Қорытынды
Қорытындылай келгенде, ХХ ғасырда қазақ әдебиеті жанр жағынан дамып қана қоймай, тақырып мен идея тұрғысынан жаңа белеске көтерілді. Қазақ қаламгерлері әлем әдебиетіндегі жетістікке сүйеніп, әйелдердің қайталанбас образын жасады. Шығармаларда қазақтың ұлттық ойлау жүйесінің формасы сақталып, ұлттық құндылық пен таным-түсініктің көрініс табуы – сол заман қаламгерлерінің шеберлігі. Алғашқы классикалық туындылар қазақ әдебиетінде проза жанрындағы бағыт-бағдарды айқындап берді.
Сонымен, зерттеу жұмысы бойынша мынадай қорытындыға келуге болады:
− Әйелдер тақырыбындағы жазушы шығармаларының идеялық, тәрбиелік мәні аса жоғары. Оларды оқыған кісінің ананың, әйел қауымының құдіреттілігіне, ұлылығына деген махаббаты, сыйы, құрметі арта түседі. Жазушының бұл саладағы қай туындысын оқыған адамның іштей тазарып, адамгершілігі зорая, күшейе беретіні анық. Бұл жазушы шығармаларының идеялық-көркемдік күшінің ірі заңды нәтижесі болса керек. Өйткені Ғабит Мүсіреповтің ана, әйелдер, арулар тақырыбындағы шығармалары туған әдебиетіміздің классикалық дәрежесін көтерді;
− Ғабит Мүсірепов – өз творчествосындағы үздік туындылармен дүниенің тірегі – ана тақырыбын терең тебіреніспен, асқан шеберлікпен игерген үлкен жазушы. Ананың ұлылығын кемеліне келтіре жырлаған А. М. Горький дәстүрін қазақ әдебиетінде орнықтырған да Ғ. Мүсірепов;
– Ана сүтімен бойға сіңген ана тәрбиесі, үлгі-өнегесі, асыл өсиеті адамның көкірегінде жатталып, өле-өлгенше сақталады. Сол үшін әрбір қазақ әйелінің дүниеге әкелген сәбиі жылағанда, қазақша әлдилеп жұбатып, қазақша бесік жырын айтып ұйықтатып, «апа» деген алғашқы сөзді үйретіп, тілін де қазақша шығаруы, қазақ тілінде ертегі айтып, қазақша «құлыным, ботам» деп еркелетуі оның өмірлік қағидатына айналуы тиіс;
– Тіліміздің алтын арқауын асыл қолдарынан шығармай ұстап, құнарын жоғалтпай сақтап, ұлттық тіліміздің қадірі мен құдіретін ұғындыруды аналардың қасиетті парызы ретінде қазіргі қазақ қоғамында қалыптастыру, оның әлеуметтік-материалдық негізін жасау – өзекті мәселелердің бірі;
– Қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейін–зерде ерекшелігі, парасат--пайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. көрінісі этностың ерекше ұлттық және мәдени құндылығы болып табылады;
– «Қазақ әйелі» бейнесі – ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталған ұлттық таным ақпаратының санада қалыптасқан мән -мазмұны, қызметі;
– Зерттеу мазмұнында талданған ассоциациялар мен бағалау қазақ әйелінің сезімдік, әлеуметтік, психологиялық, мәдени т.б. дәйегі, ұлттық сананың кілтін ашатын құралдар болып табылады;
− Жауға қарсы майданда ерлермен бірге қаһармандық көрсеткен, бейбіт кезде ел басқаруға да жарап, қайраткерлік танытқан әйелдерді халыққа таныту қажет.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Қорыта келе, ұлы жазушының бас шығармасында бейнеленген негізгі тартыс - әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде жарқын өмірдің, нұр сәуленің, береке - бірліктің жеңетінін мадақтаған, өзі құлай сүйіп, сол жолға барлық қайрат жігерін, өз талантын, сапалы ғұмырын арнаған – қазақ халқының өрісті келешегі мәңгілік деген асқақ арманды, үміттің оты маздап жанып тұр
Достарыңызбен бөлісу: |