Тапсырма8.Ата-аналарының қан топтары III және II.Ұрпақтарының қан топтары қайдай болады?
Тапсырма 9. Әкесіңің қан тобы IV, анасының қан тобы – I. Ұрпақтарында әкесінің қан тобы көрініс бере ме?
Тапсырма 10. Перзентханада екі баланы шатастырып алды. Ата-аналардың бір жұбының қан топтары I және II, екінші жұбында – II және IV. Балардың біреуінің қан тобы II , ал екіншісінің қан тобы I. Осы балалардың ата-аналарын анықтаңыз.
Тапсырма 11. Адамда глаукома бірнеше жолмен тұқым қуалайды. Оның бір түрі аутосомды доминантты және екінші түрі аутосомды рецессивті анықталынады, алдынғы генмен тіркес емес. Егер ата-аналарының екеуі де екі патологиялық ген бойынша гетерозиготалы болса, онда ол жанұяда ауру балалардың туылу мүмкіндігін қандай? Гендердің әсерлесуінің қандай түрі және егер ата-аналарының біреуі екі патологиялық ген бойынша гетерозиготалы, ал екіншісі сау және екі ген бойынша да гомозиготалы көруі қалыпты болса, онда ол жанұяда ауру балалардың туылу мүмкіндігін қандай болады.
Тапсырма12. Адамда кездесетiн соқырлықтың екi түрi бар және әрқайсысы аутосомды рецессивтi генмен анықталады. Осы екi белгiнi анықтайтын гендер әртүрлi жұп хромосомаларда орналасқан. Гендер әсерінің түрін анықтаңыз.
Егер, ата-анасының екеуi де соқырлықтың бiр түрiмен ғана ауырып, екiншi түрi бойынша қалыпты болса, осы жанұяда соқыр баланың туылу мүмкiндiгi қандай?
Тапсырма13 “Бомбейлік феномен” Жақын туыстық некедегі, әжелері ортақ һ аллелін тасмалдаушы, ерлі-зайыптылардың отбасында 12 бала дүниеге келген. Ер адамның қан тобы IV,ал әйелінің қан тобы III. Балаларының қан топтары: IV – 4 бала, III – 5 бала, I – 3 бала. Ата- аналарымен балаларының генотиптерін және гендер әсерлесуінің түрін анықтаңыздар
№1 кестені пайдалана отырып № 14,15,6 есептерді шығарыңыздар. Гендер әсерінің қандайтүрлеріберілген? Тапсырма14.Гендер әсерлесуінің түрін көрсете отырып терінің түсінің қаралығы басым мулатпен терісі ақ әйелдің некесінің арасындағы балалардың генотип, фенотиптерін және пайыздық шамасын көрсетіп жазыңыз.