Н.А., орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Оқушыларды критериалды бағалаудың біріктірілген бағдарламасы бойынша оқытқан кезде менде жауап ала алмаған сұрақтар туындады. Мысалы, қалай және сабақтың қандай кезеңінде қалыптастырушы бағалауды жүргізу керек және оқушылардың жұмысын қалай шынайы бағалау қажет. Осындай сұрақтарға жауап іздеу барысында мен сабақтың зерттеуін жүргізуге бел байладым. Әріптестермен жұмыс істеу алғашқы кезден бастап бірлескен жоспарлау кезінде сабақты өткізу кезінде кездесетін қиындықтар бойынша әртүрлі пікірлерді есту мүмкіндігі туындағанымен мені қызықтырды: сабақтың әрбір кезеңін мұқият ойластыру және жоспарлау, күтілетін нәтижелерді болжау және цикл аяқталғанда бүкіл жұмыстың талдауын жүргізу. Жобада жұмыс істеу барысында мен сабақта оқушыларға бақылау жүргізудің қаншалықта маңызды екендігін түсіндім. Сондай бақылау мұғалімге балаларға басқаша көзбен қарауға және өзінің жұмысын және оқушының жұмысын мұғалім тұрғысында емес, оқушы көзқарасы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Маған сабақты бірлесіп жоспарлау және оның барысын бақылау, «зерттелетін» оқушылардан сұхбат алу, сабақтың талдауын жүргізу оқушыға оқудың өзіндік нәтижесін көруге мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалауды жүргізудің мақсатын көбірек түсінуге мүмкіндік берді. Енді қалыптастырушы жұмыстарды жүргізгенде мен сабақтың әрбір кезеңі бойынша күтілетін нәтижелерді нақты белгілейтін болдым. С.Б., орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мен өзімнің ұстаздық жолымның орта шеніне келгенде қоғамдағы өзгерістерге орай оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту керектігін ұғындым. Назарбаев Зияткерлік мектебінің кіріктірілген оқу бағдарламасы да оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді. Осындай жаңа ортада өткізіліп жатқан сабақ үрдісінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану барысында әр тапсы- рманы оқушылардың не үшін, қандай мақсатпен орындау керектігін ұғынғанын үнемі назарда ұстау керек деп ойлаймын. Ол үшін оқушылар орындаған тапсырма- дан кейін және сабақ соңында неге қол жеткізгендіктерін, қандай мақсатты орын- дағандары жайлы ойлануларын сұрау керек. Бұл кері байланыстың нәтижесіне қарай келесі сабақты жоспарлауым керек. Бұл үрдісті тиімді үйлестіру үшін мен
«Сабақты зерттеу» жобасына кіруді жөн көрдім.
Бірінші отырыста осы алдымдағы мәселе туралы ойымды әріптестерімен бөлістім. Олардың осы мәселе туралы пікірлерін тыңдай отырып, барлығымы- здың ойымыз бір жерден шықты. Сондықтан құрылып отырылған жобамыздың тақырыбын «Содействует ли критерий успеха объективной самооценке учащих- ся?» депалдық.