1.
Кабанихин С. Н., Бектемесов М. А., Нурсеитова А. Т. Итерационные
97
методы решения обратных и некорректных задач с данными на части
границы. – Алматы: Международный фонд обратных задач, 2006. – 432 c.
2.
Кабанихин С. Н. Обратные и некорректные задачи. – Новосибирск:
Сибирское научное издательство, 2008. – 460 с.
3.
Нурсеитова А. Т., Нурсеитов Д. Б., Тюлепбердинова Г. А. Численное
решение одномерной обратной задачи акустики методом итераций
Ландвебера // Вестник КазНУ: Серия «математи А, механика,
информатика». – 2010. – Т. 64, № 2. – С. 79-86.
ӘОЖ 378.026.9:004.4(574)
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КӨЗДЕРІ – БОЛАШАҚ
ИНФОРМАТИКА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ КЕПІЛІ
Ғаббасова Ж.Т.*, Шармұханбет С.Р. - Абай атындағы
ҚазҰПУ,Магистратура және PhD Докторантура институтының
магистранты
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы)
Аңдатпа. Құзырлық тұғыры бойынша білім беру прагматикалық
сипатта болады және мыналарға бағытталады: мол тәжірибе ала білу;
өзінің алған білімінің өзара байланысын ұйымдастыра білу және оны ретке
келтіре алуы; өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шеше алу біліктілігі.
Құзырлықы қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім – қазіргі
студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың,
интеллектуальдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне
білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге
бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.
Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде,
тәрбилеп өсіруде ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын бойына
сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.
Кілттік
сөз:құзырлық,
ақпараттық
технология,
ақпараттық-
коммуникациялық құзырлық, т.б.
Аннотация. Образование с точки зрения компетенции имеет
прагматический облик и направлено на следующие: умение приобретать
богатый опыт; умение организовать совокупность своих знаний и
упорядочить их; умение решать поставленные задачи самостоятельно.
Формирование компетенции обозначает ожидаемые результаты при
формировании на направление соискании посредством поднятия на
высокий уровень мышления и интеллектуальной активности, понимания
98
значения новизны, обучения чувстве недостатка знании, развивая
творческие способности будущих учителей - сегодняшних студентов. Это
в свою очередь требует от учителей формирования в процессе обучения и
воспитания
личности,
который
обладает
информационно-
коммуникационной компетенцией.
Ключевое
слово:компетенция,
информационные
технологии,
информационно-коммуникационные компетенции и.т.п.
Abstrakt. From the point of view of education competence has got
pragmatical shape and it is directed on the following: ability to gain a wealth of
experience; ability to organize set of the knowledge and to order them; ability to
solve objectives independently. Formation of competence designates expected
results when forming on the direction competition by means of a raising on high
level of thinking and intellectual activity, understanding of value of novelty,
training feeling of a shortcoming knowledge, developing creative abilities of future
teachers - today's students. It in turn demands from teachers of formation during
the training and education process the personality which possesses information
and communication competence.
Keywords:
competence,
informational
technology,informational-
communicative competence, etc.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Тұжырымдамасында:
«Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне жаңа сана мен
қоғамдық мәртебе беру және оны айрықша сала ретінде қабылдау қажет,
оның бірінші кезектегі міндеті – жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау,
икемділік пен білімділік болуға тиісті»,- деп көрсетілгендей, білікті маман
ғана қоғамды дамытып, еліміздің экономикасын өркендете алады. Маманның
біліктілігі мен кәсіби деңгейінің жоғары болуы оқытуды дұрыс ұйымдастыра
білуімен байланысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының «Білім және кәсіби
машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта
даярлаудың
негізгі
бағдарының» 4-бөлімінде: «Бәсекеге
қабілетті
дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз
керек. ...Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең
заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай-ақ
балаларымыздың,
жалпы
барлық жеткіншек
ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз
қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» [1] деген
тұжырымдамасында жеткіншек жастар мен болашақ маманның сауатылығы
мен білім, біліктілігіне ерекше мән берілген.
Осы тұрғыда ақпараттық технологиялар негізінде студенттердің
ақпараттық-коммуникациялық
құзырлығын
қалыптастыру
өзекті
мәселелердің бірі. ЖОО-да– біріншіден, өмір сүріп отырған заманның
қажеттілігіне, әлеуметтік жағдайына, қоғамның нақты сұранысына қарай
99
оқытып тәрбиелеукерек болса, екіншіден, жеке тұлғаны адамзат мәдениетінің
барлық байлығы негізінде қалыптастырушы ретінде болашаққа қызмет ететін
білімді де білікті маманетіп даярлау.
Ғылымда ақпараттың саласын бағалау және оны қабылдау біліктерін
дамыту, оны қолдануға таңдай білу, нақты мәселелерді шешуде әртүрлі
ақпараттар көздерін таба білу, бұл қасиеттердің жеке тұлғаның бойынан
табылуы ақпараттық құзырлықтың қалыптасуы болып саналады.
Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік,
дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа
оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім
шеберлігіне байланысты.[2].
Қазіргі заман талабы –оқытудың жаңа технологияларын меңгеру болып
табылады. Ал, оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық
технология.
Ақпараттық технология – 1) объектінің, процестің немесе құбылыстың
күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу
тәсңлдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс; 2)
ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің,
құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология –
қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және
тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық
тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен
механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын
қамтитын жалпы ұғым. [3].
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту
үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау
және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудағы
ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологияның бағыттары:
- электронды оқулықтар;
- телекоммуникациялық технологиялар;
- мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
- қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы студенттердің ақпараттық құзырлығын қалыптастыру, қазіргі заман
талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және
Интернет ресурстарды пайдалану студенттің білім беру үдерісінде
шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ақпараттық-
коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына
жаңа бағыттағы мақсаттар қояды:
-
Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру,
әдістемелік пәндік Web-сайттар ашу;
-
Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
100
-
Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып,
бағдарламалық
сайттар,
құралдар
жасау
(мультимедиалық
және
гипермәтіндік технологиялар);
-
Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша
білім алуды қамтамасыз ету.
Оқытудың
ақпараттық-коммуникациялық
және
интерактивтік
технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен
формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы.
Сондықтан да компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық
оқулықтарды,
мультимедиалық
технологияларды,
қашықтан
оқыту
технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу
үрдісіне электрондық оқулықтарды жасау және пайдалану. Осы уақытқа
дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе
оқулықтарды пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмай отырғаны
белгілі. Сол себептен білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды
пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтежиесінде студенттердің
пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына
үлкен мүмкіндік тудырады.[4].
Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық
технология құралдарын білім беру саласында қолданудың методологиялық
және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің
психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету
процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:
- білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық
ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру
арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне
коммуникациялық желілерді қолдану;
- ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының
міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны
ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
- үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім
алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған
оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология
арқылы құру;
- үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау
бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.
Білім беруді ақпараттандыру процесі жағдайында жеке тұлғаның
интеллектуальдық, қоғамдық, экономикалық, коммуникациялық және
ақпараттық сияқты іс-әрекеттерін түрлі салаларға қолдану арқылы
құзырлығын қалыптастыру негізгі талаптардың біріне айналады.[5].
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби
бағыттағы
міндеттерді
шешуде
ақпараттық-коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.АКҚ-ты
101
қалыптастыруды В.С. Блум мен В.П.Беспалько идеяларын негізге ала
отырып, 3 деңгейге бөлуге болады:
- түсіндіру;
- үлгі бойынша қолдану;
- шығармашылық бағытта қолдану.
Педагогикалық
жоғарғы
оқу
орындарында
ақпараттық-
коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастыруды 3 кезеңге бөлуге болады
және оған сәйкес негізгі сипаттамалары келесі кестеде (1-кесте) берілген.
1-кесте.
Педагогикал
ық
мамандарды
даярлауда
АКҚ
қалыптастыр
у кезеңдері
№
Кезеңніңатау
ы
АКҚ-ті
қалыптастыру
ды үйрету
пәндері мен
қалыптастыру
кезеңі
Берілгенкезеңд
ерде АКҚ-
тіқалыптастыру
бөліктері
Кезеңніңсипат
тамалықерекш
еліктері
1
Базалық –
базалық
АКҚ-ті
қалыптастыр
у
Орта мектеп.
«Информатик
а»
және/немесе
«Ақпараттық
технология»
Компьютер
құрылғысытура
лыжалпытүсіні
к.
Операциялықж
үйеменжұмысж
асаунегіздері.
Word-та
қарапайым
құжаттарды
құру.
Excel-де
қарапайымесеп
теулердіжүргіз
у.
Қарапайымпрез
ентациялардық
ұру.
Мектепоқушы
ларыныңоқуқы
зметін
ұйымдастыруд
а
АТ-нықолдану.
Қарапайымтұр
мыстықесептер
дішешу.
2
Жалпы
–
жалпы АКҚ-
ті
қалыптастыр
у
Педагогикалы
қжоғарғыоқуо
рындарында
1-2 курстары.
«Информатик
а»
Интернет
ресурстарынқо
лдануарқылыақ
параттарды
табу.
Word-та
қарапайым
(суретсіз,
кестесіз)
жәнекүрделі
Семинарға,
практикалықса
бақтарғадайын
далуда,
баяндамаларжа
зуда,
дипломдықжән
екурстықжұмы
старды,
соныменбіргеғ
102
(кестемен,
суреттермен,
кескіндермен)
құжаттарды
құру.
Excel-де
формулаларды,
математикалық
,
логикалықжәне
статистикалық
функцияларды
жүргізу.
Диаграммалард
ытұрғызу.
Деректерқорын
(біркестелікжән
екӛпкестелік)
жәнесұраныста
рды, формалар
мен
отчеттардыдере
ктер қорында
құру
ылымиконфере
нциялардабаян
дамадаярлауда
ақпараттықтех
нологияны
қолдану
3
Кәсібилік –
кәсібилік
АКҚ-ті
қалыптастыр
у
Педагогикалы
қжоғарғыоқуо
рындарында
3-4 курстары.
«Оқытудың
техникалық
және
аудиовизуальд
ыққұралдары»
,
«Дәрісберудіа
қпараттықжән
етехникалықж
ағынанқамтам
асызету»
«Оқытудыңақ
параттықтехн
ологиясы»,
«ақпараттықк
оммуникативт
ітехнологияла
Ақпараттардыіз
деуде Интернет
ресурстарынқо
лдану.
Оқу-
программалыққ
ұжаттардыбезе
ндіру мен
оқупроцесіндег
іматериалдард
ыжасақтауғамә
тіндікпроцессо
рды қолдану.
Бағалаудыңрей
тингілікжүйеле
рі мен
компьютерлікт
естініжасақтауд
акестелікпроце
ссорды
қолдану.
Ақпараттық-
коммуникация
лықтехнология
нықолдануарқ
ылыкәсіптікпе
дагогикалықмі
ндеттердішешу
.
103
р» және т.б.
Мектепоқушыл
арыныңоқуқыз
метініңнәтижел
ерінесепкеалуү
шіндеректер
қорының
базалық
жүйесін құру.
Компьютерлікт
естініқұруғанег
ізделгенарнайы
инструменталь
ды құралдар
жүйесін
қолдану.
Өзіндік
интернет-
ресурстардықұ
руүшін
қолданбалы
программалық
құралдарды
қолдану.
Қазіргі заманғы ақпараттық технология әрбір тұлғаның білім алу
үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Шет елдерде де жаңа ақпараттық технологияны оқыту барысында келешек
мамандарды дайындаудың мақсаттары мен оқыту жолдары анықталған.
АҚШ-тағы университеттердің бірінде осы саланы зерттеушілердің бір тобы
болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ерекшелеп көрсеткен. Бұл
талаптарға сай келешек мұғалімдер:
1.
Компьютердің ақпараттық және программалық жабдықталуымен таныс
болуға тиіс;
2.
Компьютер көмегімен оқыту бағдарламаларын білуі тиіс;
3.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану барысында білім
алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге тиіс;
4.
Компьютерді қолдануға арналған уақытты таңдай алуы және оны оқу
процесіне енгізе білуі тиіс;
5.
Компьютерде модельдеуді қолдана алуы тиіс;
6.
«Ақпараттық ғасырдың» қоғамдық және педагогикалық маңызын білуі
қажет.[5,7].
Қазіргі ғалымдардың зерттеулерінде құзырлықты қалыптастыру білім
беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп үйренушінің
қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды –
тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді
104
шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр. Әр
күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай
уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу
ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол дегеніміз мұғалімнен үздіксіз
ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені, еліміздің
ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы
білім мен жақсы тәрбие алған шәкіртінен көрінері сөзсіз.
Қорытындылай келе, ақпараттық қоғам дамуының динамизмі бүгінгі
жас маманның құзырлығын әрдайым жетілдіріп отыруы керектігін шарт
етеді. Заман ағымына қарай жаңарып отыратын технологияларға бейімделу
қабілеті, әсіресе, информатика мұғалімдері үшін өте маңызды. Қазіргі
кезде болашақ маманды оқыту кезінде де бағдарламалар мен ақпараттар
жиі ауысып, жаңа ақпараттық техналогиялар пайда болатындықтан, ғылым
ретінде информатиканың мағынасы да өзгеріп, анықталып отырады.
Сондықтан информатика мұғалімін даярлау кезінде тек қана пәндік
білімдер мен машықтарды қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар
түлектердің, болашақта жаңа педагогикалық мәселелерді шешуіне
мүмкіндік беретін қабілеттерін де арттыруға әрекет ету керек деп
ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы. – Астана, 2012.
2.
Тұрғанбекова Б.А. «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті
арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе», Алматы-2005.
3.
Ж.
Садыбекова
«Оқу
–
тәрбие
үрдісінде
ақпараттық
–
коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» «Информатика
негіздері» журналы №4, 2008.
4.
Бостанов Б.Ғ. Болашақ информатика мұғалімдеріне электрондық оқыту
құралдарын жасау мен пайдалануды оқытудың әдістемелік негіздері. Дис. ...
Алматы, 2009
5.
Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын
қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010.
6.
Кенжебеков Б.Т. Университет студенттерінің кәсіби құзыреттілігін
қалыптастырудың теориясы мен практикасы. Монография – Астана:
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ,2001.
7.
Беркимбаев К.М., Мухамеджанов Б.К., Керимбаева Б.Т. To the problem
of using internet technologies in forming informational-communicative
competence of future specialists. Бюллетень лаборатории математического,
образования и информатизации рецензируемый сборник научных трудов Том
2. Москва 2012.
Резюме:
105
В
статье
рассматривается
использование
информационных
технологий
при
формировании
информационно-коммуникационные
компетенции в процессе обучения.
Summary:
The article describes using information technology in the formation of
communication and competence in the learning process.
ӘОЖ 513/513.882
ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ
РЕКУРСИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР
А.Ж. АБИШЕВА - Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы)
ak-maral@mail.ru
Аннотация. В статье рассматривается обширное понятие рекурсия,
это такой способ организации вычислительного процесса, при котором
процедура или функция в ходе выполнения составляющих ее операторов
обращается сама к себе.
Ключевые слова: информатика, рекурсия, алгоритм.
Abstrakt. In article the extensive concept a recursion is considered, it is
such way of the organization of computing process at which procedure or function
during performance of operators making it addresses to itself.
Keywords: science, recursion algorithm.
Аңдатпа. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарындағы информатиканың
жалпы курсы түрлі білім беру саласының интеграциялануына септігін
тигізеді.
Кілт сөздер: информатика, рекурсия, алгоритм.
Информатика шешілетін есептердің моделдеу әдістерінің кең спектрін
ойлап табуға және ұсынуға, алгоритмдердің қиындығын талдауға және
бағалауға арналған. Кең ауқымды есептерді шешудің ең тиімді әдістерінің
бірі рекурсия болып табылады.
«Рекурсия» ұғымы бастапқы түсінік үшін қарапайым және әлдебір
анықталған формализм немесе арнайы ұстанымды білумен байланысты емес.
Рекурсияның төркінінде кейбір есептерді осы класстағы «қарапайым»
есептердің және бастапқы есепті шешу негізінде алынатын нәтиже
мәліметтерінің тізбегін қабылдау жатады. Кей кезде рекурсияға объектінің
өзіне объектіге сілтеме анықтамасы ретінде қарайды. Немесе, жалпы
жағдайда бастапқы объектімен шектелген, көптеген реттелген объектілердің
бір-біріне сілтемелер тізбегі анықтамасынан тұрады. Программалау тілінде
бұл программа тұрғызуда көрсетіледі (функция және процедуралар), яғни
106
олар орындалу барысында өз-өзін тікелей шақырады немесе басқа
программалар тізбегі арқылы орындалады.
Қазіргі заманда орын алған объектілер мен үдерістердің кең класстары
Достарыңызбен бөлісу: |