Руководство для реализации уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан



бет7/39
Дата16.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#50647
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
Lesson Study сабақты зерттеушілер үшін)

Бірінші цикл


1-сабақты бірлесіп жоспарлау. Аталған жобаның басты кезеңі сабақты жоспарлау және өткізу болып табылады. Біз осы жүйеде бірінші жыл жұмыс істеп, оқушыларды оқыту үдерісіне белсенді түрде тарту және жетістіктер критерийлерін құрастыруда үлкен қиындықтарға кенелетіндіктен. сабақты бірінші болып өткізуге ниет білдірген Н.А. жоспарланған сабағын бірінші рет талқылауға кірістік.
Lesson Study тобының мүшелері ұсынылған сабақ жоспарын талқылап, кейбір өзгерістерді енгізді. Атап айтқанда, күрделі тәртіптегі сұрақтарды құрастыру тапсырмасы бойынша «Алты қалпақ» стратегиясын қолдану, бірінші тапсырмаға жетістіктер критерийлерін әзірлеу бойынша және екінші тапсырмаға критерийлерді әзірлеуде балалардың мүмкіндігін пайдалану.
Бақыланатын оқушылар үшін екі тапсырма бойынша күтілетін нәтижені талқыладық, үдеріс қатысушыларының рөлдерін және бақыланатын жерлері мен сабақтан соң оқушыларға қойылатын сұхбат сұрақтарын бөлдік.
Зерттеудің басты сұрағы – «Жетістіктер критерийлері оқушылардың өзін-өзі шынайы бағалауға септігін тигізеді ме?» - біздің басты назарымызда болды.
Осылайша, бірлескен жоспарлау бойынша топтың алғашқы кездесуінде келесі сұрақтар талқыланды:



Талқыланған сұрақтар

Талқылау нәтижесі

Сабақтың жоспары

Бірінші тапсырмаға (сұрақтарды құрастыру), бірінші тапсырмаға жетістіктер критерийлерін әзірлеуге ұсыныстар мен өзгерістер, сабақ рефлексиялары енгізілді

А, В, С оқушылары үшін күтілетін нәтижелері

Екі тапсырма бойынша әрбір оқушы үшін нақты күтілетін нәтижелер анықталған (олар оқушыларға бақылау жүргізу кестесінде келтірілген)

Сабақтардан соң оқушыларға сұхбат жүргізуге арналған сұрақтар (Дадли, 2011)

1. Тапсырсаларды орындаған кезде қиын болды ма?

  1. Осы сабақтан соң осы тақырыпта еркін сөйлеу аласың ба?

  2. Оқытудың қандай бөлігі сен үшін ең тиімді болды?

  3. Сабақта сенің жұмысыды бағалауға не көмектесті?

1-сабақты бақылау үшін Lesson Study тобындағы рөлдерді бөлу

  • Ж.Б. А оқушысына бақылау жүргізеді;

  • А.Т. В оқушысына бақылау жүргізеді;

  • О.Д. С оқушысына бақылау жүргізеді;

  • С.Б. 1-топ оқушылардың жұмысына бақылау жүргізеді.

  • Г.Т. 2-топ оқушылардың жұмысына бақылау жүргізеді.

Сабақ және бақылаушылар үшін ресурстарды дайындау

Әр мұғалім топтағы өзінің рөліне сәйкес өзі үшін ресурстарды дербес дайындайды.

Сабақ барысында оқушыларды зерттеу үшін ұсынылатын ресурстардың бірі мынандай түрде болды:


Оқушыларына бақылау жасау Сабақтың тақырыбы Кұні
Бақылаушының аты-жөні





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет