С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

Тұла бойым шаншыр, 

Жүректерім тітірер, 

Азиз жаным шулар, 

          Атың кім деп сұрады.  

 

Әзірейіл  өзін:  “Мен  сарайлар  бұзушы,  жұптарды  тұл  қылушы”,–  деп 



таныстырады.  Мариям:  “Бір  сағат  кідір,  ұлым  келсін,  қоштасайын”,–  деп 

мұрсат тіледі. Әзірейіл ондай пәрмен жоқтығын білдірді. Әзірейіл Мариямның 

жанын  алды.  Иса  келіп,  анасының  тұруын  күтті.  Таң  атқанша  тағам  жемеді, 

аузын  ашпады.  Иса  зар  еңіреп  жылады.  Исамен  бірге  он  сегіз  мың  ғалам  да 

қайғырды. 

Аршу-курси титрады, 

Лауһу-қалам йығлашды, 

Фаришталар йығлашды, 

Рахмат қылсун деди-ә [17,66 б.]. 

 

 Қазақша жолма-жол аудармасы: 



 

 

 



Аршы-күрсі тітіреді, 

Лауһу-қалам жыласты, 

Періштелер жыласты, 

Рахмат қылсын деді.  

 


Иса қайғырып, анасын жоқтайды: 

 

А, йа, Мариам, билмадим, 



Тойа көзим көрмадим, 

Анам жанын алдың, 

Кимни ана қылай деди-ә. 

Айды: қайда барғаймын, 

Кимни ана дегаймын, 

Кимниң бирла тұрғаймын, 

Зары қылыб құбды-ә [17,66 б.]. 

 

Қазақша жолма-жол аудармасы: 



 

А, иә, Мариям, білмедім, 

Тоя көзім көрмедім. 

Анам жанын алдың, 

Кімді ана қылайын, 

Айтты: қайда барғаймын, 

Кімді ана дегеймін, 

Кіммен бірге тұрғаймын, 

Зар еңіреп тұрды.  

 

Еліне келіп, анасына кебіндік бөз сұрайды. Ешкім бермейді. Жұмақтан 



хорлар  келіп,  шатырлар  құрып,  Мариям  ананы  жуып,  лахад  ішіне  қойды. 

Жетпіс мың періштені Жебірейіл бастап келіп, жаназасын шығарды. Алладан 

жарлық  болып,  Мариям  көрі  жарылып,  құдіретпенен  тірілді.  Тілге  келіп, 

былай дейді: 



 

Бұ дүниеге бақмағыл, 

Малға көңил бермагил, 


Хақ құллығын қоймағыл, 

Керак саңа деди-ә [17,68 б.]. 

 

Қазақша жолма-жол аудармасы: 



 

Бұ дүниеге бақпағыл (қызықпа), 

Малға көңіл бермегіл, 

Хақ құлдығын қоймағыл, 

Керек саған деді.  

 

Дастанда  осы  шумақ  екі  рет  қайталанады.  Шығармада  Иса  мен  анасы 



Мариямның  пенделік  қызықтан,  дүние-мүліктен  бас  тартып,  тек  Хаққа 

құлшылық  еткен  іс-әрекеті  уағыздалады.  Дастанның  соңғы  шумағында 

мұсылман әдебиеттеріне тән дәстүр бойынша автор жөнінде мәлімет береді: 

 

Ариф йапан гезартек, 



Нақыш тонны безартек, 

Дана инжу тизартек, 

Құл Сүлейман ерди-ә [17,69 б.]. 

 

Қазақша жолма-жол аудармасы: 



 

Арып жапан кезетін, 

Сәнді тоннан безетін, 

Дана інжу теретін, 

Құл Сүлеймен еді. 

 

Ислам  дінін  уағыздаған  шығармаларда  “Бибі”  атауы  діни  құрметтеу 



ретінде  әйел  есіміне  қосылып  айтылады.  “Ханым,  бәйбіше”  деген  ұғымды 


білдіреді. Бибі Мариям, Бибі Фатима, Айша бибі т.б. есімдер қазақ халқында 

да құрметпен айтылады. 

Шиммель Аннемари “Ислам мистицизмі әлемі” деген еңбегінде Исаны 

дүниеге келтірген, күнәдан пәк анасы Мариямды сопылардың ерекше құрмет 

тұтқандығы  туралы  пікір  білдіреді.  Мариямды  Алланың  құдіретті  нұрынан 

нәрестелі болғандықтан, оның рухани тазалықтың символы ретінде сопылар 

поэзиясындағы сүйікті кейіпкер екендігіне назар аударады [40,333 б.].  

Шәкәрім дін мен елдің бұзылғандығы жайлы бір өлеңінде: 

 

Айсаны көрсем егер мен, 

Тіріл дер ем қайта сен, 

Сені құдай деді де, 

Айырылды халқың дінінен, – [128,112 б.] 

 

деп жазады. 



Сүлеймен  Бақырғанидың  “Ақырзаман  кітабында”  қиямет  күнінде 

шыққан Тажалды Иса көктен еніп, өлтіргендігі суреттеледі. “Болғанда жерде 

Мәди, көкте Айса” дегендей заман ақыр туғанда Исаның оралатындығы жайлы 

аңыз ақын шығармасында да көрініс табады. 

“Бибі  Мариям”  дастанында  ақын  ана  мен  бала  арасындағы  қарым-

қатынасты,  екеуінің  бір-біріне  деген  сүйіспеншілігін  жылы  суреттейді. 

Мариям  ұлына  “көрер  көзім,  құлыным”  деген  сияқты  қазақ  ұғымына  да  тән 

сөздерді айтып, айналып-толғанады. 

Мариям  қазасына  тау-тас  тебіреніп,  періштелердің  де  қайғырғандығы 

арқылы дастандағы қайғылы көріністер күшейтіліп беріледі. 

ХІV ғасырдағы ежелгі дәуір әдебиеті жауһарларының бірі ‒ Хорезмидің 

“Махаббатнамасында” (1353) да:  

     

Күнді қылды Исаның парқына тәж, 

Мұхаммед Мұстафаға берді Миғраж [129,25 б.]. 



 

Сүлеймендей салтанатты патша болып туыпсың, 

Мәсіхтей (Иса) айбарлы, Жүсіпке сай сұлусың [129,36 б.]. 

            

Бар жаһанның қайғысы есірік етер көзіңді, 

Аллаға аян, Иса демі сенің шырын сөзіңде, – [129,87 б.] 

 

сияқты бейнелі сөздер кездеседі. 



Хұсам  Кәтибтің  “Жұмжұма”  (1369-70)  басты  кейіпкер  Ғайса  ел  кезіп 

жүріп,  адамның  бас  сүйегіне  кездеседі.  Алла  пәрменімен  қу  басқа  тіл  бітіп, 

сөйлеседі.  Жұмжұма  сұлтанның  бұ  дүниеде  жасаған  ағаттығы  үшін  тозақта 

тартып  жатқан  азаптары  суреттеледі.  Ғайса  да  мұны  естіп,  құлшылық, 

ғибадатын  күшейтеді.  Пенделердің  тамұқ  ішінде  (жаһаннамда)  тартар 

жазаларын  кең  суреттеу  арқылы  адамдарға  тек  қайырымдылық,  жақсылық 

жасаудың қажеттігі жайлы ой түйінделіп, уағыздалады. 

Сопылық поэзия үлгілерінде Бибі Мариям мен Иса пайғамбар бейнелері 

де суреттелген. Сүлеймен Бақырғанидың “Бибі Мариям” дастаны – Құран мен 

Інжілдегі  хикаялардың  поэзияда  да  өрнек  тапқандығына  куә  болар  құнды 

мұра, шығыста кең тараған нәзира үрдісінде жырланған туынды.  

С. Бақырғани қиссалары Құран желілеріне жазылған, нәзира дәстүрінің 

бастау бұлағы болса, осы шығармалардың негізінде ХІХ ғасырдың ІІ жартысы 

мен  ХХ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  қиссашыл  ақын-шайырлар  қалам 

тербеді.  Ғалым  Алма  Қыраубайқызы  орта  ғасырдағы  түрік  қисса-

дастандарының  қазақ  әдебиетінде  жалғасын  табуының  тарихи  себептерін 

ашып  көрсетті.  “Бақырғани  кітабындағы”  дастандардың  Мәшһүр-Жүсіп 

Көпейұлы,  Шәді  Жәңгірұлы,  Ақылбек  Сабалұлы,  Жүсіпбек  Шайхисламұлы, 

Ерімбет Көлдейбекұлы шығармашылықтарына әсер етуі – осы дәуірдегі қазақ 

халқындағы Оянушылықтың бір көрінісі.  А. Қыраубайқызы Оянушылықтың 

негізгі  шарттарының  бірі  ретінде  “өткен  тарихқа,  ғасырлар  шаңында  қалған 

әдеби  мұраға  оралу,  сонымен  бірге,  саяси-әдеби  сахнадан  ысырылып  қалған 




халық тілі – ана тілінің мәртебесін көтеруді” [111,120 б.] атайды. С. Бақырғани 

шығармаларында да көрініс тапқан нәзирагөйлік үрдіс ХХ ғасырдың басына 

дейін жалғасып жатты.  

Ө.  Күмісбаев    осы  кезеңде  өмір  сүрген  қиссашыл  ақындарды:  “Олар 

белгілі  бір  шығыс  сюжетін  қазақ  тұрмысына  етене  жақын  алып,  өздерінше 

жырлады, қосты, алды, мүсіндеді. Көбіне қазақтың он бір буынды қара өлең 

ырғағына  салып,  басқа  елден  келген  туындыны  өз  туған  топырағына  сай 

түлетіп шығарды. Шығыс ақындарының, классиктерінің көлеңкесінде қалып 

қоймай,  өз  наным-сенім,  мотивтерін  қоса  білді.  Шығыс  сюжетін  қазаққа 

жақын, жұмыр, ұғынықты етіп жеткізуге тырысты. Қайта жырлаушы ақындар 

Шығыс  әдебиетінің  күшті  әсерін  орынды  пайдаланды”,–  [130,207  б.]  деп 

бағалайды. 

Қазақ әдебиетіне кең тараған шығыстық нәзира дәстүрінің қайнар көзі 

С.  Бақырғанидың  Құран  желілерін  жырлаған  шығармаларында  жатыр. 

Ықылым  замандарға  куә  болған,  талай  ұрпақтың  көкірегіне  тұнған  ғұлама 

ақынның жыр-дастандары қозғаған мәселелер қазіргі күнде де өзекті, алдағы 

уақыттарда  да  замана  көшіне  ілесе  отырып,  өзінің  тағылымдық  мән-

мағынасын жоғалтпасы анық. 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет