Кішкентай балалардың дене салмағы арнайы 25 кг-дык науалы таразыда
аныкталады
(4 сурет).
Бірінші таразыны тексеріп алады, сосын жаялықты өлшейді
де (тегіршегін түсіріп) баланы басы мен жауырыннан ұстап, басын, жалпақ, аяғын
жіңішке жағына қаратып киімсіз жатқызады немссе отырғызады (Студенттердің
біреуі бас жағында колмен қорғап түрады).
Салмағын өлшеп түрған адам салмақ олшегіштің алдындағы гирлерді жылжы-
тып тексеріп, көрсеткіштерді гир тұрған сызық бойынша жазып алады. Көрсегкіш-
тен жаялықтың салмағы шегеріледі.
Ересек балалардың салмагы арнайы медициналық таразыда өлшенеді: салма-
ғын өлшеп алып төселінген жаймаға жалаң аяк, киімсіз баланы түрғызады: әрі
қарай өлшеу — дәл алдындағыдай, көрсеткішген жайманың салмағын шегерген
соң жазылады.
Кеуде қуыс шеңберін тыныштық кезінде, терең дем алган жағдайда, демін
жібергеннен кейін, ал кішкентай балаларды тек тыныш кезінде өлшейді
(5 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: