Руководство для реализации уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан


«Lesson study» жобасынан мен нені күттім?



бет34/39
Дата16.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#50647
түріРуководство
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Lesson Study сабақты зерттеушілер үшін)

«Lesson study» жобасынан мен нені күттім?
Ортақ мәселеге сүйеніп, біз жобаның тақырыбын: «Жетістіктер критерийлері оқушылардың өзін-өзі шынайы бағалауына септігін тигізеді ме?» деп тұжырымдадық. Мені мынандай сұрақ алаңдатты: «Қалайша қолданылатын сыни ойлау стратегиялары жетістіктер критерийлерін әзірлеу тиімділігіне ықпал етпейді және қаншалықты олар А, В, С оқушылары үшін сәтті болады?»
Біріктірілген білім беру бағдарламасы: жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу сияқты төрт дағдымен кеңінен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Осы дағдылардың әрқайсысына біз жетістіктер критерийлерін әзірлеуді үйрендік. Тапсырмалар мен оларды орындау критерийлерін құрастырған кезде сыни ойлау стратегиясын қолдану өте тиімді, олар белгілі бір дағды бойынша жетістіктер критерийін қадам қадаммен ойластыруға мүмкіндік береді.


Мәселе
Мұғалімде сабақ үшін дайын ресурстар болмағандықтан, және бағдарламаны оқыту мақсаттарына байланысты, мүмкіндігінше, материалды өзі жинап, жетістіктер критерийлерін әзірлегендіктен, материалдың дұрыс іріктелгендігі мен оларды пайдалану тиімділігіне қатысты күмәндар мен қиындықтар туындайтыны сөзсіз. Мұнда маған «Lesson Study» жобасы мен менің сыншыл достарым көмектесті. Рефлексия үдерісінің көпқырлылығын атап өткім келеді, себебі мұғалім өзін-өзі бағалап қана қоймай, сондай-ақ бағалау қоршаған адамдармен де жүргізіледі.


Осы жобадан өзім үшін нені алдым?
Тәжірибелік көмек. Осы жобаның плюстері әр кезде сабақты әріптестермен бірлесіп жоспарлап және талқылаған сайын сен өз қателіктеріңді түзеуге қорықпайсың, нені пысықтау керек екенін, келесі жолы неге көңіл аудару қажет екенін сезесің. Әріптестердің тәжірибесін талдай отырып, алдыңғы мұғалімге кедергі болған нәрселерді алып тастап, сабақ бойынша нақты қортындыларды жасайсың. Бұл ретте, сабақты өткізу тәжірибесі барған сайын жақсара түседі.
Сыни ойлау стратегияларын пайдалану оқыту мақсаттарына байланысты оқушылардың дағдыларын жетілдіру үшін жетістіктер критерийлері мазмұнының тереңдігі мен әзірлеу дұрыстығы туралы ойлану мүмкіндігін береді. Lesson Study жобасы оқу материалымен жұмыс істеудің әлдеқайда оңтайлы тәсілдері мен әдістері туралы ойлауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет