«рухани сабақтастық /Әл-фарабиден хакім абайға дейінгі/» ПӘні бойынша ауызша емтихан сұРАҚтарына жауап: 38. М. Х. Дулатидың «Тарих-и Рашиди»


Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының рухани-адамгершілік негіздері



бет2/46
Дата21.04.2023
өлшемі261,73 Kb.
#85468
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
«ðóõàíè ñàáà?òàñòû? ?ë-ôàðàáèäåí õàê³ì àáàé?à äåé³íã³ » Ï?í³ áî 3

40. Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының рухани-адамгершілік негіздері.
Қазақ ақын – жыраулар мұрасында имандылық – рухани тәрбие туралы шығармалары көптеп кездеседі. Ақылы дария-теңіз данышпан бабаларымыз ертелі-кеш басынан кешкен қилы-қилы хикаяттарды сара пайымдауларынан өткізе отырып тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні деген керемет тұжырымдарға, нақылият өлеңдерге әкеліп тіреп отырған. Олардың, негізгі арналары ең алдымен елдік пен ерліке, сүттей ұйыған ынтымаққа, адамгершілік пен парасатқа, кісілік пен қайырымдылыққа, қысқасы адамға қажетті ғажайып қасиеттерге тұс-тұстан келіп толассыз құйылып жатады. Н. Өсерұлының 1994 жылы шыққан «Мұсылмандық қағидалары» атты кітабының 15 бетінде; «Иманның басы – сенім, ал иманның тәні – бес уақыт намаз, жүрегі – Құран, күмбезі – ықылас, ниет, тілек. Иманның сөзі – Алланы еске алу, нұры – шындық, хақ сөйлеу, дәмі – пәктік, жемісі – ораза тұту, жапырағы – тақуалық, дәрісі – ар, ұят. Иман төрт жерде сақталады: көңілде, жүректе, көкіректе және тәнде. Ал ұят – көзде, бетте, санада сақталады». Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар - ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиенің жемісі. Рух – діннің бұлағы, иман – діннің жемісі. Ақыл – иман күзетшісі. Қоғамның ең басты мәселесі – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы – имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт-дәстүр, әдет-ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып жастар бойына сіңіре отырып, тілін, дінін сүйюге, ата-ананы құрметтеуге, сабырлылыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу. Қазақ ақын-жыраулары мұрасындағы имани-рухани құндылықтарды жырлаған ақындарымыз жайлы тоқтала кетсек;
Сыр өңірінің тумасы «Тұрмағанбет Ізтілеуұлының «Қамын ойла халқыңның» өлеңіндегі:
Қайратты туған ер болсаң
Қамын ойла халқыңның!
Жетім менен жесірге
Өзі бол жүзі жарқынның – деп келетін шумақта күш қайраттың барлығын халқың үшін және қайырлы істермен сарпуға шақырады. Бұл жердегі Мұхаммед(с.а.с.) Пайғамбардан жеткен «Жүзі жақсыдан жақсылық күтіңдер» атты хадисіне сүйеніп, «Өзі бол жүзі жарқынның» дегені қазақта «Жүзі жылыдан түңілме», «Иман жүзді екен» деген тіркестерге балап келіп:
Жатырмын айтып жақсы үгіт
Тазасындай алтынның.
Өле қойсам, айтыңдар,
Жұрт жиналған жер болса
«Сөзі,-деп,-Тұрекең марқұмның!»
деп иманның бесінші, алтыншы шарттарын меңзеп қойып, өлеңнің соңын жеңіл қалжыңмен аяқтаға.
Сондай – ақ төре әулетінен шыққан Шәді Төре Жәңгірұлы. Шайыр Исламның негізгі іргесі – «ақида» жайлы да тоқталып жырға қосқан.
Бір кітап ақайд деп ат қойылған,
Ішінде хақ сипатын зікір қылған, – деп, Шәді өзінің «Ахуал қиямет» деген дастанын жазады. Ақида іліміне қанық шайыр әуелі Алланың субути және зати сипаттарына ерекше тоқталған. Құранның ішіндегі Алланың жалғыздығын сипаттайтын «Ықылас» сүресінің мағынасын да ашады. Дастанда болмыстың, шайтанның, періштенің, адамның неден жаратылғанын айтады: Шығыс шайырларының соңғы – Шәді ақыны 
Жаратқан нұрдан Алла періштені,
Болмаған көптігінен есеп саны.
Алдына бәрі бірден жаратылған,
Күнәдан таза қылған Алла оны.
Дастанның екінші жартысы бүтіндей қиямет күнін суреттеуге арнаған. Ақыр заман жақындағанда Яжуж-Мажуж қауымының шығатынын, Дажалдың адам баласын шыбындай қыратынын, сол кездерде күннің батыстан шығатынын айтады. Алланың қарғысын алған Ібілістің адамды соңғы демі қалғанша азғыратынын жырлайды:
Өлмеске дыққаты жетіп бағзы пенде,
Сөйлеуден тілі қалған сол мезетте.
Кеселдің сол жағынан зохер болып,
Көрініп шайтан лағын келген онда,
Деп айтар: «Ислам дінін тәрк етіңіз,
Екеу деп бір Алланы айтыңыз тез.
Ол айтқан сөздерімнің бірін қылсаң,
Кеселден сыххат тауып жазыларсыз».
Шәді ақынның осы дастанының негізі Исламның атақты ғалымы Әбу Мансур Мұхаммед Матуридидің «Таухид» еңбегіне негізделгені аңғарылады.
Келесі сыр өңірінің тумасы Асан қайғы Сәбитұлы жыраудың сөздері өсиет, нақыл түрінде көп кездеседі. «Мəселен:
Ақың болса біреуде
Айыбын тап та ала бер,
Ерегесіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да
Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтіп жуыспа,
Тəуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа...
«Ашуға ақылды жеңгіз, көпшіл бол» деген өнегелі өсиеттің бүгінгі күнге дейін жастар үшін мəн – мағынасы жойылмаған дидактикалық қасиеті күшті кеңес екені даусыз.
Сондай-ақ ел қорғаушы азаматтың бойында қандай адамгершілік қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те қоя бер,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет