Құрсақішілік (жатыр ішінде) даму кезеңі



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата03.10.2023
өлшемі1,51 Mb.
#112837
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
жастык кезен

БАС ШЕҢБЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
Бас шеңберінің өзгерістерін бақылау дене өсуін дәрігерлік тексерудің не- 
гізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Бұл жағдайда бас шеңберінің дамуы ба- 
ланың биологиялык дамуының жалпы заңдылықтарын, оның ішінде өсудің бі- 
рінші (церебральдык) түрін, анықтайтынына байланысты. Сонымен қатар, бас 
сүйектерінің дамуының ауытқуы, тіптен басқа себептерден пайда болтан, 
патологиялык жағдайлардың белгісі болуы мүмкін. Мысалы: микро-, немесе 
гидроцефалия. Жаңа туылған баланың бас шеңбері 34— 36 см болады. Жаңа туыл- 
ған баланың бас шеңбері дене ұзындыгының 1/4 бөлігіне, 2 жаста 1/5 бөлігіне, 
6 жаста 1/6 бөлігіне, 12 жаста — 1/7, ересек адамдарда 1/8 бөлігіне тең болады.
Шамамен бас шеңберінің тиісті керсеткіш терін төмендегі формулалар 
бойынша есептен шыгаруға болады.
1. Бір жасқа дейінгі балалар үшін: 6 айлық баланың бас шеңбері 43 см. Әрбір 
алты айға жетіспейгін айға 1,5 см шегеріледі, ал әрбір артык айға 0,5 см косылады. 
Мысалы: 
3 айлың баланың бас шеңбері - 43 - (6-3) х 1,5

43-3 х 1,5 = 38,5 см.
9 айлық баланың бас шеңбері = 43 + 0,5 х (9-6) = 43

0,5 х 3 = 44,5 см.
2. 2
— 15 жастағы балалар үшін: 5 жасар баланың бас шеңбері 50 см. Әрбір жетпей- 
тін жаска 1,0 см шегеріледі, ол әрбір келесі жылға 0,6 см косылады.
Мысалы: 
3 жасар баланың бас шеңбері = 50 см - 1 х (5 - 3) = 50 - 1 х 2 = 48
см. 10 жасар баланың бас иіеңбері - 50 + 0,6 х (10 - 6) = 50 + 0,6 х 4 = 52,4 см.
КЕУДЕ ҚУЫСЫНЫҢ ШЕҢБЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
Кеуде қуысының шеңбері дененің көлденең өлшемдерін багалайтын негізгі 
антропометриялық көрсе гкіштердің бірі болып табылады. Кеуде қуысының шең- 
бері тыныс жүйесінің әрекетімен (функциясымен) тығыз байланыса отырып, кеуде 
қуысының өсу дәрежесімен катар, кеуде куысының бүлшық ет жүйесі мен шел 
майының өсу жағдайын бағалайды. Кеуде қуысының шеңбері жаңа туған бала- 
да 32-34 см-ге тең. Бас шеңберінен кішкене кемдеу, ал 4 айда екі шеңбер теңеседі. 
Содан соң кеуде қуысынын шеңберінің өсуі артады. Шамамен кеуде қуысының 
шеңберінің тиісті көрсеткіштерін төмендегі формулалар бойынша шығаруға болады:
1. Бір жасқа дейінгі балалар үшін: 6 айлық баланың к ^д е қуыс шеңбері 45 см. 
Әрбір жетпейтін айға 2 см шегерілсді, ал әрбір 6 айдан келесі айға 0,5 см 
қосылады.
Мысалы: 
3 айлық балаиың кеуде қуысының шеңбері = 45 - 2 см х (6-3) = 45 -
48



2 х 3 = 39 см. 10 айлық баланың кеуде қуысының шеңбері = 45 + 0,5 х (10 - 6) =
= 45 + 0,5 х 4 = 47 см.
2. Бір жастан кейінгі балалар үшін: 10 жасар баланың кеуде куысының шең- 
бері 63 см. 10 жасқа толмаған балалардың кеуде қуысының шеңберінің 
орташатиісті көрсеткіші әрбір кем жылта 1,5 см шегеріледі:
63 - 1,5(10 - п), 
п
— 
жасындагы жыл саны.
Мысалы: 5 
жасар баланың кеуде қуысының шеңбері = 63 - 1,5 х (10 - 5) = 63
- 1,5 х 5 = 55,5 см. 10 жастан ересек балалар үшін әрбір артық жасқа 3 см
қосады: 63 + Зп (п - 10), 
п
— 
жасындагы жыл саны.
Мысалы: 
14 жасар бала. 63 + 3 х (14 - 10) = 63 + 3 x 4 = 75 см.
БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ПАРАМЕТРЛЕРШ АНЫҚТАУҒА 
АРНАЛҒАН ФОРМУЛАЛАР (Nelson“s Pediatrics-тен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет