дастанның екі нұсқасының да толық еместігіне көз жеткіздік. Дегенмен де
Мәриам ұғлы ол Иса
Хас құл ерди Мәулімге,
Мәулім оны азизлаб,
Инжил ата берди-ә.
Аулиалар ұрұғы,
Анбиалар саруары,
Хұрматини билдирди,
Көкда орын берди-ә, – [17,63 б.]
деп жырланады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1919 жылы “Ғайса кім?” деген өлең жазады.
Әркімдер-ақ сұрап жүр, Ғайса кім?– деп,
Кейбіреулер, пайғамбар Ғайса демек... [127,151 б.]
Иса – Алладан кітап түскен пайғамбарлардың бірі. Христиан дінінде
Исаны құдай деп есептейді, соған табынады. Інжіл мен Құраннан Исаның
дүниеге келуінің ерекшелігі көрінеді. Шәкәрім бұл жөнінде: “Мұсылмандық
шарты” деген еңбегінде: “Бір аятта: “Анық Ғайса пайғамбарды Алла
тағаланың жаратқаны Адам пайғамбарды жаратқандай. Адам пайғамбарды
топырақтан жаратып, Адам бол деп еді Адам болды. Сол сияқты Ғайса
пайғамбарды Мариям ананың қарнында бала бол деп еді, бала болды,–
деген”,– [63,10 б.] деп жазады.
Дастанның басында “Әулиелер ұрығы, әнбилер сәруары (көсемі),
Мәулім (Алла) құрметтеп көктен орын берген, бұл дүниеге қызықпаған, малға
көңіл бермеген, дүниеге талақ беріп, ахырет қамын ғана ойлаған” Исаны:
Мариам ерди анасы,
һеч йоқ ерди атасы,
Анбиалар иеси,
Нұрдин туғмыш ерди-ә. [17,63 б.]
Қазақша жолма-жол аудармасы:
Мариям еді анасы,
Еш жоқ еді атасы,
Әнбилер иесі,
Нұрдан туған еді, –
деп суреттейді.
Анасы Мариям екеуі күндіз ораза тұтып, түнімен ояу Аллаға құлшылық
еткенде:
Ининдағы йыланлар,
Йапандағы кийиклар,
Хауадағы құш-құртлар,
Барча саламга келди-ә. [17,64 б.]
Қазақша жолма-жол аудармасы:
Ініндегі жыландар,
Жапандағы киіктер,
Әуедегі құс-құрттар,
Барша (сы) сәлем берді.
Мариямұлы Иса Алла дарытқан емшілігімен соқырларды емдеп жазады,
ақсақты жүргізеді, өліктерді тірілтеді.
Бір күні Иса анасының қасында жоқта, Алла Тағаланың жарлығымен
Әзірейіл келіп, Мариямның жанын алмақ болады. Әзірейілден Мариям жөн
сұрайды. Мариям жүрегі жамандықты сезеді.
Сунгакларым чанчишур,
Йуракларым титрашур,
Азиз йаным чуғлашур,
Атың ким деб сұрды-ә [17,65 б.].
Қазақша жолма-жол аудармасы:
Достарыңызбен бөлісу: