Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет8/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Мақсатты нақтылай түссек, адам болмысының әлеуетін, кісілік қасиеттердің қуатын ашып беру, адал еңбектенушілердің еңсесін көтеру, жалқаулар жатып ішуге неге бейім екендігін әшкерелеу, көпшілікті жағымды ниетке тоғыстыру, түбірінде рухани мәдениетке жол ашу мәселелері тілге тиек болады. Қайраткер ойшылдың діттегені 1) жақсы идеяны, зерек ойды, ұғымды сөзді тиянақтаудан, 2) озат ұсынысты өмір талабымен ұштастырудан, 3) әрекеттегі олқылық пен озықтықтың себеп-салдарын анықтаудан туындады деуге негіз жетерлік.
Сондағы өсиеті - өзің үшін, болашағың үшін шешім қабылда, шешімді орында, сенімді ұстанымды қажетті өтеу үшін жарат. Ж. Баласағұн үшін: 1) «Тарихтың көзі де, өзі де –адам, Дамудың ыстық жүрегі де – адам». Ғұлама адамнын болмысы мен жан дүниесін толық түсінуге тырысқан; 2) «болашақ - өткен тарихты қорыту..». Бұрынғы ойшылдардың рухани мұрасымен жақын таныстығын көрсетеді; 3) замандасымен, ұрпақпен ашық, еркін сұхбаттасу барысында адаммен тіл табысады, адамзат тарихымен тілдеседі, болашағымен үндесуге ниет танытады. Ж. Баласағұн адамгершілік пен іскерлік аясын кеңейтуде, тұлғалық және халықтық сананы қалыптастыруда өзіндік қайталанбас рөлін атқарды. Адамгершіліктің дамуын бар болмысымен қолдады. адамды тәрбиелеудің тұтас көкжиегіне шықты.
Тарихи сабақ неде? Адамзат құндылығын қатар қазбалауда, рухани мәдениетті өркениеттік ағыммен қабаттастыра ұштастыруда, мәдени жаңғыруды жаңа ұрпақ пайдасына таразылауда. Тарихи сабақ тікелей бақылау, барлау тәжірибесінен туындады, адам қасиетін жетілдірудің тыңғылықты жолдарын, адамгершіліктің замануи жобасын ұсыну барысында тұжырымдалынды.
Жүрегі кең, ойы озат, парасаты пайымшыл ақынның түйгені - тарихи, өркениеттілік, рухани негізі бар заңдылықтардан үнемі нәр алу; тіршілік тірегін ендігі білімдарлықтың ордасына, адамзатқа ортақ мұратқа айналдыру керек деген сенімге тіреледі. Ойшыл ақын үшін жомарт жандар - шындықтың иесі. ойға алғанды, ішке түйгенді сөзге айналдырады және құнын тілеп жатпайды. Ереже елеулі:
Хаққа бүтін сенсең, ділді табындыр,
Көңілің сенсе – ақылыңды бағындыр!
Өйткені хақ барлық жерде, шетсіз, щексіз, біл де мұны сынама. Хақ барша алапқа мәртебе, не мадақ.
Хас шындықты алмастырып сақтықпен,
Сенім мен сыйластықты таптық тең.

Шындық десе сақтық жасап үйрендік,


Сенімді тек достан күтер күйге ендік.
Хақты иемдену – құт. Құт иесінде қадір-қасиет кемелденеді, салт-дәстүр тегіне айқын меңзелінеді.
Тауып, тереңінен айтылған өсиетте, өсиетнеменің үндестігі мен шебер үйлестігінде, оның танымдық-тәрбиелік маңызында десек, бәрі де шындыққа жақын. Шындықтың қуаты – турашылдықта, шынайылықта. Енді сол ішкі дауысты тыңдалық, заман талабына орай өзімізді шыңдалық. Мұндағы тоқтам-түйіндер, негізінде, дастан текстісінен туындаған.
Жаңа өмірге, тынымсыз адамның болмысына дұрыс, орнықты көзқарастарды қалыптастырудың, оларды жалғандықтан, жамандықтан құтқарудың халықтық қажеттілігі айқындала түседі. Тек таза жүрек, сергек сана, туған жердің топырағынан құнар алған өмірлік тәжірибе иелері ғана ел қажетін қалт жібермей сезіне алды, сондай іңкәрлікке бейімделді.
Өзін бұрын-соңғы замандастарымен тең ұстауға тырысқандар үшін жағымдыны жалғастыру, жеткізу, жаңғырту, жетілдіру – тілек, ниет және үміт. Үшеуі де сана сәулесі - сөз бен білім үлесінде, елдік құру, ел басқару дәстүрінде, білікті, тілді, ділді және дінді берік ұстауға деген талпыныста, ағайындардың бірлігі, ержүректік, ақылдылық сезімінде. Сондай түсінушілік тереңдеді, қарқындады. Жаңа болмысты өз кәдесі мен қажетіне жаратпақшылар бір-біріне «Сен бол», «Сенде үміт, сенім» дегендей табанды тілектер аяққа тұра бастайды. Осы ұстанымды ұстағандарды ұлықтау дәстүрі етек алады. Өйткені ұлылықты ұлықтау ұстанымында елдік құру - күмәнсіз Хақ деп қабылдаушылық орнығады, мәңгіліктің елеулі ережелері анықтала бастайды.
Олар: «Іш пен тысты бірдей білген Асыл, Көзден – жырақы, көңілге жақын», «Хаққа бүтін сенген, тіл табасады, көңіл сенгенге ақылды бағындырады», «құлқы түзудің қылығы хош, шырайлы», «Кісі ізгісі, ел арасы жігерлі», «Көркем мінез, ақылды, аппақ пейілді, Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі», «Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.., Білімді, есті, даңқты әрі ірі еді». Таза жүректі, кең-мол мінезді жағымды істі демейді, хақ медетін талдырмайды. Ізгілік ісі – ақылдылық шынайы.
Осындай тұғырлар түзілсе, кемеңгер ақынның пайымдауынша, тірлік түзелмек, келісім әл-қуат ендірмек. Ақылды ер! Бойыңды ашу алмасын, Білікті ер! Атың дауда қалмасын!; .
Көп қырлы, ер мінезді, парасатты, ақынжанды бабаларымыздың арасында жау келсе – батырлары, дауға – ақындары, бітістіруге – дана билері табылған, олар татулық пен шындыққа қызмет етуге дайын тұрған.
Қазақ халқы «түгел сөздің түп атасы – туралық», тілі шыншылды, жан семіртер сөзді тыңдалық, елде татулықты сақтауға үйретер мінезді де, заңды да түзелік деп ұрпағын тәрбиелеген. Сонда адамның құты өспек, ел-жұрттың абыройы асады. Туыс-тумалардың берекесі елде озып шыққандарың өмірден түйгендерінен, ғибраты мол рухани қазыналарынан нәр алады, өздері сүйенетіндердің білімі мен парасатымен, шабытты мінездерімен бекемделінеді.
Мұнда адамның өзін-өзі тәрбиелеу кемелдігі, әр кәсіп иелерінің өсу жолдары, ел басқару ісінің қыр-сыры, үлгілері іріктелінеді.
Адал жан мейірімді. Мейірбан шырайлыдан құлқы түзуді, жаны жомарт пейілді, хақтан дәйім, елден рахым, ділі оңына сенім тілейді. Жұғысты харекеттер жақсы мінез-құлыққа ықпал ету жолдарын, оны тәрбиелеу тәсілдерін құрайды. Сондай білімді таңдауға ақыл керек, әр іске жақсы қарауға білім керек.
Ақынның сақтанғаны - жартыкеш мардымсыз жандардың кем-кетігі, олқы тұстары, жалған дүниесі. Мінездегі жартыкештілікті сынай отырып, үстірт пікірге сақтық танытады, адамның тұлғалық қадір-қасиетін қалыптастыратын, қолдайтын бастамаларды арнайы бағады.
Бейқамдықта – енжарлық, осалдық, асығыстық. Осалың қызбалыққа салынса, шүкірлікке жете алмай шеттеп қалады, байқамай жалғандыққа жүгініп жиі күйінеді. Жалғандық - жаңсақтықтың да, уайымсыздық пен жаланың, несібені шаштырып, ақырында адамды отқа салатын ауыр дерттердің бастауы, оны тірідей жазалай қорлаудың, тіпті бас жаруға дейін апаратын дөрекіліктің түрткілері. Онда өкінішті жайлар қайталанады. Тура жолдан тайғанның түбірі құриды, ардақтар тақуалары бола қоймайды, тегі туралы бетке ұстар тұрақты жауабы болмайды. Шала біткендер тақуалар мен тектілер – жөн-жосыққа бастайтын ең ардақтылар екенін, жеке бас құтының иесі де екенін ұға бермейді. Ұғынушылықтан, сергектіктен, сақтықтан қалдыратын осалдықтың әлеуметтік қаупі күштірек.
Адасқанын ұқпағандар – надандар, ессіз еліктеп нәпсі алдауына ұрынғандар, қара басының қамын халқының жағдайынан жоғары қоятын қатыгездер. Қатыгездер азабы мол өкінішті өмірді жалғастырады, өкініші артық жаман қылықтарды бір-бірімен араластырады.
Елім деп еңірегендердің ішкі сыры мөлдір, сарқырамалы, іс-әрекеті ізгі. Адалдықты бек тұтқандардың көзі қырақты, сөзі шын, көңілі бай.., Өзін иман жолында ширақ ұстайды, «Хаққа иман қылады». «Қайырымды, ізгі кісі көгерер, Ізгі кісі – халық жүгін көтерер!». Рухы биік жасампоздардың ауыз бірлігі күшті. Олар ер сарасын іздеумен, ел аяулыларын ардақтаумен, еліне жақын болуымен көптің көңілінен шығады. Ізгі кісі «тура сөзге келгенде тіл тарпаған, қыңыр сөзді жасырып, текке лақпаған». Адалдықты кім қадай өтей алады?
«Ақылдылық – асылы ізгі жандарың, Кішілікте – кісілік бар, аңғарғын». Ізгі кісілерде, олардың ізгі істерінде қашанда тазалық пен тұтастыққа, ел-жұртын сүюге арналған үндеу айқын. Ізгілер жүрек сөзін жүрегімен білгендер. Олардың сақтығы – өсіп-өндіретін ерлікте, шариғаттың ісінде. Үндеуде елін-жерін қорғауға арналған күш-жігер, ар-намыс желісі басым. Сабырлы сақтық істің байыбына жеткізіп, мән-жайды ұқтырады, ықтиятты ізгі істің шырағына айналады. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге мейірім төге біртіндеп елге пайда әкеледі, бітім мен бірлік әпереді.
Жігерлінің жетістігі үнемі жаңғырады. Не демелік, олжа - өзіңде, өз келбетіңді сақтар төзімде, жүректен тебіреніп шығатын асыл сөзіңде, игілікті істің көзінде екеніне күмән болмайды. Тағат қылатын ұстанымдар. Өйткені «қадірді ұққан – көрмес тірлік жәбірін», нәсіптің қадірін жетеге түйген, қол жетер іс пен күштің тоғысын баптаған. Оған сенм мол. Десекте, кісілерге өз міндетін артпайтын «құтты кісі өзін-өзі сақтасын», ізгіліктен қалмасын деген ел тілегін қайталасақ артық болмас.
Тысы – ішіне, іші – тысқа жарасқан жандардан шындық айналып кетпейді. Олар қайырымды есеппен ептейді. Қайырымды кісі кішіпейіл, әділ. Оның болмысында –кісілік тұнық, тұлғалы.Біліктіні тыңда, айтқанында - ақыл бұлағы, сөзінде – жанның құнары, қолға алған істі тындырады, арына ізгілікті арттырады.
Ж. Баласағұни дүниетанымдық бағдарын, адамгершілік ілімін тура, ашық, батыл, дәйектеп, жүйелі түрде айтты. Шындығымен, тапқырлығымен бұрынғы және қазіргі ұрпақтың шынайылығын ширатуда. Мұра сонысымен құнды әрі қымбат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет