Lesson Study тобы ерікті негізде құрылуы тиіс. Бұл жемісті жұмыс үшін аса маңызды. Топтың барлық мүшелері нәтижелерге мүдделі болады және ішкі уәжімен әрекет етеді.
Мектеп әкімшілігі өзінің қалауынша циклдың кез келген сәтіне қатыса алады, бірақ үдерістің өзіне араласпайды, сырттай бақылаушы рөлін атқарады.
Lesson Study тобында «сыншыл дос» рөлін ойнайтын үйлестірушінің бар болуы өте маңызды, ол қажетті сәтте қажетті жаққа қарай бағыттайды, зерттеу тақырыбын тұжырымдауға көмектеседі.
Команда құрамына кіретін көшбасшының немесе мұғалімдерден құралатын топ көшбасшысының рөлі маңызды. Көшбасшы-мұғалім топ кездесулерін ұйымдастырады, жұмыс кестесінде өзгерістер болған жағдайда топтың барлық мүшелерін хабардар етеді және үйлестірушімен тұрақты байланыста болады.
Барлық кезеңдердегі барлық кездесулердің жазбаларын жүргізу қажет, команда мүшелері арасында рөлдерді бөлу қажет;
Әр мұғалім Lesson Study барысында жеке зерттеуі үшін өзінің рефлексиялық күнделігін жүргізе алады.
Бірлесіп жоспарлаған кезде:
Сабақты өткізіп жатқан мұғалімге топтың барлық мүшелерімен талқылауды жеңілдету үшін сабақ жоспарының бірнеше көшірмесін ұсыну;
Бақылау парақтарын, фото және бейне түсірілім үшін қажетті ресурстарды дайындауға, сабақтан соң сұхбатты жүргізуге жауапты тұлғаны анықтау.
Сабақты бақылаған кезде:
Бақылайтын мұғалімнің қолында қолайлы, сабақтың барлық кезеңдері мен бақыланатын нақты оқушы үшін күтілетін нәтижелері көрсетілген, топта алдын ала құрастырылған бақылау сызбасы болуы тиіс. Жақсы дайындалған бақылау парағы бар бақылайтын мұғалім сабақ жоспарын керек етпейді;
Бақылайтын мұғалімге сабақ өткізуге кедергі болмайтын және оқушыны қымсындырмайтын дұрыс орынды таңдаған маңызды, ең жақсысы бақыланатын оқушы сол сәтте бақылау соған жүргізіліп жатқандығын байқамауы тиіс;
Сабақты өткізетін мұғалімнің оқушыларға сабаққа оң көзбен қарауға көмектесе алуы аса маңызды, себебі сабаққа олардан басқа тағы бақылаушы-мұғалімдер қатысып, бейне түсірілім жүргізілетін болады;
Мұғалім сабақ барысында бақылау жүргізілетін оқушыларды ерекшелендірмей, басқалармен бірдей жауап беруге мүмкіндік береді;