Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата06.03.2017
өлшемі15,29 Mb.
#7839
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

25

әлем қа


зақт

ары сыр шер

теді

Баян-Өлгий  жерін  бүркітшілер  мекені  десе 



де болады. Өйткені, ата-бабадан жалғасып келе 

жатқан осынау өнерді баяғы бәз қалпында сақтап, 

дамытып  отырған  –  осындағы  қандастарымыз. 

Сондықтан  да,  саятшылар  тойын  тамашалауға 

әлемнің  түкпір-түкпірінен  қонақтар  жиналады 

екен. Мысалы, осы жолғы мерекені дүниежүзінің 

18 елінен 425 адам келіп қызықтаған. Шетелдік 

қонақтар  арасында  құс  асыраушылар,  турис-

тер  және  деректі  фильм  жасайтын  жеке  студия 

өкілдері жүрді. 

Қазіргі 

таңда 


баян-өлгийлік 

қандас-


тарымыздың  қолында  450-дің  үстінде  қыран 

бар  екен.  Аталмыш  сайысқа  62  бүркітші  келіп 

қатысты. Сайыскер құсбегілердің ең үлкені – 82 

жастағы Бәйтей Баби ақсақал болса, ең жасы – 

17-ге  жаңа  толған  Қолғанат  Қайзымұлы  дейтін 

бозбала. 

Сонымен  «Бүркіт  тойы»  да басталды.  Өлгей 

кентінің  шығыс  қапталындағы  биік  шоқы 

Саяттөбенің бауырайына таңнан тұрып жиналған 

халықта қисап жоқ. Мұндағы ең керемет дүние – 

бүркітшілер шеруі. Қолына қыран қондырған 62 

құсбегі ат-әбзелдерін сайлап, құс жабдықтарын 

жасақтап, сап түзеп өтті. Бұның бәрін тәптіштеп 

айтып  жатуға  тіл  жетпейді,  мүмкіндік  болса 

көзбен көру керек.

Төрде  жайғасқан  төрешілер  әрбір  құсбегінің 

киген киімі мен жарағына баға берді. Одан кейін 

«құсты  қолға  шақыру»  сайысы  жалғасын  тап-

ты. Құсбегі атына мініп сонау төменде, таудың 

етегінде тұрады, қағушысы бүркітті Саяттөбенің 

басынан ұшырады. Зеңгір көкке атылып шыққан 

Баян-Өлгийдегі  

«Бүркіт тойы»

Өткен қазан айының 5-6 күндері Монғол елінің қазақтар қоныс 

тепкен  Баян-Өлгий  аймағында  14-ші  рет  дәстүрлі  «Бүркіт 

тойы»  өтеді  деген  хабарды  естіген  соң  арнайы  барып,  көріп 

қайтуға аттандық. 

қыран  бір  сәт  айнала  қалықтап  жүріп,  кенет 

шүйіле  сорғалап  келіп,  етекте  ағыза  шауып 

бара жатқан иесінің қолына қонады. Бұндай та-

маша  көріністі  көру  бір  ғанибет!  Абай  атамыз 

айтқандай, «Бір қызық ісім екен сұм жалғанда...».

Одан  кейін  «қыранды  шырғаға  салу»  әдісі 

бойынша баға берілді. 

Бұл жерде айта кету артық болмас, Саяттөбе 

бауырында  құсбегілер  сайысымен  қатар, 

қазақтың  ұлттық  ойындары:  ат  жарыс,  жорға 

жарыс, түйе жарыс, теңге ілу, қыз қуар, көкпар, 

ұранқай садақ ату сайысы қатар жүріп жатты. 

Осы  орайда  құсбегілер  сайысын  жыл  сайын 

өткізіп келе жатқан ұлттық өнеріміздің жанаша-

ры  Монғолия  бүркітшілер  одағының  төрағасы 

Медеухан Сайфоллаұлын әңгімеге тарттық: 

-  Мәке,  сізді  халқымыздың  төл  өнері  – 

құсбегіліктің  Қобда  бетінде  қанат  жаюына 

көп еңбек сіңіріп жүр дейді...

- Әкем құсбегі болған адам еді, ол кісі дүниеден 

өткенде тұғырда бүркіті қалды. Қыранды жаздай 

қолда  ұстап  семіртіп,  күзде  аяқбауынан  боса-

тып қоя бердік. Бүркіт қалықтап көкке көтеріліп 

бұлтқа сіңіп кетті. Арада ай өткен соң қайта ай-

налып  тұғырына  келіп  қонды.  Ет  беріп,  қонақ 

қылып ұшырып жібердік. 

Содан  ала  қыстың  ортасында  алыстан  тағы 

бір ағайындар әкейдің қазасына көңіл айта кел-

ген  екен,  оларды  бастап  дұға  оқу  үшін  зиратқа 

бардық.  Барсақ,  зираттың  бір  шетінде  әкейдің 

бүркіті қанатын жайып жіберіп,  үйген топырақты 

құшақтап өліп жатыр. 

Осы  оқиғадан  кейін  құс  пен  құсбегінің  ара-

25


26

27

АЛТЫН БЕСІК – 

ж

Ер жүз


І

сында біз білмейтін ғажайып үндестік, яғни бір-

біріне  деген  махаббат,  сағыныш  байланыс  бар 

екенін  ұғындым.  Сөйтіп,  менің  тұлабойымда 

арман пайда болды. Аспандағы құс пен жердегі 

адамның қатынасын жалпақ әлемге танытсам де-

ген ой түйдім. 

-  Алғаш  рет  «Бүркіт  тойын»  қай  жылы 

өткіздіңіздер?

-  Бүркіт  тойын  өткізу  идеясын  алғаш  2000 

жылы  жүзеге  асырдық.  Бұл  іске  ұйтқы  болған, 

әрі  тұңғыш  рет  демеушілік  жасаған  –  ұлты 

қалмақ,  АҚШ  азаматы  Жалсай  Урубшуров  де-

ген  мырза.  Бұл  адам  көшпенділер  мәдениетін 

зерттеумен  шұғылданады  екен.  Отанында 

жүргенде  американдық  бір  журналдан  қолына 

бүркіт  ұстаған  бай-өлкелік  құсбегінің  суретін 

көреді  де,  шындығына  көз  жеткізу  үшін  осын-

да  ат  басын  бұрады.  Аймақ  басшылары  оны 

маған  жолықтырды.  Жалсай  мырза  қолындағы 

журналды  көрсетіп,  «сендерде  мынадан  басқа 

бүркіт бар ма?» деп сұрады. Мен бізде 400-ден 

астам бүркіт барын айттым. Сөйтіп, Жалсайдың 

демеушілігімен  бүгінгі  құсбегілер  мерекесі 

алғаш рет жүзеге асқан еді. 

- Қалай жүзеге асырдыңыздар?

-  Алдымен  аймақ  әкімі  шешім  қабылдап, 

жұмыс  тобын  құрды.  Оны  әкімінің  орынбаса-

ры  басқарды.  Маған  атқарушы  ретінде  барлық 

қара жұмыс жүктелді. Бір ай бойы насихат-үгіт 

жұмысын  жүргіздім.  2000  жылы  қазан  айының 

7-күні тойдың шымылдығын аштық. 

- Сонымен...

-  Алдымен  Өлгей  қаласының  орталық 

алаңында бүркітшілер парадын ұйымдастырдық. 

Аймақ әкімшілігіне қарасты 12 елді мекеннен 70 

құсбегі келіп қатысты. Халық өте көп жиналды. 

- Құсбегілерді бағалау тәсілі қалай болды? 

-  Құсбегілер  үш  көрсеткіш  бойын-

ша  бағаланды.  Алдымен  ат-әбзелдері,  яғни 

бүркіт  пен  бүркітшінің  жабдығын  сыналттық. 

Екіншісінде  «құсты  қолға  шақыру»  әдісін 

ұсындық,  соңында  «құсты  шырғаға  салу» 

арқылы  баға  бердік.  Алғашқы  үш  орынға  ие 

болған бүркіттерді қасқырға салдық.



- Қасқырды қайдан алдыңыздар?

- Біздің жақта аңшылар көктемде, яки қасқыр 

күшіктейтін кезде апанын аңдып барып, барлық 

күшіктерін  сыпырып  әкеліп,  ит  сияқты  бай-

лап асырайды. Жазда келіп көрер болсаңыз, екі 

үйдің  бірінде  бөлтірік  байлауы  тұрады.  Осы 

қасқырларды пайдаландық. Екі бүркіт қасқырға 

түсті. 


- Бүркітшілер одағын қашан құрдыңыздар?

-  Алғаш  рет  2000  жылы  мерекеге  қатысқан 

70  құсбегінің  басын  қосып  ата-бабамыздан 

үзілмей  келе  жатқан  құсбегілік  өнерді  дамыту 

жайын  талқылып,  жиын  өткіздік.  Нәтижесінде, 

«Монғолия  бүркітшілер  одағы»  дейтін  қоғам 

құрдық.  Оның  ережесін  бекіттік.  Барлық 

құсбегілерді тізімге алдық. 



-  Бай-өлкелік  құсбегілердің  басқа  өңірден 

ерекшелігі неде?

-  Біздегі  құсбегілік  өнер  жасанды  емес. 

Бәзбаяғы қалпында сақталған. 

-  Жыл  сайын  елдің  астанасы  Ұланбатыр 

қаласында  «Бүркіт  тойын»  ұйымдастырып 

жүрген көрінесіздер...

-  Бұл  іске  ұйытқы  болған  –  кезінде  Ұлы 

Құрылтай  мүшесі,  кәсіби  дипломат  Сай-

ран  Қадырұлы  дейтін  азамат.  Жыл  сайын 

астанаға барып «Бүркіт тойын» өткіземіз. Оған 

Моңғол  елінің  президенті  өзі  келіп  қатысады.  



26

27

әлем қа


зақт

ары сыр шер

теді

Үкімет  бүркітшілерді  құрметтеп,  елбасының 



резиденциясындағы қонақ үйге орналастырады. 

Сондай-ақ, әлемінің түкпір-түкпірінен шетелдік 

саяхатшылар  келіп  тамашалайды.  Бұл  сайыс 

биыл да өтеді. 20 құсбегі барады. 



-  Сіздер  БҰҰ  жанындағы  ЮНЕСКО-ға 

Моңғолиядағы  қазақ  құсбегілерінің  өнерін 

құнды  мұра  ретінде  тіркетіп,  үлгерген 

екенсіздер. Бұны қалай іске асырдыңыздар?

-  Монғол  елінде  ЮНЕСКО-ның  өкілдігі 

бар.  Соған  тілек  қойдық:  «Монғол  дейтін  елде 

қазақ  дейтін  халық  өмір  сүріп  жатыр.  Олар 

байырғы құсбегілік дәстүрін ұмытқан жоқ, осы-

ны  халықаралық  ұйымға  мәдени  мұра  ретінде 

тіркеп, есепке алуларыңызды сұраймыз», -дедік. 

Содан  олар  өте  көп  құжат  жинатты.  Елдегі 

400-ден  астам  құсбегілердің  әрқайсысы  жеке-

жеке өтініш жазады екен. Тағы басқа қисапсыз 

құжаттарды жинап жүріп, 2010 жылы ЮНЕСКО-

ға  «Монғол  еліндегі  қазақ  ұлтының  құнды 

мұрасы» ретінде тіркеттік. 

- Куәлік берді ме?

-  Берді!..  Түпнұсқасы  аймақ  әкімінің  кеңсе-

сінде  тұр.  Көшірмесі  өлкетану  мұражайында 

сақтаулы. 



-  Сіздің  елдегі  бүркітшілер  қатысуымен 

шетелдіктер  жыл  сайын  көптеген  деректі 

фильмдер  түсіреді.  Осыған  сіз  басқарып 

отырған Одақтың қатысы бар ма?

-  Біздегі  барлық  саяси    және    экономикалық 

мәселелер ашық есік формасында жүріледі. Мы-

салы, шетелдік бір студия келеді де, бір құсбегінің 

үйінде  жатып  фильм  түсіреді.  Оған  ешқандай 

рұқсаттың  қажеті  жоқ.  Өз  басым  осындай  үш 

фильм  түсірдім.  Соның  біреуі  –  немістермен 

бірлесіп  түсірген  көркемфильм.  Бұл  туынды 

2006 жылы халықаралық жүлде алды.  

-  Алдағы  жоспарыңыз  жайлы  айтып 

берсеңіз?

-  Жуықта  Астана  қаласына  барып,  Ұлттық 

спорт 

түрлері 


қауымдастығының 

вице-


президенті Бекболат Тілеухан мырзаға жолығып 

қайттым. Осы кездесу барысында халықаралық 

құсбегілер сайысын Астана қаласында өткізу ту-

ралы ақылдастық. Болашақ жоспарым құсбегілік 

өнерді Қазақ елінде дамытуға үлес қосу. 

***


Екі күнге созылған мерекеге қазан айының 6 

күні кешке нүкте қойылды. Барлық ойын түрлері 

бойынша  жеңімпаз  және  жүлдегер  атанғандар 

марапатталды.  Бүркітшілер  сайысы  бойын-

ша  бірінші  орын,  яғни  бас  жүлде  Шаймұрат 

Асқабылұлына  бұйырса,  екінші  орынға  Ерлан 

Қамшыбайұлы  ие  болды.  Үшінші,  төртінші, 

бесінші орындарды – Сатыпалды Кәрменханұлы, 

Башахан  Ысбайұлы,  Қолғанат  Қайзымұлы 

бөлісті. 



Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

29

28

Ат

А



А

бА



 мұр

А

сы



Қазақ халқының 

салт-дәстүрлері



ыМ, иШара

Қазақ  кейде  ым,  ишара 

арқылы  «сөйлесіп»,  болған  жай, 

іс-қимылды  осы  арқылы  түсіне 

береді. Жұдырық түю, саусақ без-

еу  –  сесті,  танауына  қос  саусақ 

тығу – түк бітірмегенді, көз қысу 

– ішкі сезімді, бас шайқау – жолы 

болмағандығын  білдіреді.  Халық 

арасында  ым  мен  ишараның 

түрлері  өте  көп.  Бұл  –  негізінен 

сөзді  шығындамай-ақ  болған 

істі  баяндаудың  немесе  жеткізу, 

түсіндірудің  бір  жолы.  Мұндай 

тәсіл әр халықта да бар.

ырыМ

Ырым – халықтың жақсы ниеті 

мен тілегінен туған ғұрып. Ырым – 

жолдары мен түрлері өте көп. Мы-

салы,  шешен  болсын  деп  аузына 

түкіру, отаншыл болсын деп туған 

жерге аунату, ержүрек болсын деп 

батырдың  сарқытын  жегізу  неме-

се  оның  атын  қою  сияқты  ырым-

дар бар. Той, келін түсіруде бала-

ларым  өсіп,  осындай  қуанышқа 

жетсін деп, нан, бауырсақ, кәмпит 

алып,  оны  апарып  береді.  Ырым, 

Ырымкүл деген ұл, қыз аттары да 

осы  ғұрыппен  қойылған.  Халық 

жасы  100-ге  жеткен  адамның 

киімін,  ұстаған  затын  осындай 

жас  берсін  деп  үлестіріп,  бөліп 

алу салты бар. Сол сияқты баласы 

тұрмай  жүрген  адамдар  баласына 

Күшік,  Итемген,  Башай,  Терісаяқ 

дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі 

болады  деп  ырымдаған.  Өмірде, 

тұрмыста,  салтта  жасалатын 

ырымдар саны көп және қолайлы 

сәтінде халық ұмытпай қолданған 

және  қолданып  келеді.  Жалпы 

айтқанда ырым – халықтың сенімі 

бау», яғни бие байлап, қымыз сауу 

басталады.  Бұл  дәстүрге  әр  отба-

сы ерте дайындалып, оған қажетті 

саба,  күбісін,  ноқта,  желісін 

әзірлеп  қояды.  Бие  байлап,  оны 

салтанатпен  сауу,  ырымын  жасау, 

«қымызмұрындыққа» 

шақыру 


қазақ үшін үлкен бір той, мәжіліс.

«Биебау»  дәстүрінде  желі  ба-

сына жұрт жиналып, бие желініне, 

сауырына,  құлын  кекіліне,  қазық 

басына,  желге  май  жағып  «құтты 

бол»,  «сүтті  бол»,  «өсімтал  бол» 

деген  тілек,  бата  жасайды.  Со-

нан  кейін  бие  сауу  басталады. 

Жылқыны  жоғары  бағалайтын 

қазақ  «бие  байлаған  кезде»,  «бие 

сауым», «бие ағытар кезде» деген 

уақыт мөлшерін де белгілеген.

Биебаудан  кейін  қымызды 

алғаш  ашытқан  соң  оны  әр 

үй  алдымен  үлкен  кісілерге, 

көршілерге 

арнайы 

әзірлеп, 



«қымызмұрындыққа»  шақырады. 

Қазақтың  биеге,  жылқыға  басқа 

малға  деген  салт-дәстүрлері  де 

көп.


Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ,

Суретін салған: Е. Бұхарбаев.

мен  ақ  ниетінен,  шын  көңілінен 

туған ұлттық ерекшеліктің бір са-

ласы. Ол халық мінезі және әдет-

ғұрпымен  біте  қайнаған.  Сөйте 

тұра,  кейде  халқымыз  «Қазақ 

ырым етеді, ырымы қырын кетеді» 

деп те айтып жібереді.

Бұл  сөз  ырымның  бәрі  бірдей 

орындала  бермейтінін  ескерткені 

деп  түсіну  керек.  Дәстүрде 

ырымның екі түрі бар. Олар – салт 

ырымдары және сенім ырымдары.

асар

Бір 


жанұяның 

қолынан 


келмейтін  күрделі  жұмыстарды 

атқару  үшін  бір  ауылдың  адам-

дары  «асарға»  шақырылады. 

Мысалы:  үй  көтергенде,  егін 

салғанда, жинағанда, шөп шабуға, 

тағы  сол  сияқты  көлемді,  ауыр 

жұмыстарға шақырылады. Асарға 

шақырылғандар еңбегі үшін төлем 

ақы талап  етпейді. Оның  есесіне, 

асарға шақырушы адам оларға мал 

сойып,  қымыз  құйып,  жақсы  ас 

әзірлеп,  тойғызады.  Асар  –  қазақ 

елінің  ұжымдық  топта  жұмыс 

істеуінің  үлкен  бір  көрінісі  деп 

қарауға  болады.  Мұндай  жақсы 

салт,  дәстүрлер  ел  ішінде  әлі  да 

бар.

БиеБау

Қазақтың 

еңбек 

дәстүрі 


ішіндегі салтанатты салтының бірі 

–  осы  «биебау».    Қазір  көпшілік 

мұны  «бие  байлар»,  «бие  бай-

лау»  деп  атап  жүр.  Жалпы,  тілге, 

сөзге  бай  қазақ  халқы  дәстүр, 

салтын  дәл  өз  атымен  атай  бер-

мей, көбінесе басқа сөзбен атауды 

әдетке айналдырған.

Қыстан  қысылып  шыққан  ел 

қар кетісімен-ақ сәуір айында кең 

жайлауға шығып, малын төлдетіп, 

қуанышқа  кенеледі.  Әсіресе, 

биелерді  аман  құлындатып,  ол 

қарақұлақтанғаннан  кейін  жұрт 

асыға  күтетін  ырыс  пен  береке 

дәстүрінің  қызықты  түрі  «бие-



29

әлем қа


зақт

ары сыр шер

теді

Өткен  ғасырдың  50-жылдарында  Өзбекстандағы  қазақ 



мектептерінде,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандарына  зәрулік 

байқалды. Сол кездегі ел басшылары халықтың бұл жағдайынан 

хабардар  болды.  Нәтижесінде  1953  жылы  Низами  атындағы 

Ташкент  Мемлекеттік  педагогика  институтынан  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  мамандарын  дайындайтын  бөлім  ашылды.  Осыған 

орай, бұл шешімнің іске асуының басы-қасында жүрген азамат, 

сол кездегі Орталық комитет құрамындағы мектептер бөлімінің 

қазақ,  қарақалпақ  мектептері  бойынша  нұсқаушысы  міндетін 

атқарған Төлеген Айдаровтың сөзінен үзінді келтірейік:

«Орталық  комитетке  түрлі  мазмұндағы  хаттар,  ұсыныстар 



ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ІРГЕЛІ ШАҢЫРАҚ

Өзбек пен қазақ халықтарының ежелден 

мұраттастығы мен мүдделестігін, шынайы 

достығын дәлелдейтін деректер өте көп. Біздің 

елдердің жері ғана жалғасқан емес, тарихы мен 

тағдыры да ортақтас. Низами атындағы Таш-

кент Мемлекеттік Педагогика институтының 

тарих-филология факультеті құрамында қазақ 

тілі мен әдебиеті мамандарын дайындайтын 

бөлімнің ұзақ жылдардан бері жемісті жұмыс 

істеп келе жатуы – осындай мүдделестік пен 

шынайы достықтың айқын бір көрінісі.

түсіп жатады. Оқу-ағарту саласына қатыстылары да баршылық 

еді.  Солардың  ішінде  қазақ,  тәжік  мектептерінде  тіл  мен 

әдебиет  мұғалімдерінің  жетіспейтіні  де  жазылған  екен.  Қазақ 

мектептеріне  қатыстыларын  бастықтар  маған  тапсырды.  Ма-

териалдармен  танысып,  дұрыстығына  көзім  жетіп,  мазмұнын 

мақұлдайтын  деректерді  жинап,  реттеп  бердім.  Көп  өтпей  бю-

рода  қаралып,  қазақ,  тәжік  тілдерінде  жоғары  білім  беретін 

бөлімдер  ашу  мәселесі  Оқу  министрлігіне  және  Ташкент, 

Самарқанд қалаларындағы оқу бөлімдеріне жүктелді. Мен Оқу 

министрлігінің  сол  кездегі  орынбасары  Ағзам  Бабажанов  және 

Низами атындағы педагогика институтының ректоры Ж. Абдул-

лаевпен  хабарластым.  Олар  мұны  мақұлдады  да,  аталмыш  оқу 

орнынан 1953 жылы тіл, әдебиет және тарих пәндері маманда-

рын дайындайтын қазақ бөлімі ашылды.»

Бөлімге  алғашқы  ұстаз  болып  Ниятулла  Базарбаев 

шақырылған.  Кейінгі  жылдары  бөлімге  әдебиеттану  бойынша 

М.Бекбергенов  ұстаздық  етті.  Сондай-ақ,    Қазақ  Мемлекеттік 

университетінің  доценттері  –  тілші  Әлмәмбет  Төлеуов  пен 

әдебиетші  Құрманбет  Тұрғынбаев  жұмысқа  шақырылды.  Осы 

университетті  бітіріп,  мектепте  жұмыс  істеп  жүрген  Мекем-

тас  Мырзахметов  пен  Тұрап  Айдаров  оқытушылық  қызметке 

қабылданды. Бұған қоса, әртүрлі кезеңдерде мектептерден Жол-

дасбек Бұғыбаев, Барат Ерменов, Таңсықбай Жолдасовтар келіп 

ұстаздық етті. 

Факультет  «тарих-филология»  деп  аталғандықтан,  бөлімде 

тарих  мамандарының  орны  ерекше  болды.  Атап  айтсақ, 

Р.Байжанов,  А.Қырғызбаев,  С.Тілеуқұлов,  Э.Нуриддинов, 

Ш.Құрымбаев, М.Назаров, Қ.Момынов сияқты ұстаздардың сту-

денттерге тәлім-тәрбие берудегі үлесі мол. 

Педагогика-психология 

пәндерінен 

Н.Бимұхаммедов, 

К.Хашимов,  Ж  Палманов,  М.Хатамов,  С.Орынбаев,  саяси  эко-

номикадан  сабақ  берген  С.Әдігеев,  Н.Өткелбаев,  философтар 

Э.Юсупов, Қ.Қосанбаев, Т.Құрбановтардың еңбектері еселі.

Алпысыншы жылдардың бас шенінде қазақ бөлімінің сырт-

тай оқу жүйесі жұмыс істей бастады. 

Әр  жылдары  институт,  факультет  басшылары  болған 

Ш.Абдуллаев,  К.Юсупов,  З.  Нуриддинов,  Ғ.Абдурахмонов, 

Б.Қодиров,  Т.Бобоев,  Қ.Қосанбаев,  Н.Махмудов,  Б.Тухлиев, 

И.  Юлдошевтар  бөлімге  қамқорлық  жасап,  қолдан  келген 

жәрдемдерін  аямады.  Үлгілі  бітірген  студенттерді  іріктеп, 

оқытушылыққа  қалдыруға  жәрдемдесті.  Солардың  қатарында 

Ә.Исабаев,  С.Арызбекова,  М.Оразов,  Қ.Саттаров,  Қ.Сейданов, 

Т.Қалдыбаев,  А.Қалдыбекова,  А.Сәрсенбеков,  Ө.Байқабылов, 

А.Бектаевтар  қызметке  қабылданды.    Жоғарыдағы  ұстаздар 

олардың  педагогикалық  -  әдістемелік,  ғылыми-теориялық 

білімдерінің  жетілуіне  мән  беріп,  бағыт  сілтеп,  қамқорлық 

көрсетіп,  ғылыми  жұмыстарына  жетекшілік  етті.  Нәтижеде 

бөлім өзін-өзі кадрлармен қамтамасыз ететін ұжымға айналды. 

Ташкент,  Алматы,  Ашхабад,  Мәскеу,  Баку,  Душанбе,  Бішкек, 

Қазан  қалаларындағы  ғылыми  орталықтармен  байланыста  бо-

лып, өз баяндамаларымен конференцияларға қатысып отырды.

Жетпісінші  жылдары  М.Бекбергенов,  Н.Базарбаев,  сондай-

ақ,  бөліміміздің  әр  кездегі  түлектері  Ә.Исабаев,  Қ.Сейданов, 

М.Оразов,  Қ.Саттаров,  Т.Қалдыбаевтар  ғылым  кандидаттары 

мен докторлары атанып, бөлімнің деңгейін жоғарылатты.

1972  жылдың  май  айында  «Қазақ  филологиясы»  кафе-

драсы  құрылды.  Кафедра  бөліміндегі  ғылыми-әдістемелік 

жұмыстардың  басын  қосып,  бағдарлы,  жоспарлы  еңбектенуді 

жолға қойды.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі доцент Н.Базарбаев болды. 

Ал1981-1985 жылдар аралығында доцент Қ.Сейданов, 1986-1994 

жылдарда профессор Т.Айдаров, 1994-2005 жылдар ішінде про-

фессор Т.Қалдыбаев меңгерушілік қызметін атқарды.

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  үйірмелерінің  тәрбиесінен 

Т.Айбергенов,  З.Асабаев,  Қ.Сейданов,  М.Оразов,  Қ.Саттаров, 

Т.Қалдыбаев,  Б.Тұрғынбаев,  А.Қалдыбекова,  А.Сәрсенбеков, 

Т.Көшкенова тәрізді ақын-жазушылар, ғалымдар нәр алды.

Бөлімді бітірген шәкірттер арасынан Т.Айбергенов Қазақстан 

Жастар сыйлығының лауреаты атанды; ақын М.Омаров бірнеше 

айтыстардың  жүлдегері  болды;  Қ.Сейданов  «Өзбекстан  Ре-

спубликасына  еңбегі  сіңген  мәдениет  қайраткері»  атағын 



29

31

30

31

алтын бесік - жер жүзі

алды.  Т.Қалдыбаев  Өзбекстан  Республикасы  Президентінің 

Жарлығымен «Дустлик» орденімен марапатталды.

90  жылдарда  кафедрамыз  жаңа  ұстаздармен  толыға  түсті. 

Олардың  арасынан  К.Жидебаев,  Б.Тұрғынбаев,  А.Сәрсенбеков, 

Т.Көшеновалардың есімін ерекше  айтып өткен жөн.

Бүгінде кафедра оқу сапасын жақсарту бағытында көптеген 

пайдалы  мәселелерді көтеруде. Әсіресе, оқыту жүйесіне тікелей 

тиісті  болған  білім  стандарттары,  үлгілі  және  жұмыс  жоспар-

лары,  оқытудың  әдістемелік  кешендері,  жаңашыл  көзқараста 

туындаған оқу қолданбалар және жалпы орта білім беретін мек-

тептер үшін оқулықтар дайындауда бар күш-жігерін аямай келеді. 

Бөлімнің профессор-оқытушылары «Қазақ тілінің структуралық 

мәселелері және оны оқытудың әдістемесі», «Қазақ әдебиетінің 

туысқан халықтар әдебиетімен байланысы және оны оқытудың 

әдістемесі»  бағытында  ғылыми  ізденістер  жүргізді.  Кафедра 

мүшелерінің әдістемелік көмекші құралдары, халықаралық кон-

ференцияларда жасаған баяндамалары қазақ тілі мен әдебиетінің 

өзекті  мәселелеріне  арналған.  Мысалы,  жуырда  ғана  Алматы 

қаласында  өткен  білікті  ғалым  Н.Оралбайдың  85  жылдық  ме-

рейтойына  арналған  «Заманауи  филологиялық  ғалымдар»  атты 

халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға Н.Сыздықбаев 

және  Д.Дүйсенбаевалармен  бірге  арнайы  қатысып,  жоғары 

дәрежелі сертификатқа ие болдық. 

Кафедра  Бердақ  атындағы  Қарақалпақ  мемлекеттік 

университетіне,  Гүлстан  мемлекеттік  университетіне,  Науаи 

және  Нөкіс  мемлекеттік  педагогикалық  институттарына  білікті 

кадрлар мәселесінен үздіксіз қамқорлық жасап отырады. Сондай-

ақ,  М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  университетімен, 

Абай  атындағы  Алматы  педагогикалық  университетімен  және 

Н.Келімбетов атындағы «Туркология» орталығымен тығыз бай-

ланыс орнатылған.

Бөлімде  А.Байтұрсынов  атындағы  «Тіл  тағылымы»  және 

Т.Айбергенов  атындағы  «Шұғыла»  атты  үйірмелерде  тіл  мен 

әдебиеттің  өзекті  мәселелері  қарастырылады.  1995  жылдан 

бастап  бөлім  студенттері  республикалық    пән    олимпиадала-

рына  қатысып,  жүлделі  орындарға  ие  болды.  Олардың  ішінен 

А.Тасболатов,  Н.Баймұратова,  Р.Нұрахмедова,  Д.Дүйсебаева, 

Г.Бабашева, И.Әлжанова, Л.Бұғыбаева, Г.Сапарова, М.Атабаева, 

Қ.Башаров,  М.Першеева,  Н.Тұяқов,  Ә.  Абдуллаев  және  Ш. 

Қабыловаларды атап айтсақ болады.

Кафедра  2007  жылы  Қазақстан  Республикасының 

Өзбекстандағы  Елшілігімен  бірлесіп  қазақтың  ұлы  жазушы-

сы  М.Әуезовтің  110  жылдық  мерейтойына  арналған  «Мұхтар 

Әуезов және өзбек-қазақ халықтарының әдеби-мәдени байланы-

стары» атты конференция ұйымдастырды. Конференция матери-

алдарын  «Ғасыр  данышпаны»  деген  атпен  кафедра  жинақ  етіп 

шығарды.

Биыл  Низами  атындағы  Ташкент  мемлекеттік  педагогика 

институтының тарих-филология факультеті құрамында қазақ тілі 

мен  әдебиеті  мамандарын  дайындайтын  бөлімнің  ашылғанына 

60  жыл  толды.  Осы  мерекеге    тарту  ретінде  Қазақстан 

Республикасының  Өзбекстандағы  Елшілігі  М.Әуезов  атындағы 

дәрісхана  мен  ақпараттық  –  ресурстық  орталықты  заманалық 

тұрғыдан  жиһаздап  берді.  Қазір  бұл  орталықта  мамандыққа 

тиісті 5 мыңнан астам кітап қоры бар.

Сөзімізді қортындылай келе, көршілес жатқан екі елдің, екі 

халықтың  шынайы  достығының  нәтижесінде  дүниеге  келіп, 

қазақ тілі мен әдебиетінің мамандарын дайындауда биік белес-

ке  көтерілген  бұл  іргелі  шаңырақ  болашақта  да  өз  жұмысын 

жемісті, нәтижелі жүргізе береді деп кәміл сенеміз..



Ергеш АБДУВАЛИТОВ, Педагогика ғылымдарының кан-

дидаты, доцент, Низами атындағы ТМПУ-нің 

қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет