ды өсуіне тікелей әсерін тигізеді.
5. Ф етальды кезең. Ұзақтылығы 9 аптадан туғанға дейін есептелінеді. Бұл кезең
2 кезеңшеге бөлінеді.
а) Ерте фетальді кезеңше (9 аптадан 28 аптаның соңына дейін). Ұрыктың қар-
қынды өсуімен және тканьдік жіктелуімен сипатталады.
б) Кеш фетальді кезеңше жүктіліктің 28
аптасынан бастап, босанғанға дейін,
демек, суы кеткенге дейін есептелінеді.
Ерте фетальды кезеңшеде закымдалу баланың шала және жетіспей туу сияқ-
ты дамуының бұзылуына байланысты кемістіктерге әкеліп соқтырып, ал
кеш фетальді кезеңшеде зақымдалу іштен туа (құрсақ ішінде пайда болатын)
болатын гипотрофияның пайда болуына әсерін тигізеді.
Б. Т уы лғаннан кейінгі даму кезені.
Ерте жастағы балалар, мектеп жасына
дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар кезеңдері болып бөлінеді.
Ерте жастағы балаларға туылғаннан бастап, 3 жаска дейінгі
балалар жатады
да, ол өз ішінде бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
Ж аңа туы лған (нәресте) — неонатальды кезең. Кіндігін кескен уақыттан
бастап өмірінің бірінші айының соңына дейін, яғни 3—4 аптаға созылады.
а) Ерте неонатальдык (нәрестелік) кезең — кіндігін
кескен уақыттан өмірі-
нің 7-ші күнінің соңына дейін (барлығы 168 сағатқа) созылады.
б) Кеш неонатальдык (нәрестелік) кезен — өмірінің 8-ші күнінен бастап
28 күнге (1- айға) созылады.
. Жаңа туылған кезеңде бала өкпемен тыныс алып, күрсақ іші гемодинамикалық
жолдарының жабылуына (артериялық өзектің және сопақша тесіктің) және өкпе
тамырларында қан айналымының артуына, энергия алмасуымен терморегуляция-
ның өзгеруіне байланысты кішкене қан айналу шеңбері жүмыс жасай бастайды.
Бұл кезеңге барлык жүйелер мен мүшелердің, әсіресе орталык жүйке жүйесінің,
толық жетіспеушілігі сай болып келеді. Бұл кезеңнің ерекшелігіне,
Достарыңызбен бөлісу: