С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

Бұ жерде “Қисса Ахтамды” аңда, 

Хытаи сақының назымын тыңда,– [49,80 б.] 

 

деп  дастан  соңында “Ахтам  қиссасын”  Хатаи  сақының  жырлағандығы 



айтылады. 

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында қазақ даласында өмір сүрген 

Кашафаддин  Шаһмарданұлы  1899  жылы  Қазан  қаласында  “Хазірет  Әлидің 

Жанәділ шаһарында төбелескені һәм қиссасы” деген шығарманы қазақ тілінде 

жариялапты  [125,2-8  бб.].  Бұл  шығарма  –  “Бақырғани  кітабының”  70-77-

беттерінде  берілген  “Ахтам  қиссасының”  аудармасы.  К.  Шаһмарданұлы  404 

жол  үзіндіні  қазақшалаған.  Шығарманың  басындағы  Аллаға  мадақ  түріндегі 

кіріспе мен соңы аударылмаған. Кітап:  

 

Әлидің шаһараты (даңқы) ғаламды тұтты, 

Жанәділдің махалласына жетті. 



Жанәділ елі һәм падишасы есітті, 

Әли қорқынышынан бәрі састы, – [125, 2 б.] 

 

деген жолдардан бастап,  



 

Осылайша соғысып кеш болмады, 

Кеш болғаш Әли қайтып кетіпті. 

Яғни далада бір аулақ жерге, 

Кетті анда ғибадатын қылуға, – [125,8 б.] 

 

деген  шумақпен  аяқталған.  Екі  шығарманы  салыстыра  қарап  отырсақ, 



Семей  өлкесі  Қарқаралы  шаһарындағы  медреседе  өмірінің  соңына  дейін 

ұстаздық  қызмет  атқарған  Кашафаддин  Шаһмарданұлы  бұл  қиссаны  өзінің 

қазақ  шәкірттеріне  түсінікті  болу  мақсатымен  аударғандығын  байқаймыз. 

Жоғарыдағы шумақтар “Бақырғани кітабында” төмендегідей берілген: 



Әлиниң шаһараты аламны тұтты, 

Жанадилниң махалласига йетди, 

Жанадил ели уа шаһы ешитди, 

Әли қорқынчыдин хунаба йұтды [49,70 б.]. 

 

…Ушал уақытда һәм кун кич булды, 

Әли қайтыб йәна бир йерга тушди [49,77 б.]. 

             

Ерімбет  Көлдейбекұлының  (1844-1916)  “Ақтам  сахаба”  дастаны  1902 

жылы жазылған, жеті жүз сексен сегіз жолдан тұрады. Дастанның кіріспесінде 

Хаққа шүкіршілік айтылып, сақилықтың (жомарттықтың) қасиеті сөз етіледі. 

 

Пайғамбар заманында Ақтам сақи 



Ғали үшін беріп басын, барды жәннат [126,223 б.]. 

 



Қайбар шаһарының патшасы Жанәділ Ғалидің жер жарған даңқын естіп, 

өлтіріп,  басын  кесіп  әкелуге  Мақатіл  деген  палуанын  жібереді.  Мақатіл 

Мәдинаға жетіп, Ақтамға жолығады. Жырда Ақтам сипаты: 

 

Бар еді Ақтам деген бір сахаба, 



Тақуа адам еді ақылға кең… 

Ол ‒ Ақтам тақуа адам, өзі молла, 

Тәрк етпес, әрдайымда тілінде Алла,– [126,227 б.] 

 

деп суреттеледі. Ақтам өзін Ғалимын деп сендіреді. 

 

Ғали өлсе, барша исламның кетер ары, 

Мен өлсем, су кеткендей көне ыдыстан,– [126,227 б.] 

 

деген шешімге келеді. Мақатіл Ақтамның басын кесіп алып кетеді. Ғали 

мұны  білгеннен  кейін,  дүлдүліне  мініп,  Ақтамның  кегін  алмақ  болып 

аттанады. Жанәділ еліне келіп, кездескен кемпірді иманға келтірмек болады. 

Көнбеген  соң,  өлтіреді.  Патшаға  келіп,  Ақтамның  басын  көреді.  Ғалидың 

өнерін көрсетеді: қырық арыстанның сүйектерін қатар қойып, үстінен секіріп, 

аяғымен  бір  теуіп,  ұнтақтап  жібереді;  алпыс  батпан  шойынды  допша 

лақтырып,  бұлттан  әрі  асырып  жібереді;  патшаның  жеті  жүз  мың  әскерімен 

ұрыс  салады.  Жаулары  терең  ор  қазып,  бетін  жауып,  Ғалиды  айламен  соған 

түсіреді.  Дүлдүл  ешкімге  ұстатпай,  Меккеге  қарай  шауып  кетеді.  Жебірейіл 

арқылы Хақ тағаладан Ғалидың жайын біледі. Жебірейіл Мұхаммед пайғамбар 

мен  дүлдүлді  Ғалиға  жеткізеді.  Ғали  үш  күн  ұрыс  қылып,  кәпірлердің  бәрін 

қырады. Көп олжамен еліне қайтып, бәрін үлестіреді.  

Ерімбет  дастанының  қорытындысында  өзі  туралы  мәлімет  бере  келіп, 

сақилықты уағыздайды. Дастан “Бақырғани кітабындағы” “Қисса Ахтамның” 

әсерімен жазылғандығы байқалады.  




Сүлеймен Бақырғанидың “Бибі Мариям кітабы” деген шығармасын 1895 

жылы С.М. Матвеев “Известия общества археологии, истории и этнографии” 

деген  жинақта  орыс  тіліне  аударып,  алғысөзімен,  түркі  тіліндегі  мәтінмен 

жариялаған. 

1991  жылы  Ташкент  қаласындағы  “Езувчи”  баспасында  жарық  көрген 

“Бақырған кітабында” “Бибі Мариям” дастаны берілген. Даcтан 53 шумақтан, 

212 жолдан тұрады [17,63-69 бб.]. 

Р.  Сыздықова  “Ясауи  “хикметтерінің”  тілі”  деген  еңбегінде  ХVІІ 

ғасырда хатқа түскен, ХІХ ғасырдың соңында Самарқанд қаласынан табылған 

қолжазбаны  талдайды,  фотонұсқасын,  транскрипциясын  және  өлең  қалпына 

келтірілген  нұсқасын  да  береді.  Ғалымның  көрсетуінше,  қолжазбада  76 

шығарма бар. Мұндағы № 71 (144 жол) және № 74 (59 жол) - хикметтер – бізге 

мәлім  “Бибі  Мариям”  дастаны.  №  71-хикметтің  соңында  авторы  туралы 

мәлімет жоқ, № 74-хикмет соңы: 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет