С £М 4 яв а7 д а ш ғылыми кггапхднд научная би 6 лмогшд. С. Нйсем&аіва алматы жеті жарғЫ 2010 \


бір  субъектілерді  әр  түрлі  құкык  өкілетгілігімен  (құкык  беру



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата03.03.2017
өлшемі19,29 Mb.
#6587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

бір  субъектілерді  әр  түрлі  құкык  өкілетгілігімен  (құкык  беру, 
рұксат беру,) басқаларын міндетгермен (міндеттеу, тыйым салу) 
камтамасыз  ету  арқылы  әрекет  жасайды.  Сонымен,  қуқықтық 
қатынас дегеніміз кажет болғанда мемлекеттік-биліктік сипат- 
тағы мәжбүрлеу шараларымен камтамасыз етілетін, субъективтік 
құқыктары мен занды міндеттері бар, құкық нормаларымен рет- 
телген  қоғамдык  қатынасқа  катынасушылардың  арасындағы 
тұрақты  занды  байланыс.  Кез  келген  кұкықтық  қатынастар 
коғамдык қатынастарға жатады, керісінше кез келген қоғамдык 
катынастар  кұқыктық  катынастар  бола  алмайды.  Сондықтан 
кұқықгық  қатынастарға  өзіндік  ерекше  белгісі  бар  коғамдық 
катынастар кіреді. Кукықгык қатьшастардың коғамдык катынас- 
тардын  баска түрлерінен  айырылатын  өзіндік  бірнеше  ерекше- 
ліктері бар.
Біріншіден, күкықтык катынас, құқыкпен реттелген қатынас. 
Бұл қатынастар кұкықтың негізінде пайда болады, тоқгатылады 
және өзгертіледі. Кұкықгық нормалар құкықгык катынаска ара- 
ласушыларды,  олардың  әрбіреуінің  құкықтары  мен  міндет- 
терінің көлемін, кұкықгық қатынастың өзгеруінің салдарын, осы 
құкыктык катынас саласындағы заңдардың бұзылғандығы үшін 
жауапкершілік шараларының түрлерін анықгайды.
Екіншіден,  кұкықтық  қатынас  екі  жақты  сипатта  болады. 
Бұндай екі  жақгы байланыс бір жактың кұкыктық өкілеттілік, 
екінші  жақгың  міндетгі  болуынан туындайды.  Кейде, екі  жақ- 
тын да белгілі бір құқық пен міндеттері болуы мүмкін.  Мысалы 
сату-алу шарты бойынша сатып алушы затты алуға күкығы бар, 
бірак сол заттың күнын төлеуге міндетті болса, сатушы ақшаны 
алуға кұкылы және затты сатып алушыға беруге міндетті.
27

Үшіншіден, күқыктык қатынастын өзіндік идеологиялык және 
еріктік сипаттары бар. Қүкыктық катынастын тууы және өзгеруі 
қуқықтық сана арқылы іске асырылады. Ал құқыктық сана қоғам 
дамуынын белгілі бір сәтінде  қандай да бір  коғамдық қатынас- 
тың  ж әне  оның  қағидаларынын  кұкыктық  реттелуінін  артық- 
шылығын  аныктайды.  Бұл  кұкықтық қатынастың  идеологиялық 
сипаты болы табылады. Мысалы қазіргі танда Қазакстан қоғамы 
үшін  қоғамдык  қатынастар  саласының  аса  маңызды,  күн 
тәртібіндегі  идеологиялық сипатка  ие  болып  отырған  қатынас 
ол құқықтық мемлекетгі жетілдіру. Оның кажеттілігі құқықтық 
санадан көрінеді және оған мемлекеттің өзі де, көпшілік те мән 
беріп отыр.
Құкыктык қатынастың тууына  құқыктык нормалардың бо- 
луы жеткіліксіз. Ол үшін жақтардың, тараптардың мінез-кұлы- 
ғынан көрінетін вркі кажет.  Мысалы, бір жақтың затты, тауарды 
сатуға, екінші жактың оны сатып алуға деген  ниеттері болмаса, 
сауда-саттык құқыктық қатынасы тумайды.
Төртіншіден, құкыктык катынасқа түсетін жактардың, тарап- 
тардыңсубъективті құқыктары мен занды міндетгерінің қалып- 
тасуының  не  тууы  мүмкін  болуы  үшін,  олардың  қщықтың 
субъектісі бола алу қабілеті,  яғни,  қщықтық субъектілігі болуы
шарт.
Бесіншіден,  құқыктық  қатынастың  жактары,  тараптары 
күкыктарының іске асырылуы, занды міндеттерінің орындалуы, 
қажет болған жағдайда мешекеттің мәжбурлеумен шарасы қол-
данылады. 
,  . . / .
Алтыншыдан,  құкыктық катынас,  қоғамдык кдтынастардың 
бір  түрі.  Сондықтан,  оған  катынасушылардың  өзара  қүқықтар 
мен міндеттермен байланысы, ол накты бір өлеуметгік ортаның 
жемісі.  Мысалы отбасындағы балаларға байланысты  қщықтық 
қатынас сол балалардыңтууы, дүниеге келуімен не болмаса ба- 
ланы асырап алумен байланысты пайда болады.
Құкықтық  қатынастың  субъектілері  өзара  субъективті 
кұқықтар  ж әне  заңды  міндеттермен  тығыз  байланыста.  Осын- 
дай субъективті кұқықтар мен занды міндеттерді аткарушы жак- 
тар  кұкыктық  катынастың  субъектілеріне  жатады.  Құқыктык 
катынастың субъектілеріне: жеке тұлғалар, занды тұлғалар, мем- 
лекет органдары, әкімшілік бөлімдер жатады.  Құкыктык қаты- 
настың  субъектілері  болу  үшін,  олар  қуқықтық  субъектілікке, 
(қүқыктық  өрекет  қабілеттілігіне)  ие  болуы  кажет.  Қүкықтык
28

1
субъектілік үш элементтен түрады:  1) кұкыктык кабілет; 2) әре- 
кепг кабілетгілігі; 3) деликт қабілеттілігі.
Субъектінің  қуқық  қабілеттілігі  заңды  түрде  бекітілген 
құкыкка ие бола алу жөне міндетгерді орындай алу кабілеттілігі. 
Занды  тұлғалардың  кұкык  қабілеттілігі  мемлекеттік  ресми 
тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, оның жойылуымен тоқ-
татылады.
Жеке  түлғалардын  қүқық  қабілеттілігі туғанда  пайда  бола- 
ды.  Ал, егер мұрагер беруші  кайтыс болған жағдайда,  іште кал- 
ған бала мұрагер бола алады. Сөйтіп, іште жаткан баланың кұқык 
қабілеттілігі,  ол дүниеге  келмей  пайда болады.  Жеке түлғалар- 
дың қүқық қабілеттілігі олар кайтыс болғанда, азаматгарды сот 
шешімі бойынша хабар-ошарсыз кетті деп мойындалғанда ток- 
талады. Егер азаматгын тұрғылықгы жерінде ол туралы бір жыл 
бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот 
оны хабар-ошарсыз кетгі деп тануы мүмкін.  Құқық қабілетгілігі 
тұлғадан  бөлінбейді  жөне ол  жыныстық, жас,  кәсіптік,  ұлттык 
ерекшеліктеріне,  тұрған  жеріне  карамай  барлық адамдар  үшін 
тең дәрежеде мойындалады, баска түлғаға көшпейді, абстрактілі 
сипатта  болады.  Осынысымен  құқықтык  кабілет,  нақты  бір 
тұлғаға  тән  болып  келетін  кұқыктық  субъектіліктен  ерекше- 
ленеді.  Кұкыктык кабілеттілік  құкыкка  ие болудың  — субъек- 
тивтік құкыкқа ие болудың алғы шарты болып табылады.
Әрекет  қабілеттілігі дегеніміз  тұлғаның  әзінің  әрекетімен 
кұқыкты  алу  ж әне  іске  асыру,  міндеттерді  орындай  алу 
қабілетгілігі.  Түлғаның әрекет кабілеттілігінің әрекет қабілет- 
тілігі  жоқ,  жартылай,  толық  емес,  талық,  шектелген  сияқты 
түрлері  кездеседі.  Құқык қабілетгілігінің бұндай түрлері  адам- 
ның жасына байланысты бөлінеді.
6  жасқа  дейінгі  балалардың  әрекет  қабілеттілігі  жоқ  деп 
есептеледі.  Жартылай әрекет  қабілеттілігі 6—14 жасқа дейінгі 
балаларға тән.  Олар үсақ тұрмыстық мәні бар, пайда табуға ба- 
ғьпталған, бірак ногариалды растау мен мемлекеттік міндетті рес- 
ми тіркеуді талап етпейтін мәмілелерді жасауға, өздерінің жеке 
кажетгіліктерін  қанағаттандыруға  берілген  күралдарды  иелік
жасауына кұкыктары бар.
Талық емес әрекет қабілеттілігі 14—18 жастағы азаматтар үшін 
мойындалады.  Олардын  әрекет  қабілеттілігінін  шеңбері  6—14 
жаска дейінгі балаларға қарағанда барынша кеңейтілген.  14—18 
жастағы  азаматтар  өздерінін  оқу  ақысы,  еңбек  акысы  сияқгы
29
I

(
кірістерін  өз  беттерінше  пайдалуға,  авторлык  кұкыкты  алуға, 
кассаға ақша салуға, енбек етуге құкыктары бар.
Жеке тұлғалардын талық әрекет қабілеттілігі 18 жасқа, яғни 
кәмелетке  толған  кезде пайда болады.
Шектелген әрекет қабілеттілігі соттын шешімімен ішімдікке, 
нашақорлыққа  салынып,  өзін-өзі  ұстай  алмайтын  азаматгарға 
қолданылады. 
.  ; 1 1  Ц щ
Құқықтык  катынастын  тууынын  алғы  шарты  болып  заңды 
фактілер табылады.  Құкык нормалары,  құқықтық қатынастын 
пайда болуын, өзгеруін, тоқтатылуын байланыстыратын өмірдін 
фактілі мән-жайларын заңды фактілер дейміз.  Нәтижесінде, бір 
салдарды тудырған әр түрлі занды фактілердің жиынтығын заң- 
дық қурам деп  атайды.  Занды  фактілер:  заңды оқига ж әне заңды 
әрекет  сияқты  екі  сатыдан  тұрады.  Заңды  оқига  адамдардың 
еркінен тыс қалыптасатын мән-жайлар мен кұбылыстарды кам- 
титын  занды  фактілер.  Заңды  әрекет  —  адамдардың  еркімен 
қалыптасатын занды факгілер. Құқықгықнормалардыңталабына 
байланыстьі занды әрекет: қщ ыққа ( заңга) саймінез-қулық ж әне 
теріс мінез-қүлық болып екіге бөлінеді.
Құкықтар  мен  міндеттердің  мазмұнына,  қүқық нормалары- 
ның талаптарына  сәйкес  келетін,  ерікті  мінез-құлық заңга  сай 
әрекет деп танылады. Зандықбағытына карай заңға сәйкес әре- 
кет:  даралық ( жекелік) акт, заңды қылық ( әрекет) ж әне өндірістік 
және мәдени маңызы бар, объективті, салдар туғызатын қщ ық- 
тық нәтижелі әрекет сияқты үш топтамадан тұрады.
Құқық  ңормалары  ерікті  бағыттағы  сипатымен  нәтиже ту- 
ғызатын занды салдарлармен байланыстыратын кұкыкка сәйкес 
әрекетті  даралық  (жекелік)  акті дейміз.  Бұл  жерде,  азаматтық- 
құкықтық,  жеке  әкімшілік  ж әне  іс  жүргізу  актілерін  жасаған 
тұлғаның  еркі  бағытталып  отырғандықтан,  құкықтық  салдар 
туып отыр.
Әрекеттің,  салдар тудыруға бағытгалғанына не бағытталма- 
ғанына  қарамастан,  құқық  нормалары  заңды  салдарларды, 
еріктің әрекетінің нақты фактісімен байланыстыратын кұкыкқа 
сәйкес әрекетті заңды қылық ( әрекет) дейміз.  Бұл  жерде, занды 
салдарлар  тұлғаның  еркінің  бағытымен  емес,  керісінше,  оның 
тікелей әрекет фактісімен байланыстырылады. Заңактілерін жа- 
саған тұлғаның еркі бағытталып отырғандықтан, құқыктық сал- 
дар туып отыр.
Құкық  нормалары  нәтижесінде  белгілі  бір  практикалық, 
объективтік  істің барысында  пайда болатын  құқықтық салдар-
30

ды байланыстыратын әрекетгі қуқықтық нәтижелі әрекет дейміз. 
Мысалы енбек әрекетінін, авторлык істін, жаңашылдың патент 
ал ған жұмыстары кіреді.
Күкыкнормаларыныңталабына кайшы келетін, субъективті 
кұкыкқа нүқсан келтіретін, зандык міндеттермен сәйкеспейтін, 
ерікті әрекетті  теріс қылық дейміз.
Кұкықтык  катынастың  түрлеріне:  1)  әкімшілік  кұкыктык 
қатынастар; 2) қылмыстык құқыктык катынастар; 3) азаматтық 
құкықтық катынастар т.б. жатады.
Қүқықгық азаматтардың, құқык колданатын лауазымды адам- 
дардың  мінез-кұлығы  мен  әрекетіне  қаншалықты  дәрежеде 
сіңгені,  онын  коғамдағы  маңыздылығы  мен  құндылығын 
көрсетеді.  Адам  мен  адам,  жеке түлға  мен  мемлекет,  мемлекет 
пен  мемлекет  арасындағы  өзара  байлыныстардын  реттелуі, 
тәртіптелуі  «заңдылык;»  ұғымы  аркылы  көрсетеді.  Зандылық 
құкыққа деген катынастың жалпы қағидасын білдіреді.
Жүйелік  әдіске  сүйене  отырып,  мемлекет  органдарының, 
лауазымды түлғалардың, жеке адамдардың кұқыктық актілердің 
талаптарын бұлжьгтпай сақтауға, орындауға негізделген қоғам- 
дык-саяси өмірдің режимін заңдылық деп атаймыз.
Мемлекет  органдарының,  лауазымды  түлғалардың,  жеке 
адамдардың күнделікті өмірде кұқықтық актілердің талаптарын 
бұлжытпай сақгауына, орындауына кол жеткізу барынша күрделі 
мәселе. Сондықган, кұкык нормалары талаптарының қаншалық- 
ты дәрежеде адамдардың күнделікті өміріне, тұрмысына, әдетіне, 
әрекетіне сіңуі «құқықтық тәртіт ұғымы арқылы көрінеді. Осы 
мағынада кұқыктық тәртіп заң мен құкык әрекетінің, оның та- 
лаптарын  бұлжытпай,  дәл  орындаудың  көрінісі  болғандықган 
зандылықұғымымен тығыз байланысты. Өз кезегінде зандылык 
құкыктық тәртіп орнатудың шарты болып табылады. Құқыктық 
тәртіп,  коғамдық  қатынастардың  нақтылы  тәртіптелуінің, 
ретгелуінің деңгейін көрсетеді. Бұндай тәртіптілікке құқықнор- 
малары  талаптарының  орындалуы  және  адамдардың  қарым- 
катынастарын құқықгық реттеудің нәтижесінде қол жеткізіледі. 
Сонымен,  құқыктық  тәртіп  дегеніміз  құқық  пен  зандылыққа 
негізделген қоғамдық өмірдің нақты тәртіптелуінің және ұйым- 
дастырылуының қалпы.
Қүқық  бүзушылық.  Қоғамдық  пайдалы,  кұкыкка  (заңға) 
сәйкес әрекетгің баламасы теріс кылык болып табылады.  Теріс
31

қылық кұкықпен қорғалатын мүдделер мен кұндылыкка, коғамға 
кауіптілігімен,  құкыктық  тәртіпке,  коғамдык  кұрылыстын 
негізіне  келтіретін  зияндылығымен  ерекшеленеді.  Осындай 
коғамдық  қатынастарға,  адамның  өм іріне,  құндылыктарға, 
мемлекеттік кұрылысқа қарсы жасалатын теріс қылықтар қуқық 
бүзушылық  деп  табылады.  Занды  жауапкершілік  тудыратын, 
мемлекеттік  не  қоғамдык  мәжбүрлеу  шарасы  қолданылатын, 
занда көрсетілген жасқа толған адам жасаған қоғамдық кауіпті, 
кұкыққа қарсы, айыпты әрекетті (әрекет немесе өрекетсіздікті)
қуқық бүзушылық деп атаймыз.
Қуқықтық жауапкершшк әлеуметгік жауапкершіліктің ерек- 
ше түрі  ж әне  қоғам  өмірінің әр саласында әрекет етеді.  Адам- 
дардың  коғамдык  пайдалы  әрекетінің  итермелеушісі,  кұкыкка 
қарсы әрекетінің алдын  алу,  оған  жол  бермеудің кұралы.  Сон- 
дықтан  құқык бұзған тұлға  құкыктык жауапкершілікке тарты- 
лып, оған жағымсыз салдары бар, мемлекеттік ықпал ету шара- 
лары  қолданылады.  Құқыктык  жауапкершіліктің  ерекшелігі 
құқык бұзған адамға белгілі  мөлшерде тиісті  шара қолданудьш. 
барысында, мүліктік ж әне жеке сипатгағы зиян келтіріледі. Со-
нымен қщықтық жауапкершілік дегеніміз құкыққа карсы жаса- 
ған  әрекеті  үшін  құкық  бұзушыға  колданылатын,  белгілі  бір 
мүліктік  ж әне  жеке  сипаттағы  зиян  шектіретін  мемлекеттік 
мәжбүрлеу  шарасы.  Қүқықтык  жауапкершіліктің  түрлеріне: 
қылмыстық  құқыктык  жауапкершілік,  әкімшілік  құкыктык, 
тәртіптік,  материалды,  азаматгык  құқыктық,  іс  жүргізушілік 
кұқықтық түрлері жатады.
3.  Қүқықтық сана ж әне қүқықтық мәдениет
Баска тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы—олар- 
дың  еркі  мен  санасының  болуында.  Сана,  елестету,  кабылдау, 
сезім,  мұрат  секілді  құбылыстардың  көмегімен  адамдар  бір- 
бірімен  қоғамдық катынастарға барады.  Қоршаған  орта, дүние 
тек  қана  адамның  санасында  бейнеленіп  қана  коймайды,  сол 
адамдардың  санасы  мен  еркінің,  еңбегінің  негізінде  өзгеріске 
ұшырайды.  Сондыктан  адамның  айналадағы  шындыққа  деген 
құндылық қатынасы  қогамдық ж әне жекелік ( даралык)  сана ар-
кылы калыптасады.
Қогамдық сананың нысандарына кұкық, мораль, ғылым, өнер, 
идеология, дін т.б. жатады.  Аталған қоғадык сананың нысанда-
32
I

ры  коршаған  ортанын  қыр-сырын  өзіныіе  танып,  сол  ортаға, 
кұбылысқа  байланысты  өзінін  катынасын  калыптастырады. 
Мысалы діннің  қоғамдык сананың басқа  нысандарынан  айыр- 
машылығы сонда, ол бізді қоршаған дүниенің құбылыстарын діни 
жолмен не құдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді.
Куқықгпық сана да қоғамдык сананың бір түрі  бола  отырып 
қүкықгык құбылыстар  мен  үрдістерді  ұғына  отырып,  олардын 
өзгеруін  бейнелейді.  Құқық  аркылы  коғамдык  пайдалы  және 
коғамдык зиянды әрекеттер байқалады, сондықтан құкық өзіне 
тиісті  белгілі  бір  катынасты  қалыптастырады.  Бұндай  кұкыкка 
деген  көзкарас балымды,  дурьіс, яғни тұлға коғамдағы құқықтың 
орнын,  маңызын  үғынып,  бағалап,  кұкықтың  нормаларын  мо- 
йындауға,  оған  бағынуға  бейімділігін  білдіреді.  Керісінше, 
құқыктың коғамдағы маңызын жокқа шығару, оның қажет емес 
екендігін, пайдасының жоқгығын дәлелдеуге тырыскан  кәзқа- 
растар да болады.
Кұкык әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған орта- 
нын нақты шындығын бейнелеуші ретінде, адамдардың әділет- 
тілік үғымына негізделген құкықтық нормалар, зандар жайын- 
дағы ниеттерінен барып калыптасады. Әділеттілік деген бұл жер- 
де  бостандык,  тендік  ж әне  қоғамдық  татулық,  келісім  деп 
түсініледі.  Сөйтіп  коғам дамуының объективті  қажеттіліктерін 
бейнелей отырып  қщықтық сана кұқыктың қайнар көзі  болып 
табылады.
Күқықтық сана адамдардың өздерінің түрлі кажеттіліктері мен 
мүдделерін қоғамда белгілі бір тәртіп орнату аркылы іске асыру 
ниеттерінің  калыптасуына  ықпал  жасайды.  Сөйтіп,  құқықтык 
сана адамның мінез-құлығының себепкері бола отырып кұқыққа 
әсер етіп, кұкықтык нормалардың іске асырылуының маңызды 
қүралына айналады.
Куқықтық  сана тұлғаның,  топтардын  мінез-кұлыктарының 
кұқык  нормаларына  сәйкестігін  аныктай  отырып,  әрекет  етіп 
отырған құкыкка, заңға деген қатынасты, оны қолдауды не қол- 
дамаудын кұндылық, бағалық құралы ретінде көрінеді. Сондық- 
тан, құкық пен құкыктық сананың арасында өзара төуелді бай- 
ланыс бар. Адамдардың құқықтық әрекетінен көрінетін, кұкык- 
тык  сананың  ең  манызды  элементтерінің  бірі  олардың  қунды- 
лықты қщықтық  багыттары.  Аталған  құндылыкты  құқықтық 
бағыттар  калыптаскан  білімнің  негізінде  кұралатын  құқықтық 
шындыққа  деген  жағымды  және  жағымсыз  бағаның  негізінде
3-11
33

жүйе болып бірігеді. Қщықтық қондырымдар сенім жүйесіне ай- 
налып, тұлғанын көніл-күй,  еркімен  өрекет жасауға дайынды- 
ғын көрсетеді.
К.ұкықтык қондырымдардын жиынтығы ретінде  құндылык- 
ты кұқықты бағыттар, тұлғанын, топтардын, коғамнын накты бір 
жағдайдағы әрекетгік реакциясынын кұкыкка (занға) сәйкес не 
тер іс  қылыктық  әр ек етін е  итерм елейді.  Бұндай  реакция 
құқықтык шындықтын түрлі объектілеріне байланысты калып- 
тасқан құндылық пен қатынаска негізделген. Солардын ішіндегі 
ең  бастылары:  әрекет  жасаушы  құкык  пен  зандарға  катынас, 
сонымен бірге ойындағы, ниетіндегі  құкыкты елестету; айнала- 
дағылардын  кұқыктық  мінез-кұлығына  ж ән е  оның  сырткы 
көрінісі кұқыкка (заңға) сәйкес не теріс қылыкка деген жағым- 
ды не жағымсыз қатынас; ағымдағы құкық шығарушылыкжәне 
құқык  қорғау  органдарының  іс-әр ек ет ін   бағалау;  ө зін ің
құқықгык мінез-құлығын бағалау.
Сонымен,  қщықтық  сана  дегеніміз  коғамның,  тұлғаның, 
құқық  пен  құқықтык  құбылыстарға,  осылай  болса  деген 
ниетіндегі құқықгык құрылыска деген қатынасын білдіретін бір- 
бірімен байланысты мұраттың, теорияның, елестетудің, сезімнін,
көңіл-күйдің жиынтығы.
Адамның кұқыктықсаладағы мінез-кұлығынатікелей ықпал
ететін  қщықтық  қундылық  багыттар  тек  қана  экономикалык 
емес сонымен бірге мәдени, өркениетті тіректермен негізделген 
ж әне олардың өзіндік даму зандылықтары бар.
Қщықтық сананың белгілері: құқықтық сана, экономикалық, 
әлеуметтік,  саяси  ж әне  басқада  мүдцелер  құқықтык  болып 
ұғынылатын, коғамдық сананың ерекшетүрпішіні; адамдардын 
әрекет етіп отырған  ж әне ойындағы, тілегіндегі  құкыкка деген 
катынасын білдіретін мұратгар, теориялар, сезімдер, көңіл-күй, 
тұжырымдамалар  құкыктық  сананы ң  мазмұнын  құрайды; 
құқықгық сана өткен  шақтағы, осы  шақтағы  ж әне адамдардың 
ойындағы, арманындағы, тілегіндегі құкыктық тәртіпке, құқыкқа 
деген қатынастарды білдіреді; қалыптасқан мұратгардың, құнды- 
лықтардың,  жалпы  жүйесін  жасай  отырып,  құқықтық  сана 
құқықтык  дереккөзі  бола  алады;  құқыктық  сананың  иелері
құқыктың субъектілері; құкыктыксанаадамдардыңтілегін, кыз-
мет етуші  құқықгык тәртіпке тән  құбылыстарға деген  қатына- 
сын  білдіретін  құқықгық  мінез-құлыктың  тікелей  ішкі  себебі
ретінде көрінеді.
34

Өмір сүріп отырған кұкыктык шындыктың ажырамас бөлігі 
және оның рухани бейнесі ретінде кұқықтықсана қоғамда белгілі 
қьвметтер атқарады.  Күкыктық сананын сондай кызметтерінің 
бірі  —  онын  танымдық  қызметі.  Оның  мәні  күкықтық  сана 
кұкыктық шындықты құқыкгық, зандык білім нысанында тани- 
ды. Ол білімдер біртіндеп үғым, санаттар, кағидаттар, аныктама-
лар ретінде қалыптасады.
Күкықтыксана кұқықтык шындыкты бейнелеп кдна қоймай- 
ды  сонымен  бірге  сол  кұкыктық шьшдыкка  деген  багалау  мен 
артықшылықтар нысанындағы катынасты қалыптастырады. Ба- 
галау не бага беру қалыптаскан кұқыктық шындыктың құбылыс- 
тарына деген эмоциялық қатынасты білдіреді. Багалау не бага беру 
өмір  сүріп  отырған  құқыктык  шындықты  сынай  отырып,  оны 
өзгертуге  деген  тілектердің  қалыптасуына  әкеледі.  Солардың 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет