АЛЫСТАҒЫ АҒАйЫН
АТАжұРТҚА ОРАЛДЫ
45
46
алтын бесік - жер жүзі
ауданына 1991-2013 жылдары 297 қазақ
отбасы, яғни 1397 адам қоныс аударды.
Солардың бірі – Икей Танхай Саумалкөл
ауданының орталығында фельдшер
болып жұмыс істейді. Ол 2004 жылы
Монғолиядан қоныс аударған. Бұрын
сол елде әскери фельдшер болып жұмыс
істеген. Икей Танхай әлеуметтік көмек
ретінде қаржылай көмек те алған. Кеңес
үкіметі кезінде Иркутскіде медициналық
дайындық курсын оқыған, кейін 1982
жылы Омбыда, сосын Ұланбатырда білімін
жетілдірген. Қазақстанға үш баласымен
қоныс аударған. Әйелі Аятназгүл – Баян-
Өлгийден. Ол қазір мектеп-интернатта
тәрбиеші. Оралман ретінде алған 4
бөлмелі, заманға сай үйде тұрады. Алма
бағы, көлік тұрағы бар. Аятназгүл гүл
өсіруді үйренуде. Үш баласы бірдей
техникум, колледж және университетте
оқып жүргенде қаржылық жағынан біраз
қиыншылық болған екен. «Міне, осындай
жағдайда үш айдан кейін әкімшіліктің
жолдамасымен жұмысқа орналастым.
Айлық жалақым – 100 мың теңге. Өзім
өміріме ризамын. Балаларыма алғысым
шексіз, білім алды, қазір орысша да біледі.
Қазақстанға ертерек келу керек екен»,
- дейді әңгіме арасында Икей Танхай.
Икейдің ұлы – Тимур Павлодар теміржол
техникумын мемлекеттік грантпен бітіріп,
әскери борышын өтеп, Алматыдағы
М. Тынышбаев атындағы көлік және
коммуникациялар академиясында сырттай
білім алып, теміржолда электрик болып
жұмыс істеп жүр. Қызы Айнұр – мұғалім,
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау
университетін бітірген. Монғолиядан
келіп,
Қарағанды
политехникалық
университетін қызыл дипломмен бітірген
жігітпен отбасын құрды. Екінші қызы
– Бақытнұр да мұғалім болып жұмыс
істейді, Монғолиядан келген жігітке
тұрмысқа шыққан. Икейдің отбасымен бұл
аймақта сәтті орналасуының басты себебі
– оның үлкен апасының бұдан бұрынырақ
Монғолиядан көшіп келуі болған. Сондай-
ақ, Икейдің екі жылдан кейін кіші інісі
де осы облыстың Кирилловка ауылына
көшіп келген, қазір сонда тұрады. Ол
кеден істері бойынша жоғары білім алған,
бірақ денсаулығына байланысты күзетші
болып жұмыс істейді. Отбасында екі
оқушы, бір студент бар.
Моңғолиядан
жаңадан
қоныс
аударғандарға олардан бұрын келген
таныстары мен туыстары ерекше
көмек көрсетіп, қолдау жасап отырады.
Өйткені, Кирилловка ауылында бұған
дейін қазақтар өте аз болған екен.
Мұнда, негізінен, украиндар тұрған.
Соған байланысты жаңадан қоныс
аударған оралмандар тіл жөнінен біраз
қиындықтарға да кездескен. Сондай-ақ,
оларды жергілікті қазақтардың ана тілінен
алыстап, қазақы салт-дәстүрді ұмыта
бастағандары ерекше таңқалдырған. Қазір
мұның бәрі кейін қалған. Моңғолиялық
қазақтар мен жергілікті қазақтар бірлесіп,
күш қосып, ұлтық қадір-қасиетімізді
қайта жаңғыртып, дамыту жолында көп
шаруалар тындыруда. Осыған орай, Икей
Танхай тағы бір ойын ортаға салды. Ол
кісінің айтуынша: «Қазақ халқының
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы сырт
жерлердегі қазақтардың арасында өте
жақсы сақталған. Соған орай шеттегі
ағайындарды
Атажұртқа
көшіріп
әкелу туралы саясатты жалғастыра
беру керек. Бұл ретте, Монғолиядағы
қазақтардың басым көпшілігі Атажұртқа
қоныс аударуға дайын. Бұған Қазақстан
тарапынан нақты көмек керек. Өйткені,
олар өз күштерімен көшіп келе алмайды.
Қазақстанға келгенде де түрлі қиындықтар
бар. Мысалы, мен өзім оралман деген
мәртебе алу үшін облыс орталығына
оншақты рет бардым. Басқа оралмандар
да осындай қиындықтарға кездеседі».
Жалпы, көші-қон мәселесі қолға
алынғаннан бергі жұмыстардың ең
қиыны – оралмандардың Қазақстанға
қоныс аударуын ұйымдастыру болды.
Бұл ретте кезінде оралман көшін Иран,
Сауд-Арабиясы, Монғолия, Тәжікстан
сияқты елдерге арнайы ұшақ жіберіп
ұйымдастырғанымызды ерекше айта
кеткеніміз жөн. Ал басқа уақытта көші-
қон мекемелері өз күштерімен шекарадан
өтіп келген ағайындарды қабылдаумен
ғана шектеледі. Мұның үстіне көші-
қон мекемелерінің де құрылымы сан
рет өзгерумен келеді. Мысалы, 1997
жылы көші-қон жұмыстары тікелей ҚР
Президентіне қарайтын Көші-қон және
демография агенттігіне берілді. 2004
жылдың қарашасында бұл жұмыс ҚР
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Көші-қон комитетінің
құзырына ауысты. 2010 жылы көші-қон
мәселелері Ішкі істер министрлігінің
қарауына өтті. Ал қазір бұл жұмыстар
қайтадан Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау
министрлігінің
құзырына
берілген. Мұның бәрі оралмандар көшін
ұйымдастыруда біраз қиындықтарға
әкеліп отыр. Дегенмен алдағы уақытта
мұның бәрі бір жүйеге түсер деген
сенім мол. Икей Танхай бұл жөнінде
де өз пікірін білдірді. «Қазақстандағы
көші-қон мекемелері өз жұмыстарын
қазіргіден де жақсартуы өте қажет.
Әсіресе, алдын-ала керекті құжаттардың
47
тізімін жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізсе өте дұрыс болар
еді. Міне, осындай мәселелердің алдын-ала қолға алынбауына
байланысты оралмандар біраз қиындықтарға душар болады.
Кейбір кісілердің құжаттары дұрыс болмай, Монғолияға қайта
барып әкелуге тура келеді». Сондай-ақ, Икей кейде Монғолияны
сағынатынын да жасырмайды және онда көптеген достарының
қалғанын да айтып өтті. Қазіргі күні Астана мен Баян-Өлгий
арасында автобус жүріп жатқанынан да хабардар етті. Оның
пікірінше, Монғолиядағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы айтарлықтай жақсарып келеді; жеке кәсіпкерлік те
ілгері басуда. Бұл ретте оларға Қытаймен сауда жасау барынша
тиімді, шекарадан өту үшін виза талап етілмейді. Дегенмен
Монғолиядағы ағайындарға Қазақстан тарапынан жүйелі түрде
көмек пен қолдау өте қажет. Өйткені, Монғолиядағы қазақтар
тығыз отырған жерлерде әлде де жұмыссыздық басым.
Икей өзінің Қазақстанға келген бойда бірден мамандығын
жетілдіруге мүмкіндік алғанын ризашылықпен еске түсіреді.
Ол Көкшетау қаласындағы емхананың бас дәрігері Мылтықғали
Сырғабаевты өзіне ұстаз тұтады. Сондай-ақ, ол Астана мен
Петропавл қалаларында білімін жетілдірген. Қарағанды, Рудный
қалаларынан да жақсы, білгір әріптестер тапқан. «Олармен
бірге жүргенде мен өзімді ешқашан да оралманмын деп
есептемеймін»,- дейді Икей.
Солтүстік Қазақстан өңіріне Монғолиядан келген
ағайындардың бірі – М. Жұмабаев атындағы Петропавл
гуманитарлық колледжін қызыл дипломмен бітірген Аманжол
Зағыпар. Ол кезінде дайындық курсында оқыған. Қазақстанға
келген соң М.Қ. Қозыбаев атындағы мемлекеттік универсиетті
бітірген. Қазір Петропавл қаласындағы мектеп – гимназияда қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Сөз реті келгенде бүгінгі
таңда облыс орталығында қазақ тілінде білім беретін 6 мектеп
бар екенін айта кеткеніміз жөн. Бұл мектептердің ашылуына да
оралман ағайындардың қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бұл игілікті
іске Аманжол Зағыпар да белсенділікпен ат салысып жүр. Қазір
оның есімі тек облыс көлеміне ғана емес бүкіл Қазақстанға
танымал. Оның солтүстік өңірдегі айтыстың дамуына сіңірген
еңбегі айтарлықтай. Ол Алматы, Астана, Қызылорда, Көкшетау,
Шымкент қалаларында өткен жыр сайыстарында үнемі көзге
түсіп, алдыңғы орындардан көрініп жүр. Сонымен қатар, ол
Фархат Тастанбеков, Жанат Мұхамеджанов, Руслан Хұсаинов,
Әлібек Завенов, Мадина Нұргазина, Ермек Саян сынды дарынды
шәкірттер де тәрбиелеп үлгерді.
Аманжол студент кезінде патриоттық ән саласында өткен
облыстық конкурстың бірнеше рет жүлдегері болған. Оның
анасы мен інісі қалаға жақын жердегі Заречный ауылында
тұрады. «Олардың жағдайлары жақсы, көлік жөндейтін
шеберханасы, шағын дүкені бар, оған қоса мал да ұстайды», -
дейді Аманжол. Ол өзі 2011 жылы жергілікті Рублевка ауылының
қызына үйленген, келіншегі де мұғалім. Яғни, алыстан келген
ағайындар жергілікті қазақтармен де қыз алысып, қыз берісіп,
жақын араласып жатыр.
Солтүстік Қазақстанда Өзбекстаннан келген ағайындар да
жақсы істерімен көзге түсіп жүр. Солардың бірі – 1996 жылы
Айыртау ауданына қоныс аударған Жанабай Парманов. Қазір
ол облысқа танымал кәсіпкер. Жеке меншігінде 520 бас еділбай
қойы, 24 түйесі бар. Түйенің шұбатын сатуға шығарады,
жүнінен көрпе және жылы киімдер дайындайды. 2007 жылы ҚР
Ауылшаруашылық министрлігінің қолдауымен Бүкіләлемдік
банктен 3,5 млн. теңге несие алған. Оған қоса өзі «ЭКОС»
экологиялық туризмді дамыту бағдарламасына қатысады.
Жұбайы Ғалия қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Балалары
мен келіні де осы шаруа қожалығында жұмыс істейді. Бұл шаруа
қожалығында дайындалған шұбат жұртшылыққа жақсы танымал.
Бұл өңірде көршілес Ресейден көшіп келген ағайындар да
баршылық. Солардың бірі – Шынарай Садуақасова. Ол 2006
жылдан бері облыстық Көші-қон бөлімінде бас маман болып
қызмет істейді. Оның ата-анасы, ағасы мен апасы Ресейдің
Омбы облысында тұрады. Ал Шынарай болса Атажұртым –
Қазақстанда лауазымды қызмет атқаратын тұлғаға айналам
деп алдына үлкен мақсат қойып отыр. Ол Ресейдің Есілкөл
қаласындағы педагогикалық колледжден қазақ тілі бойынша
білім алған. Қазақстанға келген соң ана тіліндегі білімін одан
әрі жетілдірген. Қазақ тілін жетік игеруі оған Атажұртқа
жаңадан келген оралмандармен жұмыс істеуде айрықша үлкен
жеңілдіктер береді.
Бір сөзбен айтқанда бүгінгі таңда алыс-жақыннан келген
ағайындар Солтүстік Қазақстан облысының жан-жақты дамуына
өздерінің айтарлықтай үлестерін қосып жүр.
Күлғазира БаЛтаБаеВа,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының
Талдау орталығының жетекшісі,
тарих ғылымдарының кандидаты
48
дәптер
Дәптер сенің сырласың,
Дәптер досың болады.
Әріптердің тұлғасы
Дәптеріңе қонады.
Айтқан сөзін құпта да,
Ұстазыңды құрметте.
Дәптеріңді күт, бала,
Дәптеріңді кірлетпе.
аЛтын КҮз
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Қыс КҮнІ
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
МаҚаЛ-МәтеЛдер
***
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
***
Ұстаздан шәкірт озар.
***
Жігіттің бір жұрты нағашысы.
АЛТЫН БЕСІК – АҚ БОТА
***
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
***
Істегенің еліңе жақсы,
Үйренгенің өзіне жақсы.
***
Шоқ қайдан болса,
Жылу содан.
***
Жердің сәні — егін,
Ердің сәні - білім.
***
Дихан болсаң, қос өгізің тең
болсын,
Шаруа болсаң, қос етегің кең
болсын.
***
жаңыЛтпаШтар
Заңгер меңгергенді,
Дәрігер меңгере ала ма?
Дәрігер меңгергенді,
Заңгер меңгере ала ма?
***
Түсіне дүрбі кірген,
Қарға мойнына дүрбі ілген.
Дүрбіні бір күн ілген,
Бір күн ілмеген.
***
Дәмегүл дән мен сән іздер,
Дәмегүл дән мен дәм іздер.
***
Сырқат малды демде емдеді,
Демде емдемегенде
ол мал сенделгендей еді.
Сондықтан
малды демде емдеді.
***
Өрісінде жүз бір өгіз,
Сұрап алдық біз бір өгіз.
Сұрадыңыз сіз бір өгіз...
Есебін ап біз жүреміз.
***
Сиыр оқыралады ма,
Суыр оқыраласты ма?
Суыр оқыралай алмаса
Сиыр оқыраласады.
***
Біз де ізге түстік,
49
Сіз де ізге түстіңіз.
Біз қыста ізге түстік,
Сіз күзде ізге түстіңіз.
***
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
***
Қара қазан
тұрып-тұрып
бұрқ-бұрқ қайнады.
Қара бала
жүріп-тұрып
жүріп-тұрып ойнады.
***
Сорпа іштік,
Сорпа ыстық,
Сондықтан,
Қорқа іштік.
***
Екеуінің жолы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш.
Екіншісінің шашы –
ақ шаш аралас.
жұМБаҚтар
***
Әшекейлi күбiнi,
Үюлi тұрған шөмеле,
Кигiздiм биiк төбеге.
(Сәукеле)
***
Сырт жағына зер жiппен,
Көз тартатын көрiкпен.
Ою-өрнек бастырған,
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
Шалқасынан тастаған,
Кәдiмгi сырлы тостаған,
Қойсаң егер төңкерiп,
Төңiрегiн көмкерiп,
Тостағандай бос тұрған,
Киiз үйден аумайды,
Басқұрмен бастырған.
(Тақия)
***
Iшi – егiс,
Сырты – тегiс.
(Тон)
***
Аузы бiр –
Қос құбыр.
(Шалбар)
***
Күндiз,
Қасыңнан қалмайды.
Бiрақ
Ешкiм ұстай алмайды,
Қорқақ па,
Қараңғыға бармайды.
(Көлеңке)
***
Суда өседi, өнедi,
Сыртқа шықса, өледi.
(Балық)
***
Өзi алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,
Телегей
Мұхиттан шықпайды.
(Кит)
50
алтын бесік - жер жүзі
Қытай мен Қазақ елінің арасындағы
мәдени байланыстар өнердің қай сала-
сында болса де тереңнен тамыр жайған.
Және оның әріден басталатын тарихы да
бар. Бұл – кино өнеріне де қатысты. Қазақ-
қытай киноөнерінің мұндай сабақтастығы
сонау 1955 жылы түсіріліп, Фарида Ша-
рипова басты рөлді сомдаған «Хасен-
Жәмила» фильмінен басталады. Міне,
осы байланыс бүгінгі күнге дейін үзілмей
келе жатыр. Бұған соңғы жылдары «Тянь-
Шань» киностудиясы түсірген «Гүлбике»,
«Жетім қыздың махаббаты», «Таңжарық»,
«Ер Жәнібек» сынды фильмдер айқын
дәлел. Одан бөлек жақында Қытайдың
CCTV мемлекеттік телеарнасы қазақ
халқының салт-дәстүрін бейнелейтін,
соның ішінде құсбегілік өнер мен ағаштан
түйін түйетін қолөнершілер жайлы деректі
фильм түсіріп, жарыққа шығарды.
Сондай-ақ, «Көрікті мекен» фильмі
де бұл саладағы жақсы жетістіктердің
бірі болды. Енді осы жақсы байла-
нысты «Ақсарбас» атты фильм одан
әрі толықтыра түсті. Бұл фильм 2008
жылдың жазында көрiктi Қанас өңірінде
түсiрiлiмiн бастап, 2009 жылғы Алтайдың
қақаған қысында аяқталған екен.
Фильмнің режиссері – қытайлық
белгілі режиссер Гау Фың; ал сценарийін
жазған – ҚХР Шыңжаң Ұйғыр
автономиялық өлкесі Жазушылар одағы
төрағасының орынбасары, жазушы, аудар-
машы Еркеш Құрманбекқызы, продюссері
– ҚХР кинофильм жасау орталығының
меңгерушісі Шың Зы Жүн.
Фильмде Қытайдағы қазақтардың
ежелгі тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі жан-
жақты көрсетіледі. Басты уақиға – бар
қажыр-қайраты мен болмысына қазақтың
салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын
жинақтаған қарапайым қыз тағдыры ая-
сында өрбиді. Дала өркениетiнiң көшпелi
тiршiлiгiндегі еркiндiк, адалдық пен
сүйiспеншiлiк сынды адами қасиеттердi
бойына терең сіңіре білген қыздың жан
тебiрентерлiк бұралаң жолды тағдыры
барынша шынайы көрсетілген. Бұған
қоса фильм желісі Қылыш пен Сұлтан
әулеттері
арасындағы
уақиғаларға
ҚЫТаЙдағЫ
ҚазаҚ кИносЫ
ұласады. Фильм кейіпкерлері өз кезiнде
махаббат үшiн еркiндiк пен iңкәрлiктi
таңдаған болса, өмiрлерiнiң соңында
тектiлiк пен жауапкершiлiкке бет бұрады.
Сонда мұндай таңдауға мәжбүрленген ба-
сты кейіпкерлер – кімдер? Ақтай салды
ұнатып, ұзатылғалы отырған жеріне бар-
май, сүйгенімен қашып кеткен Үкібала
ма?.. Әлде, қазақ сал-серілерінің жиынтық
бейнесі іспеттес болған Ақтай ма?.. Кей-
де картинаның өн бойында басты рөлде
арманшыл Қалидың өзі көрінеді. Тіпті,
ақсарбас қозыны да басты кейіпкер деп
есетейді бәзбіреулер… Расында да, басты
кейіпкерді анықтау қиындау…
Ал көрермендерді тереңдігі-мен тәнті
еткен рөлдің бірі – Қастел образы. Бұл
образды Алтай аймақтық ойын-сауық
үйірмесінің мүшесі, қазақтың тілі мен
салт-дәстүрін жақсы білетін Әбдуайт атты
ұйғыр азаматы сомдаған. Әбдуайт дәл осы
образды ұтымды шығару үшін арнайы
жайлауға барып, ер-тұрман жасауды, ша-
былып жатқан ердің қаңқасын білегіне са-
лып өлшеп көруді, қазақ жігіттерінің атқа
міну ерекшеліктерін үйренген екен.
Ару қыз Үкібаланың рөліне де та-
лай дарынды жастар үміткер болыпты.
Алайда таңдау Маржан Байтөкенқызына
түскен көрінеді. Ақтай серінің рөлін
Қазақстандағы белгілі жас актер Нұрлан
Әлімжан ойнаған. Оның бұған дейін
негізінен театрдағы рөлдеріне, одан
бөлек кинодағы бірді-екілі образдарына
қанық болсақ, енді алғаш рет сырт жер-
де түсірілген туындыдан көріп, көңіліміз
толды. Қазақстаннан басты кейіпкерге
Нұрлан Әлімжаннан да бөлек біраз актер-
актрисалары шақырылып, іріктеу сыннан
өтпей қалғанын ескерсек, Нұрланның бұл
жеңісі мақтауға тұрарлық.
«Ақсарбас»
фильміндегі
бұдан
да басқа образдар арқылы ғасырлар
қойнауынан шыққан уақыт керуенін
анық көруге болады. Бұл керуенді құрап
отырған Үкібала келін мен Сара ене екеуі
бір әйел-ананың бейнесін сомдағандай
әсер береді. Мұндай әйел-ана осыдан
үш мың жыл алдында өмір сүрсе керек.
Тіпті, одан да бұрын тірлік кешкен де-
сек, қателеспейтін шығармыз. Енді сол
әйел-ана бүгін де өмір сүріп, жанымызда
жүр. Фильм экспозициясындағы жар-
тас маңындағы қарттың жас Қалимен
болған әңгімесі осыны меңзейді. Бірі –
ақындық өнерімен сүйгеніне қосылып,
бала-шағасының қызығын көрген са-
хара әйелі болса, екіншісі – тағдыры
шәлкез болып жолыққан шарасыз жан.
Бұл – сценарийдегі өзінше жасалған
құрылымдық
шеберлік.
Ұлт-тық
характерлерді беретін бейнелерді кино
әлемінде сомдағанда халықаралық дода-
ларда шығыстық алғырлықпен жеңіске
ҚЫТаЙдағЫ
ҚазаҚ кИносЫ
51
жеткізетін ұтқыр құрылым осы. Жалпы,
бұл іспеттес бейнені бұдан бөлек қазақ
киносындағы «Келін» фильмінен де көруге
болады. Тек бір айырмашылық – Ермек
Тұрсынов картинасындағы ененің келінге
деген көзқарасы қатал бола тұра, оның
астарында жылылық пен жанашырлық
жатыр. Ал Гау Фың туындысындағы
ене келінге деген өз көзқарасын ашық-
жарқын бүкпесіз білдіреді.
Фильмнің музыкалык шешіміне келер
болсақ, Үкібала Ақтайға деген сезімін
қобызда «Ерден» күйін тарту арқылы
жеткізеді. Сол сәттегі жандүниесіне бай-
ланысты үлкен жиында Үкілі Ыбырайдың
әнін де айтып береді. Бұл дәстүр – басқа
ұлттарда жоқтың қасы. Өйткені, қазақтың
өзіндік сахаралық мәдениеті, заңы,
әдет-ғұрыпы бар. Яғни, бір нәрсені кей-
де төтесінен айтса, енді бірде қалжыңға
сүйеп білдіреді. Міне, осындай тұста ре-
жиссер айтар ойын музыканың құдіреті
арқылы жеткізе білген. Бұрынғы заманғы
арда қазақтың ұрпағын жатқа бермеуі,
ғашықтардың домбыра, қобыз үнімен
сырласуы, боталы інгеннің басындағы
күй – осының бәрі «Ақсарбастың» ішкі
лейтмотиві. Дәстүр демекші, қазақ
салт-дәстүрлерінің ішіндегі ең қызық
жәйттердің бірін осы фильмнен аңғаруға
болады.
Әйтсе де, ең басты ерек-шелік –
фильмнің таза қазақ тілінде түсірілуі.
Сондай-ақ, кейбір актерлердің кәсіби
шеберлігі болмаса да, өз рөлдерін
ойдағыдай сомдай алғаны қуантады.
Дегенмен, кейіпкерлердің сөзі өз дау-
сымен боямасыз берілгендіктен, ды-
быс тазалығының ақсап жатқан тұстары
да бар. Фильм желісінде ширақылық
жоқ, біраз шұбалаңқы; бата беруде, сөз
мәнерлерінде жұтаңдық, қарабайырлық
та байқалады. Сөздiк қолданыстар, iс-
әрекеттерде мүлт кетiп жатқан тұстар
да менмұндалап қалады. Мысалы, мал
бауыздарда атам қазақ түлiктiң көзiнше
пышақ қайраған емес.
Десе де, фильмнің кө-рермендердің
көңілінен шыға-тынына дау жоқ. Себебі,
бұл фильм - көшпенділердің тарихын
дәлме-дәл суреттеуімен құнды.
Фильм Қазақстаннан сырт жерде
түсірілгендігіне қарамастан, қазақи орта-
ны дәл бере білген.
Фильмнің шарықтау шегін-де Ақтай
сал Үкібаланы алып қашады. Қызының
бұл қылығына төзе алмаған ата-анасы
көз көрмес қиянға қоныс аударады. Бұл
уақиғадан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
жырының «көшіп кету», яғни кеңістікке
сіңу сияқты әфсаналық тұсы анық
байқалады.
Фильм соңында ауылына қайта кел-
ген Үкібаланы, «жүзіқара, Ақтай салдың
топырағы суымай жатып» дегендей ауыр
сөздер айтып, жаза ретінде үкімшіл топ
таудың мұздай суына әкеліп салады. Бұл
тұс қазақ оқырмандарына «Шолпанның
күнәсі» повесінің экрандағы тағы бір
нұсқасы іспетті көрінді.
Бір жарым миллион доллар қаржыға
түсірілген аталмыш фильмнің аяқалысы
әзірге жаман емес, Канадада өткен
халықаралық кинофестивальде үздік
фильмдер қатарынан көрінді.
Әйтсе де, ең бастысы – фильм соңында
жазылғандай, «адамзаттың қуанышы мен
жұбанышын арқалап, ұрпақтан-ұрпаққа
мәңгі ұласатын» ұлттық ерекшілігімізді
аялай білсек болғаны. «Ақсарбас» фильмі
осыны меңзейді...
Айдана АЛАМАН
Екі айда бір рет шығатын еларалық
қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал
№ 6 (67) 2013 жыл, қараша-желтоқсан
2002 жылдан шығады
редакция алқасы :
Талғат Мамашев
Қуат Бораш
Әділбек Ыбырайымұлы
Сұлтан Жанболат (Қытай)
Хабсаттар Омарұлы (Моңғолия)
Марат Үкібаев (Өзбекстан)
Абдулқаюм Кесіжі (Германия)
Тоқтарбай Дүсенбаев
Абдулуақап Қылыш (Түркия)
Бас редактор
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ
Бөлім редакторы
Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ
Безендіруші
Асыл ҚАРТАБАЕВА
Меншікті тілшілер:
Бекен ҚАЙРАТ (Астана)
Марат АРЫНОВ (Өзбекстан)
Досан БАЙМОЛДА (Еуропа)
Меншік иесі :
«Алтын бесік-2» ЖШС,
Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы.
Журнал Қазақстан Республикасы
Ақпарат министрлігінен Бұқаралық
ақпарат құралын есепке қою туралы
№ 4629 - Ж куәлігін алған.
22.01.2004 ж.
Алғашқы есепке қою кезінде
нөмірі мен мерзімі:
№ 3209 - Ж. 25.04.2002 ж.
Жарияланған материалдардағы
деректердің нақтылығына
автор жауап береді.
Басуға 04.12.2013 ж. қол қойылды.
Таралымы 1000 дана
Журнал ЖШС «Dostar media group»
баспаханасында басылды.
РЕДАКЦИЯНЫҢ
МЕКЕН - ЖАЙЫ :
050002 Алматы қаласы.
Ш.Уәлиханов көшесі, 43-а
Тел.факс (727) 273 19 50
E - mail: altyn _besik @mail.ru
Журналдың электрондық нұсқасы
www.qazaq-alemi.kz веб-сайтында
жарияланады.
алтын Бесік
Достарыңызбен бөлісу: |