Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!


АЛТЫН БЕСІК – А ТАМЕКЕН       Талғат МАМАШЕВ



жүктеу 15.29 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата06.03.2017
өлшемі15.29 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


Талғат МАМАШЕВ, 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 

Төралқа төрағасының бірінші орынба-

сары 

ҚазаҚ диаспОрасының жасаМпаздыҚ әЛеуетІ

Бүгінгі  Конференцияның  мақсаты  –  қазақ  диаспорасының 

әлеуеттік  мүмкіндіктері  мен  қазіргі  жағдайын,  Қазақстанның 

қазақ  диаспорасымен  байланыс  жасау  барысында  жинақталған 

тәжірибесін  ой  елегінен  өткізу  және  оның  тиімді  жолдарын 

белгілеу.    

Осыған  орай    бірінші  кезекте  Қауымдастық  Қазақстан 

Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  –  Қалыптасқан  мемлекеттің 

жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауын 

шетелдердегі  ағайындарға  түсіндіру,  насихаттау  жұмыстарын 

жүргізуге  айрықша  көңіл  бөліп  отырғанымызды  айта  кеткіміз 

келеді.    Біз  бұл  жұмыстарды  осы  бас  қосуға  қатысып  отырған 

ғылыми орталықтармен, олардағы белгілі ғалымдармен бірлесіп 

жүзеге  асырып  келеміз.  Бұл  жұмыстарымыздың  нәтижесі 

Қауымдастықтың  «Туған  тіл»  альманағы    мен  «Алтын  бесік» 

журналында  үзбей  жарияланып  отырады.    Сондай-ақ,  осы 

ғылыми орталықтармен күш қосып басқа да халықаралық және 

республикалық  ғылыми  конференцияларды    тұрақты  өткізіп 

тұрамыз.


Дегенмен  қазақ  диаспорасының  жасампаздық  әлеуетін 

толық талдап көрсету бізде әлі де кенже қалып келеді. Шетелдік 

ағайындарды  қолдау  мен  олардың    Қазақстанға  қоныс  ауда-

Үстіміздегі  жылдың  31    қазан  күні  Ал-

маты  қаласында  ҚР  Мәдениет  және 

ақпарат  министрлігінің  қолдауымен  «Қазақ 

диаспорасының  жасампаздық  әлеуеті:  тарихы 

және заманауи келбеті»  атты республикалық 

ғылыми-практикалық    конференция  болып 

өтті. 

Конференцияны 

Дүниежүзі 

қазақтары 

қауымдастығы,  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы 

Тарих  және  этнология,  Философия,  саясат-

тану  және  дінтану,  М.О.  Әуезов  атындағы 

Әдебиет  және  өнер  институттары      бірлесіп 

ұйымдастырды.

Конференцияның  алдында  қатысушылар 

қазақ диаспорасына арналған кітап және фото 

көрмемен танысты.

Конференция 

барысында 

шетелдегі 

қазақ  диаспорасының  өткен  тарихы,  бүгінгі 

жасампаздық  әлеуеті,  ертеңгі  жағдайы  жан-

жақты талқыланды.

Конференцияның  материалдары  жақын 

күндері  толығымен  жеке  жинақ  болып  жарық 

көреді. Сондай-ақ, бұл жиын туралы Дүниежүзі 

қазақтары 

қауымдастығының 

www.qazak-

alemi.kz  веб-сайтынан  да  нақты  мәліметтер 

алуға  болады.  Осыған  орай,  басқосудағы  негізгі 

баяндамалардың 

ықшамдалған 

нұсқасын 

назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

КЕШЕГІ ТАРИХЫ, 

БҮГІНГІ ҚУАТЫ

ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ 


7

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

руына  жағдай  жасау  жөніндегі  мемлекеттік  саясат  өте  дұрыс, 

бірақ  соған  қарамастан  қазақ  диаспорасының  сандық  және 

сапалық  құрамын  анықтау  жөніндегі  ғылыми  зерттеулер  мен 

сараптамалық бағалаулар әлсіз болып отыр. 

Мұның  негізгі  себептерінің  бірі  –  этникалық  қазақтар 

неғұрлым  жиі  немесе  шоғырланып  орналасқан  мемлекеттерге 

ғылыми  экспедициялар  жасауға  мемлекеттік  тапсырыс  беретін 

әкімшілік  орындардың  бұл  істің  ғылыми  және  қолданбалы 

маңызына  жеткілікті  мән  бермеуінде.  Осыған  орай,  Әлем 

қазақтарының IV Құрылтайында Елбасы, Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының  Төрағасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Мәдениет 

және  ақпарат,  Білім  және  ғылым  министрліктеріне  шетелдегі 

қазақ  диаспорасын  зерттеуге  арналған  ғылыми  экспедициялар 

ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырма бергенін де айта кеткіміз 

келеді.  Соған  орай,  қазір  бұл  бағыттарда    ілгерілеушіктер 

де    байқала  бастады.  Яғни,  соңғы  уақытта  тарихшылар,  эт-

нографтар,  филологтар,  фольклоршылар,  музыкатанушылар, 

өнертанушылар,  философтар сияқты сан салалы ғалымдардың 

басын  қосқан  арнаулы    экспедициялар  Ресейде,  Қытайда, 

Моңғолияда, Өзбекстанда, Еуропа елдерінде, Түркияда тұратын 

қазақ  диаспораларының    өмірі  мен  тыныс-тіршілігін  зерттеп 

қайтты. 

Бүгінгі конференция жұмысына қатысуға 87 өтініш берілді. 

Баяндамалар еліміздің 7 қаласынан, оның ішінде Алматы, Аста-

на,  Өскемен,  Қарағанды,  Ақтөбе,  Шымкент  пен  Қостанайдан 

келіп түсті. Баяндамашылардың арасында 23 ғылым докторы, 5 

Қазақстан мен Ресей ғылым академияларының мүшесі, 44 ғылым 

кандидаты,  3  PһD  докторы  немесе  PһD  докторанты,  10  маги-

странт, магистр және аспирант бар.

Конференцияның  екінші  бөлімінде  «Қазақ  диаспорасының 

Қазақстан  жөніндегі  тарихи  білімі»  атты  тақырыпта  «дөңгелек 

үстел»  өткізіледі.  Сондай-ақ,  ғалымдар  осы  конференцияның 

аясында  «Жаһандану  жағдайындағы  шетел  қазақтарының 

құндылықтар  әлемінің  жаңғыруы»  және  «Шетелдердегі 

этникалық  қазақтардың  мыңжылдықтар  тоғысындағы  бүгінгі 

Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі» атты секциялық жиналы-

старда  бас қосатын болады. 

Біз  конференцияға  қатысушылардың  баяндамаларымен  ал-

дын-ала  танысу  үшін  Қауымдастықтың  www.qazaq-alemi.kz 

веб-сайтында арнайы контент аштық. Ғаламтор және әлеуметтік 

желілер  арқылы  Қауымдастықтың  үн  қатуы  нәтижесінде  кон-

ференция  жұмысына  Түркия,    Қытай,  Моңғолия,  Ресей  және 

Қырғызстан елдерінің ғалымдары қызығушылық танытты. 

Авторлар арасында – Қытайдағы белгілі қазақ ғалымы Ясиын 

Құмарұлы, Моңғолия Ғылым Академиясы Халықаралық ғылыми 

зерттеулер  Институтының жетекші ғылыми қызметкері Хурмет-

хан Мухамадиұлы, Анкара Университетінің Тіл және тарих-гео-

графия факультетінің жапон тілі және әдебиетінің докторы Аб-

дулхак Малкож және тарих ғылымдарының докторы, профессор

Әбдіуақап Қара және басқалар бар.

Бүгінгі  конференция  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат 

министрлігінің қолдауы аясында өтуде. 

Ал демеушілік көмек көрсеткен – «Самұрық-Қазына» ұлттық 

әл-ауқат қоры.

Конференцияның барлық қатысушылары мен қонақтарының 

жиында жемісті жұмыс істеуіне тілектеспін! 

Серік НҰРМҰРАТОВ, 

философия ғылымдарының докто-

ры, профессор, Философия, саясат-

тану және дінтану институты  

директорының орынбасары 

  ҚазаҚ диаспОрасы және атаМеКен 

Қазіргі  заманда  алыс  және  жақын  шетелдердегі 

отандастарымыздың  өмір  тіршілігін,  руханият  әлемін 

ғылыми  тұрғыдан  жан-жақты  қарастырудың  мүмкіндіктері 

кеңеюде.  Соған  орай,  шетелдегі  отандастар  тағдырына,  диа-

спора  мәселесіне  ғылыми  тұрғыда  маңыздылық  берудің,  оны 

қарастырудың  өзіндік  қиындықтары  мен  болашағы  туралы 

тереңірек сөз қозғаудың  уақыты  келді. 

Осыған  орай,  қазіргі  таңда  қазақ  диаспорасының  өзіндік 

санасының  дамуы  аясындағы  рухани  сабақтасу  мәселесін 

қарастыру  да  өзінің  заманауи  маңыздылығын  арттырып  отыр. 

Себебі,  шетелдегі  қазақтардың  рухани  кеңістігінде  ұлттық 

мәдениетіміздің кейбір төлтумалық мәйегі, дәстүрлі жәдігерлері 

барынша бірегейлікпен сақталған жерлер де баршылық. Бұл рет-

те Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан 

елдерін  атап  өтуге  болады.  Әрине,  этикалық  құндылықтарға 

негізделген  ұлттық  болмысымыздың  басқа  ұлттар  арасын-

да  қағажуға  ұшырамай,  басымдылық  танытатын  мәдениетке 

толықтай жұтылып кетпей әрі қарай өрбуі этникалық келбеттің 

болашағы  үшін  маңызды.  Ал,  осы  мағынадағы  әлеуметтік 

қауіптер мен келешекке деген күмәнданулардың бар екені анық. 

Бүгінгі  таңда  өзара  мәдени  қатынастардың  жаңа  қырлары 

қалыптасуда және ол, негізінен, құндылықтық бағдарларымызды 



8

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


қайта  қарау  мәселесімен  байланысып  жатады.  Мәселен, 

қөптеген  этнологиялық,  әлеуметтік  және  саяси  күрделі 

мәселелердің  терең  астарлары  мен  шешімдері  осы  өзара  бай-

ланыстарды,  ықпалдасуларды  тиімді  дамытуда,  өрбітуде  бо-

лып  отыр.  Сондықтан,  қазақстандық  қоғамды  өркениетті  да-

мыту  жолындағы  қадамдармен  қатар  елімізде  гуманитарлық 

және  инновациялық  білімді  тарату  аясында  қазақ  диаспорасын 

зерттеуге  қатысты  көптеген  қайшылықты  мәселелер  де    ба-

рынша  жан-жақты  анықталуы  тиіс.  Мәселен,  көптеген  елдерде 

қандастарымыз  ассимиляция  үрдістерінің  ауқымына  барынша 

еніп  бара  жатқаны,  кейбір  жастардың  өздерінің  этникалық  са-

насына,  тіліне,  діліне  салқынқандылықпен  қарай  бастағаны 

алаңдатады.  

Қазақ  диаспорасы  өкілдерінің  қазіргі  замандағы  әлемді 

эстетикалық тұрғыда рухани игеруінің ерекше белгілерін ашып 

көрсету үшін оның өзіне тән ерекшеліктерін ғылыми байыптау 

қажет және сонда ғана эстетикалық құндылықтардың мағынасы 

баршаға нақтылана түседі.

  Қазақ  халқы  өзінің  тарихи  даму  эволюциясында  түркі 

әлемімен және славяндық көршілермен қарым-қатынаста жалпы 

құндылықтық дүниесін  қалыптастырғаны  белгілі.  Осыған  орай 

заманауи түркі қауымдастықтарының мәдени болмысының өзара 

тарихи байланысын, қатынастарының әртүрлі қырларын көрсету 

арқылы  қазіргі  әлемдегі  қазақ  диаспорасының  этникалық 

әлемінің аксиологиялық портреті жасалуы мүмкін. 

Қазіргі Қазақстан – көп этнос өкілдері мен көп дін конфес-

сиялары орын тепкен мемлекет. Қазақ халқы осы этноәлеуметтік 

кеңістікте жетекші рөл атқарады, оның осындай қызметі, мисси-

ясы тарихи жағынан да, саяси-мәдени жағынан алғанда ақиқатқа, 

тарихи шындыққа сәйкес келеді. Жаһандану жағдайында біздің 

еліміздің  орнықты  дамуының  аса  маңызды  алғышарты  және 

негізі  қоғамымызда  аса  жоғары  маңыздылыққа  ие  болатын 

этносаралық,  мәдениетаралық  және  діндер  арасындағы  сұхбат, 

келісім  болып  табылады.  Сондықтан,  тарихи  Отан  мен  қазақ 

диаспорасы  арасындағы  қатынастар  осы  сұхбаттың  үйлесімді 

өрбуіне,  өзара  ынтымақтастықтың  іргесі  сөгілмеуіне  қарай 

бағдар ұстауы тиіс. 

Кезінде  тәуелсіздіктің  ашып  берген  мүмкіндіктерінің 

арқасында  еліміздің  елді  мекендеріне  қоныс  аударып  үлгерген 

қазақ  диаспорасының  өкілдерінің,  яғни  репатрианттарының 

бірталайы  өзінің  құндылықтық  әлемін  тарихи  Отанында 

қалыптасқан ұстанымдармен, дәстүрлермен сәйкестендіре оты-

рып қалыптастырып және дамытып жатқаны да баршаға мәлім.      

Қазақстан Республикасына қоныс аударған қазақ этносының 

өкілдері  үшін  бұл  көші-қон  қадамдары  оңайға  соққан  жоқ. 

Елімізге  келіп,  жаңа  полиэтникалық  кеңістікке  араласқан  бау-

ырларымыз  тұрмыстық  қиындықтармен  қатар  этикалық  және 

эстетикалық құндылықтар тұрғысынан алғанда, дүниетанымдық 

ұстанымдар  бойынша  да  өздерінің  көзқарастарына  біршама 

түзетпелер  жасауға  мәжбүр  болды.  Бұл  тарихтың  ырғағымен 

жүзеге асатын, әрбір мигранттың басынан өтетін заңды құбылыс 

болатын. Ешкім, ешқандай қауымдастық бұл заңдылықты айна-

лып  өте  алмайды  және  оны  қажет  емес  деп  ысырып  тастау  да 

мүмкін  емес,  оған  барынша  түсіністікпен  қарап,  төзімділіктің 

арқасында бейімделуі де шарт.

Қазақ  халқының  күрделі  тарихының  көптеген  көлеңкелі 

беттерінің айғағы ретінде отандастарымыздың өткен ғасырларда 

бір бөлігінің еріксізден көршілес елдердің азаматтарына айналу-

ын жатқызуға болады. «Қазақ диаспорасы» деген ұғым барлық 

шетелдердегі  қазақтар  туралы  айтыла  бастады  және  сонымен 

қатар бұл ұғым кезінде ХХ ғасырдың басында шекараны анықтау 

кезінде арғы бетте өзінің ата-бабасының мекенінде қалып қойған 

қандастарымызды  қамтыды.  Осы  жалпы  саны  бес  миллионға 

жақын исі қазақ ағайындардың тәуелсіздік нығая түскен жиырма 

жыл ауқымында бір миллиондайы өз тарихи Атамекеніне  орал-

ды, онда толыққанды азамат болып тіркелді, көбісінің квота бой-

ынша баспаналы болды. 

Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  осы  стратегиялық 

бағдарламаға  өзінің  қомақты  үлесін  қосты,  өркениеттік  прин-

циптерге  сүйене  осы  үрдістің  жетілдіру  түрлерін  іздестіруден 

жаңылған  жоқ.  Қазақстан  Республикасы  Жер  бетіндегі  барлық 

этникалық  қазақтар  үшін  қайталанбас  жалғыз  тарихи  ме-

кен,  заңды  Отан.  Тәуелсіз  мәртебесі  бекіген  елімізге  оралуға 

ниет  еткен  отандастарымызды  қабылдауға  түбегейлі  бетбұрыс 

жасалғаны белгілі.

Өзінің  шетелдегі  бауырластарымен  байланыс  жасауға  және 

мәдени  көпір  орнатуға  тырысатын  этникалық  қауымдастықтар, 

ұлттық  мемлекеттер  халықаралық  деңгейде  көптеп  сана-

лады.  Мәселен,  осы  тұрғыдан  Израиль  мен  Германияның 

озық  тәжірибесіне  сүйенетін  болсақ,  олар  мемлекетке  алақан 

жайғаннан  гөрі  ұлт  патриоттары  арқылы  «Ұлттық  көші-қон 

қорын»  құру  жолымен  де  өз  қандастарының  мүддесіне  тиімді 

біраз  мәселені  шешіп  отыр.  Қытай  ұлты  да  өз  топырағындағы 

халық  санының  қауырт  артуына  байланысты  хан  ұлты 

жұмыскерлерін өзге елдерге апарып, жұмыс берушілерге әр түрлі 

қаржылық  қолдау  білдіріп  отырады.  Осы  әлемдік  тәжірибенің 

кейбір нұсқаларын біздің елде де қолдануға болады.

Ясиын ҚҰМАРҰЛЫ, 

мәдениеттанушы, «Шыңжаң қоғамдық 

ғылымдары» журналы бас редакторының   

орынбасары, профессор, 

Қытай Халық Республикасы

ҚытаЙ МұраҒаттарындаҒы ҚазаҚҚа 

Қатысты дереКтер

Ұлттың  тарихы  мен  мәдениетін  зерттеу  үшін  сол  ұлтты 

құраған  этникалық  топтардың  жасаған,  көшіп-қонған,  басқа 

халықтармен  этникалық  және  мәдениет  жақтарынан  араласқан 

аймақтарындағы  тарихи  мәдени  жәдігерлерді  зерттеуге  тура 

келеді. 


Н.А. Аристов: «Барлық түркі тайпаларының бастапқы мекені 

– моңғол жері, олар қырғыз далалық аймақтарына осы жерден 



9

МЕНІҢ Е


ЛІМ – ҚА

ЗАҚСТ


АН

тарады. Сондықтан түркі тайпаларының этникалық құрамы ту-

ралы  мәселе  қозғағанда  оның  түп  атасының  бастапқы  мекенін 

басшылыққа алу керек» деп жазады. Әрине түркі тайпаларының 

барлығы  монғол  даласынан  келген  емес,  Орта  Азия  аймағы  да 

атамзаманнан  түркі  тайпаларының  мекені  болған.  Қазақ  ұлтын 

құраушы  ру-тайпалардың  ғасырдан-ғасырға  ұласқан  көшпелі 

өмір  кешкен  кезеңдерінде  моңғол  үстіртін,  тіпті,  одан  да  арғы 

шығыстағы  аймақтарға  дейін  ат  ізін  салғаны  тарихтан  белгілі 

жайт.


Соған  орай,  жазу-сызу  мәдениеті  ерте  дамыған  Қытайдың 

байырғы жазбалары мен басқа да мәдениет үлгілерінде қазақтың 

арғы  аталарын  қамтыған,  терістік  көшпелілерінің  тарихы  мен 

мәдениетіне қатысты деректер молынан жолығады. 

Қазаққа  қатысты  Қытай  деректері  бір  жерден,  бірнеше 

кітаптан  ойып  ала  салатын  тұнып  тұрған  даяр  тарих  та  емес. 

Ол Қытайдың арнаулы тарихына ( патшалықтар жаздырған та-

рих), бейресми тарихына ( тарихшылар өз бетінше жазған), та-

рихи аңыздарына, қиял-ғажайыптар мен аңыз-ертегілеріне, тағы 

басқа  археологиялық  олжалардан  тартып,  тіпті,  әрбір  қытай 

иероглифтерінің генезисіне дейін жасырынған.

Қытай елі – өзінің мол жылнамаларымен әлемге әйгілі. Қытай 

тарихында  өткен  патшалықтардан  қалған  жылнамалар  жинағы 

«26  Тарих»  деген  атпен  белгілі.  Қазіргі  қазақтанушылардың 

Қытай тарихи жазбаларындағы қазаққа қатысты деректер деген-

де көздейтіні – осы арнаулы тарихтағы деректер.

Қытайдың  арнаулы  патшалық  тарихтарында  қазақтың 

этникалық  тегі  –    ғұндар,  үйсіндер,  иүзлер,  түріктер,  оғыздар, 

кейінгі керей, найман, арғын, қоңырат, қыпшақ, меркіт, жалайыр, 

т.б. ұлыстар туралы деректер молынан жолығады.  

Біздің  қытай  тарихнамаларындағы  қазаққа  қатысты 

деректемелеріміз – негізінен, қытай тарихындағы патшалықтар 

тарихы саналатын 26 тарихтан (біз айтып отырған арнаулы та-

рих)  сұрыптап  алынған  қазақтың  арғы  аталарына  қатысты  та-

рихи деректер. Іс жүзінде Қытайда бұлардан басқа да бейресми 

тарихи жазбалар мен деректер толып жатыр. 

Қытай  тарихындағы  арнаулы  тарихта,  негізінен,  Қытайдың 

Хан  династиясы  дәуірінен  кейінгі  патшалықтар  тарихы  ай-

тылады.  Ал  Қытай  тарихындағы  ең  алғашқы  жазба  деректер 

Қытайдың  Ин-Шаң  дәуіріндегі  бейнелі  сүйек  жазбаларынан 

(б.з.б.14ғ - б.з.б.11ғ) батыс жоу кезеңі тұсындағы қола жазбала-

рынан  басталса,    бұлардың  соңы  Чүнчиу-Жанго  дәуірлеріндегі 

(б.з.б. 770 ж. - б.з.б. 221 ж.) «Тау-теңіз шежіресі», «Жылнама», 

«Зуо-чуан», «Ана тіл», «Уәзір», «Му-тиян-зінің қисасы» сияқты 

көптеген жазба тарихи-әдеби еңбектерге ұласып жатады. Бұларда 

ғұндардың,  үйсіндердің,  тағы  басқа  терістік  көшпелілерінің 

арғы  аталары  Ном,  Тиек  т.б.  ұлыстар  туралы  қыруар  тарихи 

мәліметтер жолығады.

Шаң  заманында  Қытайдың  орта  жазығы  мен  оның 

төңірегіндегі аймақтарда бір-бірінен дербес көптеген елдер мен 

ұлыстар өмір сүрген. Сол қатардағы Коң-фаң, Гүр-фаң, тағы сол 

сияқты көшпелі ұлыстарды қытайтанушы ғалымдар Ғұндардың 

арғы аталары, ал Рүн сияқты ұлыстарды Үйсіндердің арғы атала-

ры деп дәлелдейді    

Қытай тарих мұрағаттарындағы қазаққа қатысты деректерге 

Чиң хандығы және Міңго дәуірлеріндегі тарихи құжаттар жата-

ды. Бақыт Еженханұлы мен Жәнімхан Ошанұлы және басқа да 

ғалымдардың  қажырлы  еңбегі  арқасында  бұлардың  бір  бөлімі 

Бейжіңдегі  мемлекеттік  мұрағат  сарайынан  табылып,  сарапта-

лып, баспадан шықты.  

Қазаққа қатысты деректердің тағы бір бөлегі арнаулы қытай 

тіліндегі  кітаптардан  сұрыптап  аударылды.  Мысалы,  Қаһарман 

Мұқанұлы  мен  Какеш  Қайыржанұлы  бірігіп  аударған  «Чиң 

әулеті  сарай  жылнамаларындағы  қазаққа  қатысты  деректер». 

(«Іле халық баспасы», 1989) 

Қытайдың  байырғы  заман  әдебиеті  мен  терістік 

көшпелілерінің  екі  түрлі  байланысы  бары  белгілі.  Қытай 

байырғы әдебиетінде терістік көшпелілері туралы деректер мо-

лынан  кездеседі  және  қытайдың  байырғы  әдебиетіне  терістік 

көшпелілерінің әдебиеті күшті әсер еткен.  

Қытай  әдебиетінің  ең  алғашқы  нұсқаларындағы  алғашқы 

аңыз-ертегілерден  олардың  терістік  көшпелілерімен  тығыз 

байланыста  болғандығы  байқалады.  Ал  байырғы  Қытай  жазба 

әдебиеттерінің ең алғашқы нұсқаларынан болған, әрі тарих, әрі 

әдеби үлгі алған батыс Жоу динациясы дәуіріндегі «Му-тиян-зі», 

«Тау-теңіз шежіресі» сияқты туындылар терістік көшпелілері ту-

ралы қыруар тарихи деректермен қамдайды.

Осылайша  заман  қанша  алмасса  да  Қытай  байырғы 

әдебиетіндегі  терістік  көшпелілерімен  болған  байланысы  бір 

сәт  толастаған  емес.  Терістіктегі  түркі  көшпелілерінің  арғы 

заманғы  әдебиеті  туралы  да  қытай  деректерінде  қыруар  құнды 

мәліметтер  сақталған.  Сянпилердің  (байырғы  қытайдың 

терістігінде  жасаған  түркі  тілді  этнос)  арғы  заманда  Қытай 

тіліне  аударылған  ерлік  эпостарынан  үзінділер  қазір    қытай 

ғалымдарының зерттеу тақырыбынан орын алып келеді. Ол та-

рихи, мәдени құндылығымен қоса Қытай поэзиясының дамуына 

ықпал  еткен  деп  танылады.  Бұлардың  барлығы  қиыр  шығыста 

арғы әдебиетімізге қатысты зерттеуге татитын деректердің мол 

екендігінен хабардар етеді.

Қытай  иероглифі  жасалу  үлгісі,  дыбысталуы,  білдіретін 

мазмұны  жағынан  аса  бір  ерекше  құбылыс.  Оның  өн  бойы-

на байырғы қиыр шығыс мәдениетінің нілі мен ділі сіңірілген. 

Оны  қытай  мәдениетінің  (кеңейтілген  мағынада  Қиыр  шығыс 

мәдениетінің) энциклопедиясы деп айтуға да болады.   

Ал  Қытайдың  археологиялық  мұраларында  терістік 

көшпелілерің  тарихы  мен  мәдениетіне  қатысты  деректер  өз 

алдына  бір  төбе.  Мысалы,  тек  Таң  империясының  импера-

торы  Таң  тайзоң  Ли  Шымиңнің  қабірінің  сыртқы  көрінісінің 

өзінде  түріктерге  қытысты  қаншалық  тарихи-мәдени  деректің 

жатқандығы ғылымға белгілі болып отыр.  

Байырғы  Қытай  тарихи  жазбаларындағы  қазаққа  қатысты 

деректерді танып айыру және оны қазақ тіліне аударудың маңызы 

зор екендігі айтпасақ та түсінікті. Осыған байланысты Қытайда 

қыруар  жұмыстар  атқарылды.  Қытайдағы  қазақ  аудармашы 

ғалымдары  Кәкеш  Қайыржанұлы,  Әбділдабек  Ақыштайұлы, 

Қаһарман Мұқанұлы, Самудин Әлғазыұлы, Бейжиңнан құралған 

Жақып  Мырзахановтың  жетекшілігіндегі  жұмыс  тобының 

1996  жылдан  бергі  сапалы  еңбегінің  нәтижесінде  «Қытай 

тарихнамаларындағы  қазаққа  қатысты  деректердің»  үш  томы 

(1998,  2003,  2012)  Бейжиңдегі  «Ұлттар  баспасынан»  жарық 

көрді.

Сондай-ақ,  ол  ұйғыр  және  қырғыз  тілдеріне  аударылып  ба-



10

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН 

    


сылды.  Мұның  алдыңғы  екі  томы  Дүниежүзі  қазақтарының 

қауымдастығы  мен    Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  Тарих  және 

этнология  институтының  баспаға  дайындауымен  2006  жылы 

Қазақстандағы  «Өнер» баспасынан «Қытай жылнамаларындағы 

қазақ  тарихының    деректері»  деген  атпен  бес  жүз  таралыммен 

басылып шықты. Қазір аталған еңбектің толықтырылған нұсқасы 

«Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» деген 

атпен Қытайда баспаға дайындалуда. Болашақта оның төртінші, 

бесінші  томдарын  шығару  да  қолға  алынбақ.  Қазақстандағы 

қазақтанушы ғалымдар да осындай тарихи аударма жұмыстарына 

ынталы араласуда.  

Бұлардан  басқа  ҚХР  ШҰАР  Қоғамдық  ғылымдар 

академиясының  Тарих  институты  Қазақстан  Елшілігінің 

қолдауымен  «Ежелгі  үйсін  елі»  (2005  жылы),  «Ұлы  түрік 

қағанаты»  (2006  жыл)  атты  ғылыми  еңбектерді  Шадымен 

Ахметұлының құрастырып, түсінік жазуымен ШҰАР баспалары-

нан кириллица әрпімен жариялады. «Ұлы ғұн қағанаты» (Қытай 

деректері мен зерттеулер), «Түрік тарихының жылнамасы» атты 

еңбектерді жазу қолға алынуда. 

Дегенмен,  Қытай  тарихи  жазба  деректерін  оқу,  түсіну 

жақтарында  қиындықтар мол. Кейде қытай тарихшылары мен 

синологтарының  өздері  де  бір  иероглифті,  бір  сөзді  әр  түрлі 

түсініп, әр түрлі талдап,  әр түрлі қортынды шығарып жатады.

Сондай-ақ, тарихи-мәдени деректерді пайдалану, зерттеу ба-

рысында  бұрынғы  батыстық  және  қиыр  шығыстық  (қытайлық, 

жапондық, т.б.) ғалымдардың уәждерін басшылыққа алып, оған 

көшпелілердің көзімен қайта қарау, қайта сараптау жағы кемшін 

түсіп жатады.

Қытай мұрағаттарындағы қазаққа қатысты деректерді зертте-

генде  осындай мәселелер есте болса дейміз.



Зардыхан ҚИНАЯТҰЛЫ, 

тарих ғылымдарының докторы, профессор, 

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы  Тарих және 

этнология  институтының бас ғылыми 

қызметкері 

Каталог: storage -> pdf
storage -> Мұғалімдер үшін марапаттың ең кереметі Ы
storage -> БАҒдарламалар жинағының жобасы
storage -> Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына
pdf -> Нұрсұлтан назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
pdf -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
pdf -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №1 (20), 2014 Редакция алқасы
pdf -> Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет