I кезең
(5-6-сыныптар)
II кезең
(7-8-сыныптар)
III кезең
(9-сынып)
124
- жасалған объектілермен негізгі операцияларды орындау (сақтау, ашу,
жабу, көшіру, алмастыру, масштабтау және т.б.);
- қағазға сызылған графиканың компьютерлік аналогын жасау;
- графикалық редакциялауда мәтінмен жұмыс жасау, өңдеу, сақтау,
жүктеу.
II кезең (7-8-сыныптар) бойынша:
-
компьютерлік графиканың теориялық негіздерін оқыту;
-
компьютерлік графиканың қолдану аймағы, негізгі бағыттары;
-
копьютерлік
графиканың
түрлерін
қарастыру;
расторлық,
векторлық, фрактальдық графикалық редакторлар;
-
вектрлық
және
расторлық
графикалық
редакторлардың
артықшылықтарын, кемшіліктерін, айырмашылықтарын қарастыру;
-
расторлық және векторлық графикалық редакторларының негізгі
форматтары;
-
Adobe Photoshop графикалық редакторымен танысу;
-
Adobe Photoshop графикалық редакторының мүмкіндіктерін
практикада қолдану;
-
Adobe Photoshop расторлық бағдарламасының негізгі саймандарын
қолдана отырып, өзіндік иллюстрацияларды құру;
-
Corel Draw графикалық редакторымен танысу;
-
Corel Draw векторлық редакторы жұмысының негізгі принциптерін
қарастыру;
-
Corel Draw графикалық редакторының мүмкіндіктерін практикада
қоладану.
III кезең (9-сынып) бойынша:
-
үш өлшемді кеңістік ұғымына кіріспе;
-
үш өлшемді графиканың математикалық негізі.
-
3DS Max бағдарламасына кіріспе;
-
3DS Max бағдарламасына жұмыс терезесі;
-
3DS Max бағдарламасының пайдаланушы интерфейсі;
-
3DS Max бағдарламасының жұмыс кеңістігінің күйі;
-
3DS Max-тағы проекция терезелерімен жұмыс істеу;
-
кеңістікте екі өлшемді пішіндерді құру;
-
3DS Max-тағы прмитивті модельдерге кіріспе және т.б.
Келтірілген кезеңдер бойынша алғашқы екі кезең мектеп қабырғасында
оқыту мазмұнына кірістіледі де, соңғы екі кезеңдегі анықталып отырған
мазмұн 2013-2014 оқу жоспарында 10-сыныптың жаратылыстану бағытында
ғана, онын өзінде не бары 8 сағат енгізілген. Сондықтан, үшінші кезеңді
жалпы оқу жоспарына сай информатика пәнінің бейінді курстарында 9
сыныптарға пән аралық байланыс негізінде оқытылуы қажет деп санаймыз.
Неліктен 9-сыныптан? Себебі, анықталып отырған мазмұн бойынша
оқушылардың осы кездегі алған білімдері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес,
яғни оқушы дәл осы кезде үш өлшемді кеңістікті тани бастайды, геометрия
сабақтарында үш өлшемді кеңістікпен танысып, сызу сабақтарында да үш
өлшемді кеңістікте фигураларды салу, оларды әр қырынан қарап салу,
125
изометриялық көріністерін бейнелеумен таныса бастайды. Сол себепті, біз
пәнаралық байланыс ретінде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 9-
сыпыпқа бейінді курс оқытуды қарастырамыз.
«Үш өлшемді графикалық редакторды оқыту» бейінді курсының негізгі
бағыты – дамытушылық, яғни оқушылардың қызығушылығын қолдауға және
қанағаттандыруға бағытталған. Бұл курс оқушылардың танымдық
белсенділігін,
шығармашылық
және
ойлау
қабілетін
дамытуға,
информатикаға қызығушылығын арттыруға, ең бастысы, осы ғылым
негізімен тікелей байланысты мамандықтар әлеміне баулиды. Курстың
материалын баяндаған кезде теориялық, практикалық жұмыстар және өз
бетімен орындайтын өзіндік жұмыс тапсырмалар пайдаланылады.
Үш өлшемді графикалық редакторды оқытудың мақсаты
Компьютерлік графиканың түрі – үш өлшемді графикалық редакторын
тереңінен түсініп оқу. Үш өлшемді объектілермен жұмыс істейтін 3DS Max
графикалық редакторының негізімен танысу.
Үш өлшемді графикалық редакторды оқытудың міндеттері:
1.
Үш өлшемді графикалық редакторлар саласында білімін жетілдіру:
-
үш өлшемді кеңістік ұғымымен танысу;
-
үш өлшемді кеңістік ұғымының математикалық негіздерін қарастыру;
-
3DS Max үш өлшемді графикалық бағдарламасының интерфейсімен
танысу.
2.
Үш өлшемді графикалық редакторлар саласында практикалық
дағдыларын қалыптастыру:
-
3DS Max үш өлшемді графикалық бағдарламасындағы проекция
терезелерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
-
3DS Max үш өлшемді графикалық бағдарламасының жұмыс
кеңістігінің күйімен танысу;
-
көпбұрыштар, олардың қасиеттері мен трансформациялауда
практикалық дағдыларын қалыптастыру;
-
модельдерді құруды үйрену;
-
кеңістікте екі өлшемді пішіндерді құруды үйрену;
-
3DS Max үш өлшемді графикалық бағдарламасындағы параметрлік
модиффикаторларды қолдануды үйрену.
«Үш өлшемді графикалық редакторын оқыту» бейінді курсымыздың
мақсатын және міндетін анықтап алғаннан кейін, курсымыздың оқытылу
мазмұнын құрастырсақ та болады.
«Үш өлшемді графикалық редакторын оқыту» бейінді курсымыздың
мазмұнында келесідей тақырыптарды қарастырдық:
1.
Үш өлшемді кеңістік ұғымы.
2.
Үш өлшемді графиканың математикалық негізі
3.
3ds max үш өлшемді графикалық бағдарламасын іске қосып, жұмыс
терезесімен танысу
4.
3ds max-тағы проекция терезелерімен жұмыс істеу
5.
Көпбұрыштар, қаситеті және трансформациялау
126
6.
Командалық панелдің Create қосымшасымен жұмыс.Сплайндар
7.
Стандартты примитивтер. Сахнаны құру
8.
Негізгі екі өлшемді фигуралар құру
9.
Клондау. Тегістеу және массив жасау
10.
3ds max-тағы параметрлік модификаторлар
11.
3ds max-тағы редакциялау, тегістеу модификаторлары
12.
Құрамды объектілер және олардың түрлері (Бульдік және лофтингті
объект)
13.
Құрамды объектілер және олардың түрлері (таратылған, қосылған,
морфингті, тамшылы-торлы объект)
14.
3ds max-та анимация негіздері
15.
3ds max-тағы материалдар
16.
Өзіндік жоба жұмыстары
«Үш өлшемді графикалық редакторды оқыту» бейінді курсымызды
аяқтағаннан кейін оқушыларды бағалау соңғы өзіндік жоба жұмыстарының
нәтижесімен бағаланады. Өйткені оқушылар өзіндік жоба жұмыстарын
орындау барысында курс бойынша өтілген барлық теориялық тақырыптар
мен практикалық жұмыстарды қаншалықты игергенін көруімізге болады.
Қорыта келе, қазіргі экономикалық және әлеуметтік жағдай жалпы
білім беретін мектептердің бітірушілеріне жаңа міндеттер қояды: ақпараттық
кеңістікке бейімделу, шығармашылық ойлау, коммуникативтік дағдылы
болу, шешім қабылдай білу және оларға жауапкершілікпен қарау. Сондықтан
болашақта оқытудың жаңа әдісін тауып, оны кең көлемде пайдалануды іске
асыру қажет. Ал, біз қарастырып отырған информатика курсын келтірілген
мазмұнда, ұсынылған формада жүргізу оқушылардың қызығушылығын,
танымдық қабілеттерін арттырып, болашақта өз мамандықтарын дұрыс
таңдауда кәсіби бағдар берген болар едік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Танирбергенов Медеубек Жуматаевич. «Жоғары оқу орындарында
графиканы оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері». дис... пед.
ғылым. докт. – Шымкент.,2010. – 110б.
2.
Бостанов Б.Ғ., Бажибаева А.Б. Мектеп информатикасының бейінді
курсында компьютерлік графиканы оқытудың қажеттілігі. // Ұлағат
№3,2012. – 15-21б.
3.
http://festival.1september.ru/articles/505342/
Резюме
В этой статье мы расмотрели обучение раздельного этапа
компьютерной графики в профильном курсе учеников в стенах школы. В
каждом этапе ученики должы познакомится не меньше одного графического
редактора и достичь такого уровня чтобы умели работать.
Summary
In this article we considered training of a separate stage of computer
graphics in a profile course of pupils in school. In each stage pupils have to will get
acquainted not less than one graphic editor and to reach such level that were able to
work.
127
ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ВОПРОСЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ
ӘОЖ 37.016:72
«МӘДЕНИ МҰРА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ
СӘУЛЕТ МЕКТЕПТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БҮГІНГІ
ЖАҒДАЙЫ
Байгутов Карим Алимханулы – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
Магистратура және PhD докторантура институтының 1- курс
магистранты
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы)
Аннотация. В данной статье рассматриваются автором проблемы
развитие формирования национальных школ архитектуры Казахстана, с
целью исследовать "культурные наследия" народов. А также автор
раскрываетсовременное состояние историко-культурного наследия и
архитектуры Казахстана.
Ключевые слова: культурное наследие, дискриминация культуры,
симбиоз культуры, типология, мемориал, конструктивизм, интернационал,
генезис архитектуры, опрометчивая стилизация, романтическая битва.
Abstrakt. In this article the author discusses the problem of the formation of
the development of national schools of architecture in Kazakhstan, with a view to
explore the "cultural heritage" of peoples. Also, the author reveals the current state
of historical and cultural heritage and architecture of Kazakhstan.
Keywords: cultural heritage, discrimination culture, symbiosis culture,
typology, memorial, constructivism, international, genesis architecture, heady
pastichem,romanticbattle.
Аңдатпа. Қазіргі мәдени-тарихи негізде, өте қысқа мерзімнің ішінде
(жиырма жыл шамасында), кең ауқымда ұлтқа арналған жаңа ғимараттар
түрінің, жаңа құрылыс техникасы мен материалдарының ұсынылуымен
кәсіби жетілген бүгінгі сәулет өнерінің пайда болуын өзіндік әлеуметтік-
мәдени және сәулеттік тәжірибе ретінде қарастыруға болады.
Кілтті сөздер: мәдени мұра, мәдениет дискриминациясы, мәдени
симбиоз, типология, мемориал, конструктивизм, интернационал,сәулет
өнерінің генезисі,аңғырт стилизация, романтикалық шайқас.
Бүгінгі қоғам дамуындағы негізгі ерекшеліктердің біріне тарихи
мәдениетімізді танып білу өзекті мәселенің бірі болып қойылуда. Осыған
байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: « Тарих сабақтары бізге
128
өткенімізді бағалау үшін ғана емес, болашаққа нық қадам басуда сенімді
бағдар жасау үшін де қажет»[1, 5б]. Сонымен осы негізімізді дамыту
мақсатында бүгінгі таңымыздың ерекшелігін анықтады және отандық
мәдениетіміздің болашақ жағдайының келешегі жарқын екендігін көрсетті.
Жалпы қазіргі мәдениеттің жетістіктерінің бір аспектісі мәдени мұраға,
соның ішінде, сәулеттік – қала құрылыстық мұраға құнықтап көңіл бөлу
болып табылатын осы секілді көзқарастардың жемістілігі жайлы дәлел
болады.
Кішігірім қиындықтар ұлттық мектепті дүниеге әкелумен байланысты
болды. Қазақстан сәулет өнерінің тарихтағы балаңдығы өзгешелік
мәселелеріне ерекше өзектілік берді. Оны, нақты сәулеттік болашақ үлгісіне
бағытталуы емес (бұл мұра тек 1970-1980 жж. археологиялық ашылудың
арқасында ғана кең танымал болды), бүкіл дәстүрлі мәдени кешеніне әсері
анықталды. Аталмыш Қазақстандық кәсіптік мектептің айрықша ерекшелігі
оны бұрынғы пішіннің үстемдігінен сақтай отырып, қалыптасу үрдісінің
қиындығы мен өзіндік ерекшелігін жасады.Жас ұлттық мектептердің
қалыптасуында әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған сәулеттік дәстүр,
көбінде тарихи пішіндерді көшірмелеу тығырығына әкеліп тіреген кәсіби
сәулетшілерді ұсынады
5, 36 б
.
Сәулеттік өнерде халықтық көркем дәстүрдің динамикасын талдау
қазіргі мәдениет жүйесінде оның рухани-эстетикалық қырын күшейтуге
байланысты ерекше маңыздылыққа ие. Этникалық және ұлттық мәдениеттің
жетістіктері әлемдік көркемөнер контекстіне қосылып, ұлттық өнерге жаңа
көріністер әкеледі. Аталған үрдісті тыңғылықты зерттеу барысында
жергілікті мәдениет ерекшеліктерін түзетуші әрі жоққа шығарушы,
жаһандануға қарсылық білдіруші ретінде айшықталды. Оған қоса орталыққа
ұмтылған үрдістер сәулет өнерінің, қазіргі заман өнерінің палитрасын
түрлендіре отырып, ұлттық мектеп белсенділігінің артқандығы секілді қазіргі
заман мәдениетінің еуропоцентристік құрылғыларын жеңгенін дәріптейді.
Анығырақ айтсақ, бұл әлемдік өркениет жетістігінде қалыптасқан «ранг
туралы табельден» жетілген мәдениет дискриминациясы. Бұл XX ғасырдың
ең маңызды жаулап алуларының бірі болып табылады. Өзге ұлттық кәсіби
мәдениетпен қатынасқа түскен этникалық машығы балауса ұлттық мектеп
қалыптасуының динамикасы мен тарихының талдауы ерекше мәнге ие
болады, осындай мәдени симбиоз қызықты құбылыстарды тудырды. Аталған
үрдістер
әртүрлі
мәдениет
орталықтарынан
жеке
бөлшектерімен
ерекшеленеді, алайда, соған қарамастан ол белгілі заңдылықтардың тізбегін
немесе сәулет мектептер қалыптасуының заңдарын анықтайды.
Қазақстан мәдениеті ерекшелігінің контекстіндегі қазіргі заман
мәдениеті дамуының құралы мен мақсаты ретінде көрінген дәстүрдің
дүниетанымдық потенциалын игеру солардың бірі болып табылады. Жалпы
мәдени құрылғылардың кәсіби өнердің дамуына әсерінің сипаты мен
позитивті нәтижелері әсіресе өздерін жеке алынған ұлттық мектеп
материалында айқын көрсетеді. Қазақстан сәулет өнері мектебінің қалыптасу
үрдісіндегі мәдениеттанушылық машық пен ерекшелік осы жоспарда даусыз
129
өзектілікке ие болып, тар ұлттық қызығушылық шеңберінен шығатын
зерттеуге арналған маңызды жобаларды ұсынады.
Өз кезегінде тек дұрыс анықталған Қазақстандық сәулет өнері
мектебінің қалыптасу үрдісі ғана оның бүгінгі жағдайда дамуының
тенденциялары мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік бере алады. 1990-
2000 жж. кең көлемде баяндалған материал сыншылар мен мамандар
тарапынан сәулет өнерін қабылдауда кейбір тоқырауларға алып келді.
Бұрынғы сөзсіз таңқалыстар керағар бағалаумен орын ауыстырды. Осы тұста
көп уақыт бойы типологиясы бойынша әртүрлі сирек ұшырасатын
нысандарды салудың шығармашылық міндеттерін жүзеге асырумен
байланысты жаулап алу әрекетінен бас тарту мәселесі көтеріледі
5, 37б
.
Сәулет өнері рухани және материалдық құндылықтардың жинағы мен
нәтижесі болып табыла отырып, жалпы адами мәдениеттің маңызды
құраушысы ретінде қызмет етеді. Осыған байланысты, Қазақстанда қолдағы
бар сәулет пен қала құрылысының тарихи мұрасын зерттемейінше, қазақ
халқының тарихи мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесі толық
болмайтынына ерекше назар аудару керек.
2004 жылы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың Қаулысы бойынша қабылданған « Мәдени мұра» Мемлекеттік
бағдарламасын іске асыру Қазақстан мәдениетінің тарихи негізін зерттеу мен
оны әрі қарай дамыту үшін қоғамның рухани саласын дамытудағы маңызды
кезеңдердің бірі болып табылады [2, 5б].
Қазіргі күнге дейін тарихи сәулет мұраларының қалыптасу, даму
тарихы, аймақтық ерекшеліктері зерттеуді қажет етеді. Қазақстандағы
мемориалды тарихи сәулет ескерткіштерінің сәулеттікформаларының
құрылымы, жіктелуі, құрылыс материалы туралы мәліметтер осы уақытқа
дейін зерттелмей келеді.
Қазіргі уақытта мәселелердің бір бөлігі ретінде соңғы кезде сәулеттің
дамуындағы басты фактор болып табылатын өткен мен қазіргінің
арасындағы тығыз қарым-қатынастың белгілі деңгейіндегі сабақтастығының
бұзылуымен тікелей байланысты болады, яғни «...тарихи даму жалпы
уақыт бойынша соңғы үлгі алдындағы пішімдерді өзіне алып келетін
саты ретінде қарастыратынына сүйенеді...».Сондықтан сәулет өнерінің
қалыптасуы мен дамуының қажетті жағдайы, біздің ойымызша, қазіргі уақыт
пен өткенді жоққа шығаратын феноменді ойлап табу әрекеті емес,
мәдени мұрамызды өңдеу арқасында сабақтастықты қамтамасыз етуге
болады.
Жалпы қазіргі мәдениеттің жетістіктерінің бір аспектісі мәдени мұраға,
соның ішінде, сәулеттік– қала құрылыстық мұраға құнттап көңіл бөлу
болып табылатын осы секілді көзқарастардың жемістілігі жайлы дәлел
болады: « Біздің дәуіріміздің техникалық және әлеуметтік дамуы талап
ететін біркелкі және тұлғасын жоғалтып беру алдындағы қауіптілік: ол –
өз мәдениетімен қатар тұрмысының ерекшелік негіздерінің бірінің
байқалуын көретін адам мен халық үшін маңызды мәнді иеленетін тірі
куәгер», – деп Біріккен Ұлттар Ұйымыбаяндамасында көрсетілген
3, 5б
.
130
Сәулет өнерінің ғасыр өткен сайын өзіндік бір қасиетке, стильге ие болуы
мен жаңғыртуы ол әрине халықтың тарихи сабақтастығы мен мәдениетінің
сақталуы арқасында ерекше туындыларды өмірге алып келіп жатыр. Бұл
деген халықтың тарихи тамыры нық әрі сенімді болуы басты негізге
айналуы тиіс.
Сәулет өнерініңшығармашылықтағы сабақтастық мәселелерін есепке
алудың ерекше маңыздылығы туралы түрлі кезеңдерде жасалған
қоспалардың нәтижелерінде оларды жасаумен байланысты әлемдік сәулет
өнерінің
таңдаулы
жарасымдылығының
тереңдігі
мен
шексіз
тартымдылығы, көп жоспарлылық деректері түрлі авторлардың әл де неше
рет атап көрсеткені дәлел болды. 1920 жылдары «конструктивизм»
сәулетінің негізін салған М.Я. Гинзбург былай деп жазды: «Әрбір
мәдениет дамуының белгілі сабақтастығы болмаса, сәби қалпында қалар
еді, тіпті, өзінен бұрынғы мәдениеттің көркем тәжірибесінің тығыз
байланысының арқасында ғана әр кезде қол жеткізетін кемеліне келу
дәуіріне бірде-бір рет жете алмас еді»
4, 9 б
.
Қазақстан сәулетінің сабақтастықта даму заңдылығының байқалуы
дәстүр мен жаңашылдық мәселелерімен, онымен байланысты республика
сәулет
мектептерінің
қалыптасуыныңұлттық
өзгешелігі
мен
интернационалдық ерекшелігі мәселесін жарыққа шығаруға мүмкіндік
береді. Адамдар «ғасырлардың дамып келе жатқан тәжірибесін өзіне
сіңірген, мәдениет сабақтастығының анық белгілері айқын көрінетін
дүниелерді көргісі келеді».Қазақ жерінде қаншама тарихи жәдігерлердің
сақталуы, оларды қалпына келтірумен болашақ ұрпаққа дәріптеу арқылы,
қазіргі уақытта ұлттық нақыштағы жаңаша заманауи стильдегі
ғимараттардың пайда болып, өркендеуіне көптеген зерттеу жұмыстарын
жүзеге асыру керек. Бұл жерде сәулеттің өзінің қалыптасу кезеңінен
бергі сабақтастықта даму сипаты жайлы мәселе өткір түрде тұрады.
Біздің еліміздің тәжірибесі, осы жағынан алғанда, Қазақстан өзін
жаһандық тарихи катаклизмге үнемі душар болатын, кейде азаматтарының
өмір сүру дәстүрі мен елді мекендерінің келбетін түбегейлі өзгертетін ел
ретінде жарқын мысал болып табылатындықтан ерекше мәнге ие болады.
Сондықтан сәулет саласындағы көптеген мәселелерді шешу тәжірибесін
зерттеу жалпы қоғам тарихын тану және Қазақстан сәулет өнерініңодан
әрі дамуының оңтайлы жолдарын анықтау үшін үлкен мәнге ие болады.
Мәдени мұраны қалыптастыруда сәулет өнерінің қазіргі уақыты мен
өткенін дамыту мақсаты төменгі бағыттармен жүзеге асады:
Қазақстанның сәулет құрылысының ежелгі дәуірден ХХІ ғасырға дейінгі
сабақтастықта даму амалдарын бақылау;
жоғарыда
көрсетілген
негізгі
нысандар
арқылы
республика
сәулетіншығармашылық жағынан жалпы ұғыну;
аз танылған ғимараттар мен құрылыстарды сәулет өнеріғылымына
қосымша ендіру;
131
өңірдің сәулет өнерінің өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтау;
халықтың сәулет өнеріндегі қалалары мен ескерткіштерді кешенді зерттеу;
сәулет өнерінің мұрағаттық және әдеби деректеріне қатысты
материалдарды жинау және өңдеу;
тарихи мәдени негіздер, даму ерекшеліктері, сонымен қатар сәулеттіңдаму
заңдылығының жұмысында анықталған республиканың, жеке қалалар
мен нысандардың өзіндік мәселелерін шешуге, яғни қазіргі сәулеттегі
дәстүрдің рөлін түсіну;
сәулеттік мұраларды игеру мәселелерін жаңаша шешу;
Осы бағытты дамыту еліміздің сәулет өнерінодан әрі дамуына болжау
жасаудың теориялық негізіне және шығармашылық бағыттарының
ғылыми негіздемесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді.
Сәулеттіңқалыптасуының, соның ішінде Қазақстанның ежелгі
сәулет өнерінің генезисі мен ерекшеліктерінің байқалу мәселесі талап етеді:
нақты мәдени процестердің қалыптасуы үшін сәйкес келетін тарихи
ахуалдардың пайда болу уақытын анықтау;
осы өлкедегі пайда болған шаруашылық жүргізу тәсілдерін анықтау;
қоғамның басым идеологиясының пайда болуын анықтау, қазақ халқының
ата-бабаларының тайпаларының мәдени деңгейі, олардың көршілес
өркениеттері мен мәдени-экономикалық байланыстарының сипаты;
қазақстанның түрліше табиғи климаттық жағдайлардағы қажетті құрылыс
материалдарының болғанын анықтау. Сонымен, бәрінен бұрын өңірдегі
сәулет өнерінің туындау уақытын анықтауға тырысу керек
3,8б
.
Мәдени мұраны игеру - көркемдік бағдарламаның жағымсыз сипатына,
1940 жылдардағысәулет өнері теоретиктердің болжамдарына қарамастан
« ұлттық стильдің» өмір сүруі мен даму жүйесінің эволюциясына импульс
бола алмады. «Аңғырт стилизация» секілді ұлттық халық эстетикасына
жақын пішіндердегі мәдени қатынасқа ене отырып, әртүрлі елдердің өнерін
талдаудың нәтижесі, әлемдік тәжірибені игеру мен танысудың кезеңі
көрсеткендей кәсіби мектептің қалыптасуының алғашқы сатысы байқалмай
өтіп кетеді. Ұлттық мектептің қалыптасу кезіндегі дәстүрлі пішіндерге -
« тарихилыққа» - оралу өткенмен көрнекі әрі типтік байланысты орнатуға
көмектескен сипаттамалы-этнографиялық арнада өтті.
Ұлттық сәулет өнері өзін іздеген сол бір « романтикалық шайқас» 1980
жылдардың жетістігі болған қазіргі мен өткеннің жемісті әрі табиғи мәдени
синтезіне орын даярлап қойды. Ол кезде мектеп интернационалдық стильдік
жалпылық алдында арбалып қалу қаупін басынан кешіріп, өзі туралы жария
еткен болатын. Тәжірибедегі сәулетшілер қазіргі заман талаптарын ескере
отырып мәдени-тұрмыстық дәстүрді игеруді талап етті
5, 50 б
.
Қорыта келгенде ұлттық сәулет мектептерімізді өркендетіп, жоғары
қарай өрлей берсе көптеген ірі әрі жемісті нәтижеге жетеміз. Өткеніміз бен
бүгінгі күніміздің тарихи жәдігерлерімізді, оның ішінде сәулеттік
132
құрылыс ғимараттарын қалпына келтіру, ұлттық сәулет өнерімізді
жетілдіру, ұлттық мәдени мұрамыздың басты негізіне айналады деген нық
сеніммен айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |