А.Т., қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сабақтың басындағы оқушылардың қызығушылығын ояту кезеңінен бастап аяғына дейін әр оқушым өзінің әр істеген жұмысына өзі баға беріп отырып, кезде- скен қиыншылықтар мен кедергілерді жою жолдарын табады. Ал егер осы жұмыс дұрыс жолға қойылатын болса, онда әр оқушы өзін-өзі реттеп, сонымен қатар ме- татанымын дамыта алады деп ойладым.
Осы күтілген нәтижені мен өткізілген 5 сабақ циклдары кезінде сабақтың кей- бір кезеңдерінде көре алдым деп санаймын. Мысалы, С.Б. «Хобби және тәуел- ділік» деген тақырыбында өткізген сабақта оқушылар әрбір тапсырманы орын- дау алдында оның мақсатын айқындап, не үшін орындалатынын анықтап отырды. Ал тапсырма орындалып болғаннан соң қандай қиыншылықтамен кездескендерін және тапсырманы орындау арқылы қандай оқу мақсаттарына қол жеткізгендіктері жайлы өз ойларын комментарий ретінде айтып отырды. Сабақтың басынан аяғына дейін А, В, С оқушылар өздерінің іс-әрекеттерін не үшін, ары қарай не істеу керек екендіктерін ұғып отырды. Бірақ, барлық оқушылардың үндеріне құлақ асуға қо- лымыз жеткен жоқ. Сондықтан бұл үрдісті әлі де жетілдіре беру керек, оның тиімді жолдарын қарастыруды жалғастыруым керек.
О.Д., орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Маған Lesson Study енгізу бойынша жобаға қатысуды ұсынғанда мен ойланбастан келістім, себебі менде жобада жұмыс істеу тәжірибем бар. Өткен жылы мұғалімдер тобының құрамында №44 пилоттық мектепте мен оқу үдерісіне Lesson Study енгізу бойынша жобаға қатысып, мұның оқытуды жақсартуға септігі тиетін кәсіби дамудың тиімді тәсілі екеніне көзімді жеткіздім.
Осы жылы жобада жұмыс істеуді қалаған орыс тілі және қазақ тілі мұғалімдерінен топ құрылды. Топ бірінші отырыста ортақ мәселені анықтап, оның шешу жолдарын белгіледі. Мен КББӘ бағдарламасы бойынша бірінші жыл жұмыс істегендіктен, маған сабақты жетістіктер критерийлері бойынша бағалауды жүргізу күрделі болды. Мен мұның әріптестерімде қалай болатынын көргім келді.
Жобаның аясында 7, 8-сыныптарда 5 сабақ өткізілді. Әрбір сабақ өткізілер алдында бірнеше рет талқыланды, әріптестер өзгерістерді енгізді, сыныптың ерекшеліктеріне сәйкес материалды іріктеді, күтілетін нәтиже талқыланды. Сонымен қатар сабақ өтілген соң да талқыланды. Талдау кезінде біз жобаның басында алға қойылған мәселеге басты назар аудардық. Сабақтан сабақ өтілген сайын біз бақылауды өзіміз жүргізуді, рефлексиялауды үйрендік, өзіміздің қателіктерімізді көрдік және көптеген өзіміздің сұрақтарымызға жауап алдық. Топ бірінші циклды аяқтағанда, топтағы әрбір мұғалім топтағы өзінің жүмысын талдады.
Нәтижелер жаман емес, дегенмен шешуді талап ететін шешілмеген сұрақтар әлі де бар, сондықтан мен топтың болашақта өз жұмысын жалғастыруы тиіс деп ойлаймын.
3-ТАРАУ. LESSON STUDY ЖҮРГІЗУДІҢ «АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Зерттеу-сабақ қарапайым идея болып табылады.
Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, басқа мұғалімдермен ынтымақтасу – жоспарлау, бақылау және сабақтар туралы ойлану керектігі айдан анық емес пе?
Льюис, 2002
Бізбен жүргізілген зерттеулерге сүйеніп, біздің топ Lesson Study жүргізу үшін ережелер жиңағын әзірледі. Ережелер жұмысқа пайда әкелері сөзсіз, алайда бұл тек біздің тәжірибе ғана екендігін ескертеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |