Құрсақішілік (жатыр ішінде) даму кезеңі



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата03.10.2023
өлшемі1,51 Mb.
#112837
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Чулицкая индексі 
= иықтың үш шеңбері + сан шеңбері + балтыр шеңбері - 
дене үзындығы (см). Бұл индекс 7 жаска дейін анықталады. Бір жаска дейін 
25-20; 2-3 жаста 20; 6 -7 жаста 15-10. Бұл индекс баланың толықтығын сипаттайды.
ДЕНЕНІҢ БЕТІ
Балалык шақтың барлык, әсіресе бірінші жылы, кезеңінде баланың денесі- 
нің беті 1 кг дене салмағына есептегенде, ересектермен салыстырғанда, үлкен 
болып келеді. Мысалы, жаңа туған баланың 1 кг дене салмағына 0,06 м2 келетін 
болса, ересектерде бұл көрсеткіш тек кана 0,02 м2. Бүндай айырмашылык әсіресе 
шала және жетілмей туған балалармен ересектерді салыстырғанда жоғары болып 
келеді.
Шамамен баланың денесінің бетін төмендегі формулалармен есептеп шы- 
ғаруға болады:
1. 1,5 кг-нан 100 кг-ға дейін салмақты балалар үшін:
4 М + 7
М + 90
S
— дене бетінщ ауданы;
М
— дене салмағы; алымындағы дене салмағы 0,25 кг-ға дейін, бөлімін- 
дегі салмак 1 кг-ға дейін жинакталады.
51


2. Туғаннан 9 жаска дейінгі бала үшін: Бір жасар баланың денесінің бетінің 
ауданы 0,43 м2; әрбір жетіспейтін айға осы көрсеткіштен 0,02 м2 шегері- 
леді; әрбір келесі жасқа(жылға) 0,06 м2 қосылады.
3. 10— 17 жасар бала үшін:

— денесінің бетінің ауданы,
N
— жасы (жылмен есептелінеді).
4. Дене үзындығымен салмағы көрсетілген нормограмма бойынша да денесі- 
нің бетінің ауданын табуға болады.
Дененің әр бөлігінің бетінің ауданының қатынасы да жасына байланысты өзге- 
ріп отырады. Көбіне-көп бастың салыстырмалы бетінің ауданы өзгергіш келеді. 
Жаңа туған баланың басына барлық дене бетінің 21 пайыз келетін болса, ересек- 
тердің басына 7,8 пайыз қана келеді. Дененің басқа бөліктері үшін бұл көрсет- 
кіш өте төмен. Мысалы, жаңа туған баланың тұлғасына 32 пайыз келетін болса
ересектер-де — 35 пайыз болады, колдарға 17 және 19 пайыз, аяқтарға — 31 
және 39 пайыз болып келеді.
Бір жастан асқан балалар үшін шамамен төмендегі қатынастардың көрсет- 
кіштерін қолдануға болады («Тоғыздык ережесі»):
Бас пен мойын
— 9 пайыз
Қолдар:
әр қайсысы 
екеуі
— 9 пайыз
— 18 пайыз
Аяктар:
әр қайсысы 
екеуі
— 18 пайыз
— 36 пайыз
Тұлға:
алдыңғы беті 
арткы беті 
барлық беті
— 18 пайыз
— 18 пайыз
— 36 пайыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет