Руководство для реализации уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан



бет11/39
Дата16.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#50647
түріРуководство
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
1-сабақты өткізу және бақылау
Біз нені бақылаймыз?
Бақылаушыларға бақылаудың әрбір үдерісін өзінің назарын зерттелетін оқушыға шоғырландырып, бастауға тырысу қажет, содан кейін – бақылау шекарасын топқа немесе жалпы сыныпқа дейін кеңейтуге болады.
Бірінші сабақ барысында бақылаушы-мұғалімдер бақылауды оларға бекітілген әр оқушыға жүргізді. Біз оқушылардың өз сыныптастарының идеяларын тыңдағанын және түсінгенін, сондай-ақ мұғалімнің оқушыларға деген реакциясын да бақыладық. Мысалы, бақылау барысында екінші тапсырманы орындаған кезде ойлау қалпақтары стратегиясын пайдалану кезінде мұғалімдер А оқушысы өзінің пікірін 2 және одан артық аргументті келтіріп, білдіреді деп болжаған, алайда бақылаушы-мұғалім бұл тапсырманың оқушының қолынан келетінін байқады, оқушы тапсырманы қызығушылықпен орындап, тіпті басқаларға көмек көрсетті. Талқылаған кезде біз күтілетін нәтижелерді жоғарырақ жоспарлаудан қорқудың қажеті жоқ деген қорытындыға келдік.


Біз қалай бақылаймыз?
Бақылау барысында әрбір бақылаушы-мұғалім бақылайтын оқушыны көруге болатындай жерді таңдады. Бақыланатын оқушының оны бақылап отырғанын сезбегені аса маңызды, себебі бұл болжап болмайтын реакция тудыруы мүмкін не болмаса оқушы оны бақылап тұрғанын біле тұра өзін еркін ұстай алмайды немесе өзін жасанды ұстауы мүмкін (жақсы жағынан жиірек). Бірінші сабақта бақылаған кезде бақылаушы-мұғалімнің оқушының жанында тұрып, жазып тұрғаны біздің жасаған қателігіміз болды. Оқушы оған бақылау жүргізіліп жатқандығын сезіп, жұмысқа кірісе алмады: ол үнемі мұғалімге алаңдап, тапсырманы орындай алмады. Оқушыны тыңдай отырып, бақылаушы оқушының көңіл-күйі мен іс-әрекеті туралы ойланды. Нәтижесінде оқушы денсаулығының нашарлауын сылтауратып, келесі сабаққа келмеді. Бізді бұл жағдай бақылаушының таңдаған орны маңызды рөл ойнайды деген қорытындыға әкелді.


Біз қалай жазамыз?
Мұғалімдер бақылау жоспарын алдын ала дайындады, онда әрбір тапсырманы орындау уақыты мен күтілетін нәтижелер жазылды. Сонымен қатар біздің қолымызда өткізілетін сабақтың жоспары болды. Бұл оқушылардың жауаптарын күтілетін жауаптармен салыстыруға септігін тигізді. Бақылау жоспарында біз минут сайын оқушының әрбір қимылын, көңіл-күйін тіркеп, оқушының қандай да бір реакциясының себебі туралы ойландық. Сонымен қатар әрбір түсініктеме немесе жауаптың уақытын белгілеп отырдық, себебі келесі жоспарлауда оқушының білімді меңгеру қарқынына сәйкес тапсырманы беру қажет болады. Оқушының минут сайынғы әр қимылы және тапсырманы орындау уақыты сияқты осы екі сәтті жазып отыру оқушы туралы шынайы ақпаратты жинау және келесі сабақ тапсырмаларын жоспарлауға септігін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет