Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!


МОнҒОЛиядаҒы ҚазаҚ тариХы



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата06.03.2017
өлшемі15,29 Mb.
#7839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МОнҒОЛиядаҒы ҚазаҚ тариХы 

Мен тариХШыЛары

Монғолиядағы  қазақтар  ХІХ  ғасырдың  60-70  жылдары 

Қытайдың    Алтай  өлкесінен  Моңғолияның    Қобда  аймағына  

асқан  көштің  нәтижесінде  пайда  болды.  Бұл  туралы  тарихи 

мағлұматтар  алғаш  рет  ресейлік  шығыстанушы  ғалымдар  Г.Е. 

Грумм-Гржимайло, Г.Н. Потанин, В.В. Сапожников, В.Бурдуков, 

А.М. Позднеев және Монғолия ғалымы Цевен Жамсранов (Бег-

зеев) еңбектерінде жазылған. 

Мысалы,  Г.Н.  Потанин  «Очерки  Северо-Западной  Мон-

голии»  деп  аталатын  еңбегінде  Монғолияға  қоныс  аударған 

қазақтар жайлы біршама құнды мағлұматтар қалдырды. Ол 1876-

77 жылғы экспедицияны басқарып 4000 м. биіктіктегі Мұзтаудың 

бір мойнағын асып келіп, мұндағы қазақ ауылдарының өмірімен 

танысып  Қобда  қаласында  үш  ай  тұрған.  Г.Н.  Потанин  асқан 

Алтайдың бір мойнағын қазақтар қазір де «Ботамойын» (Пота-

нин) деп атайды. 

Ал  Қобда  асып  келген  қазақтардың  саны,  рулық  құрамы, 

тіршілік салты жайлы алғаш жүйелі мағлұмат берген – Монғолия 

ғалымы Цевен- Жамсрано. Ол өзінің «Дархад. Хөвсгөл нуурын 

урианхай...» атты еңбегінде «Абақ керейден бөлініп 1860 жыл-

дары Алтай жотасының бергі бетіне (Қобда) келген қазақтардың 

саны  тым  көп  емес,  былтырғы  жылы  (1923)  Қобдада  болып 

қайтқан  экспедицияның  жасаған  есебі  бойынша  Моңғолия 

қарамағында қазақтың 1870 отбасы бар» деп көрсеткен. 

Моңғолияда халық революциясы 1921 жылы жеңгені белгілі. 

Бірақ  Моңғолияның батыс шебін мекендеген қазақтар үшін бұл 

төңкерістің алғашқы жемістері 1930 жылдары келіп жетті. Яғни, 

қазақ тілінде білім беретін 25 оқушысы бар алғашқы бастауыш 

мектеп 1928 жылы Қобда аймағының Улаан-хусан (Қызыл қайың) 

ауылының Ақбалшық деген жерінде құрылды. Он жылдық мек-

теп Өлгий қаласында 1954 жылы ашылды. 

Қазақ тілінде орта білім беретін мамандар санаулы ғана бола-

тын. Сондықтан 1930 жылдардан бастап Моңғолия қазақтарының 

рухани  өмірі  мен  оқу-ағарту  ісіне  қазақстандық  мүмкіндікті 

іске  қосудың  қажеттілігі  туды.  1940  жылы  Баян-Өлгий  қазақ 

аймағының құрылуы қазақы факторды алға шығарды. 

Моңғол  үкіметі  жергілікті  қазақтардың  оқу-білім  жүйесін 

жолға  қою  үшін  Қазақстаннан  педагогтар  шақыру  туралы 

БК(б)П Орталық комитетіне мәселе қойды. Қазақстан Орталық 

комитетінің бюросы бұл мәселені  1940 жылы екі дүркін қарап, 

14  мұғалімді  таңдап,  мәселені  Мәскеуге  жіберді.  Мәскеудегі  

БК(б)П  Орталық  комитеті  14-тің  ішінен  12  маманды  таңдап 

Моңғолияға  аттандырды.  Олардың  қатарында  Қордабаев 

Төлеубай,  Сауранбаев  Тілеуберді,  Есмағамбетов  Сейдахмет, 

Қожахметова Рашида, Қадыкенов Мұғди, Шынықұлов Жомарт, 

Иманалин  Ораз,  Құрбанғалин  Сәмбет,  Қайыргелдин  Айдарбек, 

Жапар Тыналин, Аймұхамбетов Сұлтан, Молдағалиев Қайролла 

сынды тәжірибелі педагогтар бар еді. 

Моңғолия  жерінде  «Нағыз  қазақ  мектебі»  деген  ұғымды 

осы  кісілер  қалыптастырды.  Олар  жергілікті  қазақ  балала-

рына  Қазақстан  оқу  жүйесі  негізінде  пәрменді  білім  берді. 

Қазақстаннан  шақырылған  ұстаздар  алты  айдан  –  алты  жылға 

дейін  Баян-Өлгийде  қызмет  істеді.  Моңғолия  қазақтарынан 

шыққан  алғашқы  зиялылар,  ғалым,  тарихшылар  жоғарыда 

аталған ұстаздардың шәкірттері. 

Моңғолия  қазақтарынан    шыққан  алғашқы  тарих-эконо-

мика  ғылымдарының  кандидаты,  профессор,  теоретик  Қамбар 

Өмірбекұлы  1964  жылы  Мәскеуде  кандидаттық  диссертация 

қорғады.

Моңғолия  қазақтарының  ішінен  Москвада  алғаш  тарих 

ғылымының  докторы  атағын  қорғаған  тарихшы  –  Абилтайн 

Минис.  1928  жылы  «Қызыл  қайыңда»  туған.  Қазақстандық 

ұстаздардан  білім  алды.  1973  жылы  Москвада  докторлық  дис-

сертация қорғады. Көп жылдар бойы МХРП Орталық комитеті 

жанындағы Партия тарихы институтында қызмет атқарды. 

Абилтайн Минис тарихшы Асқанбайұлы Сараймен бірлесіп 

1960  жылы  «Моңғолия  Баян-Өлгий  қазақ  халқының  тарихы» 

атты монографиялық еңбек жазды.   

Абилтайн Минис 1992 жылы атажұртқа оралып, 2012 жылы 

дүниеден өткенге дейін Халықаралық Түркістан университетінде 

дәріс  берді,  шәкірт  тәрбиеледі.  А.Минис  атажұртқа  Моңғолия 

мұрағатындағы  Тұрар  Рысқұловқа  қатысты  төл  деректерді  ала 

келді. Құжат негізінде 2004 жылы Түркістанда «Тұрар Рысқұлов: 

мұрағат құжаттары» атты еңбек шығарды.

Моңғолия  қазақтарының  тарихын  зерделеуде  қомақты 

үлес  қосқан  тарихшылардың  бірі  –  Асқанбайұлы  Сарай.  Оның 

қаламынан «Баян-Өлгий аймағы тарихынан», «Баян-Өлгий қазақ 

халқы», және «Төңкерістен кейінгі Баян-Өлгий қазақ, урианхай-

лары»  атты  зерттеу  еңбектері  және  200-ден  астам  мақалалары 

жарық көрді. 

Қазақстандық  ағайындарға  Моңғолиядағы  қазақтар  туралы 


11

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

алғашқы мағлұмат берген еңбек – тарих ғылымдарының докто-

ры Ислам Қабышұлының 1978 жылы жарық көрген «Керейлер 

керуені»  атты  зерттеуі.  Аталмыш  еңбек  Қытайдағы  қазақтар 

арасына да кең таралды. И. Қабышұлы  1980 жылы «Моңғолия 

қазақтарының тарихы» атты және бір еңбек жазды. 

Қазақстан  тарих  ғылымына  межелі  үлес  қосып  жүрген 

азаматтардың  бірі  –  филология  ғылымдарының  докторы, 

түркітанушы  Қаржаубай  Сартқожа.  Ол  2008  жылы  «Байырғы 

түрік жазуы: алфавит жүйесі және фонологиясы» тақырыбында 

докторлық диссертация қорғады. 

Қаржаубай  Сартқожаұлының  ізін  басып  жемісті  еңбек  етіп 

келе  жатқан  ғалымдардың  бірі  –  Нәпіл  Базылхан.  Ол  –  шет 

елдің бірнеше тілін меңгерген түріктанушы ғалым. 1999 жылдан 

бері  ҚР  Мемлекеттік  Орталық  мұражайының  деректану  және 

қолжазба орталығының жетекшісі қызметін атқарып келеді. 

Моңғолия  қазақтарының  тарихи  этнографиясын  зерттеген 

төрт тарихшы ғалым бар. Олар – тарих ғылымдарының докто-

ры,  қазірде  марқұм  болып  кеткен  Бихұмар  Камалашұлы,  та-

рих  ғылымдарының  докторы  Құрметхан  Мұхамадиұлы,  тарих 

ғылымының  кандидаттары  Бабақұмар  Хинаят  және  Досымбек 

Қатран.     

Бихұмар 

Камалашұлының 

қаламынан 

«Моңғолия 

қазақтарының  дәстүрлі  шаруашылығы»  және  «Қазақ  этно-

графиясы»  қатарлы  10  монография  100-ден  аса  мақала  туды. 

Б.Камалашұлының  сценарийы  бойынша  түсірілген  «Бүркіт» 

деректі фильмі әлем жұртына тарады. 

Жоғарыда аты аталған тарихшы ғалымдар (оның ішінде осы 

жолдардың авторы да бар) Монғолиядан атажұртқа көптеген ар-

хив материалдары мен төл деректемелер әкеліп «Қазақстан та-

рихы туралы моңғол деректемелерінің» үш томдығын шығарып, 

ғылыми  айналымға  қосты.  Әсіресе,  жас  тарихшыларымыздың 

берері әлі де алда. 



Уәлихан  ҚАЛИЖАНОВ, 

ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,  фило-

логия ғылымдарының докторы

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет 

және өнер институтының  директоры 

ҚаЙМаҒы БұзыЛМаҒан ҚазаҚы Орта

М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты 

ұжымы  2012-2014  жылдар  аралығына  арналған  «Қазақстан 

халықтарының фольклоры, әдебиеттануы, өнері», «Шетелдердегі 

қазақтардың фольклоры, әдебиеттануы, өнері» атты іргелі жоба-

ларды  орындау барысында өткен жылы Ресейдің, Моңғолияның, 

Өзбекстанның қазақтар тығыз қоныстанған аумақтарына экспеди-

циялар ұйымдастырып, оған фольклортанушы, әдебиеттанушы, 

өнертанушы мамандарды тартты. Соның негізінде қомақты мате-

риалдар жиналып, ғылыми айналымға түсті. Ағымдағы жылы да 

бұл үрдіс жалғасын тауып, әдебиеттанушы Т.Әлбеков (жетекші), 

өнертанушылар  Г.Жұмасейітова,  А.Мұқан,  З.Қасымова,  фоль-

клортанушы  Н.Елесбай,  оператор-инженер  Н.Әшір  сияқты  ма-

мандардан  жасақталған  фольклорлық-этнографиялық  экспеди-

ция Қытай Халық Республикасына барып  қайтты.

Бүгінгі күні Қытайдың  Шыңжаң көлемінде, сондай-ақ, Ган-

су  өлкесіне,  Монғол,  Дүнген  автономияларына  қарасты  қазақ  

автономиялық  аудандарында  тіршілік  етіп  келе  жатқан  бір 

жарым  миллион  қандастарымыздың  тұрмыс-тіршілігі,  білім-

ғылымы, ағарту саласы, әдебиеті мен өнері, руханият мәселелері 

бізді  бейжай  қалдырмайды.  Мысалы,  ҚХР-да    жасайтын  57 

ұлттың арасында 17-ші, ал мәдени ықпалдастық деңгейі бойын-

ша 5-ші орынды иеленетін қазақтың рухани қажеттілігін өтейтін 

6  мемлекеттік  баспа,  2  арнайы  телеарна,  радио,  ондаған  газет-

журнал, оған қоса кино саласының, Ұлттық істер, Тіл және жазу, 

Аударма комитеттерінің қазақ бөлімдері қызмет атқаратындығы 

қуантады және олармен бірлесе, ынтымақтаса жұмыс істеуге ын-

таландырады. 

Бұл ретте екі елдің мемлекеттік келісімдерінің негізінде екі 

жақтың зиялы азаматтары бас қосып, ұлттық тарихты, мәдениет 

шежіресін жаңаша қайта жазуға атсалысуы керек деген ойдамыз. 

Сол  себептен  де  бізден  барған  ғылыми  топ  –  Қазақстан 

Республикасы  Сыртқы  істер  минстрлігі  мен  ҚХР  Мәдениет 

министрлігінің  келісімен  ШҰАР  аумағына  мемлекеттік  келісім 

бойынша  қазақ  фольклоры  мен  өнеріне  қатысты  мұраларды 

жинауға жіберілген бірден-бір экспедиция еді. Оны ресми түрде 

шақырып, қолдау жасаған Шынжаң  Жазушылар, Композиторлар, 

Суретшілер, Бишілер, Хаткерлер, Фольклоршылар, Фотошылар, 

Драмашылар, Әсемөнершілер  сияқты одақтарды топтастырған 

ШҰАР  Әдебиет-көркемөнершілер  бірлестігі  болды.  Сонымен 

қатар  осы  жұмыстардың  оң  шешімін  табуына  қолқабыс    еткен 

аталған  бірлестік  төрағасының  орынбасары,  қазақ  бөлімінің 

меңгерушісі Еркеш Құрманбекқызына, «Мұра» журналының бас 

редакторы  Дәлелхан  Қиянат  пен  оның  орынбасары  Мұратхан 

Әбілмәжінұлына зор ризашылығымызды білдіреміз. 

Экспедиция  мүшелері  Үрімжі  қаласында,  Іле  Қазақ 

Автономиялық  облысының  Құлжа  қаласы  мен  Іле  аймағында, 

Шәуешек  қаласы  мен  Тарбағатай  аймағында  болып,  ғылыми-

мәдени  мекемелер  ұжымдарымен,  жекелеген  ғалымдармен, 

жазушылармен,  өнер  иелерімен,  ауыл-қыстақ  тұрғындарымен 

кездесулер  өткізді.  Олардың  арасында  өлкелік  «Мұра»,  «Іле 

айдыны»,  «Тарбағатай»,  «Шыңжаң  қоғамдық  ғылымы» 

журналдарының, «Шыңжаң», «Іле» газеттерінің, Шыңжаң халық 

радиосы, оны аймақтық қосындарының,  ШҰАР  Қазақ телеви-

зиясы мен оның аймақтық, аудандық құрылымдарының,  ШҰАР 

Әдебиет-көркемөнершілер  бірлестігі  және  оның  жергілікті 

бөлімдерінің, Өлкелік Ұлттар ісі комитетінің Байырғы мұралар, 

Өлкелік  Бейзаттық  мұралар  кеңселерінің,  сондай-ақ  ШҰАР 

қоғамдық  ғылымдар  академиясының,  Шынжаң  Педагогикалық 

университеті Музыка-тану факультетінің, Іле Педагогикалық ин-

ституты Қазақ зерттеу, Іле облыстық Мәдениет, көркемөнер зерт-

теу орталықтарының т.б. ұжымдарымен кездесті. 

Жекелеген фольклортанушы, өнертанушы, мәдениеттанушы 

ғалымдармен  өткізілген  арнайы  жүздесулер  де  табысты 

жүргізіліп,  осы  салалардағы  кейбір  шешімін  таппаған  өзекті 


12

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


мәселелерді айқындауға, экспедицияға қажетті мәліметтерді алуға 

мүмкіндіктер туғызды. Атап айтқанда, Үрімжі қаласында тұратын 

Бексұлтан  Қасей,  Бағдат  Естемісұлы,  Түсіпбек  Сыламқұлұлы, 

Мағаз  Сүлейменұлы,  Ясиын  Құмарұлы,  Қалиолла  Нұртазаұлы, 

Жаң Хуң, Құлжадағы Камал Мақай, Нығымет Қамзалиев, Кәрім 

Әбдірахман, Сәйдірахман Әбділәзілұлы т.б. ондаған зерттеуші-

ғалымдар, мамандар, зиялы қауымның өкілдері экспедицияның 

табысты жұмыс істеуіне зор қолғабыстарын тигізіп, ақыл-кеңес 

беріп отырған.

Экспедиция  мүшелері  Үрімжінің,  Құлжа,  Шәуешек 

сияқты  аймақтық  орталықтардың,  аудандар  ауқымындағы 

мұражайларында болып, сол өңірлерде өмір сүрген қазақтардың 

тарихи-мәдени  құндылықтарымен  де  танысқан.  Мәселен,  Іле 

Қазақ  Автономия  облысының  Құлжа  қаласындағы  Тарихи 

мұражайындағы осы аймақтың Мұңғылкүре ауданының жерінен  

табылған алтын адам мен оның лағыл тастармен әшекейленген 

асыл  бұйымдары,  Іле  Педагогикалық  институты  Қазақ  зерт-

теу  орталығының  «Қазақ  тарихы»  мұражайындағы  Құлжа 

маңындағы  Тоғызтарау  ауданының  аумағынан  табылған  қазақ-

ананың тас мүсіні кім-кімді болса да бейжай қалдырмаған.  

Шыңжаң  қазақтарының  жеке  театры,  киноөндірісі 

болмағанмен,  ШҰАР  Ән-би  үйірмесі  мен  оның  аймақтық, 

аудандық  бөлімшелері  осы  салаларды  да  қамтыған.  Негізгі 

міндеті  ән-би  өнерін  насихаттаумен  қатар  бұл  мәдениет  

ошақтарында сахналық қойылымдар да дайындалады, артистерді 

киноөндірісіне  де  тартады.  Экспедиция  мүшелері  Шыңжаң 

Ұйғыр театрында істейтін қазақ актерларының жұмыстарымен, 

Іле, Тарбағатай аймақтық ән-би үйірмелерінің, олардың аудандық 

бөлімшелерінің артисттерімен жүздесіп, өнерлерін тамашалауға 

мүмкіндік алды. Солардың бірі Іле облыстық Ән-би үйірмесінің 

арнайы  концертін  көріп,  «Қамажай»,  «Қаражорға»  билерінің 

жаңа  қойылымдарын,  эстрадалық,  дәстүрлі  әндерді,    халық 

композиторларының  күйлерін  тамашалаған.  Жазып  алынған 

бейнетүсірілімдерге қарағанда, артистердің кәсіби деңгейлерінің 

кім-кімнен  де  кем  емес  екендігін  аңғардық.  Әсіресе,  Ұран 

Ақатайұлы мен Құрманжан Зікірияұлы шерткен Н.Тлендиев пен 

Әшім күйшінің шығармалары құлақ құрышын қандырады. 

Суретшілік  өнердің    де  Қазақстандағыдай  биік  деңгейге 

көтерілмесе де қалыпты жұмыс істеп келе жатқаны байқалады. 

Оған бір ғана құлжалық Әбдімәжит Ертуғанның майлы бояумен 

жазылған табиғат, қазақтың тұрмыс-тіршілігі тақырыптарындағы 

еңбектері,  тарихи  тұлғаларға  арналған  сағым-портреттері, 

хаткерлік (көркем жазу) жұмыстары айқын дәлел болады.

Қолөнер  бұйымдары  әлі  де  қаймағы  бұзылмаған  күйде 

сақталған. Әсіресе, киіз үй мәдениеті, қыз жасауы, ұлттық киімдер, 

түрлі төсеніштер, кілем-тұскиіздер, тұрмыстық бұйымдар, музы-

ка аспаптарын жасау т.б. ұлттық мұраларды жаңғырту, дәстүрлі 

мектептердің негізінде жалғастыру жұмыстары жолға қойылған. 

Бүгінгі  таңда  Шыңжаңдағы  айтыс  өнері  қарыштап  даму 

үстінде. Өлке, аймақ, аудан көлемінде мемлекеттің қолдауымен 

байқаулар,  біріншіліктер,  халықаралық  фестивальдар  өткізіліп 

тұрады. 


Жоғарыда  айтылғандай,  арнайы  қазақ  театры  болмағанмен, 

30-60  жылдары  Құлжа,  Шәуешек  қалаларында  жұмыс  істеген  

халық театрлары туралы мәліметтер, зерттеу еңбектер сақталған.  

Мысалы, 1988 жылы нылқылық Дәулетбек Қамбарұлы он төрт 

ақынды жиыстырып, аудан сахнасында «Біржан – Сара» опера-

сын қойған.  Театртанушы А.Мұқан кезіндегі Құлжа театрының 

тірі куәсі, сол мәдениет ошағында түрлі рөлдер ойнаған, актер-

режиссер  Мәлік Шипанмен кездесіп, театр тарихы туралы тың 

деректер алды.  

Би  өнерінен  де  Шынжаң  қазақтары  біршама  жетістіктерге 

қол жеткізгенін аңғаруға болады. Экспедиция мүшелері түсірген 

бейнетүсірілімдерге қарағанда, олардың арасында бізге танымал  

«Қаражорға»,  «Ортеке»,  «Аю  биі»  сияқты  туындылардан  өзге, 

жалпы Қазақстан көрермендеріне беймәлім «Еңбек биі»,  «Ата 

қобыз», «Қыран биі», «Көк түйме», «Шешеке биі»,  «Түйе биі», 

«Қыран биі» т.б. шығармалары бар. 

Тұжырымдап  айтқанда,  ғылыми  топ  алдына  қойылған 

мақсат-міндеттерін  толық  орындап,  айтарлықтай  жетістіктерге 

қол жеткізген. Әкелінген материалдар институттың қолжазбалар 

қорын толықтырды, болашақта зерттелетін ғылыми нысандарды 

молайтты. 

 

Жарас ЕРМЕКБАЙ



тарих ғылымдарының докторы, 

М.В. Ломоносов атындағы   Мәскеу 

мемлекеттік университеті әлеуметтік-

гуманитарлық пәндер кафедрасының 

профессоры 

ОраЛМандардың ҚазаҚстанҒа ҚОсҚан ҮЛесІ 

Қазақстанның  тәуелсіз  ел  болғанына  20  жылдан  астам 

уақыт  өтті.  Осы  уақыт  ішінде  елімізде,  оның  ішінде  ауыл 

шаруашылығында, өнеркәсіпте, білім беруде, денсаулық сақтау 

саласында  түбірлі,  сапалы  өзгерістер  болды.  Бұл  өзгерістерге 

жеткілікті біліктілікпен, тәжірибемен және білімімен қаруланған 

репатрианттар яғни оралмандар  елеулі үлес қосты. 

Моңғолия,  Қытай,  Өзбекстан,  Түркіменстан,  Ресей,  Иран, 

Түркия,  Ауғанстан,  Пәкістан,  Қырғызстан  және  Тәжікстаннан 

келген  оралмандардың  арасында  инженерлер,  мұғалімдер, 

дәрігерлер,  ғалымдар,  спортшылар,  мәдениет  қайраткерлері 

мен  республиканың  халық  шаруашылығына  қажетті  өзге    де 

мамандықтың өкілдері бар.  

Отанға  оралған  осындай  белгілі  ғалымдардың  бірі  –  тарих 

ғылымдарының  докторы        Қиянатұлы  Зардыхан.  Ол  Моңғол 

мемлекеттік  университетінің  тарих  факультетін  үздік  бітірген. 

Мәскеуде  Қоғамдық  ғылымдар  академиясының  аспирантура-

сында  оқып,  кандидаттық  және  докторлық  диссертациясын 

қорғаған.  Моңғолияда  түрлі  жоғары  мемлекеттік,  партиялық 

және  дипломатиялық  лауазымдарда  қызмет  етті.  1997  жыл-

дан бері ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің  

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 



13

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып жұмыс жасай-

ды.

Тарихи отанына оралған осындай белгілі ғалымдардың бірі 



- тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлы. Ол 

1977  жылы  Гуанчжоуда  Сунь  Ятсень  атындағы  Мемлекеттік 

университеттің тарих факультетін бітірген. Ол қазір әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-да жұмыс істейді.

Осындай  ғалымдардың  арасынан  Моңғолиядан  қоныс 

аударған  филология  ғылымдарының  докторы  Қаржаубай 

Сартқожаұлын  да ерекше айта кеткен жөн.  Ол  Кеңес Одағындағы 

Шығыстану институтының Ленинград филиалының аспиранту-

расын тәмамдаған. 2001  жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы Еу-

разия ұлттық университетінде жұмыс істейді. 

Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде 

Қытайда туып өскен, тарих ғылымдарының докторы, профессор 

Тұрсынхан Зәкенұлы қызмет істеп жүр.      

Атажұртқа оралған қазақ зиялыларының алғашқы өкілдерінің 

бірі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шақыруымен келген ақын, ау-

дармашы,  шығыстанушы  Дүкен  Мәсімханұлы  болды.  Ол  1993 

жылдан  бері  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ  қызмет  етіп  жүр. 

Қазақстанда  кандидаттық  және  докторлық  диссертациясын 

қорғап, профессор аттанды.

  Ресей  Федерациясының  Омбы  облысында  туған    Зиябек 

Қабылдинов 1991 жылы Омбы мемлекеттік университетінің та-

рих факультетін бітірді. Қазіргі Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Еу-

разия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры. 

Өзбекстаннан  келген  Әшірбек  Муминов  ғылыми  орталар-

да  арабист-ғалым,  исламтанушы  ретінде  танымал.  Ташкент 

мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері факультетін, КСРО 

ҒА  Шығыстану  институты  Ленинград  бөлімінің  аспирантура-

сын тәмамдаған. Бүгінгі күні ол – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 

дінтану кафедрасының меңгерушісі.  

Ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының  докторы,  профес-

сор  Уәлихан  Сағалбеков  Ресейден  Қазақстанға  1994  жылы 

келді.  Қазіргі  уақытта  Ш.Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау 

мемлекеттік университетінде профессор.   

Атажұртқа  оралып  еліміздің  академиялық  институтта-

ры  мен  жетекші  университеттерінде  жұмыс  істеп  жатқан 

бұлардан  да  басқа  ғалымдарымыз  баршылық.  Олардың  арасы-

нан Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім 

меңгерушісі  Бахыт  Еженханұлы,  С.Ж.  Асфендияров  атындағы 

Қазақ  ұлттық  медицина  университетінің  профессоры  меди-

цина  ғылымдарының  докторы  Шайхслам  Батырханов,  фило-

логия  ғылымдарының  докторы,  профессор  Ислам  Жеменей; 

медицина  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қырғызстан 

Республикасы  Ғылым  академиясының  корреспондент  мүшесі, 

Тараз  қаласындағы  «Кардиология  орталығының»  директоры 

Сейітхан  Жошыбаев,  биология  ғылымдарының  докторы,  про-

фессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедрасының меңгерушісі, 

Болатхан Зиаядан; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университетінің  профессоры,  PhD  докторы  Досан  Баймолда; 

тарих  ғылымдарының  кандидаты,  ҚР  Орталық  мемлекеттік 

музейінің  ғылыми  қызметкері  Досымбек  Қатран;  филология 

ғылымдарының кандидаты, түрколог, Р.Б.Сүлейменов атындағы 

Шығыстану  институтының  жетекші  ғылыми  қызметкері 

Нәпіл  Базылхан;  Будапешт  университетінің  түлегі,  тарих 

ғылымдарының кандидаты Бабақұмар Хинаят және басқаларды 

ерекше атап өткеніміз жөн.

Атажұртқа  оралғандар  өнер  және  спорт  әлемінде  де 

жұртшылыққа    кеңінен  танымал  көптеген  қайраткерлердің 

қатарын  толықтырды.  Олар  Оразанбай  Егеубаев,  Жақсылық 

Самитұлы,  Ермұрат  Зейіпхан,  Бақытбек  Бәмішұлы,  Дәулетбек 

Байтұрсынұлы, Төлемырза Балтабаев, Құл-Керім Елемес, Серік 

Қапшықбайұлы,  Тұрсынәлі  Рыскелдиев,  Мұратхан  Шоқан, 

Дәулеткерей  Кәпұлы,  Мұрат  Шаймаран,  Қайрат  Құлмұхаммед 

сынды  ақын-жазушылар;  фольклорист  Долда  Кенешұлы, 

өнертанушы Жұмахансері Достанов, журналистер Құтмағамбет 

Қонысбаев, Ләззат Игісін, Бекен Қайратұлы, Есенгүл Кәпқызы, 

аудармашылар,  әдебиет  сыншылары  Армиябек  Сағындықұлы, 

суретші  Өмірзақ  Рыстан,  әртүрлі  жанрда  ән  салатын  та-

нымал  әншілер  Тілеубек  Қожанұлы,  жұбайлар  Құрманбек 

Әлімғазыұлы  және  Риза  Қайырбайқызы,  Гүлнәр  Абдоллақызы, 

Қабылаш Әбікейұлы, композиторлар Калек Құмақайұлы, Еркін 

Ергенұлы,  дирижер  Мұсайып  Хұсайынұлы,  бишілер  Шұғыла 

Сапарғалиқызы,  Нағима  Тайырқызы,  боксшылар  Баурбек  Ка-

лек, Бақыт Сәрсекбаев, Қанат Ислам, дзюдошы Тимур Болатұлы, 

ауыр  атлет  Меңдіхан  Тәпсір,  таэквондошы  Мұстафа  Өзтүрік, 

Марғұлан  Адай,  Сұлтанмахмұт  Шоқбытов  және  басқалар.    Ал  

Жәмәли Диханұлы жүздеген жастарды бір мезгілде «Қара жорға» 

биін орындауға үйретіп жүр.

Мәдениеттің  көрнекті  қайраткерлері  жайлы  сөз  еткенде 

Қазақстанды  өз  шығармашылығымен  танытып  жүрген  Майра 

Мұхамедқызының  есімін  ерекше  атап  өткен  жөн.  Ол  әлемдік 

опера сахнасында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 

Денсаулық  саласында  қызмет  етіп  жүрген  ағайындар  ту-

ралы  да  бірауыз  сөз  айтып  кеткім  келеді.  Олардың  ішінде 

Талдықорғанда көз ауруларын емдейтін орталық ашқан Мұхатай 

Абдоллаұлы,  Өскемендегі  «Мақсат»  клиникасының  директо-

ры  Мақсат  Әбдіқадырұлы,  Алматыдағы  жеке  клиникада  ней-

рохирург және инемен емдеуші Асқар Дәкенұлы, Шымкенттегі 

«Шипа»  Шығыс-Қытай»  медициналық  орталығының  бас-

шысы  Ертай  Жиынбайұлы,  Қаскелендегі  «Шығыс  медицина-

сы»  орталығының  директоры  Серік  Зекейұлын  айрықша  атап 

өткеніміз жөн. Олардың барлығы Қытайдан жоғары медициналық 

білім алған.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет