Lesson Study: Оқуды және оқытуды жақсартады. Мұғалімдер өзінің назарын оқушылардың оқуына қандай тәсілдер жақсырақ көмектесетініне бөледі. Қандай да бір оқушы үшін оқытудың қандай түрлері қолайлы, ал қандай әдістер ойлауды дамытатынына көңіл бөледі.
Сабақтарды талдау, зерттеулер мен материалдар тәжірибе жүзінде басқа оқытушылармен де пайдаланылуы мүмкін және мұғалімдер әріптестерінің тәжірибесіне сүйене отырып, өз тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік алады.
Кәсіби ынтымақтастық құрылады, педагогтар арасында бірлескен ортаның қалыптасуына көмектеседі.
Осылайша, Lesson Study педагогикалық тәсілдемесі оқыту дағдыларын дамыту үшін тиімді болып қана қоймай, мұғалімнің де, оқушының да өзін-өзі реттеуін дамытуға септігін тигізеді. Кез келген мұғалімнің басты мақсаты – оқушының ілгерілеуі. Заманауи мұғалім пәнді оқытпайды, оқушылардың жеке қабілеттеріне сүйене отырып, білімді өз бетімен алуға үйретеді. Соның нәтижесінде оқушылар сыни ойлауға, білімін тәжірибе жүзінде қолдануға және өзін-өзі оқыту және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға үйренеді.
1-бөлім. LESSON STUDY ТӘСІЛДЕМЕСІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
«Lesson Study» ұғымы
Lesson Study – мұғалімдік тәжірибе саласындағы білімдерді жетілдіруге бағытталған сабақтарда іс-әрекеттегі зерттеудің айрықша нысанымен сипатталатын педагогикалық тәсілдеме. Тәсілдеменің негізі Батыста пайдаланылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілдемесінен шамамен 140 жыл бұрын XIX ғасырдың 70-жылдары Жапонияда құрылған.
Lesson Study аясында өзінің қорытындыларын құжаттап, оқу және оқытудың жоспарлауын, оқытылуын, бақылануын, талдануын бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады (Дадли,2011). Lesson Study мақсаттарымектепке байланысты өзгеріп отырады. Lesson Study үш типі бар. Бірінші типі Lesson Study біріңғай тақырыптың айналасына шоғырланған, екіншісі – оқыту дағдыларын жақсартуды мақсат етеді; үшінші типі – бақылау дағдыларын жақсартуды көздейді.