Руководство для реализации уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан


-сабақты өткізу және үш оқушыға назар аудара отырып, оның өту барысын бақылау



бет6/39
Дата16.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#50647
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Lesson Study сабақты зерттеушілер үшін)

1-сабақты өткізу және үш оқушыға назар аудара отырып, оның өту барысын бақылау

Сабақ туралы пікірін білу үшін үш оқушыдан сұхбат алу




1-сурет. Lesson Study циклы

«Зерттеу» үшін сыныпты және «зерттелетін» оқушыларды таңдау


Мұғалімдер зерттеу үшін сыныпты дербес анықтады, оны сыныптың оқу үдерісіндегі кездесетін мәселелермен түсіндірді. Олар сабақтардың барысында өзінің бақылауларына, мектеп психологының диагностикалық материалдарына, куратор және ата-аналар жиналысы кезінде ата-аналармен сұхбаттасу нәтижелеріне сүйенді.


Бұл ретте, біз берілген сыныпта немесе параллель сыныптардағы зерттеуді мектеп әкімшілігі нұсқайтын жағдайды жоққа шығармау керектігін түсіндік және берілген сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерге жағдайды зерттеп, оны жоюдың жолдарын табуды ұсынамыз, алайда біздің жағдайда мұғалімдер өз қажеттіліктеріне сүйенді.
Сыныпта дайындығы әртүрлі оқушылардың бар екендігін ескеріп, ұсынылатын тапсырмалар мен жаттығулардың қаншалықты оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкес келетіндігін түсінген маңызды.
Біздің пікірімізше, Lesson Study тобы сабақтарды жоспарлағанда және тапсырмаларды құрастырғанда оқушылардан күтілетін нәтижелерді жазуы тиіс. Сонымен қатар біз осы тәсілдеменің тиімділігін растайтын оның ғылымилығы оқушылардың сабақ барысындағы оқуы туралы шынайы деректерді жинаудан және сабақты өткізген соң зерттелетін оқушылардан сұхбат алу кезінде көрінеді деп санаймыз.
Lesson Study циклдары


Өскемен қаласынның химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі біріктірілген бағдарлама бойынша жұмыс істегендіктен, бізге, Lesson Study тобының мұғалімдеріне бағалау бойынша сұрақтардан басқа SMART-мақсаттарды ескеріп, сабақты жоспарлау туралы, оқыту стратегиялары, оқыту стилі туралы көбірек білгіміз келді.
Сондықтан да біз басты назарды оқушыларды бағалауға қатысты сәттерге аударуға қарамастан, бүкіл сабақтың өту барысына бақылау жүргізуді дұрыс деп таптық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет