!

Бүгінгі  бас  қосудың  қазақ  диаспорасының  жасампаздық  

әлеуетіне арналып өткізілуі біз үшін айрықша маңызды. Өйткені, 

қазіргі таңда Қазақстаннан  сырт жерлерде  5 миллионнан астам 

қазақ диаспорасының өкілдері тұрады. Бұл – шағын  мемлекет 

болатындай өте көп халық. Біз осы көп халықты Қазақстанның  

өсіп-өркендеуіне тиімді пайдалануымыз керек. Бұған өркениетті 

елдердің  бәрі  де  айрықша  көңіл  бөледі.  Мысалы,  Израильдың 

қазіргідей биік деңгейге көтерілуі  –  шетелдердегі өз диаспора-

сын жан-жақты тиімді  пайдалануының нәтижесі. Біз де шетелдегі 

қазақ  диаспорасының  жасампаздық  әлеуетін  дұрыс  пайдала-

нуымыз    керек.  Шетелдердегі  ағайындардың  бұл  жөніндегі 

мүмкіндіктері  өте  мол    және  олар  мұны  іс  жүзінде  нақты 

дәлелдеп  те  келеді.  Мысалы,  тоқсаныншы  жылдардағы  өтпелі 

кезеңде  Қазақстаннан  сырт  жерлерге  бірнеше  миллион  халық 

көшіп  кетті.  Сөйтіп,  көптеген  елді  мекендердің  тұрғындары 

азайып, жұмыс қолы кеміп, экономикамыз құлдырады. Осындай  

жағдайда сырт жерлерден этникалық қазақтардың көптеп  келуі 

Қазақстанға үлкен демеу болды. 

Ана  тіліміздің,  ұлттық  болмысыздың  қайта  жаңғыруына  да 

оралмандардың қосқан үлесі өте  мол.

Демографиялық  жағдайымыздың  жақсарып,  халқымыздың 

санының өсуіне де оралман ағайындар ерекше ықпал етті. Осыған 

орай,  алдағы  уақытта  шетел  қазақтарының  Қазақстанның  өсіп 

өркендеуіне  үлес  қосуын  бұдан  да  жақсартып,  жаңа  деңгейге 

көтеру  керек.  Бұған  қазір    үлкен  мүмкіндік  туып  отыр.  Бұл 

мүмкіндік  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  – 

қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан 

халқына Жолдауынан туындайды. Стратегияны жүзеге асыруға 

шетелдік қазақтарды да кеңінен қатыстыру нақты қолға алынуы 

қажет. 


Шетел қазақтары Стратегияны жүзеге асыруға төмендегідей 

төрт жолмен қатыса алады:



Бірінші  –  Қазақстанға  біржолата  қоныс  аударып,  оралман 

ретінде  Қазақстан  азаматтығын  алып,  атамекенде  біржолата 

тұрақтап қалу.

екінші  –  Қазақстанға  уақытша  келіп,  тұрақты  тіркеліп,  не 

Ықтияр хат (Вид на жительство) алып, түрлі салада жұмыс істеу.



Үшінші – шетелдерде тұрып, Қазақстанмен мәдени-рухани, 

оқу-білім саласында байланыс жасап, жер бетіндегі бүкіл қазақ 

халқының бір тұтас ұлт ретінде өсіп-өркендеуіне үлес қосу.

төртінші Қазақстанға келіп оқып, білім алу.

Енді осы мәселелер жөнінде нақты сөз қозғайық.

Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясында демографиялық 

мәселеге айрықша көңіл аударған.  Осыған орай, алдағы уақытта 

Қазақстан  үкіметі  облыстық  әкімшіліктермен  бірлесе  отырып, 

демографиялық өсімі төмен, бірақ ауылшарушылығы және  басқа 

да  түрлі  кәсіпкерлікпен  айналысуға    ыңғайлы  елді  мекендерді 

анықтап, оралмандарды сол жерлерге орналастыру жөнінде ар-

найы бағдарлама жасап, жүзеге асыруы тиіс.    

Елбасының  стратегиясында  ұлттық  экономиканың  жетекші 

күші  –  кәсіпкерлікті  қолдауға  айрықша  көңіл  бөлінген.  Осы 

тұрғыдан  келгенде  шетелдік  қазақтар  кәсіпкерлікке  ерекше 

бейім. Осыған байланысты, «Қазақстан – 2050» стратегиясының 

экономика  саласындағы  міндеттерін  жүзеге  асыруда  шетел 

қазақтарының бұл саладағы мүмкіндіктерін жан-жақты пайдала-

ну  ескерілуге тиіс.

Қазақстанның  жері ұшан-теңіз кең – ауылшаруашылығынан 

мол  өнім  алып,  әлемнің  алдыңғы  қатарына  шығуына  толық 

мүмкіндігі бар. «Қазақстан – 2050» стратегиясында бұл мәселеге 

де нақты көңіл бөлінген. 

Міне, осы міндеттерді жүзеге асыруға  шетел қазақтары да 

үлкен  үлес  қоса  алады.  Мысалы,  Қытай  мен  Өзбекстанда  жер 

өңдеу  мәдениеті  барынша  дамыған.    Мұны  сол  елде  тұратын 

қазақтар да жақсы  игерген. Қытайда жер өңдеуге қажетті шағын 

техникалар жасау да барынша дамыған. Енді сол қазақтар осы 

диханшылық тәжірибесі мен қолда бар техникасын Қазақстанға 

әкелсе көп іс тындырар еді. 

Елбасының  Стратегиядағы  «мал  шаруашылығындағы 

дәстүрлерімізді  жаңғырту  керек»  деген  тапсырмасы  да 

шетелдегі ағайындар үшін айрықша  маңызды. Өйткені, Қытай 

мен  Моңғолияда  қазақтың  ежелгі  төрт  түлік  малы    жақсы 

сақталған.  Осыларды  Қазақстанға  әкелсек,  еліміздің  бос 

жатқан ұлан-байтақ жері малға толар еді. Оралман ағайындар 

да    малды  әкелсек  деп  армандайды.  Соған  орай,  Қазақстан 

үкіметі  Елбасының  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясында 

көрсетілген  тапсырмаларды  орындауға  кіріскенде  Моңғолия 

мен  Қытайдағы    қазақтарды  өздерінің  ежелгі  төрт  түлігімен 

әкелу мәселесін де ойластырса деген тілегіміз бар.

«Қазақстан  –  2050»  стратегиясында  мемлекеттік  тіл 

мәселесіне де айрықша көңіл бөлінген. Бұл ретте, шетелдерде, 

әсіресе, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай қазақтарында қазақтың 


15

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

бай да құнарлы тілі жақсы сақталғанын айта кеткеніміз жөн. 

Міне осы елдердегі    ағайындардың Қазақстанға көптеп келуі 

мемлекеттік  тілдің  мәртебесінің  көтерілуіне  айтарлықтай  

ықпал еткені және болашақта ықпал ете берері даусыз.

Стратегияда  ұлттық  мәдениетімізді  дамыту,  ұлттық 

интеллигенцияның рөлін нығайта беру мәселесі де көтерілген. 

Бұл  да  шетел  қазақтарына  тікелей  қатысты.  Өйткені,    қазақ 

халқының  ұлттық  мәдениетін  қазақстандық  немесе  шетелдік 

деп  бөлуге  болмайтыны  айтпаса  да  түсінікті.  Осыған  орай, 

шетелдердегі  қазақ  мәдени  орталықтарына  тұрақты  түрде 

қамқорлық жасау керек. 

Сондай-ақ,  сырт  жерлердегі  қазақтан  шыққан  өнер 

шеберлерін  Қазақстанға  шақырып,  атажұртқа  таныстырып 

отыру да әрқашан есте болғаны абзал. 

«Қазақстан  –  2050»  стратегиясында  оқу-білім  мәселесіне 

де айрықша көңіл бөлінген. Стратегияның оқу-білім жөніндегі  

бұл  міндеттері    де  шетелдік  қандастарымыз  үшін    өте 

маңызды. Өйткені,  қазіргі кезде шетелдегі ағайындардың жас 

ұрпағы  атамекенге  келіп,  білім  алуға  өте  ынталы.  Бұл  ретте, 

тоқсаныншы  жылдардың  ортасында  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығының    қолға  алуымен  Жамбыл  облысының 

Қаратау  қаласынан  40  балаға  арналған  тұңғыш    дайындық 

бөлімінің  ашылуы  айрықша  маңызды  болды.  Бұл  бөлімдерге 

түсушілердің  саны  қазір  1400  балаға  жетті.  Сондай-ақ, 

жоғарғы  оқу  орындарына  арналған  мемлекеттік  гранттардың 

2  пайызы  шетелдік  қазақ  жастарына  арналып  отыр.  Алдағы 

уақытта шетелдік қазақ жастарына арналған мұндай қолдаулар 

қазіргіден де ұлғая берсе екен дейміз. 

Сөзімізді  қорытындылай  келе  айтарымыз,бүгінге  дейін 

шетелдердегі қазақ диаспорасымен байланыс жасап, олардың 

атажұртқа  оралуына  қолдау  көрсету  жөнінде  көптеген  игі 

істер  жүзеге  асырылғаны  анық.  Дегенмен,  бұл  салада  тез 

арада  шешуді  қажет  ететін  мәселелер  де  аз  емес.  Алдағы 

уақытта  осы  жетістіктерімізді  одан  әрі  дамытып,  кемшін 

тұстарымызды ретке келтіру өте қажет. Бұл үшін ең алдымен 

шетелдердегі қазақ диаспорасының Қазақстанның әлеуметтік-

экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосудағы әлеуеті 

және оны жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен жолдары ғылыми 

тұрғыдан  жан-жақты  зерттеліп,  бір  жүйеге  түсірілгені  жөн.  

Соған байланысты, алдағы уақытта бүгінгідей бас қосулардың 

бірі осы тақырыпқа, яғни этникалық көші-қон мәселесіне ар-

налса дейміз. Мұндай бас қосу оралмандарға қатысты ең өзекті 

мәселелердің жан-жақты талқыланып, нақты шешілуіне, соған 

орай шетел қазақтарының «Қазақстан – 2050» Стратегиясына» 

белсене қатысуына кең жол ашар еді.



16

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


Кеңесті  облыс  әкімінің  орынбасары,  оралмандар 

мәселесі бойынша облыстық комиссияның төрайымы 

Сара Нұрқатова жүргізді.

Кеңеске  Көші-қон  комитетінің  бас  сарап-

шысы  Марат  Тоқсамбаев,  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығының  Ақтөбе  облыстық  филиалының 

төрағасы  Базарбай  Иманов,  сондай-ақ,  оралман-

дар көбірек қоныстанған Мұғалжар, Алға, Хромтау, 

Мәртөк аудандары және Ақтөбе қаласы әкімдерінің 

орынбасарлары қатысты.

Кеңес барысында Көші-қон комитетінің төрағасы 

Саламат  Аманбаев  елімізге  оралмандардың  қоныс 

аударуы, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу жай-

ында сөз етті.

-  Қазір  елімізде  «Жұмыспен  қамту  -  2020» 

мемлекеттік  бағдарламасы  шеңберінде  көптеген 

әлеуметтік  мәселелер  шешіліп  жатыр.  Бұл 

бағдарламаның шараларын қандастарымыз да сезінуі 

тиіс. Атап айтқанда, осы бағдарлама арқылы оларға 

тұрғын  үй  беру  және  жұмыспен  қамту  шаралары 

жолға қойылуы керек. Ол үшін оралмандардың қоныс 

аударуына  субсидия  беру,  сатып  алу  мүмкіндігімен 

жалға берілетін үлгілік тұрғын үйлерге қол жеткізу, 

кәсіптік  оқыту  курстарынан  өткізіп,  тұрғылықты 

жерінде жұмысқа орналасуына қолдау көрсету қажет. 

Қазір бұл жұмыстармен жергілікті әкімдер айналаса-

ды. Бұрын селолық округтарда барлық жұмыстарға 

қатысты 


мәліметтер 

шаруашылық 

кітабына 

тіркелетін.  Сырттан  келген  қандастарымызды 

жергілікті  жерде  тіркеуге  тұрғызу,  олардың  мүлкін 

түгендеп,  есепке  алу  жұмыстары  мұқият  жүргізілуі 

тиіс. Қазір «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына 

қатысты  Үкімет  тарапынан  оралмандарға  біраз 

жеңілдіктер  көрсетіліп  жатыр.  Осы  жеңілдіктер, 

мүмкіндіктер  жайында  қандастарымыз  білуі  ке-

рек,  оларға  түсіндіру,  насихат  жұмыстары  белсенді 

жүргізілуі шарт, - деді С. Аманбаев.

Комитет  төрағасының  айтуынша,  елімізде 

оралмандардың  бастамасымен  көптеген  қоғамдық 



Төраға оралмандармен кездесТі

Үстіміздегі  жылдың  қыркүйек  айының  соңында  ҚР  Еңбек  және 

халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі  Көші-қон  комитетінің 

төрағасы  Саламат  Аманбаев    жұмыс  бабындағы  іссапармен  Ақтөбе 

облысына  барып,  оралмандармен  кездесті.  Комитет  басшысы  бұл 

іссапарында  ең  алдымен  оралмандардың  бүгінгі  хал-ахуалы  мен 

тұрмыс жағдайын өз көзімен көріп, оларды жұмыспен қамту, басқа да 

әлеуметтік қолдау көрсету  және қоғамға бейімдеу мәселелерінің жүзеге 

асуымен жан-жақты танысты. Осыған орай,  оралмандарға қатысты 

мәселелерді  реттеп,  жүйелі  шаралар  қабылдау  мақсатында  облыс 

орталығында арнайы кеңес өткізілді.

ұйымдар,  қорлар  ашылып,  жүйелі  жұмыстар 

жүргізіліп жатыр.

Болашақта  мұндай  ұйымдардың  жұмысын  жан-

дандыру, әрі олармен бірлесіп жұмыс жасау мәселесі 

де жолға қойылмақ.

-  Елімізге  квота  арқылы  шетелдік  мамандарды 

жұмысқа тарту – комитет алдындағы үлкен мәселе. 

Жоғары  білікті  мамандардан  тәжірбие  жинақтау, 

шетелдік инвестиция көлемін ұлғайту – басты міндет. 

Биыл республика бойынша 108 мың квота белгіленді, 

нәтижесінде  қазір  елімізде  25  мың  шетел  азаматы 

жұмыс  жасап  жатыр,  -  деді  Көші-қон  комитетінің 

төрағасы.

Отырыста «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік 

бағдарламасын  сапалы  іске  асыру  үшін    бірлескен 

кешенді шаралар әзірлеу қажеттігі айтылды.

Оралмандардың  қоғамдық  бірлестіктері  мен 

қорлары  қазіргі  күнде  қандай  жұмыстар  атқаруда, 

олардың  мемлекеттік  органдармен  байланысы 

қандай  дәрежеде,  көшіп  келген  қандастарымызды 

жұмыспен  қамту  жайы  қалай,  міне,  осы  мәселелер 

жиналғандардың ортақ әңгімелерінің  өзегі болды.  

Кеңестен соң Көші-қон комитетінің төрағасы Са-

ламат Аманбаев  Хромтау ауданындағы Көктау село-

сына барып, «Нұрлы көш» және «Жұмыспен қамту 

жол  картасы-2020»  бағдарламаларының  орындалу 

барысымен  танысты.  Бұл  кездесуде  жаңа  үйлерден 

қоныс  тепкен  оралмандар  өздеріне  жасалған 

қамқорлықтарға ризашылықтарын білдірді.

Бұдан  кейін  Көші-қон  комитетінің  өкілдері  

Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылдық округіне ат 

басын тіреді. Ақкемерлік кәсіпкер Ғ. Айтымбетовтың 

шағын  жиһаз  цехына  бас  сұққан  олар  оралман-

дарды  кәсіпкерлікке  ынталандыру  және  жеке  ісін 

ұйымдастыру бағытында аудан көлемінде атқарылып 

жатқан жұмыстарға көз жеткізді. Іссапардағы меже-

ленген  мақсаттарына  орай,  қажетті  мәліметтермен 

танысқан меймандар ауыл тұрғындарымен кездесті. 

Соның ішінде, тарихи мекені – атажұртына ағылып 



17

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

келген қандастарымыздың айтарына құлақ түрді.

Бүгінде еліміздің өркендеп келе жатқан тұстарын 

баян  еткен  Көші-қон  комитетінің  төрағасы 

жалықпай  еңбек  етемін    деген  адамға  жұмыстың 

табылатындығын  сөз  етті.  Әсіресе,  кейінгі  кезде 

жастар  арасындағы  мамандыққа  дұрыс  талғамның 

жоқтығынан  туындап  отырған  жұмыссыздық 

мәселесін шешуге отбасының ықпалы зор екендігін 

түсіндірді.

Саламат Аманбаев тұрғындар тарапынан қойылған 

квота,  Қазақстан  азаматтығын  алу,  жергілікті  жер-

ге  тіркеуге  тұру  секілді  мәселелер  төңірегіндегі 

сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Бұдан  кейінгі  Қандыағаш  қаласындағы  аудан 

тұрғындарымен  жүздесіп,  оралмандарды  жұмыспен 

қамту, әлеуметтік қолдау және оларды қоғамға сәтті 

бейімдеу мен кіріктіруге қажетті мәселелер бойынша 

кеңес өткізді.

Кеңесте  аудан  әкімі  С.  Шаңғұтов  бүгінгі  таңда 

атамекеніне қайта оралып, өңірге табан тіреген орал-

ман  азаматтарды  тұрғын  үймен,  жер  телімдерімен 

және  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мақсатындағы 

игілікті  жұмыстар  әлі  күнге  дейін  жалғасып 

отырғандарын  баяндады.  Мәселен,  1991-2013  жыл-

дар  аралығында  257  қандасымызға  Қандыағаш 

қаласынан  жеке  тұрғын  үй  құрылысын  салуға 

257  000  шаршы  метр  жер  учаскесі  берілген.  Ал 

Ақкемер  ауылдық  округі  бойынша  2002-2012  жыл-

дар аралығында 3 оралман азаматқа 14 968 шаршы 

метр,  Еңбек  ауылдық  округі  бойынша  2007-2013 

жылдар аралығында 3 оралман ағайынға 4 650 шар-

шы  метр  жер  учаскесін  меншіктеріне  берген.  Оған 

қосымша  аудан  бойынша  мемлекеттік  тұрғын  үй 

қорынан  2006  жылы  «Жастық»  мөлтекауданындағы  

№78 көппәтерлі үйден 11 азаматқа, 2009 жылы сол 

мөлтекауданындағы  №38  «а»  көппәтерлі  үйден  2 

азаматқа пәтер кілті табысталды.

Биылғы жылы жұмыссыз 7 оралман азамат есепке 

тұрып, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 

2-і  әлеуметтік  жұмыс  орындарына  тартылған.  Ал  2 

азамат бағдарлама арқылы елді мекендердің инфра-

құрылымын  дамыту  бағыты  бойынша  ауылдық 

жердегі  мектептерде  жүргізіліп  жатқан  күрделі 

жөндеу  жұмыстарына  алынған.  Сонымен  қатар,  ау-

дан басшысы ауданға келген оралман ағайындардың 

бүгінде  үкімет  тарапынан  берілген  барлық 

мүміншіліктерді  тиімді  пайдаланып  отырғанын  да 

айта кетті.

-  Елге  оралған  қандастарымызға  барлық  жағдай 

жасалып  жатыр.  Байқағаным,  олар  сол  жасалған 

жағдайларды  өте  тиімді  пайдалануда.  Айталық, 

қазірдің  өзінде  олар  еншілеріне  берілген  жер 

учаскелеріне  үй  салып,  құрылыс  жұмыстарын 

қарқынды  жүргізіп  жатыр.  Онымен  қоса,  олар  бау-

бақша  кәсіптерін  жаңғартып,  тазалыққа  да  аса  мән 

береді.  Олардан  жергілікті  тұрғындар,  тіпті,  үлгі 

алуға боларлықтай, - деді аудан әкімі С. Шаңғұтов өз 

сөзінде.

Мұғалжар өңірінде 3500 Отанына қайта оралған 

қандасымыз  тұратындығын  сөз  еткен  Дүниежүзі 

қазақтары  қауымдастығының  Ақтөбе  облыстық 

филиалының төрағасы Б. Иманов қазіргі күні «орал-

ман»  деген  сөзден  арылатын  кез  келгендігін  тілге 

тиек  етті.  Себебі,  атамекеніне  оралып,  тұрғылықты 

елдің  азаматтығын  алғаннан  кейін,  тегі  бір  ағайын 

екендігін,  бір  қазаннан  ас  ішіп  отырғандықтан  бәрі 

де  тең  дәрежеде,  бір  заңның  аясында  өмір  сүру 

керектігін түсіндірді.

Тарихи  Отанына  оралған  сәттен  еңбек  жолын 

аудандық  «Мұғалжар»  газетінде  қатардағы  тілші 

қызметінен  бастап,  кейін  аудандық  мұрағаттың 

меңгерушісі қызметіне тағайындалған Қ. Байсұлтанов 

өз  жұртының  өзектен  теппей,  құшақ  жайып  қарсы 

алып, барлық мүмкіншілікті алдарынан тосқандығын 

айтып  аудан  басшысына  ризашылғын  білдірді. 

Ал  аудандық  орталық  ауруханасының  дәрігер-

невропотологі А. Бәкенбаева елге оралған-нан кейін 

жас маман ретінде қызметке орналасып, кейін пәтер 

кілтіне ие болғандығын қуанышпен жеткізді.

Қала тұрғыны, көп балалы ана З. Әбдірахманова 

басшыларға  айтар  алғысым  шексіз  дейді.  Тарихи 

мекеніне  ұрпағының  табанын  тигізіп,  атамекенінің 

топырағын басқызғанына шүкіршілік еткен ол:

- 2007 жылы Қандыағашқа көшіп келдім. Шүкір, 

балаларымды атамекенімен қауыштырып, осы жердің 

табиғатына тән тәрбие беріп өсірдім. Дәл осы жер-

де балаларым өсіп-өніп, білім алып, барлығы түгел 

дерлік  жұмысқа орналасты. Кішкентайынан оларды 

еңбекке  баулыған  тәрбиенің  нәтижесінде  қазір  бәрі 

білдей қызметтің бел ортасында жүр. Ол үшін аудан 

басшыларына  алғысым  шексіз.  Осы  елге  келгенде 

құшақ жая қарсы алып, барлық жағдайымызды жа-

сап берді. Отанымызға келіп қысылғанымыз жоқ. Ел 

қатарлы күн көріп, ортаға тез үйреніп кеткен жаймыз 

бар, - деді.



Әнуар ЕСҚАРА

18

АЛТЫН БЕСІК – 

ж

Ер жүз


І

Орталық  Еуропада  орналасқан  Польша  елі  мен  Орталық 

Азияда  орналасқан  көшпенді  дала  халықтары  арасындағы 

қарым-қатынас  ежелден  сауда-саттық  түрінде    «Ұлы  Жібек 

жолы»  арқылы      іске  асқаны  тарихтан  белгілі.  Ал  осыдан  8 

ғасырдай  уақыт  бұрын  Қазақ  даласына  алғаш  табаны  тиген 

еуропалықтың – ұлты поляк, Ватикан шіркеуінің монахы Бене-

дикт Полак екенін, оның алғаш рет Қазақ даласы мен  қазақтар 

туралы  естелік  жазып  қалдырғанын  көпшілік  біле  бермейді. 

Поляк  жиханкезі  Бенедикт  Азия  елдеріне  алғаш  рет      Ватикан 

шіркеуінің  дипломатиялық  өкілдері  құрамында  барған.  Ол  сол 

жолғы сапарында Ұлы дала  туралы көптеген құнды ақпараттар 

жинаған.  Осы  ақпараттар  арқылы  Еуропа  жұртшылығы  неше 

мыңдаған шақырым алыстағы батыр, қайсар көшпенділер тура-

лы алғаш рет шындық жағдайды естіп, білген. Өйткені,  соның 

алдында ғана  «татар-моңғол» деген атпен осы Ұлы даланың иесі 

Шыңғыс ханның  атты әскерлерінің тұяғы Польша жеріне жетіп, 

халқын  қырғынға  ұшыратқаны  біздердің  көшпенді  ата-бабала-

рымыз туралы поляктар есінде жағымсыз әсер қалдырған еді. 

Тарих  шежірелеріне  үңілсек,  1241  жылы  сәуірдің  9-ы  күні 

Шыңғыс  ханның  немересі  Бату  ханның  10  мың  атты  әскері 

(олардың көбі бүгінгі қазақ халқын құрайтын керейлер, найман-

дар,  меркіттер,  қоңыраттар,  жалайырлар  болған)  Польшаның 

оңтүстігіндегі  Легница  деген  жерде  Польша  королі  Генрих  II 

Побожныйдың  армиясын  тас-талқан  етіп  жеңеді.  Бұл  Польша 

тарихында «Легница түбіндегі жеңіліс» деген қаралы атпен жа-

зылып  қалды.  Тарих  бетін  әрі  қарай  парақтасақ,  бұдан  кейінгі 

жылдары  Алтын орда хандары мен поляк корольдері өз арала-

рында қыз алысып, қыз берісіп бір-бірімен құда болысып, сырт 

жауларына қарсы күш қосып, бірге соғысқан. Соның бірі – 1410 

жылы батыстан төнген «крестілер жорығына» қарсы поляк-литва 

әскерлерімен бірге Алтын ордадан көмекке барған бір түмен (10 

мың) әскерлер Грунвальд түбінде жауды тас-талқан етіп жеңеді. 

Алтын орда әскерлерінің батырлығына, қайсар ерлігіне сүйсінген 

Польша-Литва  королі  Владислав  Ягелло:    «Польша  мен  Литва  

шекарасы аймағынан жер бөліп берейін, сонда қалыңдар» деген 

тілек  білдіреді.  Бұл  ұсынысты  қабыл  көрген  бір  мыңдай  әскер 

Польша жерінде қалып, қалғаны елдеріне қайтады. Бүгінгі күні 

Польшада  тұратын  5  мыңнан  аса  мұсылмандар  өздерін  осы-

дан  7  ғасыр  бұрын  Польшада  қалған  Алтын  орда  әскерлерінің 

ұрпақтарымыз дейтін көрінеді. Олардың көбі Польша мен Литва 

шекарасына жақын Белосток  аймағында тұрады. Мешіттері бар, 

дінге берік халық. Ең қызығы «Тасқын», «Пан Володоевский», 

«Өрт пен қылыш» романдарын жазған әйгілі поляк жазушысы, 

Нобель  сыйлығының  иегері  Генрих  Сенкевичтің  әкесі  католик 

дінін қабылдаған поляк «татары» яғни Польша жерінде қалған 

кыпшақ әскерінің ұрпағы екен. 

Алайда  тарих  беттеріне  тағы  да  үңілер  болсақ,  18  ғасырда 

Польша елі Пруссия, Австро-Венгрия және Патшалық Россия та-

рапынан үшке бөлінген отар елге айналды. Патшалық Россияның 



Польшадағы

қазақтар

отары  болған  жерлерде  көптеген  поляк  революционерлері 

Польшаның  тәуелсіздігі  үшін  күресті.  Қолға  түскендерін  пат-

ша жандармдары Польшадан алысқа, Сібір мен Қазақ даласына 

жер  аударған.  Тағдыр  тәлкегімен  осылай  Қазақ  даласына  жер 

аударылып  келген  поляк  революционерлері  Адолф  Янушке-

вич,  Вронислав Залеский қазақ дейтін халық бар екендігін, ол 

халықтың  көшпенділік мәдениеті және ауыз әдебиеті барынша 

бай екендігін Еуропа жұртшылығына алғаш рет өздерінің жазған 

«Қырғыз  даласынан  жолданған  хаттар»,  «Сібір  сапарынан 

күнделіктер» секілді кітаптары арқылы таныстырды. Бұған дейін 

Патшалық Россия өзінің иелігіндегі дала халықтарын «жабайы, 

бұратана халықтар» деп атап келгенін поляк революционерлері 

жоққа шығарып, мұндай бай көшпенді мәдениеті бар халықтың  

келешегі  зор  екендігін  жазды.  Поляк  революционерлерінің  бұл 

кітаптары  ағылшын,  неміс,  француз  тілдеріне  аударылып,  сол 

арқылы  еуропалықтар  қазақ  халқын  жақын  тани  бастады.  Осы 

кезде өмір сүрген поляктың ұлы ақыны Адам Мицкевич  (1798-

1855)  бен  одан  жарты  ғасырдай  уақыт  кейін  дүниеге  келген 

қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) арасында 

бір рухани байланыс бар екендігі байқалады. Яғни,  Абай кезінде 

поляк ақыны Адам Мицкевичтің орысша аудармасынан бірнеше 

таңдаулы  өлеңін  қазақшаға  аударған.  Екеуі  де  өлеңдерінде  өз 

халықтарының тағдырына алаңдап, қиындықтан шығу жолдарын 

өздерінше  іздестіріп,  соны  жырлады.  Жақында  поляк  ғалымы 

Генрих Янковский   Абайдың қара сөздерін поляк тіліне  «Slowo» 

деген атпен аударып, жеке кітап қып шығарды.

 Екі халықтың тарихына үңілсек,  екеуі де – талай қиындықты 

бастарынан  кешкен,  «неше  өліп,  неше  тірілген»  халықтар. 

Сондықтан  да  болар,  екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында 

Сталиннің бұйрығымен Украинадан  Қазақ даласына жер ауда-

рылып келген неше мыңдаған поляктарға қазақ халқы қол ұшын 

бергенін, бір бөлке нанды бөлісіп жеп, кең қолтығының астына 

алғанын сол қиын күндерді бастарынан кешкендер өмірі ұмыта 

алмайды.  Бүгінде  олардың  ұрпақтары  өсіп-өніп,  Қазақстанның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет