Тапсырма3.Адамның тік шашына қарағанда майда толқынды шашы толымсыз доминантты генмен анықталынады. Тік шашты әйел толқынды шашты ер адам арасындағы некеден анасының шашына ұқсас тік шашты бала туылады. Осы отбасында толқынды шашты бала туылуы мүмкін бе? Майда толқынды шашпен ше? Гетерозиготтардың шашы толқынды. Гендер әсерлесуінің қандай түрі?
Тапсырма 4. Дальтонизм Х хромосомасымен тiркес рецессивтi ген, ал қан аздықтың бiр түрi - талассемия аутосомды доминантты белгi болып табылады. Талассемияның екi формасы бар: гомозиготалы ағзаларда өте ауыр өтеді, тiптi өлiмге де ұшырауы мүмкiн, ал гетерозиготалы ағзада ауру белгілері жеңiлдеу өтеді. Көруi қалыпты, бiрақ талассемияның жеңiл формасы бар әйел, сау дальтоник ер адамға тұрмысқа шығып, одан дальтоник таласемияның жеңiл формасы бар бала туылған. Келесi туылатын балада аномалиясыз туылу мүмкiндiгi қандай?
Тапсырма5. Шағылыстыруды анықтаңыз. AA – бұл анемия өлімге әкеледі, Aa – анемияның жеңіл түрі және aa – қалыпты/сау.
Генотипі мен фенотипі бойынша ажырауды анықтаңыз. Гендер әсерлесуінің қай түрі?
1) AA * AA
AA * AA
AA* Aa
AA* aa
Aa*Aa
Aa*aa
aa*aa
Тапсырма 6.Адамның орақтәрізід жасушалық анемия ауруында қан эритроциттерінің пішіні дөңгелек емес, керісінше орақ тәрізді олар оттегін нашар тасмалдайды.Орақтәрізід жасушалық анемия толымсыз доминантты генмен анықталынады. Ген гомозиготтық жағдайда баланың ерте жаста қайтыс болуына әкеледі. Отбасындағы ерлі зайыптыларда анемия белгілері бар.
Осы отбасында сау балалрдың туылу мүмкіндігі қандай және гендер әсерлесуінің қай түрі?
Тапсырма7. Талассемия анемиясы аутосомды доминантты белгі,екі түрлі жолмен тұқым қуалайды: гомозиготтарда ауру ауыр өтеді, өлімге әкеледі, гетерозиготтарда жеңіл өтеді. Талассемияның жеңіл түрімен ауратын, бірақ көруі қалыпты әйел мен анемиясы жоқ, бірақ дальтоник ер адам некесінен талассемияның жеңіл түрімен ауратын дальтоник ұл туылады. Есеп гендер әсерлесуінің қай түріне берілген және келесі баланың аномалиясыз туылу мүмкіндігі қандай?
№ 8,9,10 есептер гендер әсерлесуінің қай түріне берілген?