Қойылған мақсаттарға байланысты біз күтілетін нәтижелерді де анықтадық: оқушылар жетістіктер критерийлеріне сүйене отырып, өзінің сабақтағы жұмысына шынайы өзіндік бағалауды жүргізе алатын болады.
Зерттеу әдебиеттерін зерделеу және сабақты зерттеудің тәсілін таңдау
Келесі қадам зерттеудің әдебиеттерін зерделеу болды. Мұғалімдер алдында әдістемелік әдебиетті мұқият шолу, курс мазмұнын модельдеу үшін қажетті ақпаратты, тапсырмаларды, құралдарды жалпылау, жұмыстың нысандары мен әдістерін таңдау міндеті тұрды.
Тошио Чичибу кітабында келтірілген Жапониядағы сабақты зерттеу түрлерін зерделеп, біз Lesson Study-дің екінші типі бізге қолайлы болады деген қорытындыға келдік, алайда сабақты топтың әрбір мүшесі зерттеудің ортақ тақырыбы бойынша өткізетін болды. Зерттеудің осындай тәсілдемесіне Пит Дадли толығырақ тоқталған.
Осылайша, біз сабақты зерттеу мақсаттарын анықтаған соң, зерттеу мәселесі бойынша елеулі нәтижелерге қолжеткізу үшін кем дегенде үш циклды өткізуді жөн деп шештік, солардың біріне төмендегілер қамтылады:
Сабақты бірлесіп жоспарлау;
«Мықты», «орташа», «осал» оқушылардың үлгілік өкілдері болып табылатын үш оқушыға назар аудара отырып, 1-сабақты өткізу және бақылау;
Сабақ туралы пікірін білу үшін үш оқушыдан сұхбат алу;
Сабақтың талқылануын жүргізу;
Бірлескен талқылаудан соң жасалған қорытындыларды ескеріп, сабақты жаңадан жоспарлау.
Пит Дадли өзінің «Нұсқаулығында» бұл үдерісті циклдары кем дегенде үш рет қайталанатын сызба түрінде көрсетеді (Дадли, 2011). Біз өзіміз жүргізген циклдардың біреуін төмендегі сызба түрінде ұсындық (1-сурет).
Сабақты бірлесіп жоспарлау
Достарыңызбен бөлісу: |