Руководство для учителей по реализации подхода Lesson



Pdf көрінісі
бет4/40
Дата18.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#118673
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
5
Lesson study 
Lesson study Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім беретін жүйе орнатқан 
уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда бол-
ды. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте ба-
стады. Соңында бұл үдерістерді Lesson study деп атады. Содан кейін Lesson study 
тәжірибесі Жапониядағы барлық мектептерге берілді. 
Lesson study зерттеу сабағы болып табылады, және де Қазақстанда өткізілетін 
ашық сабаққа ұқсас. Lesson study-да бір мұғалім өзіне зерттеу сабағын өткізуге, зерттеу 
сабағына дейін шамамен бір айда сабақ жоспарын жазуға ерікті түрде жауапкершілік 
алады. Содан кейін ол өз сабақ жоспарын осындай сыныптың немесе дәл осындай пән 
саласында жұмыс істейтін мұғалімдер қатысатын жиналысқа ұсынады. Содан кейін 
мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға негізделген сабақ жоспарын қайта жазады. 
Кейбір жағдайда кездесу циклдары және жоспарды қайта жазу үдерісі бірнеше рет 
қайталанады. Басқа жағдайда мұғалім мектеп кеңесінің әдіскерінен сабақ жоспарын 
жақсарту үшін кері байланыс беруін сұрайды. 
Зерттеу сабағында мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, өз сыныбында сабақ 
өткізеді. Барлық мектептердің мұғалімдері немесе осындай сыныптардың немесе пән 
саласының мұғалімдері зерттеу сабағын бақылайды. Зерттеу сабағанан кейін мұғалім 
мен тыңдаушылар зерттеу сабағын талқылайды. Кейде мектеп кеңесінің әдіскерлері 
немесе университет профессорлары сияқты шақырылған кеңесшілерді талқылауға 
қосылуын және кездесуге қатысқан мұғалімдерге кейбір кеңес беруін сұрайды. Бұл 
Lesson study тәжірибесі айына бір рет өткізіледі. 
Неліктен Lesson study тәжірибесі әлемге танымал болды?
Енді Lesson study әлемге танымал болды. 1999 жылға дейін Жапондықтардан 
басқа lesson study-ды шамалы адамдар ғана білетін. Тек Жапониядағы мұғалімдер 
ұзақ уақыт бойы lesson study-ды тәжірибеде қолданған.
Жапониядағы Lesson study-ның маңызы бүкіл әлемде танымал болды. Оның 
қуатты импульсын 1999 жылы жарыққа шығарылған Оқытудағы олқылықтар кітабынан 


6
(Teaching gap) байқауға болады. Teaching gap - lesson study-ды бүкіл әлемге танымал ет-
кен алғашқы кітап. Мен 2001 жылы АҚШ-та болдым. Мен кездестірген әр зерттеуші 
немесе аспирант кітапты білетін.Teaching gap 1995 жылы Жапонияда, Германияда және 
АҚШ-та тоғызыншы сыныпта математика сабағының бейнежазбасына негізделген 
зерттеулер талдамасының есебі болып табылады. Талдау көрсеткендей, Жапониядағы 
сабақтар студенттерге және олардың ойлауға уақыт беруіне көзделген. Жапониядағы 
сабақтардың аса жоғарғы деңгейіне Lesson study-ды ендіру көмегімен қол жеткізілді.
Бұл диаграмма Жапониядағы сабақтар Германиядағы немесе Америкадағы 
сабақтарға қарағанда студенттер ұсынған анағұрлым көп шешімдерді қамтыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет