Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет62/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi:

  1. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген.

  2. Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.

  3. Абай. Қара сөздер. – Алматы: Ел, 1993. – 272 б.

  4. Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар жинағы. Алматы. 1999.б – 2 59 б.

  5. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 131 б.

  6. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: Жалын, 1991.

  7. Аймауытов Ж. Психология. Алматы, «Рауан». 1995.

  8. Педагогический словарь. //В.И.Загвязинский, А.Ф.Закирова, Т.А.Строкова и др. –М.: Издательский центр «Академия», 2008. -352 с.

  9. Қарамолдаев Г.Ж., Белғозиева Ұ.Б. Халық композиторлары мұралары арқылы тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. –Алматы. 2010. – 74 б.

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНЫҢ УАҚЫТҚА БАҒЫНБАЙТЫН ӨЗЕКТІЛІГІНІҢ СЫРЫ


Хайырғалиева Гүлнұр., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, 1-курс магистранты,Түрксой кафедрасы, Алматы қ.Қазақстан Республикасы


Резюме
Данная статья затрагивает актуальные вопросы, поднятые в трактате «Благодатное знание», и идеи по построению счастливого и справедливого гражданского общества.
Summary
This article considers the actual issues put forward in the «Blessed knowledge» and the ideas on how to build a happy and just civil society.

IX-X ғасырларда ұлы Түрік қағанаты бірнеше мемлекеттерге (Қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б. болып) бөлініп, Араб халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан аумақтарына үстемдік жүргізулеріне әкеліп соқты. Арабтармен бірге Ислам дінінің келуімен ғылым мен білім де жаңа деңгейге шықты. Нәтижесінде түркі халықтарының ұлы ғалымдары Фараби, Фирдоуси, Ибн Сина, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Йассауи, Баласағұн және басқалары араб тілі мен мәдениетінен сусындап, оның үлкен прогрессивтік маңызы болды. Солардың ішіндегі төртеуі – Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн,Махмұд Қашқари мен Ахмет Игүнекидің тегі түркі тайпасынан шыққаны біз үшін үлкен мақтаныш. Олар өмір сүріп өткен кезең Мұсылмандық Ренессанс кезеңімен сәйкес келді.


XI- XII ғасырларда қазіргі қазақ даласында түркі тілінде жазылған этикалық-педагогикалық трактаттар көп тарады. Мәселен, Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» («Құтты білік» атты кітабы) сол кездегі түркі тілдес халықтардың арасында дүнияуи тақырыпта жазылған алғашқы еңбек еді. Хас Хажиб атауына ие болған Жүсіп Баласағұнның әлемдік ақын әрі ғалым ретінде шығарған бас еңбегі «Құтты білік» болды. Мұнда адамға білімнің қажеттігі, оның тіршіліктегі мәні, бақыт туралы, адамның іс-әрекетінен келетін пайда мен зиян, сөйлеу өнері, әкімге ел басқаруда қажетті асыл қасиеттер т.б. ой-толғамдар, сондай-ақ отбасы мен неке, ұл мен қыздың өнегелі тәрбиесі, бала мен ата-ананың қарым-қатынасына байланысты мәселелер сан қырынан қозғалған. Түркі тілінде жазылған бұл шығарма – 85 тарау, 6520 бәйіттен және 124 қосымша бәйіттен тұратын практикалық дастан. Бұл шығарма –түркі тектес халықтардың мінез-құлықтарын, моральдық-этикалық, рухани қазыналарын негізге алып, сол кездегі қоғамдық-саяси және әлемдік бітімді анық жеткізген пайымдаулары мол ғылыми ойдың, ақындық өнердің биік шыңынан көріне білген озық туындысы;
- жеке халықтың тілі мен мәдениетіне негізделген құндылықтарды жалпыадамзаттық құндылықтармен ұштастыратын, терең тұжырымды, дерекке бай, өрісі кең көркем туынды;
- мемлекетті басқару әдістерінен бастап адамгершілік қағидаттары, қоғамдық-саяси маңыздағы ережелер мен нормаларды, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге дейінгі салаларды қамтыған энциклопедиялық туынды. Жүсіп Баласағұн бұл туындысында «Шығыс Ренессансы» идеяларының нұсқасын ұсынды.
Трактаттағы басты мәселелердің бірі – елді, мемлекетті басқару тәртібі мен өнері. Ол үшін қара қылды қақ жаратындай әділетті заң керек. Ақын бұл туындысында патшадан бастап, аспазға дейінгі хан сарайы қызметкерлерінен бастап қатардағы әскерге дейінгілердің мінез-құлқын, міндеттерін, қарым-қатынастарын сипаттап, олардың жауапкершілігін сөз қылады. Ақын үшін ел-жұртты басқаратын адам парасатты, ақылды, ойы адал, өнер мен білімге құмар, пейілі кең болуы шарт. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген халық даналығымен үндестік тапқан идея да шығармаға арқау болған.Тәрбиелі, білімді, саналы ұрпақ өсіру арқылы негізі өнегелі де үлгілі отбасы болып табылатын мықты қоғам, күшті мемлекет құруға болады. Бақытты да ізгілікті қоғамда өмір сүру адам баласының атам заманнан бері келе жатқан арманы емес пе? Бұл арманға жетудегі кедергінің түп-тамыры тәрбиенің жөнді берілмегендігінде жатыр.
Адам баласы жаратылысынан ақылды, білімді болып тумайтыны баршамызға аян. Ол осындай дәрежеге үздіксіз еңбек ету арқылы және өзіне-өзі талап қойып, осал түстерін жеңе біліп, ерік- жігерін үнемі шыңдап отыру арқылы келеді. Отбасындағы тәлім-тәрбие, қоршаған ортада орын алып отырған алуан түрлі сипаттағы құбылыстар, қоғамдық құрылыс, халықтың әлеуметтік жағдайы – осы факторлардың бәрі де адам баласына әсер етпей қоймайтыны шындық. Ал, осы сансыз құбылыстардың ішінен оңы мен солын ажырата білу үшін ең алдымен мықты тәрбие мен білім қажет.
Ақын дастанында ата-ананың басты парызы баланың дұрыс тәрбиеленуі мен білім алуына көңіл бөлу, ұл балаға оның шаңырак иесі екендігін ұғындыру, баланы аталар мұрасын ұрпақтан ұрпаққа көздің қарашығындай жеткізуге баулу, балаға үлгі болу, оны жас кезінен еңбекке баулу, өнерге үйрету, оның тән және жан саулығының бірдей дәрежеде жақсы жетілуіне баса мән беру, өмірдің әрбір сағаты санаулы екенін ескертіп, баланы уақыттың қадірін жете түсінуге баулу деп ой шертеді.
Жүсіп Баласағұн ақылдылықты, біліктілікті, ізгілікті ұштастыратын ар іліміне ерекше көңіл бөледі, мән береді. Ақыл – ақ пен қараның ара жігін ажыратуға қажетті игі ізденіс бастамасы. Білімділік – адам болмысындағы жақсы-жаман қасиеттердің көрінісі мен шоқтығы. Білімсіздік надандықпен тамырлас және ол қоғамда келеңсіз құбылыстардың тууына себеп болады. Оқу-білімсіз жеке адамның да, біртұтас мемлекеттің де күні қараң, болашағы бұлдыр.
Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,
Білім – жарық, саған нұрын шашатын.
Ақылымен кісі асыл атанар,
Бек те ел ісі білімімен жасалар.
Төмендегі өлең жолдарынан адамның басқа адамнан ерекшелігі тек білімінде, ақылында екендігі жөнінде ой түюге болады:
Адамды Хақ жаратты да ескерді:
Оған ақыл, білім, өнер, ес берді.
Көңіл берді әрі тілін тербетті,
Ұят берді, берді құлық, келбетті.
Білік берді – адам бүгін жетілді,
Ақыл берді – талай түйін шешілді.
Кімге Құдай берсе білім, ақылды,
Қолы жетіп, алар ол мол асылды!
Ақын шығармасында :
Ақылы болса, пайдасын ер көп көрер,
Білім болса, әзиз тірлік өткерер! – деп адам баласы үшін ең қажеттісі ақыл, білім екендігін атай отырып,
Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Ұры қары қол жеткізіп ала алмас!..
Ақыл, сенім – антассқан нақ жолдасың,
Білім – сенген мейірімді қандасың.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға, - деп білім мен ақылдың қатар жүру керек екендігін, олардың үйлесім тапқанда адамға әкелер пайдасына тоқталады әрі өзінің де ғылым–білімнің саласында көп ізденгенін айтады.
Қол ұсынып, білім іздеп терледім, Сөзді сөзге өріп, тізіп, зерледім.
Түркі сөзін үркек тағы киіктей,қолға үйретіп, қамап ерік бермедім, -
деп алға қойған мақсатқа жету үшін көп еңбектеніп, іздену керектігін өзін үлгі ете отырып, көкейінде қандай да бір арманы бар жандарды білім алуға, өз мұратына жету жолында аянбай ізденіп, еңбек етуге шабыттандырады, рух береді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар дегендей, «Құтты білік» - тек әдеби мұра ғана емес, халықтың ырысы болған және халыққа ырыс, құт әкелетін ілім, болашақ ұрпаққа бақытқа апарар жол көрсететін ілім. Бұл туынды жарық көргелі он ғасырдай уақыт ішінде қаншама көзі ашық, көкірегі ояу, еліне елеулі, халқына қалаулы саналы ұрпақтың тәрбиеленуіне атсалысты. Оның өзектілігі әлі де сақталып отыр, себебі бұл дастанда сан ғасыр бұрын қозғалған мәселелер қай қоғамда болсын шешімін табуға лайықты мәселелер болып қалып отыр, сол себепті бұл шығарманың қадір-қасиеті уақыт озған сайын арта бермек. Парасатты ұлт боламыз десек, саналы ұрпақ тәрбиелейміз десек, бұл шығармадан сусындап, өскелең ұрпақ бойына оның ішіндегі өсиеттерді сіңіріп өсіргеніміз абзал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет